- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектердің табиғи көздері
Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектердің табиғи көздері
Қ ы с қ а м е р з і м д і к с а б а қ ж о с п а р ы
Пәні
Химия Мұғалімі Кенжетаева Замира Нурхожаевна
Сыныбы
9 «а»
Сабақтың тақырыбы
Майлар
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға жоғары молекулалы май қышқылдары және майлар туралы түсінік беру. Майлардың құрамы, физикалық қасиеттері, алынуы, қолданылуын сипаттай білуге және оның химиялық қасиеттері туралы ақпарат беру арқылы білімдерін жүйелеп тереңдету.
Сабақтың міндеттері
а) білімділік
Жаңа түсініктерге тоқталып, олардың мәндерін түсіндіру, ақпаратты өз бетінше табуға, талдауға, химиялық реакцияларды жасап, оның теңдеулерін жаза білуге баулу, сақтауға, түсіндіруге және оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға үйрету.
ә) дамытушылық
Химия ғылымына қызығушылығын, логикалық ойлау мен талдау және болжай білуге,танымдық белсенділігін арттыру, коммуникативтік дағдысы мен ақпараттық ептілігін, шығармашылық жеке тұлға болып қалыптасу қабілеттерін дамыту. Жұптасып жұмыс істеуге, ойлануға, ізденуге, ұйымшылдыққа, өзара пікірлесуге баулу. Әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға, өз бетімен ізденуін, өз қызметіне мақсат қоюға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға дайындау
б) тәрбиелік
Белсенділікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, бір - бірімен іскерлік қарым - қатынас жасай білуге, табиғатқа, денсаулыққа, жауапкершілікпен қарауға және де экономикалық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
сөздік, көрнекілік, практикалық
Сабақтың технологиясы
ООЖТ, АКТ,оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Пәнаралық байланыс
Биология, физика, медицина, тарих,
Оқыту құралдары
Құралдар: компьютер, интерактивтік тақта, флипчарт, маркер.
Қолданылатын әдебиеттер: Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9 - сыныбына арналған оқулық /Н.Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина/2009
Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9 - сыныбына арналған оқулық./Усманова М.Б.,Сақариянова Қ.Н./ Атамұра - 2009
Сабақтың барысы
Оқытушының қызметі
Оқушының қызметі
Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру
Сыныптың сабаққа дайындығын тексереді.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдарды дайындайды.
Амандасады, түгендейді.
Психологиялық дайындық «Арттерапия» ролик
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. Сынып 5 топқа бөлінеді.
Бағалау парағын таратады.
Оқытушымен амандасады.
Сабақтағы жұмыстарға дайындалады, оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін және қажетті құрал-жабдықтарды дайындайды.
Роликті тамашалайды.
Бағалау парағын алады, өз аттарын жазады. Дәптерлеріне бүгінгі күнді жазады.
Сабаққа зейінін аударады, сабаққа қызығушылығын арттырады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1/ Кубизм әдісі:
Кубикті интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы иіріп, топтарға сұрақ қойылады.
І топ. Карбон қышқылдарының химиялық қасиеті.
ІІ топ. Карбон қышқылдарына жалпы сипаттама.
ІІІ топ. Сірке қышқылы
IV топ. Құмырсқа қышқылы
V топ. Карбон қышқылдарының физикалық қасиеті және қолданылуы
Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.
Интерактивті тақтада топтастыру жасайды.
Топ жұмыс тапсырмаларына сәйкес жауап береді.
Оқушылар өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді немесе топтың өзге де мүшелерінің дәйектейді.
Ақпараттың қайсысын меңгергенін, не меңгермегенін көрсетеді.
Жаңа проблемаларды шешеді.
Білімді жаңа жағдайларда қолданады.
Көпшілік алдындағы жауап берудің нормасы мен шегін сақтайды;
ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық
Басшылық етеді, бағыттайды.
Сұрақтар береді, білімін тексереді.
1.Құмырсқа, қалақай, медузалар бөліп шығарады. (құмырсқа қышқылы)
2.Сірке қышқылының 70 - 80 % сулы ерітіндісі. (сірке эссенциясы)
3.Сірке қышқылынан жасалынатын дәрі. (аспирин)
4.Сұйық майда болатын қанықпаған қышқыл (олейн)
5.Кір сабындағы қышқыл(стеарин)
Өткен материал бойынша сұрақтар қою арқылы, қорытындылайды.
Сұрақтарға белсене қатысып жауап береді.
Өз пікірін айтады, түсіндіреді, есіне сақтайды.
Өткен материалдың меңгергенін, не меңгермегенін көрсетеді;
Берілген сұрақтарға жауап береді
Білімін бір жерге жинақтайды.
IV.Қызығушылықты ояту.
Интерактивті тақтада тақырыпқа байланысты суреттер көрсетіледі.
Сонымен тақырыпты не деп аламыз?
Май туралы не білеміз? Дәптерлерімізге жазамыз.
Оқушылар суреттерге қарап өз ойларын айтады.
«Майлар» - деп аламыз.
Тақырыпты жазады.
Дәптерлеріне май туралы не біледі, жазады. Сосын бір - біріне айтады. Әр топ өз жазғандарын оқиды.
Майлар туралы өз білімдерін көрсетеді.
V. Мағынаны тану.
Проблемалық сұрақ
ЖИГСО
Ақпараттық ізденісті
жоспарлайды.
«Май неліктен сұйық және қатты болады?» Бұл сұраққа жауап беру үшін бүгінгі тақырыпты меңгергеніміз жөн. Интерактивті тақтада сабақтың жоспары көрсетіледі. Жаңа оқу материалының мазмұнын меңгертуде ЖИГСО әдісін қолданады.
Топтарға жеке тапсырма беріледі.
І топ. Майлардың табиғатта кездесуі мен маңызы.
ІІ топ.Майлардың құрамы мен құрылысы
ІІІ топ.Майлардың физикалық қасиеттері
IV топ.Майлардың химиялық қасиеттері
V топ. Май өнімдері
Оқушылар алдымен жеке оқиды. Мәтіндегі жаңа сөздерге мән беріледі.
Бір - бірімен талдайды.
Топта нөмірленеді. 1 - ші нөмірлі оқушылар 1-ші топқа,2 - ші нөмірлі 2 -ші топқа,3 - ші нөмірлі 3 -ші топқа, 4 -ші нөмірлі 4 -ші топқа орналасады. Жаңадан құрылған топ мүшелеріне арнайы парақтар, маркерлер таратылады. Әр топ мүшелері өз мәтінін бір - біріне түсіндіреді. Түсінгендерін ортаға шығарып, флипчартқа түсіреді. Әр топтан бір спикер шығып қорғайды. Білімін толықтырған оқушылар өз орындарына отырады.
Түсініктердің белгілерін, нысанды бөліп алады және олардың бастысын және жанамасын бөледі.
Берілген негізге сүйеніп жіктейді
Оқушылар өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарын дәйектейді.
Қойылған міндеттерді шешу үшін берілген материалдан ақпараттың белгілі, белгісізін сараптайды
Өз белсенділіктерін оятуға жағдай жасайды;
Түсіндіру, бақылау, түзету міндеттерін дұрыс орындауға көңіл бөледі;
VI. Ой толғаныс Жаңа білімді бекіту
«Кім жылдам? »
Деңгейлік тапсырма.
Тест жұмысы
Проблемалық сұрақты шешу
Теориялық білімді оқушының қажеттілігіне айналдырудың жолдарын қарастырады.
Логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту үшін «Кім жылдам» тапсырмасы интерактивтік тақтадан көрсетіледі.
Деңгейлік тапсырма оқушыларға таратылады.
Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі.
Білімді жинақтауға 2 нұсқалы тест беріледі.
Тест «Майлар»
І нұсқа
1. Мына майлардың қайсысы сұйықтық:
а)тристеарат
ә)триолеат
б)трипальмитин
2.Таңдап алған майыңыз қандай?
а)жай
ә)аралас
3.Май гидролизденгенде қандай заттар алынады:
а) этиленгликоль
ә)глицерин
б)сірке қышқылы
в)этанол
г)пальмитин қышқылы
д)линол қышқылымен
4. Майды ыдырататын фермент:
а)амилаза
ә)өт
б)липаза
в)протеаза
5.Қай ғалым майды глицерин мен май қышқылынан синтездеу арқылы алады.
а)Бутлеров
ә)Бертло
б)Бертоле
в)Шееле
г)Шеврель
Жауаптары:1 - ә; 2- ә;
3 -ә, г, д, 4 - б, 5- ә.
Сонымен «Майлар неліктен сұйық және қатты болады?» деген сұрақты қайтадан қояды.
Әрбір топ берілген сұрақтарға жауап береді, өз пікірін айтады, дәлелдейді.
Оқытушы қанағаттанбаған жағдайда келесі топ мүшелері толықтырады, түйіндеме жасайды.
Деңгейлік тапсырманы оқушылар жеке орындайды.
Әр топ мүшелері бір-бірін тексеріп, қателерін түзейді, бағалайды.
Тест жұмыстарын өз беттерімен орындайды. Қорытындылайды. Оқушылар бірін - бірі тексеріп,бағалайды.
Май құрамында қаныққан карбон қышқылдары көп болса май қатты болады, ал қанықпаған карбон қышқылдары көп болса май сұйық болады,ал екеуі тең болса май қоймалжың күйде болады, мысалы, қаздың, жылқының майы
Проблеманы өз білімі арқылы шешуге дағдыланады,
Жаңа білімді іске асырады; бұрынғы білімімен, алған білімін қолдана алады;
Ақпараттармен жұмыс істей білуге дағдыланады;
Белсенділіктерін оятады;
Проблемалық ойлау, пайымдау сұрақтарын қоюға үйренеді;
топтық талқының іс-әрекетіне өз бетімен ілеседі
Қызметін жоспарлауда, жүзеге асыруда, алынған ақпаратты қолданады.
Ақпараттың қайсысын меңгергенін, не меңгермегенін көрсетеді
Өз жауабын берілген өлшемдерге сәйкес бағалайды. Бұрынғы біліммен салыстыруды меңгереді, жаңалықты сезінеді, алған білімін қолдана алады;
Өз белсенділіктерін оятуға жағдай жасайды;
Түсіндіру, бақылау, түзету міндеттерін дұрыс орындауға көңіл бөледі;
Тұрмыста қолдану барысында қасиеттерін меңгереді.
Өз жауабын берілген өлшемдерге сәйкес бағалайды.
Майларды таниды, күдіктенеді, тұжырым жасайды.
ҮІ. Үйге тапсырма.
«Кермек суда сабын неге көпірмейді?» сұрағына жауап ойланып келу.
Сөзжұмбақ құрастыру.
Оқушылар жазып алады.
Ақпараттармен жұмыс істей білуге дағдыланады.
VI11.Бағалау.
Рефлексия
Оқушылармен кері байланыс орнатады.
- Сабақ не туралы болды?
- Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
-Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?
-Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдың?
Сынып, ұжым бағасы;
Оқушылар кері байланыс парағын толтырады
Өз жұмыстарын өзара талдап, пікірлесіп, бағалауға үйренеді;
Ұжымның жұмысын бағалаудың жолдарын меңгереді;
Өз жауабын берілген өлшемдерге сәйкес бағалайды.
VII.Қорытындылау
Оқытушы жаңа тақырыпты қорытындылап бекітеді.
Май туралы қысқа «синквейн» (француз әдісі) жазу
Майлар
-
күрделі эфирлер
-
тамақ
-
энергия
-
дәрумен
-
қор жинаушы
-
қорғаныс
-
жылу реттеуші
-
су көзі
-
шикізат
Өтілген жаңа тақырып бойынша білімін бекітеді, тақырыпты меңгереді.Май туралы алған білімдерін қысқа жеткізеді, жазады, оқиды.
Бұрынғы біліммен салыстыруды меңгереді, жаңалықты сезінеді, алған білімін қолдана алады.
Майлардың өздеріне тән ерекшеліктерін меңгереді;
Берілген тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін қорытындылайды.