- Учителю
- Ашык сабак 'мырыш' 10 сынып
Ашык сабак 'мырыш' 10 сынып
Сабақ тақырыбы: Металдардың қасиеттері. Мырыш.
Сабақтың ұстанымы:
Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес" Қаныш Сатпаев.
Сабақтың жоспары: Білімді тиянақтау, "Менің тұжырымым дұрыс па?" /графикалық диктант/, "Мағынаны тану" кезеңі, "Ой қозғау" кезеңі, Топтық жұмыс, Өзіңді-өзің тексер! /тесттік сұрақ/, Қорытындылау.
Кодты шешу:
-
Химия пәні қай сыныптан басталады? (8)
-
Металл марганецтің жоғарғы тотығу дәрежесі? (7)
-
Металл натрийдың валенттілігі? (1)
-
Бос күйіндегі металдардың тотығу дәрежесі? (0)
-
Металл алюминийдың топ нөмірі? (3)
-
NO3 қалдығының валенттілігі? (1)
-
Металл алюминийдың электр өткізгіштігі нешінші орында? (3)
-
Галогендердің топ нөмірі? (7)
-
Сілтілік металдардың периодтық жүйедегі орны? (1)
-
Заттардың неше агрегаттық күйі бар? (3)
-
Көміртектің ПЖ реттік нөмірі? (6)
87024226432 нөміріне сұрақтар құрастыру.
Электрондық оқулықпен жұмыс.
Табиғаттағы таралу орны: Минералы ZnO -цинкит, ZnCO3 - мырыш шлагы /галлит/, Негізгі кен орындары Қарағанды облысында, Кенді Алтайда, Оңтүстік Қазақстанда, Мырыш кендері - полиметалдық.
Физикалық қасиеттері: Көкшіл ақ түсті, күшті металдық жылтыры бар, қаттылығы орташа металл, таза металл, пластикалық және жұқа фольгаға дейін жойылады, Жылу өткізгіштігі күмістің жылу өткізгіштігінің 60% құраса, электр өткізгіштігі 4 есе кем, Оңай балқиды, t бал = 419,40C, t қай = 905,70C.
Химиялық қасиеттері: Жай заттармен, күрделі заттармен, Галогендермен, оттекпен, күкіртпен, сумен, қышқылдармен, сілті ертінділерімен.
Мырыш қосылыстары: ZnO, Zn(OH)2, ZnSO4, ZnSO•7H2O, ZnS.
Қолданылуы: Қорғаныш қаптамалары, Гальвани элементтерін гидрометаллургиялық процесстерді/күміс, алтын кадмий, т.б./, жез, нейзильбер, Zn+Al - цинкаль.
Білімді тиянақтау.
Менің тұжырымым дұрыс па?/дұрыс - , қате ^/
-
Мырыш ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан.
-
Сыртқы энергетикалық деңгейінде 2е бар.
-
Мырыш жай заттармен әрекеттескенде тотықтырғыш қасиет көрсетеді.
-
Мырыш қиын балқитын металл.
-
Мырыш негіздік қасиет көрсетеді.
-
Zn атомы ядросының құрамында 30р+, 35n0 бар.
-
Мырыш сумен әрекеттескенде гидроксид түзеді.
-
Мырыш қышқылдардан сутекті ығыстырады.
-
Мырыш азотпен сутекпен әрекеттеспейді.
-
Мырыш темірден жасалған бұйымдарға қорғаныш, қаптамалар жасау үшін қолданылады.
Топтық жұмыс.
1 - топ
-
Мына өзгерістерді жүзеге асырыңдар:
↓
-
6,5 г мырыш күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж) қанша литр сутек бөлінеді?
-
- топ
-
Мына өзгерістерді жүзеге асырыңдар:
↓
-
6,5 г мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесуінен алынған сутек газы қанша грамм мыс(ІІ)оксидін тотықсыздандырады?
Өзіңді-өзің тексер:
-
Қайсы қосылыстың құрамында мырыш көп кездеседі
А) ZnO, В) ZnS, С) ZnCO3, D) ZnCl2, Е) ZnSO4.
-
Тек амфотерлі оксидтердің қатары
А) Al2O3, ZnO
В) BeO, CO
С) ZnO, MgO
D) FeO, NO
Е) ZnO, CaO
3. Na2ZnO2 қосылысындағы мырыштың тотығу дәрежесі
-
- 2
-
+ 2
-
+ 4
-
+ 3
-
+ 1
4.Мырыш гидроксиді мен әрекеттесетін заттар қатары
-
CO2, Ca(OH)2
-
ZnSO3, Fe2O3
-
H2SO4,ROH
-
P2O5, Cu(OH)2
-
6,5 г мырыш пен 6,5 күкірт қыздыру нәтижесінде түзідген мырыш сульфидінің массасы
-
8,7 г
-
7,6 г
-
9,6 г
-
9,7 г
-
8,6 г
Үй тапсырмасы: 7.2 Оқулық Есеп № 7
Еліміздегі мырыш өндірісі туралы мәлімет әкелу.