7


  • Учителю
  • Менің ойыным (сыныптан тыс жұмыс 8-сынып)

Менің ойыным (сыныптан тыс жұмыс 8-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 1.Сыныптан тыс жұмыс оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты: - оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту. - өзіндік қабілеттерін дамыту - қоғамдық қарым - қатынасты қалыптастыру.Міндеті: - алған білі
предварительный просмотр материала

"Менің ойыным" сыныптан тыс шара

Кіріспе сөз

Химия, физика, математика! Үш ғылымды қазір түпкілікті ғылымдар деп жоғары қояды, бірақ олардың арасындағы байланыс өте тереңде жатыр.

Медицина, химия, биологияларды физика мен математикасыз көзге елестету қиын. Нағыз ғалым элементтердің, заттардың, заңдардың ашылу тарихы мен дамуын білуі керек. Ал эрудициясы жоғары адам химия мен әдебиет тәрізді бір-бірінен алыс жатқан ғылымдар арасындағы байланысты көре алады.

Біздің ойынымыз осыны дәлелдеп бередіНаша игра этому подтверждение.

Ойынға 9-11 сыныптардан бір-бір оқушыдан қатысады.

Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер сұрақты таңдаған оқушы кешеуілдесе, карточкасын бірінші көтерген оқушы жауап бере алады.

Әрбір кезеңде бағалау нұсқалары ұпайлық жү»йеде берілген.

Менің ойыным

I айналым

1-сұрақ - 5 ұпай
2- сұрақ - 10 ұпай
3- сұрақ - 15 ұпай
4- сұрақ - 20 ұпай
5- сұрақ - 25 ұпай

Өсімдіктер

  1. Картоп, пияз, сәбіз. Оларды не біріктіреді, неліктен бұл топта сәбіз артық болады? (Сәбіз - тамыржеміс; картоп, пияз - өскіндер; барлығында қоректік заттар көп).

  2. Картоп, жүзім, қарбыз, бүлдірген. Барлығы қосбөліктілерге жатады. Оларды тағы не біріктіреді? (Жемісі - жидектер).

  3. Орта ғасырда бұл өсімдікте ғажайып қасиет бар деп түсінген: ол әскерді ажал мен қылыштан қорғайды деген. Ежелгі философтар оны астрономияны зерттеуде қолданған. Оның емдік қасиеті бар, тіпті иісі аурулардан қорғайды деген түсінік болған (пиязшық).

  4. Бұл өсімдік ғылым мен өнер патшасы Аполлонға арналған. Онымен суретшілерді, артистерді, ғалымдарды марапаттаған. "Лауреат" сөзі осы өсімдіктен шыққан (лавр).

  5. Кім және қашан жабықтұқымды өсімдіктердің екі рет ұрықтануын ашты? (С.Г. Навашин, 1898 ж.)

Түрлендірмей түрлену

  1. III топтың қандай химиялық элементі қарағай орманының атымен ұқсас? (Бор)

  2. Күн жүйесіндегі ғаламшардың атымен аталатын қай химиялық элементті Д.И. Менделеев «ерекше» зерттеуді ұсынған? (Уран)

  3. Алғаш Күннен табылған инертті газ (сера-сфера).

  4. Қай металдың атын кері оқығанда өткізгіш аламыз? (мыс-сым).

  5. Галогеннің атындағы әріптердің орынын ауыстыру арқылы тыңайтқыш аламыз. Ол қандай элемент (фтор-торф).

Химилық элементтер және биология

  1. Қандай химиялық элементтің аттарында жануарлар аттары бар? (Мышьяк, менделевий, вольфрам)

  2. Қай элементтің атауы жасуша ядросына кіретін ДНК құрамында болады? (Хромосома)

  3. Қай элеметтің атауында тіршілікке қажетті зат атауы бар? (Сутегі)

  4. Химиялық элементтің және жасушаның бөлігі? (ядро)

  5. Қай лементтің атауы тірі табиғаттағы ролімен сәйкес келмейді? (Азот - тіршіліксіз деп аударылады)

Химия және медицина

  1. Теңіз капустасы ламинарияда қай элемент көп? (Йод)

  2. Қай элемент «обамен» ауырады? (Олово)

  3. Қай элементтің бактерицидтік қасиеті бар? (Күміс)

  4. "Алтын тамыр", "Алтынмыңдық" деген не? (Радиола)

  5. Радон ванналарының қандай пайдасы бар? (Ішкі органдардың жүйке ұштарына әсер етеді)

II айналым

1 - 20 ұпай.
2 - 30 ұпай.
3 - 40 ұпай.
4 - 50 ұпай.
5 - 60 ұпай.
Ереже сақталады.

Химия және әдебиет

Тонын теріс айналдыру

  1. Салқын кезінде металды сипа. (Темірді қызған кезде соқ)

  2. Шайтан металл емеске қарсы жүреді. (Алтын көрсе, періште жолдан таяды)

  3. Лас нәрсе металл болады. (Жылтырағанның бәрі алтын емес)

  4. Су мен құрғақ жерде жатқан. (От пен су кешкен)

  5. Сипап жіпті жалғайды. (Тепсе, темір үзеді)

Химия және тарих

Ескерту: "Химия және тарих" 3 сұрақтан, әрбір сұраққа ең жоғарғы ұпай беріледі, әрбір көмек үшін 10 ұпай шегеріледі.

Затты тап

40 ұпайдан бастап

1 а) Ежелгі грек философы Страбон Африкада бір тайпа осы металл үшін 10 құйма алтын береді деп жазған. Ол қандай металл?

б) Гомердің "Одиссеясында" спорттық жарыс еңімпаздарына осы металды және алтын береді делінеді.

в) Египет пирамидаларының қазыналарынан алтынмен бірге осы металдан жасалған әшекейлер табылған. Оны олар "вааепере" - "аспанда туған" деп атаған.

г) Бұл металмен ғасыр аталған. (Темір)

50 ұпайдан бастап

2 а) Ертеде бұл күрделі затты өмір мен өлімнің билеушісі деп атаған.

б) Ол байлықтың өлшемі болды. Ол адамға барлық жағынан көмектеседі деген түсінік болды

в) Ол судан пайда болады, судан ажал табады.

г) Киев князінің тойында князь алдында алтын ыдысқа салынған. Құрметті қонақтарды сонымен қарсы алады. (Ас тұзы)

60 ұпайдан бастап

3 а) Бұл кристалдың түйіршіктері морт келеді. Тіпті төске қойып, балғамен ұрғанда майыспайды. Қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеспейді. Алхимиктер "отқа да, өнерге де көнбейді" деген.

б) Оны Европаға колумбиядан дель Пинто әкелді.

Оған Испанияда 43 жылға дейін тиым салынды. Оны жалған бағалы металл ретінде сататын.

в) Ол алтынның көлеңкесі болдыОн. Алтынға қосқанда сәл көмескі жылтырлық беретін: монеталар сұрғылт тартатын. Ондай алтынды «шірік» алтын немесе испандық алтын деп атаған. Айбынды ел Испанияның беделін түсірген. Монеталар испан тәжіндей сұрғылт тартты деген сөз болған.

г) 1752ж. Стокгольм ғылым академиясында ақ алтын туралы хабарлама болды, ол металды, " Пинтодан келген күміс" деп атаған.

Бұл элементті «ақ алтын» деп атау ұсынылған. Ол «әшекей патшасынан» масса мен ұзындық эталоны жасалды. (Платина)

Биология және математика

  1. Қаңқада қанша сүйек бар? (218)

  2. Адам ағзасында қанша жасуша бар? (100 триллион)

  3. Азу тіс бұлшық еттері қандай күш түсіре алады? (72 кг)

  4. 1 жастағы баланың жүрегі минутына қанша рет соғады? 20 жастағы адам ше? (120-150; 50-60)

  5. Адамның ең кішкене сүйегін ата. (есту сүйегі, 0,05 г)

Биология және физика

  1. Сансыз тер бездерінен здіксіз тер бөлініп жатады. Салқын ауа райында адам терісінен 250-1700 г су буланады. Оңтүстікте тұратын адамдар 70 жылда 100-150 т тер бөледіпота, үш үлкен теміржол цистернасына тең. Құрғақ ыстық ауа райында аурыр дене жұмысын істегенде тер бөліну тәулігіне 10-15 л-ге жетеді, бірақ тері құрғақ болып қала береді. Тер қандай функция атқарады? Неліктен ағза сонша көп мөлшерде тер бөледі? (Адам ағзасы терлеу арқылы ыстықпен күреседіТер буланғанда бір литрге 500 кал жылу жұмсалады. Нәтижесінде тері шамане 37 °С температураны ұстап тұра алады).

  2. Азот адамның тыныс алуына қатыспайды. Қалыпты атмосфералық қысымда орта мен ағзада азотпен алмасу болмайды. Жасушалар қанмен қаныққан, ал қан азотпен қаныққан. Егер қысымды арттырса не болады? Егер қысымды күрт қалыпты жағдайға әкелсе, адам өліп кетуі мүмкін? (Сыртқы қысымды күшті арттыратын болсақ, қан азотқа қанықпаған болады, қан азоты жұтып, тканьдерге бере бастайды. Қысымды күрт азайтқанда тканьдердегі азот қанға беріледі. Оттегі қанға залал келтіре алмайды. Ал азот өкпе арқылы шыға алмай, көпіршіктер ретінде кішкентай қан тамырларын бітеп тастауы мүмкін).

  3. Адам көзінің торламасы майшам жарығының жалынын жеткілікті мөлдір атмосферада көре алу үшін, қандай ең үлкен қашықтықта бола алады? (30 км қашықтықта).

  4. Адам құлағы секундына қанша тербеліс жиіліктегі дыбысты ести алады? (10-ден 20 мың тереліске дейін)

  5. Неліктен ірі веналардың зақымдануы ірі артериялардың зақымдануынан қауіптірек болады? (Венада қысым атмосфералық қысымға қарағанда төмен, сондықтан ауа қан тамырларына сорылып алынып, газды эмболия болуы мүмкін)

Супер конкурс

Химия және экология

Гидросфераны ластайтын үш себепті атаңдар.

  1. Тазартылмаған кәріз сулары.

  2. Тұрмыстық кәріз.

  3. Тыңайтқыштар мен химикаттар.

  4. Машинажасауда, металлургияда салқындату үшін қолданылатын су.

Химия және медицина

Дәрігерлер кейбір ас қорыту бездері дерттің әсерінен қызметі бұзылса да, сырқаттар оаны байқамайтынын, ас қорыту қалыпты жүре беретіндігін байқаған. Ас қалай қорытылады? Бұл қпияны ашуға қандай жаңалық себепші болды? (Бұл құпия қабырға маңындағы ас қорыту ашылғаннан кейін түсінікті болды. Ауру бездер бөлген аз ферменттер шек қабырғаларына жұтылып, сақталып қалады. Олар әрі қарай ас қорытуға қатысады).

Химия және география

Қандай элемент аты түбектің атынан шыққан? (Скандинавий)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал