- Учителю
- Разработка урока по химии на тему'Сутек. ҚЫшқылдар. Тұздар' тарауын қайталау
Разработка урока по химии на тему'Сутек. ҚЫшқылдар. Тұздар' тарауын қайталау
Қостанай облысы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің№9
орта мектебі»ММ
Химия пәнінің мұғалімі
Баймолдина Айжан Балтабайқызы
Сабақтың тақырыбы:«Сутек. Қышқылдар.Тұздар» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың бейорганикалық қосылыстар жайындағы білімді жүйелеу. Сутек, қышқылдар, тұздар жайлы алған білімдерін қорытындылау.Күрделі заттардың анықтамасын, құрамын, химиялық қасиеттерін жазып, айта білуге дағдыландыру.
Дамытушылық:Оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, дағдыларын қалыптастыру.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, химиялық сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың дүниетанымын, өзіне қажетті білімді өзі іздеп тауып ала алатындай тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбанұсқалар, қышқылдардың формулалары.
Оқушылардың өткен тақырыпты толық меңгергенін анықтау үшін дәстүрлі емес сабақ түрлерін тиімді өткізгенде оқушылардың есте сақтау қабілеттері арта түседі. Осы мақсатта 8-сыныпта «Сутек.Қышқылдар.Тұздар» тарауы бойынша өткізілген саяхат сабағын ұсынып отырмын. Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру негізіндегі бұл саяхат сабақ 5 аялдамадан тұрады. 1-аялдама «Кім жылдам?»
Сутекті кім және қашан алды?
Қандай заттар қышқылдар деп аталады?
Индикаторлар дегеніміз не? Олардың қышқылдарға әсері қандай?
Тұздар деп қандай заттарды атаймыз?
Сутектің жер бетіндегі қосылыстарының ең маңыздысы?
Сутек газын қандай тәсілмен жинауға болады?
Сутек қайда қолданылады?
Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік техника ережелерін атаңдар.
Қышқылдар қалай жіктеледі?
Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым кім?
2-аялдама «Кім зерек?»
Химиялық таңбасы Н, ол ....... деп оқылады.
Сутек-..............., .................... газ, суда ........... ериді.
Сутек металдармен қатты ............... түзеді.
Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты .......................... және .................. қышқыл деп бөлінеді.
Қышқылдар................... және ........................ әрекеттесіп тұз түзеді.
Темір (ІІІ) сульфатының формуласы.................................
3-аялдама «Сергіту сәті»
Үшіншісі артық ойыны.
Негізділігіне байланысты
HCl H2S HBr
H2SO4 HNO3 HF
Оттектілігіне байланысты
H3РO4 HCl HNO3
HJ H2S H2CO3
4-аялдама «Кім білгір?»
Өзгерістерді іске асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:
А) Zn →ZnO→ZnSO4
Ә)P→ P2O5 → H3PO4→ Na3PO4
5-аялдама «Біліміңді сына»
Сабақ қорытындыланып, өздік жұмысы орындалады.
1 нұсқа
1.Заттар берілген: алюминий, темір (ІІ) оксиді, күміс, барий оксиді. Осылардың қайсысымен тұз қышқылы әрекеттеседі? Тиісті реакция теңдеуін жазып, түзілген тұздарды атаңдар.
2.Қышқылдардың қандай жалпы қасиеттері белгілі? Жауаптарыңды мысалдармен түсіндір.
3.Азот қышқылын массасы 20 г магний оксидімен әрекеттестіргенде түзілетін тұздың массасын есептеңдер.
2 нұсқа
1.Заттар берілген: мыс, алюминий оксиді, мырыш, қорғасын (ІІ) оксиді. Осылардың қайсысымен сұйылтылған күкірт қышқылы әрекеттеседі? Тиісті реакция теңдеуін жазып, түзілген тұздарды атаңдар.
2.Төмендегі заттардан тұздарды бөліп жазыңдар: HNO3 , Na2SO4, K2CO3, SO2, Fe2O3 , Ca(NO3)2, Тұздардың аттарын атаңдар.
3.Тұз қышқылын 6 г магниймен әрекеттестіргенде сутектің (қ.ж.) қандай көлемі түзілетінін есептеңдер.
3 нұсқа
1.Заттар берілген: кальций оксиді, магний, темір (ІІІ) оксиді,сынап. Осылардың қайсысымен тұз қышқылы әрекеттеседі? Тиісті реакция теңдеуін жазып, түзілген тұздарды атаңдар.
2.Мына металдармен: магний, алюминий, натриймен фосфор қышқылы тұздарының формуласын құрыңдар. Тұздардың аттарын атаңдар.
3.Тұз қышқылын массасы 27 г алюминиймен әрекеттестіргенде түзілген сутектің (қ.ж.) көлемін есептеңдер.
4 нұсқа
1.Заттар берілген: алтын, мырыш оксиді, темір, мыс (ІІ) оксиді. Осылардың қайсысымен сұйылтылған күкірт қышқылы әрекеттеседі? Тиісті реакция теңдеуін жазып, түзілген тұздарды атаңдар.
2. Мына металдармен: мырыш, калий, алюминиймен азот қышқылы тұздарының формуласын құрыңдар. Тұздардың аттарын атаңдар.
3.Тұз қышқылын 28 г темірмен әрекеттестіргенде сутектің (қ.ж.) қандай көлемі түзілетінін есептеңдер.
Үйге тапсырма: ІІІ тарау қайталау.