- Учителю
- Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары және оның жүру жағдайлары
Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары және оның жүру жағдайлары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,№8 орта мектебі,химия пәні мұғалімі Уалиева Г.Ж.
13.10.14
химия
9б- сынып
Сабақ тақырыбы:
Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары және оның жүру жағдайлары
Оқытудың мақсаты:
Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары және оның жүру жағдайлары туралы мағлұмат беру.Реакция теңдеулерін жазуда қателіктерге бой бермеуге үйрету.
Сілтеме:
-
Есептер жинағы 9-сынып
-
Электронды оқулық 9-сынып
-
Дидактикалық материалдары 9-сынып
-
Занимательные материалы к урокам 9-класс
Оқу нәтижелері:
1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
2.Берілген тақырыпты мағынасы мен мазмұнын түсінеді.
3.Топпен,жұппен және өз бетінше жұмыс істеу белсенділігі артады.
4.Оқушы өз ойын еркін,сыни тұрғыдан ойлай отырып,жеткізе
және талдай алады.
5.Алған білімдерін тәжірибеде қолдана алады.
6. Ерігіштік кестесі арқылы аниондар мен катиондардың қасиетін сипаттай алады..
Күтілетін нәтиже:
Катиондар мен аниондардың сапалық рекциялары анықтамасын тұжырымдайды.
. Катиондарға тән реакция теңдеулерін тұжырымдайды.
Аниондарға тән реакция теңдеулерін тұжырымдайды.
Өзара бағалау және өзін-өзі бағалауды үйренеді.
Сабақта қолданылатын материалдар:
интерактивті тақта, есептер жинағы,электронды оқулық,флипчаттар,түсті қаламдар,А4 қағазы,стикерлер...
Қамтылатын модульдер:
1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл.
2-модуль сыни тұрғыдан ойлау.
3-модуль бағалау.
4-модуль АКТ-ны пайдалану.
Дерек көздері:
-
кестелер
2. жұмыс дәптері
Жаттығулар:
Сәйкестендіру тесті.
Блум таксанономиясы.
1.Білу. Ассоциация әдісі бойынша.
2.Түсіну.Мәтінмен жұмыс.
3.Қолдану. Тақырыпты бекітуге тиісті есептер шығару
4.Талдау. Сапалық рекацияларды ЕК арқылы жазу.
5.Жинақтау.
«Синкуейн» әдісі.
Қадамдар:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Интерактивті тақтамен жұмыс.
4.Топпен жұмыс.
5.Рефлексия.
6.Бағалау.
Тапсырмалар:
Үйге тапсырма. §11.28-жаттығу.(1,2)
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сәлемдеседі,оқушылардың көңіл-күйлерін сұрап,бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отырып,
сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатады.
Орындарынан тұрып сәлемдеседі,сабаққа дайындалып отырады.
топтық жұмыс
1- 6 ға дейінгі сандарды қолданып оқушыларды төрт топқа бөледі.
Сандарды ретімен айтуы бойынша бөлініп отырады.Топтың басшысы тағайындайды.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасының дайындық дәрежесін білу:Мынадай заттардың арасында жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:
а)Мыс (ІІ)сульфаты мен натрий гидроксиді
ә)натрий карбонаты мен кальций хлориді
б)мырыш гидроксиді мен азот қышқылы
Оқушылар негізгі түзілетін заттарды анықтап, ой қорыту жасап түйіндейді .
ІІІ. Жаңа тақырып
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1.Білу.
«Аяғына дейін жүретін реакция» дегенді қалай түсінесіңдер? Ассоциация әдісі бойынша.
Әр топ өз ойларын қорытындылайды.Сабақтың тақырыбын ашады.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
2.Түсіну.
Мәтінмен жұмыс.Топтық жұмыс.
1-топ. Тұнба түзіле жүретін реакция дегенді қалай түсінесіз?
2-топ.Неліктен газ түзіле жүретін реакция аяғына дейін жүреді?
3-топ.Су түзілетін реакция неліктен аяғына дейін жүретін реакцияға жатады?
4-топ.Аяғына дейін жүретін реакцияның басқа реакциядан айырмашылығы неде?
Әр топ берілген сұрақтарды талқылайды, кластер әдісі бойынша қорғайды. Топтан бір оқушы шығып жауап береді.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
3.Қолдану.
Тақырыпты бекітуге тиісті есептер шығару.№1,2,3,4.
1-есеп ЕК пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:H2SO4+BaCl2
2-есеп. ЕК пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:HCl+AgNO3
3-есеп. ЕК пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:K2CO3+CaCl2
4-есеп. ЕК пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:FeSO4+NaOН
Әр топ берілген реакцияларды шығарады,талдайды, дәптерге жазады.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
4.Талдау.
Темір хлориді мен натрий гидроксидінің ерітіндісін және натрий карбонаты мен тұз қышқылының ерітіндісін әрекеттестіре отырып түзілген заттарды анықтап,реакция теңдеулерін толық жазады.
Берілген реактивтер арқылы тәжірибе жасайды.Топтан бір оқушы шығып қорғайды.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
5.Жинақтау.
«Синкуейн» әдісі.
«Катиондар мен аниондар» тақырыбына бес жол өлең жазу.
Топ мүшелері ойларын жинақтайды.Тақырып бойынша бес жол өлең құрастырады. Топтан бір оқушы шығып айтады.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Рефлексия.
Қызыл түс- Түсінбедім
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы ойларын білу үшін жасыл,сары,қызыл түсті стикерлер тарату.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын Жасыл түс - Барлығы түсінікті
Сары түс- Түсінгендеймін
Қызыл түс- Түсінбедім.
Бағдаршам түстері арқылы білдіреді.
Бағалау.
Бағалау критерийлері: 19-21 балл - «5» бағасы
13-18 балл - «4» бағасы
6-12 балл - «3» бағасы
1-5 балл - «2» бағасы
Топбасшысы бағалау критерийлері арқылы өз тобының мүшелерін бағалайды.
Үйге тапсырма. §9. 28-жаттығу.(1,2)
Дәптерге, күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбасы.
Мұғалімнің ойы
Тренердің жазбалары
1-әрекет.Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Выготский,1978;Вуд,1998) осы Бағдарламада айтылған оқушыларды санау арқылы 4 топқа бөле отырып,сыныпта бірлескен топтық орта құрдым.Ондағы мақсатым топ арасында оқушыларда зейінділікті,байсалдылықты қалыптастыру. Үй тапсырмасын сәйкестендіру тестін қолдана отырып, тексердім.
2-әрекет. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында Блум таксанономиясын қолдана отырып, ассоциация әдісі бойынша түсіндіруге сұрақтар бердім.
3-әрекет.Жаңа тақырыптың мазмұнын жақсы меңгерту үшін,оқығандарын есте сақтау үшін,топ жұмысының сапасын арттыру үшін ЖИГСО әдісі арқылы мәтінмен жұмысты ұсындым.Топқа постер арқылы шығармашылық жұмысты қорғауды тапсырдым.Нәтижесінде топ ішінде оқушылардың белсенділігі артып,әр топ өз қабілеттеріне қарай жауап берді.Бұл Кейс-Стадидің талантты да дарынды балаларды анықтауға бағытталған әдіс-тәсілі олардың ынта-жігерін оятуға ,сөйтіп тақырыпты оқушылардың өз бетінше меңгеруіне жол ашты.
4-әрекет.Әр топқа осы тақырыпты бекітуге тиісті есептер бердім. Оқушылар есепті топта талқылай отырып,,өткен тақырыптар бойынша берілген Тақырыпты бекітуге тиісті есептер шығару.№1,2,3,4.
1-есеп ЕК пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:H2SO4+BaCl2
2-есеп. ЕК пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:HCl+AgNO3
3-есеп. ЕК пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:K2CO3+CaCl2
4-есеп. ЕК пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:FeSO4+NaOН .(Wolfe and Alexander,2008)
5-әрекет.Берілген реактивтерді қолданып, тәжірибе жасау арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыттым.Бұл тапсырманы бере отырып, оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамыта білдім және сыни тұрғыдан ойлауын дамыта білдім.(Flavell,1976)
6-әрекет.Балалардың не үйренгенін және оны қалай меңгергенін білу мақсатында «Синкуейн» әдісін қолдандым, яғни олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға ықпал жасадым.
7-әрекет.Топ жауаптарын мұқият тыңдап,мадақтай отырып,формативті бағалау процесін жүргіздім.
қ/с
Оқушы
аты-жөні
Тапсырма №1
Мынадай заттардың арасында жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар
(1-балл бойынша)
Тапсырма№2
«Аяғына дейін жүретін реакция»
(1-2 балл аралығы бойынша)
Тапсырма №3
Мәтінмен жұмыс
(1-3 балл аралығы бойынша)
Тапсырма №4
Есептер шығару
(1-4 балл аралығы бойынша)
Тапсырма №5
Тәжірибелік жұмыс
(1-5 балл аралығы бойынша)
Тапсырма №6
Бес жолды өлең
(1-6 балл аралығы бойынша)
Жалпы баллы
Бағасы
1
2
3
Бағалау критерийлері: 19-21 балл - «5» бағасы
13-18 балл - «4» бағасы
6-12 балл - «3» бағасы
1-5 балл - «2» бағасы
Нәтижесінде: «5» - 0
«4» - 11
«3» - 11
Қатысқаны: 24 Сапасы: 50%