7


  • Учителю
  • Урок по химии на тему 'Су-еріткіш' (8 класс)

Урок по химии на тему 'Су-еріткіш' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:


Пән: Химия Сынып: 8

Сабақтың

тақырыбы:

Су - еріткіш

Мақсаттары:

1. Судың физикалық,химиялық қасиеттері,таза суды алу әдістері,судың жалпы тіршілік үшін маңызын,оны тиімді пайдалану жолдарын түсінеді.

2.Оқушылардың су туралы білімдерін тереңдетіп, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады.

3.Әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, шығармашылық,жылдам ойлау қабілеттері дамиды

Оқытудың

нәтижесі

Судың құрылысын, құрамын, тіршілік көзі ретінде маңызын, қасиеттерін ажырата біледі. Су туралы бекіткен білімдерін өмірлік жағдайда қолдана алатын болады.

Уақыт

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Дерек көзі

Сілтеме

Ұйымдастыру кезеңі

0-3 минут

3минут

Бәріміз орнымыздан тұрып, шеңбер құрып, бір-бірімізбен амандасу рәсімін көрсетеміз


Топтарды таратылатын қалам түстері арқылы топтарға бөлу. Топ басшысын сайлау,әр топтың мүшелерін жинау.Бағалау парағы таратылады

Оқушылар орындарынан тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді:

«Бақытты бол,

аман бол, инабатты бол, сұлу бол, ақылды бол ....»

Интербелсенді тақта, дидактикалық материалдар, түрлі-түсті геометриялық фигуралар, сөзжұмбақ, кесте, 5-деңгейде бағалау парағы.


Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

5 минут

Үйге берілген тапсырманы ауызша тексеру

«Қарлы кесек» ойыны көмегімен, әр топтан бір-бір оқушы су жайлы білетін ойларымен бөліседі.

Білу.

Ой қозғау,

Өткенді қайталайды, еске түсіреді

10

Жаңа сабақты сөзжұмбақ арқылы шешіп аламыз.


Мұғалімнің жетекші сұрақтары.

Тақырыптың аталуын сұрау, әр топ тақырыпқа орай мақсат белгілеу.

Сөзжұмбақты шешу арқылы «Су-еріткіш» деген сөз шығады.


Оқушылардың жауаптары


Тақырыпты атайды және әр топ бір мақсатты белгілейді.

Жұмбақтар. Интербелсенді тақта. Қалам.


Түсіну

15

Мәтін арқылы су жайлы мәліметтермен танысады.

Оқушылар мәтінде берілген тақырыпқа байланысты постер жасап, қорғайды.

Сергіту сәті «Күн шуағы»


Интербелсенді тақта.


Хатшы,топ спикері,үлестірме қағаздар (сұрақ 1-4)

Қолдану

10 минут

Талдау

Тақтадағы сурет пен мәтінді (1) негізге ала отырып, әр топқа PISA бағдарламасы бойынша берілген тапсырмаларды орындап, басқа топқа түсіндіреді.

Оқушылар орындаған тапсырмаларының жауабын толықтыру үшін, басқа топтардың бағыттаушылары бір сұрақтан қояды да, жауабын талдайды.

Оқулық, дәптер


1-2 минут

Үйге тапсырма:

«Су» тақырыбына Эссе жазу

Күнделікке үй жұмысын жазады.

Сұрақ № 1Ауыз су

Ауыз суының жақсы қайнар көзінің болғаны маңызды. Жер астында болатын сулар жерасты сулары деп аталады.

Жер асты суларында, қайнар көздерден (өзен, көл) алынған суларға қарағанда бактериялар неліктен аз болатынына бір мысал келтіріңіз

..........................................................................................................................

...........................................................................................................................

Сұрақ №2 Ауыз су

Суды тазалау бірнеше кезеңнен және түрлі әдістермен жүреді. Суретте көрсетілген тазарту процесі 4 кезеңнен (1-4 дейін нөмірленген) тұрады. Екінші кезеңде су тұндырғыда жиналады.

Бұл кезеңде суды тазалау қалай жүргізіледі?

А.Суда болатын бактериялар өледі

B.Суға оттегі қосады

C.Қиыршық тас пен құм судың түбінде тұнып қалады

D.Улы заттар еріп кетеді

Сұрақ №3

Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы70 кг болса, онда1700 грамм кальций,250 грамм калий,70 грамм натрий болады.

Тапсырма: Адам организмінде шамамен 1700 г Са (кальций), 250 г К (калий) болады. Адамның салмағы 60 кг болса, онда оның организмінде қанша кальций мен калий болады?

А) 2,83% Са, 4,17 % К

Ә) 2.43% Са, 3,6% К

Б) 3,4% Са, 5% К

Сұрақ № 4

Ғалымдар кейінгі кездері қарапайым судың тағы таң қаларлық басқа да қасиеттерін ашты. Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің бірінде 1956 жылы мынандай жағдай болған екен. Бактериялық қару жасау мақсатында жабық түрде үлкен ғылыми конференция ашылып, ол қаруды қалай жасау керектігі жөнінде ғалымдар өз ойларын ортаға салады. Қатысқан ғалымдардың көпшілігі конференциядан кейін ауырып, ауруханаға түседі. Ал уланған адамдар конференция кезінде үстел үстіндегі графиннен таза судан басқа ештеңе ішпеген.

Сұрақ: Уланудың себебі неге байланысты болды? Түсіндіріңіз.

Уланудың себебі

Иә немесе Жоқ

Химиялық құрамына байланысты

Иә/Жоқ

Құрылымы, молекулаларының қалай орналасқанына байланысты

Иә/Жоқ

Су құйылып тұрған ыдысына байланысты

Иә/Жоқ





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал