- Учителю
- Қаныққан көмірсутектер. Метан. Алкандар. (9 класс)
Қаныққан көмірсутектер. Метан. Алкандар. (9 класс)
| Сынып: 9А | Күні: | 
| Сабақтың тақырыбы | Қаныққан көмірсутектер. Метан. Алкандар. | 
| Сілтеме | Н.Нұрахметов «Химия» 9-сынып | 
| Жалпы мақсаты | Қаныққан көмірсутектер және метан, метан қатарындағы көмірсутектер туралы түсінік беру. 
 | 
| Оқу нәтижелері | Метан-қаныққан көмірсутектердің ең қарапайым өкілі және ол табиғатта кең таралған көмірсутек. Метан мен оның туындыларының қолданылу аясы өте кең. 
 | 
| Сабақта туындаған негізгі идеялар | Қаныққан көмірсутектер молекулаларында көміртек атомдары өзара тек дара байланыстар арқылы байланысады. Химиялық өңдеу арқылы алкандардан сан алуан басқа заттар алынады. 
 | 
| Көрнекіліктер | Интерактивті тақта | 
| Тапсырмалар | I.Ұйымдастыру 
 II. «Метан», «этан», «пропан» тобына бөліну. III. «Метан» тобына қойылатын сұрақтар: 1.Метан табиғатта қалай түзіледі және қайда кездеседі? 2. Метанның физикалық қасиеттерін сипаттап беріңдер. 3. Метан оттектен ауыр ма, әлде жеңіл ме? Метанның оттекпен салыстырғандағы тығыздығын есептеңдер. «Этан» тобына қойылатын сұрақтар: 1.Метан қандай газдармен қопарылыс беретін қоспа түзеді? 2.Метан кездесетін жерлерде және метанмен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек? 3.Метанның жану реакциясының термохимиялық теңдеуі бойынша: 64 г метан жанғанда түзілетін жылу мөлшерін есептеңдер. «Пропан» тобына қойылатын сұрақтар: 1.Метан және оның туындылары қайда қайда қолданылады? 2.Метанның сандық құрамын есептеңдер (%-пен). 3.Тетрахлорметан буының тығыздығы ауадан неше есе ауыр болатынын есептеңдер. IV.Бағалау V.Үйге тапсырма: $46,47; №1-4 (158-бет) 
 | 
| 
 | 
 |