- Учителю
- Бақылау жұмысы «Негізгі және қосымша топша металдары» 10 сынып
Бақылау жұмысы «Негізгі және қосымша топша металдары» 10 сынып
Бақылау жұмысы
Тақырыбы: «Негізгі және қосымша топша металдары»
І - нұсқа
-
Мына айналымды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
Li → Li2O → LiOH → Li2CO3 → CO2 → СaCO3
↓
Li3PO4
-
Темір (ІІІ) оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар. Оларға қысқаша сипаттама беріңдер. Мына заттардың қайсысымен темір (ІІІ) гидроксиді әрекеттеседі: О2, NaOH, CO2, H2SO4, NaCl? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерді, ал тотығу - тотықсыздану реакциялары үшін электрондық баланс теңдеулерін жазыңдар.
-
Массасы 160 г 10% - тік мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісіне батырылған темір тақташасында түзілген мыстың массасын есептеңдер.
-
Массасы 68,4 г сілтілік металл сумен әрекеттесіп 8,96 л сутек (қ.ж.) түзеді. Бұл қандай металл?
ІІ - нұсқа
-
Мына айналымды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
Fe → FeCl2 → Fe(OH)2 → Fe(OH)3 → Fe2O3 → Fe2(SO4)3
↓
NaFeO2
-
Мырыш оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар. Оларға қысқаша сипаттама беріңдер. Мына заттардың қайсысымен мырыш гидроксиді әрекеттеседі: СаО, Н2SO4, КОН , СО2, К2SO4 , Н2О, NaОН, НСI? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерді, ал тотығу-тотықсыздану реакциялары үшін электрондық баланс теңдеулерін жазыңдар.
-
20 г 10%-тік темір (ІІ) хлориді ерітіндісі мен 15 г 5%-тік натрий гидроксиді ерітіндісін араластырғанда түзілетін темір (ІІ) гидроксидінің массасын (г) есептеңдер.
-
20г натрий гидроксиді мен 20г хлорсутек әрекеттескенде қанша грамм тұз түзіледі?