7


  • Учителю
  • Химия пәні Алкандардың құрлысы 11 сынып

Химия пәні Алкандардың құрлысы 11 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күнделікті сабақ жоспары №

Пәні Химия_______ Сыныбы 11 __________Күні

Сабақтың тақырыбы: Алкандардың құрлысы

Білімділік: Оқушылардың алкандардың құрлысы туралы білімдерін қалыптастыру;

Дамытушылық: оқушының білімдік, еске сақтауын, ой-өрісін дамыту, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдаландыру, танымдылық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу; ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу; білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге; әр оқушының қабілетін дамытып; еңбек етуге баулу; кәсіптік бағдар беру.

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: фронталды әңгімелесу, қорытынды жасау, сұрақ жауап, жаттығулар орындау, кітаппен өзбетінше жұмыс істеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлеметсіздерме?

2.Бүгін сыныпта кім кезекші?

3.Сабақта кім жоқ?

4.Сабаққа дайындаламыз

5.Сабақты бастаймыз

Үй тапсырмасы: Өткен сабақта алкандар , гомолог қатары, изомерлері мен атаулары тақырыбынан түсініктерін сұрап, сұрақтар қойып, есеп шығартамын.

Жаңа сабақ: Қаныққан көмірсутектердің ең қарапайым өкілі - Метан. Құрылымдық формулалардағы атомдардың арасындағы сызык шалар коваленттік байланыс түзуші электрон жұбын көрсететіндігін сендер бұрыннан білесіңдер. Көміртек пен сутек атомдарының электрон бұлттары түзетін электрон тығыздығы атомдардың ядроларын қосатын түзудің бойында жатса -байланыс түзілетінімен таныссыңдар. Метан молекуласында төрт -байланыс түзіледі:

Метан молекуласының кеңістіктік пішінін қарастырайық. Көміртек атомының sр3гибридтеген пішіні дұрыс емес гантель төрізді төрт электрон бұлты төрт сутек атомдарының шар тәрізді s-бұлттарымен қаптасып(9-сурет), химиялық байланыс түзіледі. Метан молекуласының кеңістіктік пішіні тетраэдр тәрізді, С-Н байланыс тарының осьтері араларындағы бұрыштар 109°28'. Тетраэдрдің төрт бұрыштарында сутек атомдары, ал дәл ортасында көміртек атомы орналасады. Көміртек пен сутек атомдары арасындағы электрон тығыздығың қоюланған жерлеріне назар аударыңдар.

Шарөзекті модель қандай атомның кай атоммен байланысқанын көрсеткенімен, салыстырмалы өлшемдерімен молекуланың сыртқы

пішінін көрсете алмайды. Масштабты модель салыстырмалы өлшемдермен молекуланың сыртқы пішінін шамамен дұрыс береді.

Метан молекуласының кеңістіктік пішінін масштабты және шарөзекті модельдер арқылы бейнелеуге болады. Шарөзекті модельде шарлар-атомдардың ядроларын, өзектер - электрон бұлттарын бейнелейді.

Метан гомологтарының құрылыстары метанға ұқсас болады.Этан молекуласында жеті σ-байланыстың [бір sр3- 3; (С - С) және алты 3 - s(С - Н)] түзілуі көрсетілген.

Алкандарда sр3гибридтену болады. Алкандардың молекулаларында көміртек атомының sр3гибридтенген орбитальдары тэтраэдрдің тобесіне бағытталып орналасады. Бір көміртек атомы екінші көміртек атомымен осы бағытта (109°28') байланысады да, көміртек тізбегі пропаннан бастап ирек пішінді болады

Алкандардың молекуласындағы σ-байланыстардың ерекшелігі - олардың ең жоғары электрондық тығыздығы байланысып тұрған көміртек атомдарының ядроларын қосатын осьтің бойында орналасады. Осы ось бойынша атомдар айналған кезде орбитальдардың қаптасуы мен валенттік бұрыштары жөне байланыстың ұзындығы өзгермейді. Көмірсутектердің метил (СН3-) жөне метилен (-СН2-)

топтары σ-байланыс осі бойынша еркін айналуы нәтижесінде молекуладағы атом топтары кеңістікте әр түрлі жағдайда болады. Бұл кұбылысты конформация деп, ал пайда болған геометриялык пішіндерді конформерлердеп атайды



Өзіндік жұмысы.

І-деңгей

1. Мына көмірсутектердің графиктік формуласын жазып, рационалды номенклатура бойынша атаңдар:

а)2,3-диметилбутан, ә) 2,2,3,3-тетраметилгексан, б) 2,2-диметил-3,3-диэтилгексан, в) 3,3-диметил-4-изопропил-4хлоргексан, г) 2,3,4-триметил-3-метоэтилгексан.

ІІ-деңгей

1. Құрылым формулалары келтірілген қосылыстарды халықаралық атау жүйесі бойынша атаңдар және біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік кеміртек атомдарын тауып көрсетіңдер:

2. а) 2,2,3-триметилбутан; ә) 2,3-диметилбутан, б) 2,2,5,2-тетраметилгексан, в) 2,3,4-триметил-3-этилгексан, г) 2,6-диметил-3,5-диэтил-4-пропилгептан.формулаларын құрастыру

ІІІ-деңгей

1. Темендегі күрылым формулалары бойынша келтірілген қосылыстарды атап, берілген заттардың ішінен изомерлерді табыңдар. Ол үшін өуелі олардың молекулалық формуласын таиқан жөн:

2. Формулалары келтірілген заттарды халықаралық атаулар жүйесі бойынша атап іштерінен қайсылары озара изомер, қайсылары гомологтар екенін табыңдар:

3. Берілген заттардың атаулары бойынша қүрылым форму-лаларын жазыңдар:

а) н-гексан, ә) 2-метилбутан,

б) 2,3-диметилпентан,

в) 2,2-диметилбутан.

Тест жұмысы. (3-сұрақ)

2. Алкандардың жалпы формуласы:

А) СnН2n; В) СnН2n-2;С) СnН2n+2;Д) СnН2n-6;

3. Алкандардың гомологтық қатарына жататын көмірсутек:

А)С6Н6;В)С6Н14;С)С6Н10; Д)С6Н12;

Молекуласында сутектің 14 атомы болатын алкан:

А) гексан;В) гептан; С) октан; Д) пентан.



Бағалау: Сабаққа белсенді араласқан, үй тапсырмасына және сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма : Алкандардың құрлысы туралы білімдерін жетілдіру.

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды сау болыңыздар.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал