7


  • Учителю
  • Урок по химии на тему 'Галогендерге жалпы сипаттама. '

Урок по химии на тему 'Галогендерге жалпы сипаттама. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ш.Уәлиханов орта мектебі МДШО ММ


Тақырыбы:

Галогендерге жалпы сипаттама.

Хлор және оның маңызды қосылыстары.

Хлордың алынуы және қолданылуы.

Хлорсутек.Тұз қышқылы.

(8 сынып)



Пән мұғалімі: Куанбаева А.К


Сабақтың тақырыбы:

§ 70. Галогендер топшасына жалпы сипаттама.

§ 71.Хлордың периодттық жүйедегі орны. Табиғатта таралуы мен қасиеттері.

§ 72-73.Хлордың алынуы мен қолданылуы. Хлор сутек. Тұз қышқылы

Сабақтың мақсаты:

1.Галогендер топшасы элементтеріне сипаттама, хлор элементінің жеке өзіне, алынуына, қасиеттеріне, қолданылуына тоқталу. Хлорсутек тұз қышықылы туралы мәлімет беру.

2.Оқушылардың өздеріне 4 параграфты таладта отырып түсініктерін реакция теңдеулерімен дәлелдетіп ойларын дамыту.

3.Ойларын түсінікті әрі мағыналы етіп жеткізуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта,слайдтар,қажетті реактивтер,электронды оқулық.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Топпен жұмыс,Кембридж әдісінің элементтерін пайдалану,АКТ-ны пайдалану. Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру сәтін «Көңілді » музыка ырғағымен мен 1минут билетіп,сабаққа жақсы көңіл-күй қалыптастыру, сабаққа ынталандыру. Сынып оқушыларын 3 түрлі түске боялған смайлингтер алдырып,3 топқа бөліп отырғызу.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

«Миға шабуыл»

1 топқа

Оқулықтағы №2 жаттығу Төмендегі айналуларды жүзеге асыр

К КОН KCL KNO3

2 топқа №3 жаттығу

А. Натрий мен хлор Ә. Натрий мен тұз қышқылының арасындағы химиялық реакция теңдеулерін тотығу- тотықсыздану процессі түрінде жасыздар.

3 топқа

№4 есеп

Мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісіне 4 г натрий гидроксидімен әсер еткен реакция нәтижесінде қанша грамм тұнба түзіледі?

1 топқа Натрий қосылыстары: натрий оксиді және натрий гидроксидінің алынуын және қасиетін баяндау. 2 топқа Натрий гидроксидінің химиялық қасиеттеріне реакция теңдеулерін жаз. 3 топқа Натрийдың тұздары және оның қолданылуы.


Жаңа сабақ түсіндіру «Түсіну» §70 Электронды оқулықтан көрсетілім 10,11,12 Тапсырма 21-ді тыңдау. §71 Хлордың ХЭПЖ орны, атом құрлысы

Cl-Хлор +17 2ē8ē7ē 1s2/ 2s22p6/3s23p5

Хлордың ең маңызды қосылыстары:

NaCl - галит NaCl*KCl - сильвинит MgCl2*6H2O - бишофит KCl* MgCl2*6H2O - карналлит

Химиялық қасиеттері Cu+Cl2→ CuCl2

2Fe+3Cl2→2FeCl3

H2+Cl2→2HCl

Cl2+H2O→HCl+HclO

HClO→HCl+O

2CL2+2H2O=4HCl+O2

§72,73. Хлордың алынуы мен қолданылуы.

2NaCl→2Na+Cl2- Өнеркәсіпте электролиз әдісімен алады.

Лабараторияда күшті тотықтырғыштарға концентрлі тұз қышқылымен әсер етіп алады.

MnO2+4HCl=Cl2+MnCl2+H2O

KClO3+6HCl=3Cl2+KCl+3H2O

2KMnO4+16HCl=5Cl2+MnCl2+2KCl+8H2O

HCl-хлор сутек өткір тітіркендіргіш газ. Mr(HCl=36.5) m(ауа=29)

Mr(Cl2)=71

HCl-суда өте жақсы судың 1 көлемінде 500көлем HCl ериді,

Cl2-суда аздап ериді 2,5көлем.

Хлор сутек газының судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады-HCl. Концентрациясы-38% Синтетикалық 32% Техникалық 27% сорттар болады.

Хлорид Cl- иондарын күміс нитратымен анықтайды

HCl+AgNO3=HNO3+AgCl

NaCl+ AgNO3=NaNO3+AgCl

Тұз қышқылының хим. Қасиеттері 2HCl+Fe=FeCl2+H2

2HCl+FeO= FeCl2+H2O 2HCl+Fe(OH)2= FeCl2+2H2O

Қолдану

Әр топқа тапсырма: 1топқа §70-тен, 2 топқа§71-ден, 3топқа §72-73-тен түсінген жұмыстарын постерге түсіріп, оны қоғау.

Талдау (кері байланыс).

Тест 1 топқа

1.галогендердің қайсысының молекуласы 1 ғана атомнан тұрады? А.Фтор Ә. Хлор Б.Бром В.Астат Г.Иод

2.Тұз қышқылы деп қай газдың судағы ерітіндісін айтамыз? А.HCl Ә.Cl2 Б.F2 В.NH3 3.Жоғарыдағы газдардың қайсысы ауадан жеңіл. А.HCl Ә.Cl2 Б.F2 В.NH3

4.Өнеркәсіпте хлор газын қай заттан алады.

А.NaCl Ә.MnO2 Б.KClO3 В.KMnO4

2 топқа 1.Медициналда қай галогеннің спирттегі ерітіндісін қан тоқтату үшін пайдаланады? А.хлордың Ә.фтордың

Б.йодтың В.бромның 2.Қай газдың суда ерігіштігі мықты? А.HCl Ә.Cl2 Б.F2 В.O2

3.Сарғыш жасыл түсті газ?

А.HCl Ә.Cl2 Б.F2 В.O2

4.Лабараторияда хлорды қандай күшті тотықтырғыштардан алады? А.H2SO4,O2,HNO3 Б. Cl2,O2,HNO3 Ә.MnO2,KClO3,KMnO4 В. H2SO4, MnO2,HNO3

3-топқа

1.Галагондердің сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондар саны? А.1 Ә.5 Б.6 В.7

2.Сілтілік металдардың сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондар саны? А.1 Ә.5 Б.6 В.7 3.Галагондердің сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондардың конфигурациясы? А.ns2np3 Ә. ns2np4 Б. ns2np6 В. ns2np5 4.Сілтілік металдардың сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондардың конфигурациясы? А.ns2np3 Ә. Ns1 Б. ns2np6 В. ns2np5

4-топқа

1.NaCl- галит минералының кездесетін кен орны?

А.Каспий маңы ойпаты,Арал теңізі жағалауы

Ә.Алматы,Қызылорда облысы

Б.Балкаш көлі,Ақтөбе облысы В.Жамбыл облысы, Қарату тауларында

2.NaCl - ас тұзындағы Na-дің массалық үлесі? А.40,5% Ә.38,5% Б. 37% В.39,5%

3. NaCl - ас тұзындағы Cl-дың массалық үлесі?

А.40,5% Ә.60,5% Б. 37% В.39,5%

4.NaOH- натрий гидроксидінің техникалық атауы? А.Күйдіргіш калий Ә.Күйдіргіш натрий Б.Сақар В.Сода

Жинақтау.

1-топқа. Оқулықтан 189 бет 5-жаттығу Хлордың физикалық қасиетін түсіндіріп, ауа бойынша тығыздығын есепте? Дауа(Cl2)-?

2-топқа. Оқулықтан 191 бетте 6-жаттығу. 100гр суда 6,72л (қ.ж) хлорсутек газы ерітілді,ерітіндінің массалық үлесін тап.

3-топқа. Маңызды хлоридтердің қолданылу саласын айт.

NaCl- HgCl2- KCl- ZnCl2-

CaCl2- AgCl-

4-топқа.

Өндірісте және лабараторияда хлор газын алатын қосылыстардың формулаларын жаз.

Бағалау әр топ бойынша Өзін-өзі бағалау парағымен бағаланады.

Аты-жөні

І Үй тапсырмасы

Жаңа сабақты игеру

№5№6№3№4 жаттығулар

Ауызша сұрақтар -20.

Түсіну

Қолдану

Талдау (Кері б\с)

Жинақтау


Үйге тапсырма: §71,72,73,74 және жинақтаудағы жаттығуларды аяқтау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал