7


  • Учителю
  • Тақырыбы: «XXI ғасыр химиктері».

Тақырыбы: «XXI ғасыр химиктері».

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: «XXI ғасыр химиктері».

ШЖҚ «Талдықорған медицина колледжі» МКК биология және химия пәндерінің жоғары санатты оқытушылары И.Т. Ахмеджанова, Қ.А.Сүлеимменова, Р.Д. Сыртанова





Тақырыбы: «XXI ғасыр химиктері».

Сайыстың мақсаты:

1.Адам ағзасы химиялық элементтер жиынтығы екендігіне білімгерлердің сенімін арттыру.

2.Өлі табиғат пен тірі табиғат тығыз байланысты процесс, оның мысалдармен толықтыру.

3.Оқушыларға химия пәнін сүйюге, химия негізінде биолгоиялық құбылыстарды түсіне

білуге шақыру.

4. Медициналық тұрғыда тәрбие беру.



Түрі: Жарыс сабақ

1.Білімгерлерді 4 топқа бөлеміз.

2.Сайыс бақтың бағдарламасымен таныстыру.

3.Әділқазылар мүшелерін сайлау.



Көрнекіліктер: химиялық таңбалар, презентация, графопроектор, үлестірме тапсырмалар.



Барысы

1-жүргізуші: Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі осы жастардың білімді маман болып өсуіне үлкен жол ашатын колледж және колледжде алған білімдері.



2-жүргізуші: Олай болса, осы жастардың білімін және қызығушылықтарын байқататын «XXI ғасыр химиктері» атты ойыншылар сайысын бастаймыз.



1-жүргізуші: Сайыс бағдарламасымне таныс болайық:

1 - тур. Командалардың өздерімен таныстыруы (топ аты, ұраны, эмблемасы).

2- тур. Сайыс «Мен білемін»

3 - тур. Элементтер сыры.

4- тур. Бәйге

5 - тур. Жұмбақтар сайысы

Әр дұрыс толық жауап 5 ұпаймен бағаланады.

2- тур. Сайыс «Мен білемін»

Стоматология

б) Тіс, бүйрек, жүрек

Тіс - Ca, Mg, F, P. Бүйрек - Li, Se, Ca, Na, Mg, K, Mo, Сd, Br.

Жүрек- Ca, K, Mg.

Емдеу ісі

г) Сүйек, бұлшықет, гипофиз

Сүйек - Na, Ca, Mg, K, P. Бұлшықет- Li, Mg, K. Гипофиз - Zn, Br, Mn, Cr.

Лабораториялық диагностика

а) Ағза мүшелер суреті (өкпе - легкие, бауыр- печень, қан- кровь)

өкпе - Li, Na; бауыр - Li, Se, Mo, Zn, Ca, Mn, K, Cu; қан - Fe, Na, Li, Ca, K.

Фармация

в) Шаш- волосы, ми- мозг, көз - глаза

Шаш-Al, As, Cl. Ми - Na, Mg, K. Көз- Zn, Ba, Na



Көрермендермен жұмыс:

1-жүргізуші: Топ білімгерлері берілген тапсырмаларын орындағанға шейін көрермендермен сауалнама жүргізейік.



1.H2SO4- Қышқыл (кислота)

2.Фенолфталиен, метилоранж лакмус - индикатор (индикаторы)

3.Марганцовканың формуласы? Формула марганцовки? (KMnO4)

4.Периодтық жүйені жасаған кім? Кто составил периодическую систему? (Менделеев)

5. Элемент атомының ядро құрамы? Состав атома ядра? (Протон, Нейтрон)

6.Ас содасының формуласы? Формула пищевой соды? (NaHCO3)

7.Тұздысуға салғандағы үрдіс? Процесс прибавления соли с водой? (Ериді,Растворение)

8. Алтынның латынша атауы? Латинское название золото? (Аурум)

9.Ас тұзының формуласы? Формула пищевой соли? (NaCl)

10.Микро ағзаларды жоятын қасиеті бар металл? Обезараживающий металл? (Күміс, Серебро)



3 - тур. Элементтер сыры.



4- тур Бәйге жарысы. Берілген сұрақтарға жылдам жауап беріп, ұпай жинау.

1-ші топ

  1. Қандай металл болашақтың металы деп аталады? (Алюминий)

  2. Өте активті металл?(Цезий)

  3. Сумен өте тез әрекеттесетін металл? (Калий)

  4. Әрі жеңіл, әрі жұмсақ металл? (Натрий)

  5. Термометрде қолданылатын металл? (Cынап)

  6. Ең қатты зат? (Алмаз)

  7. Қанның құрамында кездесетін металл? (Темір)

  8. Көз тамырында кездесетін элемент? (Селен)

  9. Қыйын балқитын металл? (Вольфрам)

  10. Ең жеңіл металл? (Литий)



2-ші топ

  1. Ренген сәулесінен қорғайтын металл? (Қорғасын)

  2. Химиялық реакцияларда оң ионға айналатын элементтер? (Металл)

  3. Ағашты отсыз көмірлендіретін зат? (Концентрациялы күкірт қышқылы)

  4. Тыныс алғанда қандай су лайланады? (Әк су)

  5. Суды қалай жандыруға болады? (Сілтілік металдар, Na,K)

  6. Темекі құрамындағы алколоид? (Никотин)

  7. Топырақты құнарландыратын элемент? (Азот)

  8. Ең ауыр металл? (Осмий)

  9. Темірдің тот басқан өнімі? (Тат)

  10. Травматологияда қолданылатын металл? (Тантал)



5 - тур. Жұмбақтар сайысы. Дұрыс жауап 3 ұпай.



Табылса бұрын там- тұмнан, Қара жер адамзатқа болған мекен

Қазір көп әрбір өлкеде. Қасына іші толған әр түрлі кен,

Қымбат болды алтыннан ішінде жүз мың түрлі асылы бар

Қандай метал ертеде? Солардың ең артығы немене екен?

(Алюминий) (Темір)

Күміс пенен алтынды кім білмейді,

Қолда барда қуанып кім билейді?

Химиктерге жақпайтын несібі бар

Арқашан « жаман металл» құрғұр дейді.

(Активсіз металл)

Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланбас, қайнатсаңда отынды ұйып,

Көрсететін суықты, жылуды анық

Қандай зат құрал жасар соны құйып. (Сынап)

«Химия тұрмыста» айдарынын "Сіз білесізбе?" кеңесін ұсынамыз.

  1. Шарап дағын қалай кетіруге болады?

Киімге, дастарханға төгілген шарап дағының үстіне тұз сепсе, ол шарапты өз бойына тартады. Бұдан соң киімді немесе дастарханды мүсәтір спирті қосылған салқын сумен шаяды.

2.Жұмыртқа дағын қалай кетіруге болады?

Ол дақты 35 градуса дейінгі ысытылған глициринге салып, 15 минуттан кейін сабындап жылы сумен жуады.

3.Шәйнек қабарғасындағы дақты қалай кетіруге болады?

Концентрлі тұз қышқылының бір бөлігін бес бөлік суға араластырып, оның қақ тұрған ыдысқа қайта құйса, ыдыс қабырғасындағы тұздар еріп кетеді.

Қышқыл әбден нейтралданған соң, оны төгіп тастап, 2-3 рет қайталайды

4.Пышақты өткір етіп қалай қайрауға болады?

Пышықты қайрау алдында ас тұзының әлсіз ертіндісіне батырып, біраз ұстаңыз да, одан шығарысымен сүртпестен, бірден қайрасаңыз, пышағыңыз өткір болады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал