7


  • Учителю
  • 'Бинарлы қосылыстардың формуласын құру'

'Бинарлы қосылыстардың формуласын құру'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№11 сабақ 8-сынып, химия

Сабақ тақырыбы

Бинарлы қосылыстардың формуласын құру.

Сілтеме, негізгі дерек көздері

8-сынып оқулығы, ЭО . Мерсердің әңгімесі

Сабақ мақсаты

Заттың құрамын химиялық формуламен жазуға болатынын біледі .Ол заттың құрамына қандай элемент, оның қанша атомы өзара қандай қатынаста кіретінін түсінеді. Заттың сандық және сапалық құрамын білдіретін химиялық формула жайлы білімді қалыптастырады.. Заттың Мr,күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табуды есептер шығара отырып үйрету және логикалық ойларын дамытады. Валенттілік туралы түсінік балады. Екі элементтен тұратын заттың берілген формуласы бойынша валенттіліктерін анықтауды үйренеді.

Күтілетін нәтиже

Заттардың формулаларын валенттілік ұғымын қолдана отырып дұрыс жаза біледі. және заттың Mr-н есептей алады. Бинарлы қосылыстардың валенттіліктері бойынша формула жаза алады.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақ әдісі:

Диалогтік оқыту зерттеушілікт Дарынды және талантты балаларды оқыту

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту Оқытуды бағалау АКТ

Оқыту формасы:

Топтық, жеке, практикалық, оқушыларға бағыт беру, сұрақ-жауап, критериалды бағалау. Өзара бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек.

Көрнекілік-құралдар

Компьютер, интерактивті тақта, ПЖ, ЭО

Сабақтың өту барысы


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

І Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ынтымақтастық орнатады

2 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Бірнеше заттардың формуласы беріледі. Формуладағы тұрақты валенттілік көрсететін элемент бойынша екінші немесе басқада элементтің валенттілігін анықтайды. Анықтамасын ескереді.

Үй тапсырмасы орындалады. Сұрақтарға жауап береді. Формулаларды химия тілінде оқиды.

5 мин

ІІІ Жаңа сабақ мақсаты

Бинарлы қосылыстардың валенттіліктері бойынша формула жаза алады.

Мәтіннен түйінді идеяны тауып, оқып түсінеді

1-2 мин

ҮІ жаңа білімді меңгерту

Жаңа сабақты жетелеуші сұрақтар қою арқылы өз беттерінше меңгерту:

Бинарлы қосылыстардың валенттіліктері бойынша формула жаза алады.

І нұсқа: I) SiH4, HCl, H2S; 2) MgO, H2O, N2O3,

ІІ нұсқа: 1) PH3, HI, H2O; 2) N2O5, Na2O, CaO,

IІІ нұсқа: I) HBr, CH4, NH3; 2) Cu2O, BaO, NO2

Қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Белсенділіктері артады

10 мин

Ү Практикалық тапсырма


Бағыт-бағдар беру арқылы оқулықта берілген жаттығуларды орындатады

Заттың формуласы бойынша мыналарды білуге болады:

  1. Элементтің тұрақты валенттігін

  2. Валенттілік бойынша формула құруды

  3. Формуладығы индекстің ерекшелігін

  4. Формула жазу ретін

  5. Формула жазу валенттілікке байланысты екенін түсінеді.

тапсырманы қалай орындау керектігін ойлана отырып, орындайды.

15 мин

ҮІ Сабақты қорытындылау

Тапсырмалар мен сұрақтар беру.

  1. H2CO3 әр элементтің валенттілігін анықтайды

  2. Кальций фосфатының Са3(РО4)2 құрамындағы қай элементтің валенттілігі тұрақты.

  3. Вваленттілік дегеніміз не?

  4. Валенттілік бойынша формула қалай құрастырылады?

  5. Формулада индекс нені көрсетеді?

  6. Формулада коэффициент нені көрсетеді?

  7. Мына заттардың құрамындағы элементтердің валенттілігін анықта

оқыңдар: азот қышқылы HNO3, күйдіргіш калий KOH, калий перманганаты KMnO4, тотияйын CuSO4, ас содасы NaHCO3 т.б.

Жасаған жұмысын талдап, сұрақтарға жауап береді, мұғалімге сұрақтар қояды

Тапсырманы орындайды.

5-6 мин

ҮІІ Бағалау, үйге тапсырма

Өздерің бүгінгі сабаққа критерийлер құрып көріңдер.

Үйге тапсырма беру: §11. (1-10) Жұмыс дәптері.

Бағалау критерйлерін құрады

Күнделікке жазып алады

5 мин



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал