7


  • Учителю
  • 'Судың кермектілігі және жою әдістері'

'Судың кермектілігі және жою әдістері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән мұғалімі: Турсынова Ж.М.

Сыныбы: 10 «А»

Пән атауы: Химия.

Сабақ тақырыбы: «Судың кермектілігі және жою әдістері»

Сабақ мақсаты : Судың кермектілігі жайлы мәлімет беру, кермектіліктің түрлерін, олардың біздің өміріміздегі рөлін ұғындыру. Сәйкес реакция теңдеулерін жаза білуге, білімді өмірмен ұштастыра білуге дағдыландыру.

Міндеттері:

-білімдерін жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

-топта ұйымшылдыққа, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

-өз ойын еркін айта алатын, сыни тұрғыдан ойлай білетін тұлға қалыптастыру.

Қолданылатын модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру, оқыту,Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, ОүБ және ОБ.

Стратегиялық іс-әрекет: "Ыстық алақан", "Фишбон", «Ойлан, жұптас, бөліс» , «Ақиқат, не жалған», "ИНСЕРТ" әдістері.

Р\с

Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

4 мин

І.Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу. Жағымды психологиялык ахуалды қалыптастыру. "Ыстық алақан" тренингі. Топтарға бөлу.

Сыныпқа кіріп, сәлемдесіп, оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару, жылы қабақ таныту. Жағымды психологиялык ахуалды қалыптастыру мақсатында"Ыстық алақан" тренингі арқылы тілек білдіру. Оқушыларды 2 топқа бөлу І топ: Са, ІІ топ: Мg

Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Олар сары және жасыл түсті қағаздарды таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.

2

5 мин

Үй тапсырмасы. Фишбон әдісі.

Әр топқа флипчарт таратып, үй тапсырмасы бойынша, яғни «Са және Мg қосылыстары» тақырыбы бойынша сұрақтарды балықтың төменгі қаңқаларына жазу тапсырылады, соң жұмыстарын бір-бірімен ауысып, жауап жазу керек.

Алдарына берілген флипчартқа «Са және Мg қосылыстары» тақырыбы бойынша сұрақтарды балықтың төменгі қаңқаларына жазады, соң жұмыстарын бір-бірімен ауысып,сұрақтарға жауап жазады.

3

20 мин

Негізгі бөлім.(Жаңа сабақ).

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Жаңа сабақты жақсы меңгерту үшін ««Ойлан, жұптас, бөліс»» әдісін пайдаланамын. Тапсырмалар: І топ: Уақытша кермектілікті жою жолдары, ІІ топ: Тұрақты кермектілікті жою жолдарын оқыту, орындату, қорғату, қадағалау, көмек беру.

І топ: Уақытша кермектілікті жою жолдары, ІІ топ: Тұрақты кермектілікті жою жолдарын оқып, жұпта талқылап, қорғау.

4

7 мин

Сабақты бекіту «Ақиқат, не жалған»

Жаңа сабақты бекіту үшін «Ақиқат, не жалған» әдісін пайдаланамын. Сабаққа байланысты дұрыс, бұрыс мәліметтерді оқимын. Мысалы: 1.Кальций суда мүлдем ерімейді. (жақсы ериді)

2.Уақытша кермектілікте кальций, магний гидрокарбонаттары болады (ақиқат)

3.Кермектілік техникаға өте пайдалы (жалған)

4.Алмастырғыш иониттер уақытша кермектілікті кетіреді (тұрақты кермектікті жояды),т.б.



Оқушылар сұрақ дұрыс болса қолдарындағы жасыл стикерлерді, мәлімет қате болса, сары стикерлерді көтеріп отырады.

5

3 мин

Бағалау.

Әр топ басшысын сайлап, тапсырма орындау барысында, бағалау парағы арқылы топ мүшелерін бағалатамын, топ аралық бағалау әдісін пайдаланамын.

Әр топ басшысы өзінің топ мүшелерін бағалайды. Екі топ бір-бірін фигуралар арқылы бағалау жүргізеді.

6

2 мин

Үйге тапсырма

Тақырып соңындағы А,В, С деңгейлік тапсырманы, есептерді орындауға беру.

Тақырып соңындағы А,В, С деңгейлік тапсырманы, есептерді орындап келу.

7

4 мин

Рефлексия

Оқушыларға жасыл, қызыл түсті стикерлер тарату, тақтаға ИНСЕРТ стратегиясы бейнеленген плакат ілінеді. Оқушылар сабақтағы таныс, жаңа, түсінігіне сәйкес келмейтін, бұл туралы тереңірек білгісі келетін мәліметтерді әуелі жұпта, сосын топта талқылайды, дайын кестеге стикерлерге жазып жапсыру тапсырылады.

Оқушылар сабақтағы таныс, жаңа, түсінігіне сәйкес келмейтін, бұл туралы тереңірек білгісі келетін мәліметтерді әуелі жұпта, сосын топта талқылайды, дайын кестеге стикерлерге жазып жапсырады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал