- Учителю
- Химиялық элементтердің жіктелуі
Химиялық элементтердің жіктелуі
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі
Химия және биология пәні мұғалімі Дюсегалиева Эльмира Алшекенқызы
Сабақтың тақырыбы: §50. Химиялық элементтердің жіктелуі
Сабақтың мақсаты: Элементтерді жіктеуге, топқа бөлуге, ажырата білуге үйретіп, химиялық қасиеттермен таныстыру.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі (Оқушылармен сәлемдесу, тексеру)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. «Резюме» жазу (элементке сипаттама беру)
V. «Мені таны» (элементтерді жіктеп анықтау)
VI. «Өзіңді тексер» (әр топқа есептер беріледі)
VII. «Кім жүйрік?» (тест сұрақтары беріледі)
VIII. Бекіту сұрақтары
IX. Қорытындылау
X. Үйге тапсырма
XI. Бағалау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
(сынып үш топқа бөлінеді)
І-топ - Атом ІІ-топ Молекула ІІІ-топ Элементтер
Оқушыларға өздерін өздері бағалайтын парақшалар таратады.
Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру
-
Валенттілік дегеніміз не? (химиялық элемент атомының басқа химиялық атомының белгілі бір санын қосып алу қабілеті)
-
Химиялық реакция теңдеуі дегеніміз не? (химиялық реакцияны химиялық таңбалар, формулалар, арқылы шартты түрде жазу)
-
Әрекеттесуші заттар дегеніміз не? (реакцияға кіріскен заттар)
-
Атом молекулалық ілім (Атомдар мен молекулалар туралы мағлұматтардың жиынтығы)
-
Зат мөлшері немен өрнектеледі? (мольмен)
-
Зат мөлшерінің формуласы қалай сипатталады (ν=m/M)
-
Fe+S FeS теңдеуі реакцияның қай типіне жатады (қосылу)
-
Айырылу реакциясы дегеніміз не? (бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын айтамыз)
-
Орынбасу реакциясы дегеніміз не (күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын күрделі зат пен жай зат аралығы)
-
Алмасу реакциясы дегеніміз не (екі күрделі заттың құрамындағы атомдар бір-бірінің орнын алмастыра жүретін реакцияны атаймыз)
-
Қосылу реакциясы дегеніміз не (екі немесе бірнеше заттың бірігіп бір күрделі затқа айналуын айтады)
-
Құрам-тұрақтылық заңы дегеніміз не? Кім ашты? (айлану тәсіліне қарамастан әрбір күрделі заттың құрамы тұрақты болады. Ж.Пруст)
-
Зат массасының сақталу заңы дегеніміз не? (химиялық әрекеттесуге кіріскен заттардың массасы одан түзілетін заттың массасына тең)
-
Атом дегеніміз не (заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі)
-
Молекула дегеніміз не (заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі)
-
Химиялық элементтер қандай екі топқа бөлінеді (металдар, бейметалдар)
-
Ar, Mr нені білдіреді (Ar - салыстырмалы атомдық массасы, Mr-салыстырмалы молекулалық массасы)
-
Химиялық реакцияның қандай белгілері бар (тұнбалық түсуі, газдың бөлінуі, жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі)
-
Қоспалар нешеге бөлінеді, оларды ата (әртекті, біртекті)
-
MgO, AlS, NO, PH, ClO - мына қосылыстарды валенттілік арқылы теңестір
-
S+O2 SO2, Ca+O2 CaO, Zn+HCl ZnCl2+H2 мына берілген реакция теңдеуін теңестір
-
Периодтық жүйені ашқан кім, қай жылы? (Д.Н.Менделеев 1869ж)
-
Құбылыстардың түрлері (физикалық, химиялық)
-
Атомдардың әр түрінен тұратын заттар (күрделі заттар)
-
Үш әріптен тұратын элементтерді ата (бор, иод, мыс)
ІІІ. Жаңа сабақ
19 ғасырдың екінші жартысында химиялық элементінің 60-н астамы белгілі болып, ал олардан алынған заттардың алуан түрлілігі ғалымдарды элементтердің қасиеттерін зеріттеуге олардың бәріне тән ортақ қасиеттерін табуға жетеді?
Элементтерді өздеріне тән ортақ ұқсастықтарына байланысты - металдарға, бейметалдарға бөлуге болады.
Химиялық элементтер
Металдар бейметалдар
Созылғыш, серпімді,металдардың Әр түрлі агрегаттық нүктеде болатын
Жылтыры бар, электор тоғы мен жай заттар түзеді, қасиеттері әртүрлі
Жылуды жақсы өткізетін қатты болады.Металдың өзгешелігі бәріне
Заттар тән ортақ қасиеттері болмайды мыс:
Күкірт - қатты, оттек, ертінді - газ, бром.
Типтік металдар негіздігі оксидтер түзеді де негіздерге айналады:
2Ca + O2 2CaO
Негіздік оксид
CaO+H2O Ca(OH)2
Гидроксид
Видеоролик көрсету:
І-топ Темірдің хлормен
ІІ-топ Күкірттің оттекпен
ІІІ-топ Алюминий хлоридінің негізбен қышқылмен әрекеттесуі көрсетіледі
3 топ оқушылары көрген видеороликтегі реакйияның теңдеулерін жазады
2. Типтік бейметалдар түзетін қышқылдық оксидтер суда ерісе қышқылға айналады:
S+O2 SO2
SO2+H2O H2SO3
Химиялық элементтерді екі топқа бөліп жіктеу жеткіліксіз, себебі екі жақты әрі металдық, әрі бейметалдық қасиет көрсететін екі дайын химиялық элементтер де бар. Мыс: Be, Al, Zn, Pb, Cr. Екі элементтердің оксидтері мен гидроксидтері де екі жақты қасиет көрсетеді.
Мысалы: ZnO, BeO, Al2O3, Cr2O3, PbO оларға екі дайын гидроксидтер сәйкес келеді: Al(OH)2, Al(OH)3,
Zn+2HCl ZnCl2+H2
Zn+2KOH K2ZnO2+H2
ZnO+2HCl ZnCl2+H2O
ZnO+2KOH K2ZnO2+H2O
IV. Резюме жазу (элементке сипаттама беру)
(аты, портреті, мекен-жайы, салмағы, мамандығы, біліктілік санаты, мінезі, туыстары)
І-топ. Na (Ітоп, ІІІ период, ІІІ қатар, жеңіл, металл, І валентті, жұмсақ, белсенді, NaCl-астұзы, NaHCO3-ас содасы)
ІІ-топ. O (VI топ, ІІ период, ІІ қатар, жеңіл, бейметалл, ІІ валентті, газ, көптеген заттармен әрекеттеседі, О3 -озон, Н2О)
ІІІ-топ. Al (ІІІ топ, ІІІ период, ІІІ қатар, жеңіл металл, екі дайлы, ІІІ валентті, жайлы, Al2O3, Al(OH)3)
V. «Мені таны» (элементтер таңбаларын тақтаға жазу металл, бейметалл, екі дайлы элементтерді анықтау)
І-топ: Алюминий, қорғасын, фтор, калий, күкірт, марганец, сутек, сынап, хлор
ІІ-топ: Темір, барий, кальций, оттегі, фосфор, натрий, иод, көміртегі, мыс, берилий
ІІІ-топ: Азот бор, кремний, магний, күміс, мырыш, алтын, мыс, бром, хром
VI. «Өзіңді тексер» ұраны: «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
(әр топқа есептер беріледі)
І-топ: 40 г магний оксиді түзілу үшін оттектің қандай массасы реакцияға түсетінін есептеңдер
ІІ-топ: массасы бірдей 470 г калий оксиді K2O мен натрий оксиді Na2O берілген. Қайсысының зат мөлшері көп екенін есептеңдер
ІІІ-топ: массасы 2,3 г натрий сумен әрекеттескенде натрий гидроксидінің (NaOH) қандай массасы түзіледі?
Шығарылуы:
І.Берілгені: Шешуі:
m=470г(MgO) 2Mg+O2 2MgO
т/к: m(O)=? X=16г(O)
ІІ.Берілгені: Шешуі:
m1=470 г(K2O)
m2=470г (Na2O) ν1=470/94=5 моль(K2O)
т/к: -? ν2=470/62=7,6 моль(Na2O)
IІІ.Берілгені: Шешуі:
m=2,3 (Na) 2Na+2H2O 2NaOH+H2
т/к: m(NaOH) x=4 г (NaOH)
VII.»Кім жүйрік?» (Тест сұрақтары беріледі, интерактивті тақтадан дұрыс жауабын белгілеу, топ басшылары орындайды)
І-топ
-
Қазіргі кезде периодтық дүйеде қанша элемент бар:
-
108
-
109
-
110
-
111
-
Периодтық жүйедегі 1-ші элемент
-
O
-
Cl
-
H
-
He
-
Периодтық жүйеде қанша топ бар:
-
8
-
7
-
6
-
5
-
Су неше градуста қайнайды:
-
99 0c
-
99.70c
-
99.80c
-
1000c
-
Құрамы сутек пен оттектен тұратын күрделі зат:
-
HCl
-
H2O
-
OH3
-
H2
ІІ-топ
-
Адам ағзасында қан құрамында болатын металл
-
Fe
-
Cu
-
Al
-
O2
-
Зат мөлшерінің формуласы:
-
Реакцияның неше типі бар
-
3
-
5
-
4
-
2
-
Реакциясы нәтижесінде түзілген зат
-
Реагент
-
Металл
-
Бейметалл
-
Атом
-
128 г күкіртте (S) неше моль бар
-
1 моль
-
3 моль
-
0,5 моль
-
4 моль
ІІІ-топ
-
Ең жеңіл газ
-
Сутек
-
Оттек
-
Холр
-
Фтор
-
Судың мольдік массасы
-
17 г/моль
-
18 г/моль
-
20 г/моль
-
21 г/моль
-
4 г сутек неге моль болады?
-
1 моль
-
3 моль
-
0,5 моль
-
2 моль
-
Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент
-
Cl
-
C
-
S
-
Sc
-
Сұйық металл
-
Титан
-
Сынап
-
Алтын
-
Күміс
VIII. Бекіту сұрақтары:
-
Химиялық элементтер нешеге бөлінеді?
-
Металдарға мысал келтіріңдер?
-
Мейметалдарға
-
Екі дайлы элементтерге
IX. Қорытындылау
X.Үйге тапсырма §50. №4,5,6
XI.Бағалау