7


  • Учителю
  • 'Тірі және өлі табиғаттағы химиялық элементтер. Химиялық элементтердің биологиялық маңызы'

'Тірі және өлі табиғаттағы химиялық элементтер. Химиялық элементтердің биологиялық маңызы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы:«Тірі және өлі табиғаттағы химиялық элементтер.Химиялық элементтердің биологиялық маңызы. »Сабақтың мақсаты: Тірі және өлі табиғаттағы химиялық элементтердің байланысын көрсету. Химиялық элементердің тірі организмдер үшін маңызын анықтауМіндеті:*Б
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:

«Тірі және өлі табиғаттағы химиялық

элементтер.Химиялық элементтердің биологиялық маңызы. »

Сабақтың мақсаты: Тірі және өлі табиғаттағы химиялық элементтердің байланысын көрсету. Химиялық элементердің тірі организмдер үшін маңызын анықтау

Міндеті:

*Білімділік: Химиялық элементтердің тірі организмдердегі маңызын анықтау.

*Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау , өздігінен ойлау және ой толғаныс қабілеттерін арттыру.

* Тәрбиелілік: оқуға деген қызығушылығын, өзін -өзі бағалауға, жауапкершілікке, оқушылармен қарым-қатынас құруға тәрбиелеу .


-Саб. әдіс -тәсіл: бүкіл сыныптық, жеке және топтық әдістер,

-Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

- Құрал-жабдықтар: ноутбук, , презентация Power Point, зертханалық тәжірибеге құралдар


Сабақ жоспары:


1.Қызығушылықты ояту;ой орісін кеңейту , дидактикалық тапсырмаларды орындау.

2.Мағынаны тану; жеке және топпен жұмыс,инсерт, зерттеу жұмысы

3.Ой - толғаныс; тестілеу, кесте мен жұмыс істеу, кластер құрастыру.

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларға химиялық элементтердің таңбаларын тарату. Галогендер тобы, сілтілік металдар тобы, инертті газдар тобы болып бөліну.

2 Қызығушылықты ояту.

1 тапсырма: « Мына суреттерді не біріктіреді?» (слайд 1)

дұрыс жауап - химиялық элементтер өсімдіктердің, жануарлардың, адамның организміне кіреді немесе барлық тірі ағзалардың құрамында болады

2.Қалай ойласыңдар, бүгінгі тақырыбымыз қандай болады?

Тақтаға тақырып жазылады

.Мақсатымыз қандай?

Қандай химиялық элементтер тірі және өлі табиғатта кездеседі ,олардың биологиялық маңызын анықтау.

4.Зерттеу жұмыс. «Қандай элементтер тірі организмде кездеседі?

Қауіпсіздік ережесі:

  1. Тапсырманы жоспар бойынша орында

  2. Заттарды ауызға апаруға немесе иіскеуге болмайды

Бағалау парағы

«5» балл

  1. Жұмысқа белсенді қатысу

  2. Өз білімдерін көрсету

  3. Шешім жасау


«4»балл:

1)жұмысқа қатысу

2) білімін көрсету


«3» балл :

1)жұмысқа қатысу

2) білімін көрсетпеу


«2» балл:

  1. Жұмысқа қатыспау

  2. Білімін көрсетпеу

Топ№____________________

Кесте «Тірі организмдегі химиялық элементтер»

Не істедік

Не көрдік

Қорытынды


№1 тапсырма

Айнаны қолдарыңа алып үрлеңдер.

Айнаның бетінде не пайда болды? Қандай элементтер адам организміне кіреді деп ойлайсыңдар?


№2 тапсырма

Стаканда әк суы(Са(ОН)2) берілген. Түтік арқылы үрлеңдер.

Қандай өзгеріс көресіңдер? Қандай элемент бар екенін білдіреді?

( көмірқышқыл газының әсерінен су лайланады)

№3 тапсырма

Алдарыңда тоттанған шеге және кесілген алма берілген.

Екеуінің ұқсастығын тауып, ол нені білдіретінін анықтаңдар. Қандай элемент құрамында бар?

( темір ауада тоттанады қоңыр түске айналып)

Сұрақтарға жауап беріңдер


1.Қандай химиялық элементтерді анықтадыңдар?

  • Оларға сипаттама беріңдер (периодтық кестедегі орны:топ№,период №... )

2.Бұл элементтер организмдерге қалай түседі?

3.Тағы да қандай элементтер тірі организмдерде кездеседі? Олар не үшін қажет?

Осы сұрағымыздың жауабы толық болу үшін презентацияны қарайық, оған кластер құрастырып шешім жасайық

Компьютер қосылғанша дейін сергіту жасайық.

Кластерлерімізді тақтаға іліп қорғайық.

Қай топтың кластері түсінікті және қызықты болғанын бағалайық. Ол үшін алдарыңдағы үйректерді үнаған кластерге жабысту керек.

Сұрақтарға жауап береміз:

  1. Макроэлементтер , микроэлементтер дегеніміз не?

  2. Организмге ең қажетті 3 элементті ата. Оларды «органогендер» дейді. Неге?

  3. Өсімдіктерге ең қажетті элементтерді ата.

  4. Жүрекке, ас қазанға қандай элементтер қажет?

  5. Йод - қандай қызмет атқарады?

  6. «Қауіпті топ мамандықтарын» ата.

  7. Слайдтарды қарап не түсіндің , қандай шешімге келдің? Жауабын топпен бірігіп қағазға бейнеле.

Рефлексия:

Үйге:тапсырма таңдау бойынша беріледі

1. Бір химиялық элемент туралы мәлімет дайындау

2. «Адам не жесе..... !» деген шығарма жазу


Блеф-ойын «Сендер сенесіңдерме…»

- эндемиялық зоб ауруы организмде йодтың жетіспеуінен пайда болады (бұл дұрыс айтылған сөз, өйткені бұл ауруға шалдықпас үшін йодталған тұзды асқа қолдану керек);
-өткен ғасырдың басында су құбырларын қорғасыннан жасаған, ол күшті улы зат (бұл дұрыс айтылған сөз,қорғасын және оның қосылыстары өте күшті улы заттар, ертеде расында да су құбырларын қорғасыннан жасаған болатын кейін оны темірге ауыстырған. Санкт-Петербург қаласында ондай құбырлар 1950-ші жылдарға дейін болыпты.


- мышьякті дәрігерлер адамның тәбетінің жақсартуы үшін қолданады (дұрыс айтылады, кейбір элементтер көп мөлшерде улы болып ,ал аз мөлшерінде өте пайдалы Мысалы мышьяк-күшті улы зат жүрек, бауыр , бүйрекке зиян келтіреді бірақ аз мөлшерде дәрігерлер оны табет жақсартуға қолданады.)

- калий топырақта жетіспеген кезде фотосинтез үдерісі төмендейді (дұрыс емес);

-адамның тыныс алуына қажетті оттегі улы әсер етуі мүмкін (дұрыс, оттегі жоғары концентрацияда және тығыздықтың әсерінен улы әсер тигізеді)

- микроэлементтердің тамақта болмауы немесе олардың артық мөлшерде болуы тірі организмдерді ауруға немесе тіпті өлуіне әкеледі (дұрыс)

4-тапсырма: «Білемін. Білгім келеді» кестесін толтыру .


Бүгін мен білдім__________________________________________

_________________________________________________________.

Ең қызықты болды__________________________________________

_________________________________________________________.Сабақта ең маңызды деп ойлаймын__________________________________

_________________________________________________________Маған ұнамады___________________________

__________________________________________________________Менің білгім келеді_____________________________________



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал