7


  • Учителю
  • Химия пәнінен ашық сабақ 'Ковалентті байланыс'

Химия пәнінен ашық сабақ 'Ковалентті байланыс'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 8 «А»

Тақырыбы: Коваленттік байланыстар. Полюсті және полюссіз байланыстар

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Атом құрылысының белгілі заңдылықтары негізінде химиялық байланыстардың түзілу мәнін таныстыру, ковалентті байланысқан жай заттардың электрондық формуласын құру білігін қалыптастыру өз беттерінше сипаттап, байланыс түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Өз беттерінше жұмыс істеу, ізденушілік, зерттеу, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелілік: Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, өзіндік ой-қорытуға, өз-өздерін бағалай білуге, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.


Сабақ түрі: ашық сабақ

Сабақ типі: жаңа материалды игеру

Әдіс-тәсілдері: зерттеу, миға шабуыл,интерактивті,өзіндік жұмыс, іздену

Формасы: топтық

Көрнекілігі: периодтық кесте, сөз жұмбақ, бағалау парағы, жапырақтар арқылы ағашты көркейту ағашы

Барысы:

I .Психологиялық дайындық.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлеріңіз калай?Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бүгінгі сабақта сіздер өз ойларыңызды, пікірлеріңізді ашық, еркін айтып, отырыңыздар.

Кәне, балалар, жақсы көңілмен сабағымызды бастау үшін мынадай психологиялық тренинг өткізейік.

Сабақты бастамас бұрын ең бірінші сыныпты ортаға шығарып, бірнің артынан бірі тұрып сол саттегі алдында тұрған оқушының көңіл күйін ақ парақтың бетіне түсіреді де, сол оқушыға бүгінгі сабаққа өзінің тілегін айтады.

II . Ұйымдастыру («Құпия қорап» арқылы сыныпты 2 топқа бөлу)

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Электртерістік дегеніміз не?(атомның қосылыстағы белгілі валенттік көрсететін қасиеті)
    2. Элементтердің электртерістілігі период бойынша қалай өзгереді? (солдан оңға қарай өседі)
    3. Элементтердің электртерістілігі топ бойынша қалай өзгереді? (солдан оңға қарай кемиді)
    4. Азот элементінің салыстырмалы электртерістілігі нешеге тең? (3,0)

5. Күкірт атомының салыстырмалы электртерістілігі нешеге тең? (2,5)

3 - жаттығуды орындау

Cs-K-Li-Mg-Si-B-H-P-C-S-O-F

  1. Ойлан тап кезеңі.

Ең бірінші жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін суретті сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбына шығамыз.


Суретті сөзжұмбақ

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Химиялық байланыс түзілуде ең басты рөльді электрондар атқарады. Химиялық байланыс түзілген кезде атомдардың электрондық құрылымы өзгеріске ұшырайды. Атомдардың электрондық құрылымы анағұрлым тұрақты болған жағдайда ғана химиялық байланыс түзіледі. Атомдар арасында тұрақты электрондық құрылым түзу үшін ең маңызды екі түрлі химиялық байланыстың түрі иондық және ковалентті байланыс бар.


1.Ковалентті полюссіз байланыс

2.Ковалентті полюсті байланыс

Атомдар әрекеттескен кезде олардың арасында химиялық байланыс түзіледі.


Химиялық байланыс


Ковалентті байл Иондық байл Металдық байл Сутектік байл


чя

Полюсті Полюссіз


Коваленттік байланыс деп екеуіне ортақ электрондық жұптар арқылы іске асатын хим/қ бай/сты айтады.

Ковалентті полюссіз байланыс - электртерістілігі бірдей атомдар арасында түзіледі. Мысал ретінде

Химиялық байланыстың түзілуін электртерістілік ұғымын қолданып түсіндіруге болады.

Электртерістіліктері бірдей элемент атомдарының арасында (Н2, О2, N2, С12) байланыста болатын сутек молекуласының түзілу мысалында қарастырайык. Сутек атомының электрондық формуласы 1s1. Сутектің электротерістілігі 2,1. S-электрондарының электрон бұлттары сфера (шар) тәрізді, олардың өзара әсерлесуін былай көрсетуге болады:

Cонда s электрондарының бұлттары өзара қабысып, екі электрон екі ядроға да ортақ, олардан бірдей қашықтықта орналасады. Бірдей атомдардың арасындағы байланыс полюссіз ковалентті байланыс деп аталады. Электрон бұлттары қабысуы нәтижесінде энергия бөлініп, молекула түзіледі. Бұл энергия шамасы молекуладағы байланыс беріктілігін сипаттайды, олай болса молекула жеке атомдарға қарағанда тұрақты жүйе болғаны.

Полюссіз ковалентті байланыста байланыстырушы электрон жұбының бұлты ядролардан бірдей қашықтықта орналасады.

Молекулалардың құрылымдық формулаларында бір электрон жұбына бір сызықшаға ( - ) сейкес келеді. Сутек атомдарының валенттіліктері I, себебі валенттілік байланыс түзуге жұмсалған электрондар санымен анықталады. Сутегі молекуласындағы элементтердің тотығу дәрежелері нөлге тең, себебі атомдардың электртерістіліктері бірдей, электрондар жұптары екі элемент ядросынан бірдей қашықтықта орналасады.

Ковалентті полюсті байланыс деп - электротерістілігі әртүрлі атомдар арасында түзіледі. Мысал ретінде, хлорсутек молекуласында электрон жұбы хлор атомына қарай ығысады.


H + CI = H CI


  1. Сергіту сәті (Физминутка)

  2. Жаңа сабақты қортындылау немесе бекіту : (Топпен жұмыс)

Тапсырма №1 «Кім тапқыр?»

Тақтада екі ағаш бейнеленген сол ағашты көркейту үшін жапырақтар керек. Ал сол жапырақтар сіздердін алдарыңызда. Әр жапырақта формулалар берілген. Ұяшықты таңдай отырып , оқушылар ағашты көркейтуге ат салысады.

Тапсырма №2 «Миға шабуыл»

Тақтада сандар берілген сол сандардың артында сұрақтар берілген. Сол сұрақтарға екі топ жауап беруі тиіс.

  1. Үй жұмысы. § 63 оқу №3 жазбаша орындау

  2. Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал