7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Химиялық реакциялардың жіктелуі' (10 сынып)

Сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Химиялық реакциялардың жіктелуі' (10 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


10 сынып

(қысқа мерзімді сабақ жоспары)


20 .10.2014ж


19 - сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық реакциялардың жіктелуі

Жалпы мақсаты:

1.Оқушылар төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, реакциялардың типтерін айта алады.

2. Химиялық реакциялардың жүруі әртүрлі жағдайларға тәуелді екендігін түсіне алады.

3. Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін электрондық баланс әдісі бойынша теңестіре алады.

Оқу нәтижелері:

1.Реакция теңдеулеріне қарап олардың типтерін ажырата алды.(барлығы)

2.Реакциялардың жіктелуі әртүрлі жағдайларға байланысты болатынын түсінді.(барлығы)

3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісі бойынша теңестірді.(кейбіреуі)

Түйінді идеялар:

Химиялық реакцилардың жіктелуі әртүрлі жағдайларға тәуелді болады. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында беріп жіберген электрон сандары мен қосып алған электрон сандары тең болады.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ


Сабақтың әдісі:

ОЖТ: 1.Диалогтық оқыту.

2. Топтық жұмыс.

СТО: төмен және жоғарғы дәрежелі сұрақтар қою

АКТ: Интербелсенді тақта.

Оқытудағы басқару және көшбасшылық (ОБжК):

Таныстырылым қорғау.

Оқытуды бағалау.


Көрнекі құралдар:


Д.И.Менделлеевтің периотық кестесі.

«Реакция типтері» бейне тәжірибе.

Сабақ кезеңдері:

Кіріспе:

Уақыты: 2 мин.

Тұсаукесер:

Уақыты: 5 мин.


Негізгі бөлім:

Уақыты: 35 мин.

Қорытынды:

Уақыты: 2мин.


Үй тапсырмасы

Уақыты: 1 мин.

Ұйымдастыру (амандасу, жұмыс орнын әзірлеу)

I.Тренинг: «Бүгін топ болып жұмыс жасайтынымыз үшін қуаныштымыз.»

II.Топқа бөлу : (тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш)

III.Миға шабуыл : диалогтық оқыту.

(Өткен тараудан негізгі ұғымдарды еске түсіру)

А) Химиялық байланыс қалай түзіледі?

Ә) Химиялық байланыстың қандай түрлері бар?

Б) Ковалентті байланыстың түрлерін ата?

В Полюсті ковалентті байланыс дегеніміз не?

Г) Полюссіз ковалентті байланыс дегенімз не?

Ғ) Иондық байланыс дегеніміз не?

Негізгі бөлімге көшу үшін қойылатын түрткі сұрағы

Д) Химиялық байланыстың нәтижесінде заттар түзілу үшін қандай процесс жүреді?

Қалыптастырушы бағалау: мадақтау, қолпаштау

IV. Топтарға тапсырмалар беру:

( материалды оқу,оны топта талқылау, постер құрып, қорғау)

I-топ: Реагенттер мен өнімдердің құрамы мен санына қарай, жылу эффектісіне қарай, процестің қайтымдылығына қарай жіктелуі.

II-топ: Өршіткі қатысына қарай, өнімдер мен реагенттердің агрегаттық күйлеріне қарай, тотығу дәрежелерінің өзгеруіне қарай жіктелуі.


V.Таныстырылымды (постерда) қорғау

Бағалау: «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» қағидаты.


VI.Қосымша толықтыру: Диспропорциялану, конмутациялану тотығу-тотықсыздану реакциялары.

VII.Жаттығулар орындау: (тақырып соңындағы жаттығуларды орындау)


Рефлексия:

Бүгінгі сабақта нені еске түсірдік?

Суммативті бағалау: (сабақтың барысында белсенділікпен қатысқан оқушыларды суммативті бағалау)


§3.1; 3.2. (оқуға)

№ 4 жаттығу.(72-бет)

Дереккөздер:

10 сынып оқулығы: Н.Н.Нұрахметов, Қ. Бекішев, Н. Заграничная.

Алматы. «Мектеп» -2014.

10 сыныпқа арналған «Есептер мен жаттығулар жинағы». Ә.Темірболатова.

Электронды оқулық: БАПТО





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал