7


  • Учителю
  • Химия пәнінен ашық сабақ 'Иондардың қасиеттері'

Химия пәнінен ашық сабақ 'Иондардың қасиеттері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

9 -сабақ.

9а сынып химия пәні


Сабақтың тақырыбы: Иондардың қасиеттері.


Сабақтың мақсаты: иондар туралы оқушылар білімін одан әрі тереңдету, «катиондар, аниондар» ұғымын түсіндіраомдар мен иондардың құрылысы мен қасиеттеріндегі айырмашылықтар. Электр өрісіндегі иондардың қозғалысы. Cl-, SOт42-, Ba2+ және т.б. иондарға сапалық реакция.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: иондардың электр өрісінде қозғалысын демонстрациялауға арналған құрал (құрылғы), хлоры бар құты, сусыз мыс (II) сульфаты, мыс купоросы, хромат, дихромат, перманганат кристалдары, сілті ерітінділері, натрий металы; эксперимент есептерін шығаруға арналған реактивтер: крахмал, йод және калий йодиді ерітітнділері.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Сабақты қышқылдардың, негіздердің және тұздардың жалпы қасиеттерін қайталап, диссоциация теңдеулерін жазудан бастаймыз. Диссоциациялану дәрежесі, күшті және әлсіз электролиттер туралы мәліметтерді қайталаймыз. Үш оқушы тақтаға мынадай реакция теңдеулерін жазады:

а)қышқылдардың металмен, негіздік оксидпен, негізбен әрекеттесуі.

ә)сілтілердің қышқылмен, қышқылдық оксидпен әрекеттесуі.

б)қышқылдардың сілтілердің, тұздардағы диссоциациялану теңдеулері.

Басқа оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс орындайды.

Тапсырмалар. а) мына қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: бромсутек, азот, хлорлы HclO4 және марганец HМnO4 қышқылдары. Диссоциацияланғанда бірдей иондар түзетін электролиттердің астын сызыңдар;

ә)төмендегі тұздардың диссоциация теңдеуін жазыңдар: натрий карбонаты, натрий нитраты, мыс (II) сульфаты, калий сульфаты. Бұл тұздар диссоциацияланғанда қандай иондар түзіледі?

б) мына металл гидроксидтерінің иондарға диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: калий, кальций, барий, магний, цезий. Бұл электролиттер диссоциацияланғанда түзілетін иондардың астын сызыңдар.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Жаңа сабақтың тақырыбын айтып, міндетін түсіндіреміз. Орындалған тапсырмаларды талқылау барысында әртүрлі электролиттерден ерітіндіде түзілетін бірдей иондар бейорганикалық қосылыстардың бір класына жататын заттардың ұқсастығын анықтайтынына назар аударамыз.

Иондар мен атомдардың қасиеттеріндегі айырмашылық натрий хлоридінің атомдары мен иондары құрылысының сызбасын қарастырудан басталады. Атомнан, молекуладан және ионнан түзілетін заттардың қасиеттері әртүрлі болатынын көрсету үшін хлоры бар сынауық, металл натрий және натрий хлоридінің ерітіндісі көрнекі көрсетіледі.

Бұдан кейін иондардың электр өрісінде қозғалуын катод және анод ұғымдарын талқылаймыз. Осының негізінде оқушылар «катион» және «анион» ұғымына анықтама береді. Мұғалім сусыз мыс (II) сульфатының еруін көрнекі көрсете отырып, кристалдық тордағы иондар мен гидраттанған иондардың әртүрлілігі туралы ұғымды бекітеді.

Тапсырма. Мына ерітінділердің сапалық құрамын зерттеп салыстыру жолымен түрлі түсті қай ион беріп тұрғанын анықтаңдар: а) калий хроматы және калий сульфаты; ә) калий сульфаты және калий перманганаты.

Бұдан кейін никель, кобальт тұздарының кристалгидратын және ерітінді түрінде көрсетуге болады.

Иондар қасиеттерін оқытуды қорытындылай келе оқушыларға берілген кестені толтыру ұсынылады.


Ерітінділерге түс беретін

иондар

Ерітіндінің түсін өзгертпейтін

иондар

Катиондар: Cu2+ (көк), Fe3+ (сары), Ni2+ (жасыл)

Аниондар: MnO4- (күлгін), Cr2O72- (қызыл сары),CrO42- (сары)

Катиондар: K+, H+, Na+, Zn2+, Ca2+, Ba2+, т.б.

Аниондар: Cl-, OH-, NO3-,SO42-, CO32-,

Br, I- және т.б.


III. Алған білімді бекіту. Берілген сұрақтарды, жаттығуларды орындау арқылы сабақты бекітуге болады.

Үйге тапсырма. §5. 1-5- жаттығулар. Есептер мен жаттығулар

10 - сабақ.

05.10.13.

9а сынып химия


Сабақтың тақырыбы: Ион алмасу реакциялары.

Сабақтың мақсаты: иондардың қасиеті ретінде электролиттердің қасиеттері туралы ұғымды тереңдету; молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулер құруды үйрету; реакция аяғына дейін жүретін жағдайлар; хлоридтерге, сульфаттарға сапалық раекцияны қайталау және бейтараптану реакциясы туралы оқушылардың білімдерін бекіту.

Заттардың қасиеттері және сапалық жаңа деңгейдегі олардың өзара әсер механизмі туралы білімді қайта қарау.

Аяғына дейін жүретін ион алмасу реакцияларын демонстрациялау. Катиондар мен аниондарға сапалық реакция.

Реактивтер мен құрал жабдықтар: тұздар, қышқылдар және негіздердің ерігіштік кестесі, күкірт қышқылының ерітіндісі, натрий мен магний сульфаты, барий хлориді, күміс нитраты, натрий және барий гидроксиді, темір (III) хлориді және темір(III) сульфаты, натрий карбонаты ерітінділері, фенолфталеин, сынауықтар мен тұрғы.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Өткен сабақтағы негізгі ұғымдарды қайталау. Оқушылраға тұздардың, қышқылдардың және негіздердің суда ерігіштігін анықтау дағдысын бекіту мақсатында жалпы жұмыс орындау ұсынылады.

Өзіндік жұмысты орындату алдында мұғалім суда ерімейтін заттар үшін кестеге олардың тек формулаларын, ал электролиттер үшін олардың диссоциациялану теңдеуін жазу керектігіне оқушылардың назарын аударады.

I нұсқа

«Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, берілген кестеге мына заттардың формулаларын бөліп жазыңдар:

CuO, Cu(OH)2, Ca(OH)2, H2SO4, K2SO4, BaSO4, AgNO3, AgCl, FeCl3, PbCO3.

Суда ерімейтін заттар

Суда еритін заттардың диссоциациялану теңдеуі

II нұсқа

«Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, I нұсқада келтірілген кестеге мына заттардың формулаларын бөліп жазыңдар:

Fe(OH)2, Ba(OH)2, Fe2O3, H3PO4, Na2CO3, PbSO4, Ba(NO3)2, CaCO3, AlCl3.

Осы жұмыстарды орындау ион алмасу реакциясы туралы жаңа білімді түсінуге көмектеседі және оқушылар реакцияның иондық теңдеуін жазуға дағдыланады.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Сабақтың басында мұғалім электролиттердің химиялық қасиеттері иондардың қасиеті екеніне ерекше тоқталады. Сол себепті реакцияның жазылуын бұрынғыдай молекулалық түрде емес, иондық түрде бейнелейміз. Мұғалім тұз қышқылының немесе басқа да бір хлоридтің күміс нитратымен әрекеттесу тәжірибесін ірімшік тәрізді тұнбаның түскенін байқайды. Содан соң реакция теңдеуін: а) молекулалық; ә) толық иондық; б) қысқартылған иондық түрде жазады.

Теңдеулерді иондық түрде жазғанда барлық еритін электролиттерді иондарға ыдыратып, ал ерімейтін және аз диссоциацияланатын қосылыстарды молекулалық түрде жазу керек:

  1. HCl + AgNO3 = HNO3 + AgCl ↓

KCl + AgNO3 = KHO3 + AgCl ↓


  1. H+ + Cl- + Ag+ + NO3- = H+ + NO3- + AgCl ↓

  2. Қандай иондар ерітіндіде бірге бола алатыны және өзара қосылып тұнба түзетіндері екінші реакция теңдеуінен көрініп тұр. Жоғарыда көрсетілген теңдеу толық иодық теңдеу деп аталады. Бұл реакция теңдеуі тек күміс және хлорид иондарының арасында әрекеттесу жүргенін көрсетеді:


Ag+ + Cl- = AgCl ↓

Электролиттер арасындағы реакция мәнін бейнелейтін осындай теңдеу қысқартылған иоднық теңдеу деп аталады.

Толық және қысқартылған иондық теңдеуді анағұрлым күрделірек мысал арқылы талқылаймыз: амоний сульфатының (NH4)2SO4 барий хлоридімен BaCl2 әрекеттесуі.

Бұдан кейін оқушыларға лабороториялық жұмыс ұсынылады.


I нұсқа


II нұсқа


Тұз қышқылының, натрий және кальций хлоридінің күміс нитратымен әрекеттесуі

Күкірт қышқылының, натрий және магний сульфатының барий хлоридімен әрекеттесуі

Екі нұсқада да реакциялардың молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін құру, жүрген реакциялар нәтижесінде айырмашылықтың болмау себебін түсіндіру(қысқартылған теңдеуге сүйеніп). Бұдан соң тәжірибеге сүйеніп, бейтараптану реакциясының мәні түсіндіріледі.

I нұсқа

Барий гидроксиді Ba(OH2) мен тұз қышқылының HCl әрекеттесуі.

II нұсқа

Натрий гидроксиді NaOH мен тұз қышқылының HCl әрекеттесуі.

Реакцияны бастар алдында сілті ерітіндісіне фенолфталеин қосылады. Оқушылар бейтараптану реакциясы неліктен тұз және су түзілу арқылы жүретінін түсінуі керек. Мысалы (II нұсқа), күйдіргіш натр мен тұз қышқылы ерітіндіде иондарға толық диссоциацияланған:

Na+, OH-, H+, Cl-.


Ерітінділерді қосқанда H+ ионы OH- ионымен кездесіп, аз диссоциацияланатын су молекуасын түзеді:


H+ + OH- H → H2O


немесе иондардың бейтараптануы жүреді:


H3O+ + OH - ↔ 2H2O

Реакция нәтижесінде аз диссоциацияланатын заттар түзілетін басқа да мысалдар келтірген жөн. Оқушылар қорытындыны өздері жасайды: кез келген күшті қышқылдың күшті негізбен бейтараптану процесі - сутек және гидроксил иондарының өзара әрекеттесуі.

Әрі қарай газ бөле жүретін алмасу реакциясы қаралады. Мысалы, натрий карбонатының Na2CO3 күкірт қышқылымен әрекеттесуін көрсетуге болады. Тәжірибені талдағаннан кейін мұғалім реакция теңдеуін молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрде жазады:

CO2

CO32- + 2H+ = H2CO3

H2O

CO32- + 2H+ = H2O + CO2

Бұл реакция бойынша оқушылар өздері қорытынды жасайды. Реакция өнімдерінің бірі - көміртек (IV) оксиді ерітіндіден бөлінеді, реакция аяғына дейін жүреді.

III. Алған білімді бекіту. Сабақ соңында мұғалім төмендегідей қорытындыларға оқушылардың назарын ерекше аударады.

  1. Алмасу реакциясының мәнін көрсететін реакция теңдеуін құруды үйрену (электролиттердің әрекеттесуі). Таным процесінде диалектикалық көзқарас қалыптастыратын заттардың қасиеттерін және олардың әрекеттесу механизмін жаңа сапалық деңгейде қайта қарастыру.

  2. Бейтараптану реакциясының мәні - сутек ионының (қышқылдық қасиет) гидроксид ионымен (сілтілік қасиет) әрекеттесіп, нәтижесінде бейтарап су молекуласының түзілуіне әкеледі. Бұл реакцияны қарама - қарсылықтың диалектикалық бірлігі ретінде қарастыруға болады.

  3. Иондардың қасиеттерін анықтау арқылы, электролиттер арасындағы реакция нәтижесі болжанады. Реакция нәтижесінде әлсіз электролит түзілген жағдайда немесе бір зат реакциядан бөлінген (газ немесе тұнба) жағдайда электролит ерітінділері арасындағы алмасу реакциясы аяғына дейін жүреді.

Сабақтың қалған бөлігі толық және қысқартылған иондық теңдеулерді құру дағдысын бекітуге арналады (түсіндірмелі диктант әдісімен). Мұғалім оқушылардың қысқартылған иондық теңдеуді дұрыс оқуына көңіл аударады.

Келесі сабақта осы тақырыпқа өзіндік жұмыс орындалатынын хабарлайды.

Үйге тапсырма. § 1-9-жаттығулар. Жұмыс дәптерінен та






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал