7


Сабақ : №2 бақылау жұмысы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Бақылау жұмысы №2

I - нұсқа

1. Реттік нөмірі 15-ге тең элементке сипаттама беріңдер.

2. Берілген заттардағы байланыстың типін анықтаңдар: KF, N2, NH3, NaBr, SiO2,ZnO, Br2

3. Фосфор (V) оксидіндегі элементтердің массалық үлестерін (%) есептеу.

4. Фосфор хлоридіндегі хлордың массалық үлесі 77,5 %-ке тең. Фосфор хлоридінің қарапайым формуласын анықтаңдар.



II - нұсқа

1. Реттік нөмірі 19-ге тең элементке сипаттама беріңдер.

2. Берілген заттардағы байланыстың типін анықтаңдар: HF, CO2, Na2O, P4, Cl2, HBr, NaCl

3. Темір (III) оксидіндегі элементтердің массалық үлесін есептеңдер.

4. Ас содасының құрамы 27,38% Na, 1,19%H, 14,29%C және 57,14% оттектен тұрады. Осы заттың молекулалық формуласын табыңдар.



Бақылау жұмысы №4

1-нұсқа

1. Мына қосылыстардағы атомдардың тотығу дәрежесін анықтаңдар: CH4; Ba3N2; C; CCl2; PCl3; F2O.

2. Берілген реакция теңдеулерін тотығу - тотықсыздану реакциясы тұрғысында теңестіріңдер:

Mg + S → MgS

Al + MnO2 → Mn + Al2O3



3. Массасы 4,4 г көміртек(IV) оксиді қанша көлем алады?





2-нұсқа

1. Мына қосылыстардағы атомдардың тотығу дәрежесін анықтаңдар: КH; S; Al2O3; NaCl; CuO; CaH2.



2. Берілген реакция теңдеулерін тотығу - тотықсыздану реакциясы тұрғысында теңестіріңдер:

Na + S → Na2S

Al + HCl → AlCl3 + H2

3. Массасы 16 г оттек сутекпен әрекеттескенде, қанша грамм су түзілетінін есептеңдер. 2H2 + O2 = 2H2O





3-нұсқа

1. Мына қосылыстардағы атомдардың тотығу дәрежесін анықтаңдар: P2O3, KBr, HF, H3PO3, CaF2; BaH2



2. Берілген реакция теңдеулерін тотығу - тотықсыздану реакциясы тұрғысында теңестіріңдер:

Ca + N2 → Ca3N2

Na + H2O → NaOH + H2



3. Сутекпен тотықсыздану реакциясы нәтижесінде 4 г таза мыс алынған болса: CuO +H2 = Cu + H2O

Реакцияға қанша мыс(II) оксиді CuO түскенің табыңдар.





4-нұсқа

1. Тотығу дәрежесін анықтаңдар және тотығу процесін аяқтаңдар:

  1. Cl-1 - 1e →

  2. Mn+4 + 2e →

  3. S-2 - 2e→

  4. Mn+7 + 5e →

  5. C0 - 4e →

  6. S0 - 4e →

  7. S0 + 2e →



2. Берілген реакция теңдеулерін тотығу - тотықсыздану реакциясы тұрғысында теңестіріңдер:

P + O2 → P2O5

KBr + Cl2 → KCl + Br2



3. Көлемі 112 л сутек қанша грам оттекпен әрекеттеседі. 2H2 + O2 = 2H2O





5-нұсқа

1. Тотығу дәрежесін анықтаңдар және тотығу процесін аяқтаңдар:

  1. Ca0 - 2e →

  2. N0 +3e →

  3. Мgo - 2е →

  4. Oo + 2е →

  5. K0 -1e →

  6. Al0 - 3e →

  7. Cl0 + 1e →



2. Берілген реакция теңдеулерін тотығу - тотықсыздану реакциясы тұрғысында теңестіріңдер:

NO + O2 → NO2

Na + HCl → NaCl + H2



3. 4 г кальцийді өртеу үшін неше литр (қ.ж.) оттегі алу керек? 2Ca + O2 = 2CaO







6-нұсқа

1. Мына қосылыстардағы атомдардың тотығу дәрежесін анықтаңдар: SiCl4; Ca3N2; CaSiO3; Ca(HCO3)2;



2. Берілген реакция теңдеулерін тотығу - тотықсыздану реакциясы тұрғысында теңестіріңдер:

ZnO → Zn + O2

KMnO4 → K2MnO4 + MnO2 + O2



3. Көлемі 0,5 м3 (қ.ж.) пропан жанғанда түзілген көмірқышқыл газының (CO2) зат мөлшері мен массасын есептеңдер. C3H8 + 5O2 = 3CO2 + 4H2О





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал