7


  • Учителю
  • Ашық сабақ тақырыбы 'Қышқылдар'8 класс

Ашық сабақ тақырыбы 'Қышқылдар'8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: «Қышқылдар, құрамы, жіктелуі және қолданылуы»

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

  • Қышқылдардың құрамы мен жіктелуін қарастыру;

  • Бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстар қосылыстарының формулаларын жазу дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру;

  • Қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру;


Дамытушылық:

  • Оқушылардың ойлау қабілеттерін (салыстыру, сараптау, қорытындылау) дамытуды жалғастыру;

  • Тәжірибелік жұмыс жасау дағдыларын дамытуды жалғастыру;

  • Пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік:

  • Ойлау қабілетін қалыптастыру,топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу;

  • Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

  • Сабақ барысында өз бетінше, топпен жұмыс жасау мәдениетін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Оқыту әдістері: ауызша (баяндау, түсіндіру, әңгімелесу);

Иллюстративті;

Демонстрационды;

Құрал-жабдықтар мен и реактивтер: ноутбук, проектор, презентация, қышқылдардың үлгілері: тұз қышқылы, күкірт қышқылы, аскорбин қышқылы, уксус, лимон қышқылдары, сынауықтар, штативтер, индикаторлар, дәптерлер, жұмыс парақтары, қышқыл формулалары бар кестелер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Білімдерін тексеру.

? Балалар, біздер сіздермен бірге бейорганикалық қосылыстардың класстарын оқуды бастады. Қандай қосылыстардың түрлерімен танысып үлгердік? (Оксидтер, гидридтер және ұшқыш сутектік қосылыстар, негіздер).

СаО, SО2, Fе2О3 , Nа2О, Сl2О7 (Слайд 1).

? Қандай қосылыстардың формулаларын көріп тұрсыздар?

? Қандай қосылыстарды оксидтер деп атайды?

? Келесі қосылыстар қай классқа жатады КОН, Аl(ОН)3, Ва(ОН)2, Сu(ОН)2?

? Қандай қосылыстарды негіздер деп атайды?

? Негіздердегі гидроксил топтарының саны неге тәуелді? (Металлдың тотығу дәрежесіне тәуелді.)

(Слайд 2). «Негіздер» ойыны

Негіздер формулаларынан тұратын ұтымды жолды табыңыз.


№ 1 Ойын алаңы № 2 Ойын алаңы

Са(ОН)2

Ва(ОН)3

СО2


Fе(ОН)2

Аl(ОН)3

Сu(ОН)2

NаН

КОН

НI

СаН2

КСl

НNО3

Н2О

СаСl2

LiОН

О2

СаСО3

Zn(ОН)2

Осы негіздерді атаңыз.

? Ерімтал нгеіздердің ерекшеліктері қандай? Сілтілермен жұмыс жасаған кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет ?

  • Қосылыстарды жіктеуге арналған тапсырмалар. (Слайд 3)

Төменде келтірілген қосылыстарды үш топқа бөліңіз. Осы топтарды атаңыз

СаО, Аl(ОН)3, СuО, НСl, Н2О, Сl2О7, Fе(ОН)2, НNО3, NаОН, Н24 .


Оксидтер

Негіздер

Қышқылдар

СаО, СuО, Н2О, Сl2О7

Аl(ОН)3, Fе(ОН)2, NаОН

НСl, НNО3, Н24


  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Үшінші топқа сіздер өздеріңе әлі белгісіз заттарды жаздыңыз, олар қышқылдар класстарына жатады. Бүгін осы қосылыстармен танысамыз. Сөйтіп, бүгінгі тақырыбымыз «Қышқылдар: құрамы, жіктелуі мен қолданылуы». Жұмыс дәптерлеріңізге сабақтың тақырыбын жазып алыңыз. (Слайд 4).

? Бізге қышқылдар туралы не білу қажет? (Құрамы, формулалары, аталуы, жіктелуі, қолданылуы,қауіпсіздік ережелері).


  1. Қышқылдардың алуан түрлілігі (Слайд 5).


Қышқылдарды зерттеудің жоспары (Слайд 6).

  1. Құрамы.

  2. Жіктелуі.

  3. Номенклатурасы мен сәйкес оксидтері

  4. Маңызы мен қолданылуы.

  5. Қышқылдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.


  1. Қышқылдардың құрамы (Слайд 7).

Сіздер үш қышқылдың формуласын көріп тұрсыздар: хлорсутек НСl, күкірт Н24 және фосфор қышқылы Н3РО4. Олардың құрамынан ортақ не көріп тұрсыздар?

Иә,бұл құрамындағы сутек атомдарының болуы. Қалған бөлігі қышқыл қалдығы деп аталады.


Қышқылдар- молекулалары сутек атомдары мен қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі қосылыстар


  1. Қышқылдардың жіктелуі

А) оттек атомының болуына байланысты. (Слайд 8)

Күкірт,азот,фосфор қышқылдары оттек атомынан тұрады,

ал хлорсутек,бормсутек,күкірттісутек қышқылдарында оттек кездеспейді.

Оттектің болу, болмауы қышқылдарды жіктеудің бір белгісі болып табылады. Сондықтан, осы белгі бойынша қышқылдар: оттекті және оттексіз болып бөлінеді.

Б) Негізділік бойынша қышқылдарды жіктеу. (Слайд 9).

? Тақтадағы қышқылдардың фомулаларына назар аударыңыз. Олар белгілі бір белгі бойынша үш топқа бөлінген. Қалай ойлайсыздар, бұл қандай белгі?

Негізділік - бұл қышқылдардағы сутек атомының саны.

Оттек атомының саны бойынша қышқыл қалдығының заряд санын анықтауға болады.

В) Қышқылдарды суда ерігіштігіне байланысты жіктеу (Слайд 10).

Қышқылдардың суда еруі- қышқылдарды жіктеудің бір белгісі. Осы белгі бойынша барлық қышқылдар екі топқа бөлінеді:еритін және ерімейтін. Ерігіштік кестесі бойынша мысалдар келтірейік.

  1. Қышқылдардағы элементтердің тотығу дәрежелері және оларға сәйкес оксидтер. (Слайд 11).

+1 −1 +1 − 2 +1 х − 2 +5 − 2

НСl Н2S Н3РО4 → Р2О5 - фосфор қышқылы

(+1) · 3 + х + (−2) · 4 = 0

х − 5 = 0

х = + 5

+1 + 3 − 2 +3 − 2

Н3РО3 → Р2О3 - фосфорлы қышқыл

Қышқылдарға сәйкес оксидтерді табыңыз. (Слайд 12).


Н24 → SО3 НNО3 → N2О5

Н23 → SО2 НNО2 → N2О3


Көзге арналған жаттығу

Тыныш отырамыз.Жаттығуларды орындаймыз

Біз қазір көзді жұмамы -Бір, екі, үш, төрт, бес!

Жоғары бірге қараймыз,

Енді дәптерге қараймыз,

Оңға, солға, жыпылықтаймыз

Айналдырып бір өтеміз.

Қайта көзді жұмамыз.

Оқуды біз жалғаймыз?

Көзді қайта ашамыз!

  1. Қышқылдардың адам өмірі мен табиғаттағы маңызы (Слайд 13-14).

  2. Қышқылдармен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелері (Слайд 15-16).

ХIХ ғасырда Германияда Юстус Либих деген ғалым өмір сүрді. Ол ерте кезден бастап әкесіне лактар,бояулар мен дәрі-дәрмектер дайындауға көмектесті. Бір күні грек тілі сабағында Либихтің сынап тұрған ыдысы жарылыс береді. Сондықтан оның әкесі гимназияда оқуға рұқсат бермей, дәріханашыға көмекші ретінде оны жібереді. Бірнеше айлардан соң он үш жастағы химик ұстазынан асып түсіп дәрі- дәрмектер жасай бастайды. 23 жасында ол Гиссен университетінің профессоры болады. Либихпен бірге жұмыс жасаған химик Карл Фогт - бір оқиғаны былай баяндайды: «Бір күні Либих тығыны бар ыдыспен келеді. «Қолыңызды беріңіз» - деп Фогтқа айтады. «Күйдіре ме? - деп сұрайды. - Мен жаңа ғана сусыз құмырсқа қышқылын алдым». Сіздер қалай ойлайсыздар, Либих қышқылдармен дұрыс жұмыс жасады ма?

(Жоқ. Химиялық заттармен жұмыс жасағанда ұқыпты болу қажет: шашымызды жинауымыз қажет, жеңімізді қайыру қажет, ерітіндіні 1-2 мл асырмай құю қажет.)

Білімімізді бекіту

Зертханалық тәжірибе


Жұмыс түрі: жұптық.
Жұмыс уақыты - 8-10 минут.
Тапсырма:
Қышқылдық ортадағы индикаторлардың түсін анықтау.

Құрал-жабдықтар мен реактивтер:
Лимон қышқылы мен тұз қышқылы бар үш сынауықтан аламыз,сұйық индикаторлар лакмус, фенолфталеин и метилоранж, шыны таяқшалар.
Қауіпсіздік ережесі:
Назар аударыңыз! Қышқылдармен ұқыпты жұмыс жасау қажет, себебі күік алуыңыз мүмкін. Қышқыл теріге түскен кезде дер кезінде ағынды суда жууыңыз қажет.
Тәжірибені орындау:

1 топ: Тұз қышқылы бар сынауыққа фенолфталеиннің 1 тамшысын қосыңыз. Шыны таяқшамен араластырыңыз . Байқалған құбылысты дәптерлеріңізге жазыңыз. 2 сынауыққа метилоранж, үшіншісіне лакмус қосыңыз.

2 топ: Лимон қышқылы бар сынауыққа фенолфталеин тамшысын қосыңыз. Шыны таяқшамен араластырыңыз . Байқалған құбылысты дәптерлеріңізге жазыңыз. 2 сынауыққа метилоранж, үшіншісіне лакмус қосыңыз. Нәтижесін кесте түрінде толтырыңыз


Индикаторлардың қышқылға әсері

Индикатор

Индикатордың судағы ерітіндісінің түсі

Тұз қышқылындағы индикатор түсі(HCl)

Лимон қышқылындағы индикатор түсі

Лакмус

Сары

Фенолфталеин

Түссіз

Метилоранж

Қызыл-сары


Жұмыстың нәтижесін талқылау:

? Қандай индикаторлар қышқылдарда түсін өзгертті? (Лакмус и метилоранж).
? Екі қышқылдағы индикаторлардың түсі бірдей өзгерді ме? (Иә).
? Лакмус және метилоранж қышқылдарда қандай түстерге өзгерді?
(Лакмус қызылға, ал метилоранж -қызғылтқа).
Жүргізілген жұмыстарға сәйкес қорытынды жасаймыз:
Қышқылдардың түрлеріне қарамастан (органикалық немесе бейорганикалық) индикаторлар түстерін бірдей өзгертеді; Бұл қышқылдардың барлығы ұқсас қасиетке ие екнін дәлелдейді.
? Бұл неге тәуелді? (Сутек атомының санына байланысты).


  1. Қорытындылау. Рефлексия.

Бағалау.

Сөйлемдерді жалғастырыңыз

  1. Бүгін мен сабақта білдім…

  2. Мен үйрендім…

  3. Маған түсініксіз болғаны…

  4. Мен үшін бұл сабақ…

  5. Мені қызықтырған …

  6. Мен үшін қиын болғаны…


  1. Үйге тапсырма. §47, с. 102-107, қышқылдардың формулаларын жаттау

Шығармашылық тапсырма (ертегі құрастыру): Бір күні қышқыл ханым Сілтілік Металдар патшалығына барды...

7




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал