- Учителю
- Коміртек және оның қосылыстары 9 сынып
Коміртек және оның қосылыстары 9 сынып
Кожакулова.Б.Ш
химия
9а сынып
Көміртек және оның қосылыстары
7.12.16
Сілтеме
Оқу бағдарламасы, М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова «Атамұра» баспасы -2013
Мақсаты
Көміртек және оның қосылыстары туралы толықтай мәлімет беру.
Оқыту нәтижелері
Көміртек және оның қосылыстары жайлы білімдерін тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып меңгереді, өздігінен және топпен жұмыс істеу арқылы бірін - бірі сыйлап, тыңдайды, шығармашылық қабілетін дамытады.
Негізгі идеялар
-жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы жаңаша ойлау дағдысын қалыптастыруға ықпал жасау,
-топпен жұмыс арқылы бірлесе оқуға, сұраққа жауап алып, салыстырып, ойын еркін жеткізуге бағыт беру.
Тапсырма
Топпен жұмыс
Өз бетімен жұмыс
Жұптық жұмыс
7 модульді қолдану
1.Сыни тұрғыдан ойлау
2.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
3.Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер
4. Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту
5.АКТ-ның мүмкіндіктері
6.Дарынды және талантты балаларды оқыту
7.Көшбасшылық
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру.
2 мин.
Салемдесу, оқушыларды топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Топ басшылары үстелде тұрған заттардың (газдалған сусын, белсендірілген көмір, ас содасы) біреуін таңдайды.
Оқушылар салемдесіп,бір-біріне жақсы тілектерін айтып,бөлінген топтарына отырады. Топ басшысы «не үшін?» таңдағандарын айтады. Сол бойынша топтың атауы беріледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
5 мин.
Білу
«Еске түсірейік!»
1. Периодтық жүйе бойынша фосфорға сипаттама бер.
2. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерісі қандай?
3.Фосфордың қандай қосылыстары бар?
4.Фосфор қышқылына сапалық реакция жасау үшін не қолданылады?
5.Тыңайтқыштар дегеніміз не?
6.Тыңайтқыштардың қандай түрлері бар?
Әрбір топ сұраққа жауап береді.
ІІІ.Жаңа тақырыпты меңгеру
27 мин
Түсіну
1.Электронды оқулықтан толықтай мағлұмат беру.
№2 көрсетілім (2.1, 2.2)
Қолдану
2.Анықта, дәлелде, сипатта.
(топтық жұмыс)
1 -топ
Тамақ құрамындағы көміртегіні анықтау
(чипсы, макарон)
2 - топ
Белсендірілген көмірдің адсорбциялық қасиетін анықтау
(Колбаға су құйып, оған 1 тамшы йод тамызып, сонан соң белсендірілген көмір қосып, фильтрленген қағаздан өткізеді)
3 - топ
Натрий гидрокарбонаты ерітіндісінің бейтарап әмбебап индикаторға әсерін сынау.
Сергіту сәті
Көміртек туралы өлең оқылады
Жинақтау
3.Есепті шығарсаң, есең түгелденеді.
(жұптық жұмыс)
1- топ
Құрамында 70 % көміртек бар 300 г көмірді жаққанда түзілген газды сіңіру үшін қанша кальций гидроксиді қажет?
2 - топ
Массасы 8 г натрий гидрокарбонатымен әрекеттесетін 5 % - дық тұз қышқылының және түзілетін ас тұзының массаларын есептеңдер.
3 - топ
Көміртек конц күкірт қышқылымен әрекеттескенде көлемі 40,32 л (қ.ж) СО2 мен SO2 газдарының қоспасы түзілген болса, қанша көміртек реакцияға түскен?
Талдау
4.№3 Зертханалық жұмыс
Көміртек(ІV) оксидін алу
Жаңа тақырып туралы мәлімет алады.
Топтасып жұмыс жасайды.
Қыздырған кезде күйеге айналады. Себебі құрамында көміртек бар.
Йод тамызғанда ерітінді сары түске боялады,
белсендірілген көмір қосып, фильтрленген қағаздан өткізгенде ерітінді түссізденеді. Бұл көмірдің адсорбциялық қасиеті болып табылады.
Байқалған құбылысты жазу
Оқушы өзінің шығарып келген өлеңін оқиды.
Жұптасып есеп шығарады.
Реакция теңдеуін жазады.
ІV.Бекіту
5мин
Бағалау
5.Аяқталмаған тезис
Берілген сөйлемді аяқтайды.
Бағалау
1.Формативтік бағалау
2.Жиынтық бағалау
Кері байланыс
2 мин
2 мин
Критерий бойынша бағалау1.Өз ойымды толық жеткізе білдім:1-2 ұпай
2.Алған білімімді практикада қолдана алдым:1-3 ұпай
3.Заңдылықтарды сандық есептерде қолдана білдім:1-3 ұпай
4.Реакция теңдеуін толық жаза алдым: 1-3 ұпай
5.Химиялық тілді дұрыс қолдандым:1- 3 ұпай
Бүгін сабақта
Өзіме қойған бағам
Қиындықтар кездесті
Ескерту
Топ басшысы бағалайды.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазу
Сергіту сәті
1 мин
Барлығы орнынан тұрып С дегенде қол көтереді, О дегенде қолды алға созады, Н дегенде қолды жан - жағына созады, индекс дегенде қолды түсіреді.
СО2 , Н2СО3
Жаттығу жасайды.
Үйге тапсырма
1 мин
1.Көміртек қосылыстарының тірі табиғатта кездесуі.
2. Көміртек қосылыстарының өлі табиғатта кездесуі.
3. Көміртек қосылыстарының адам ағзасында кездесуі.
Жан - жақты дайындықпен келу.