7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Органикалық заттардың маңызы' 9 сынып

Сабақ жоспары 'Органикалық заттардың маңызы' 9 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Органикалық заттардың ерекшеліктері мен маңызы. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы изомерия.

Сабақтың мақсаты: 1. Бейорганикалық қосылыстарды еске түсіре отырып,органикалық заттарға түсінік беру.

2.Оқушылардың ғылыми көзқарасын арттыру.

3.Оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек -сызбалар таблицалар

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.

Сабақтың барысы


І. Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау -мотивациялық кезең


Қызығушылығын ояту.

І. Сақиналарды жинау.

Na

P

C


Pb

Sn

Al

S

1.

Сақинадағы элементтерді берілген жапыраққа орналастырыңдар.

Металдар

Бейметалдар

а) б)

H3PO4

Sn(OH)2

Н2СО3

Са(ОН)2

НNO3

KClH3PO4

2.


Fe2O3

Cr (OH)3

Si O2

ZnSO4

HgS CO

Осы сақиналардағы бейорганикалық қосылыстарды өз үйлеріне орналастырып, анықтама беріңдер.

Негіздер дегеніміз...

Қышқылдар дегеніміз...

оксидтер

хххххх

қышқылдар

тұздар

негіздер

Оксидтер дегеніміз...

Тұздар дегеніміз..

  1. Сөзжұмбақ «Қай ғалым»


Ізделінді сөз: Швед ғалымы И.Я. Берцелиус

  1. Тақтаға жазатын құрал атымен аталатын элемент (бор)

  2. Н2 SiO3 - қышқылдың аталуы (кремний)

  3. Тіс жуғыш паста құрамындағы элемент (фтор)

  4. Алақанда еритін металл (цезий)

  5. Құрылыс материалы (цемент)

  6. Ең жеңіл металл (литий)

  7. Азот қышқылының тұздары (нитрат)

  8. Радиоактивті элемент (уран)

  9. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады? (силикат)


«Сақиналарды жинау» дидактикалық тапсырмалардағы берілген қосылыстар бейорганикалық қосылыстар. Жалпы бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөнінде толық меңгердік.

Енді органикалық заттар туралы түсінік берілді. Берілген «Қай ғалым» сөзжұмбағындағы ізделінді ғалым И.Я.Берцелиус. органикалық заттарды зерттейтін химия бөлімін - органикалық химия деп атап көрсеткен. Ғылымға алғаш енгізген швед ғалымы И.Я.Берцелиус


ІІ. Сараланған бөлім.

Операциялық - орындаушылық кезең.

1.Тірек -сызбамен жұмыс.

Органикалық заттар

Бейорганикалық заттар

1.

Мысалдар келтіріңдер .

Көмірсутектер

Органикалық қосылыстар2.


2.Оқулықты жұмыс.

№2. №3. №4. Жаттығуларды орындап, түсіндіріңдер.

3.Өз бетінше орындайтын танымдық тапсырмалар .

Берілген бірнеше заттарды қайсысы органикалық заттар, қайсысы бейорганикалық заттар екенін айырып жазыңдар:

Киім, тамақ, ет, сүт, алма, жүзім, шалбар, көмір, мұнай, май, шокалад, тұз қышқылы, калий оксиді, глюкоза, фруктоза, су, натрий, көмір қышқылы, сұйық май, күдіргіш калий, вазелин.

  1. Ой тұжырымдамасы:

  1. Өсімдіктер мен жануарлар денесінен табылған заттар органикалық заттарға жатқызылды. Ол органикалық заттар тірі организмен әсерінен пайда болады. Кейін органикалық заттар жасанды жолмен алына бастады.

  2. Оргнаикалық заттардың ерекшеліктері: Құрамында санаулы ғана элементтер (С, Н, О, N,S, т.б) кереді.

  3. Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі заттар түзе алады.

  4. Бейорганикалық заттар 100 мыңнан асса, органикалық заттар өте көп, 18млн -дай болады.


ІІІ. Кіріктірілген бөлім.

Рефлекциялық - бағалау кезең.

Білімді бекітуге арналған тест- сұрақтар

1.« Органикалық химия » терминін алғаш енгізген ғалым.

а) И.Я. Берцелиус ә) М.В. Ломоносов б) Д.И. Менделеев

2. « Органикалық » деген термин қандай сөзден шыққан.

а)көміртек ә) организм б) өнімдер

3.Органикалық қосылыстар саны бейорганикалық қосылыстардан аз ба, көп па?

а) аз ә)көп б)орташа

4. Органикалық қосылыс қандай элементтен тұрады?

а) натрий, калий ә) көміртек, сутек б) көмірқышқыл газы

5. Органикалық заттардың құрамына мына элементтердің қайсысы кіреді?

а) Ca, S, N, C, Mg ә) C, H, O, N, S б) Zn, Ba, C, O, H, S

V. Үйге тапсырма
§ 40. Органикалық заттарға мысалдар жазып, түсіндіріңдер.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал