7


  • Учителю
  • Органикалық химия пәні. Органикалық қосылыстардың ерекшелігі.

Органикалық химия пәні. Органикалық қосылыстардың ерекшелігі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы

Органикалық химия пәні. Органикалық қосылыстардың ерекшелігі.

Білімділік мақсаты:

дамытушылық

тәрбиелік:

Оқушылардың органикалық химия пәні туралы білімдерін жетілдіру, органикалық заттардың ерекшеліктерімен таныстыру, органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, органикалық химияның қазіргі замандағы маңызы , химия ғылымының дамуындағы адамзаттың рөлі және органикалық заттардың көп түрлілігімен таныстыру.

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі:

Аралас сабақ

Сабақ өткізілу түрі:

кітаппен өздік жұмыс, 11-ЕТЖ-1жаттығулар орындау, кестемен жұмыс,оқушылардың хабарламасы,мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өздік жұмыс, фронталды сұрақтар;

Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта, 1, 9-КП-1, қант,балауыз, спирт, сіріңке,қысқыш , тигель, фарфор чашка

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша жаттығу тексеру.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:


XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің негізі көміртекті заттар екені анықталды. Органикалық химияның ғылымның жеке саласы ретінде бөлінуінің бесты себебі, сол кездегі минералды және органикалық заттардың тегіне деген көзқарас болды. 1808 жылы швед ғалымы Я.Берцелиус организмнен алынатын заттарды «органикалық заттар» деп, ал оларды зерттейтін химияның саласын «органикалық химия» деп атауды ұсынды. Сол кездегі кейбір ғалымдар органикалық заттар тек тірі организмде ғана «тіршілік күші» әсерінен түзіледі, оларды бейорганикалық заттар сияқты лабораториялық әдіспен алуға болмайды деп есептеді Бірақ XIX ғасырдың басында Фридрих Велер дициан мен судан қымыздық қышқылын, несепнәрді ; 1845 жылы Кольбе көміртектен сірке қышқылын; Бертло -1854 жылы этиленнен этил спиртін синтездеп алды,бұл органикалық заттардың организмнен тыс бейорганикалық заттардан синтезделуі органикалық және бейорганикалық заттарды жеке бөлуге болмайтынын көрсетті.

Органикалық химияның жеке ғылым саласы болу себебтері:

Органикалық заттардың көп түрлілігі;

Көміртек қосылыстарының іс -жүзіндегі өте жоғары маңыздылығы;

Органикалық қосылыстардың құрамы мен қасиеттерінің ерекшеліктері;

Көптеген органикалық заттар жанғыш, қыздырғанда салыстырмалы түрде оңай ыдырайды: тәжірибе: (спирттің, балауыздың жануы,қанттың көмірленуі)

Органикалық заттардың ерекшеліктері:

  1. Көміртек-, атомдары бір-бірімен байланысып ұзын тізбек түзетін жалғыз химиялық элемент .

  2. Маңыздысы- көміртектің сутекпен қосылысы (көмірсутектер)

  3. Кең тараған байланыс типі - ковалентті байланыс, молекулалық кристалл торы

  4. Изомерлену -молекула бірдей сапалық және сандық құрамы бар,бірақ құрылысы, қасиеттері әртүрлі заттар,бұл бейорганикалық химияда өте сирек кездеседі.

Органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы :

1. этерин теориясы: Жан Батист Дюма,19 ғасыр 20-шы жылдар;

2. радикалдар теориясы: Велер, Либих, 19 ғасыр;

3. типтер теориясы: Лоран және Жерар, 19 ғасыр;

4.Одлинг 19 ғасырдың ортасында«валенттік» ұғымын енгізді;

5. валенттік туралы түсінікті Фридрих Август Кекуле ары қарай дамытты;

6.біртіндеп жинақталған эксперименттік зерттеулер және оларды теориялық жолмен дәләлдеу А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының ашылуына негіз болды.

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу.

Білімді қорытындылау және жүйелеу:

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Фронталды әңімелесу:

  • «Виталистік ілімнің» маңызы?

  • 19 ғасырдың басында қандай жаңалықтар ашылды?

  • Органикалық заттардың қандай ерекшеліктері бар?

2.Хабарлама « Органикалық химиияның маңызы»

Үй тапсырмасын беру

§ 2,1.2,4 №7 есеп жин.№4-23



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал