- Учителю
- Реакция типі: орынбасу, алмасу
Реакция типі: орынбасу, алмасу
Күні : 16.10.2015
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың типтері: орынбасу, алмасу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: оқушыларға химиялық реакция типтерін түсіндіре отырып, реакция теңдеуін жаза білуге үйрету.
2.Дамытушылығы: оқушылардың қызығушылығы,ынтасы ,қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
3 .Тәрбиелілігі:.Топпен жұмыс жасай білуге, бірін-бірі сыйлауға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: интерактивті тақта,электронды оқулық, А-3 қағаздар, маркерлер, кеспелер.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, қарапайымнан күрделіге келу,АҚТ, диалогтық оқыту, топпен жұмыс, есептер шығару.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу; түгелдеу.
2.Кабинеттің сабаққа даярлығын тексеру;
3.Сыныпты 4 топқа бөліп отырғызамыз. Топ басшыларынан топтың сабаққа дайындығы туралы мәлімет сұраймыз.
ІІ.Негізгі білімді жүйелеу.
Үй тапсырмасын тексеру және қайталау мақсатында, 4 - топқа мынадай тапсырмалар береміз.Алма ағашына реакция теңдеуі жазылған стикерлерді алып реакция теңдеуін анықтау.
-
2Cu + O2 = CuO
-
2H2O = 2H2 + O2
-
N2 + 3H2 =2NH3
-
Li+O2=Li2O
-
CH4=C+2H2
-
4K+O2=2K2O
-
2ZnO=2Zn+O2
-
2AgI=Ag+I2
-
3Al+2S=Al2S3
-
2Fe+3Cl2=2FeCl3
-
2Ag+Cl2=2AgCl
-
2Na+Cl2=2NaCl
Осы жазылған реакция теңдеулердін ұқсастықтары бойынша біріктіріңдер.
-
Осы реакция теңдеулерінің ішінде қосылу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма?
-
Осы реакция теңдеулерінің ішінде айырылу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма?
II.Мағынаны тану.
Орынбасу реакциясы
-
Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын, күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция
Zn + 2 HCl = ZnCl2 + H2
Fe+CuCl2=Cu+FeCl2
Алмасу реакциясы
-
Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар бірінің орнын бірі басуы
арқылы жүретін реакция
CuO + HCl =CuCl2 + H2O
CuO+H2SO4=CuSO4+H2O
Fe2O3+6HNO3=2Fe(NO3)3+3H2O
Тәжірибені топпен ақылдасып, реакция теңдеуін жазып, қандай реакция типін көрсетеді .
Тәжірибе-1
Темір шегені мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісіне саламыз. Темір шеге мыспен капталады.Реакция теңдеуін жаз.
Тәжірибе-2
Барий хлориді (ВаСl2) ерітіндісіне аргентум нитраты (AgNO3) ерітіндісін құйсақ , аргентум хлориді( AgCl) ақ тұнба және барий нитраты (Ba(NO3)2) түзіледі .Реакция теңдеуін жаз.
Сабақ басында берілген тапсырманы қайтадан алып, топтарға жіктейді. Бір- бірлерінің қателерін түзейді.
ІV. Поштаға хат келді.
Ақ түсті , суда жақсы еритін тәтті дәмді зат, ол- жүзімі қанты деп аталады. Жеміс- жидектерде кездеседі. Адамның қанында 0,1 % болады. Қатты ауырған кезде, операциядан кейін жасанды жолмен тамақтандырғанда қолданады.Кондитерлік мақсатта пайдаланады.Ол қандай зат. Атын тауып реакция теңдеуін теңестіру .(Глюкоза)
фотосинтез
СО2+Н2О С6Н12О6 +О2
V.Бағалау.(Өз-өздерін бағалау)
V.Үй тапсырмасы
-
19. 8,9 жаттығулар, 53-54 бет