7


  • Учителю
  • Химия пәні бойынша 'Кальций және қосылыстары' тақырыбындағы сабақ жоспары (9-сынып)

Химия пәні бойынша 'Кальций және қосылыстары' тақырыбындағы сабақ жоспары (9-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Кальций және қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ертеден пайдаланып келе жатқан металдар мен құймалар, олардың қасиеттерін, тарихын, кездесетін жерлері туралы білімдерін нығайту.

Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, тез ойлауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өз бетімен еңбектену іскерліктерін арттыра отырып шығармашылыққа, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Са, СаО, НСl, Н2О, фенолфталеин, Са(ОН)2, СuSО4, сынауқтар, стакандар.

Сабақтың барысы: І. Өткен сабақты қайталау:

Жаппай сыныппен жұмыс (ауызша тест)

1. Ең жеңіл метал

А) Са Ә) Ва Б) Li В) Fe

2. Ауыспалы валенттік көрсететін металл

А) AI Ә) Ва Б) Fe В) Li

3. Ең жұмсақ металл

А) Na Ә) Au Б) Cr В) AI

4. Тығыздығы ең көп металл

А) Na Ә) Li Б) K В) Os

5. Ең қиын балқитын металл

А) W Ә) Hg Б)Ca В) Cs


Металдарға жалпы сипаттама

  1. Жалпы физикалық қасиеттері.

  2. Жалпы химиялық қаситтері.

  3. Ме активтік қатарын кім ұсынған?

  4. Ме табиғатта қандай түрінде кездеседі?


ІІ. Жаңа сабақ:

Мен тіршілік тірегі,

Мәрмәр, әктас, гипсім

Минералды жынысым

Саулығыңды тілеймін,

Дәрі-дәрмек те көп ісім (Кальций Са)


  1. Кальцийдің ПЖО.

Электрондық құрылысы.

Са+20)2)8)8)2 1s22s22p63s23p64s2

Са+2, Са0


  1. Табиғаттағы қосылыстары.

СаСО3,СаSO4*H2O-ғаныш


СаСО3*MgCO3-доломит



қосылыстары

Са3(РО4)2- фосфорит



Са5(РО4)2F - фторапатит



Жер қыртысында 5 орында, 3,4 %, адам ағзасында - 1кг.

  1. Физикалық қасиеттері.

«Химиялық портрет»

Алтындай менің ардақтым,

Қорғасындай салмақтым.

Көптен көрмей өзіңді,

Электрондай зар қақтым.

Өзің менің оттегім,

Өмірім сенсіз жоқ менің.

Мінезің мыстай майысып,

Сынаптай сырғып кетпегін.

Шаштарың қара көмірдей,

Мүсінің құйған темірдей.

Кальцийдей менің аппағым.

Өзіңнен асыл таппадым.

Tбалқу-851о

  1. Химиялық қасиеттері.

А) Жай заттармен әрекеттесуі


О2 Cl2

Са

N2 H2

Тақтамен жұмыс жүргізіліп, реакция теңдеулер жазылады.

  1. 2Сао2о=2Са+2О-2

  2. Сао+So=Ca+2S-2

  3. Cao+Cl2o=Ca+2Cl2-1

  4. 3Cao+N2o=Ca3+2N2-3

Ә) Күрделі заттармен:

H2SO4 HOH→Ca(OH)2әк суы

СаО


Са(ОН)2 - суда нашар ериді

Са(ОН)2→Са+2+2ОН-

Фенолфталеин қызарады


Ca(OH)2СО2 НCl


CuSO4


Тақтамен жұмыс. Реакция теңдеуі жазылады.

  1. Қолданылуы:

Әкті су - мөлдір ерітіндісі. Лабораторияда СО2 анықтау үшін пайдаланады.

Са(ОН)2+СО2→СаСО3↓+Н2О

Тәжірибе Сынауқта Са(ОН)2 оқушы партасында, түтікше арқылы үрлеген кезде, ерітіндіде тұнба пайда болады.


ІІІ. Бекіту. «Химиялық эстафета»

Төмендегі айналулардың реакция теңдеулерін жазады

1). Са→СаО→Са(ОН)2→СаСl2→CaSO4→Ca(NO3)2

2). CaO→CaCl2→CaCO3→CaO→Ca(OH)2


IY. Үй тапсырмасы:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал