- Учителю
- Химия елінде талай қызық бар
Химия елінде талай қызық бар
Химия елінде талай қызық бар.
мақсаты:
Оқушыларға химия әлемі жайлы жан - жақты білім беру , пәнге деген қызығушылығыг арттыру.
Сыныптан тыс жұмыстың барысы :
( оқушыларға әртүрлі мәліметтер беріледі)
І. Жадыңда жүрсін !
-
Фосфор адамның жадын жақсартады, оны біз наннан, асбұршақтан, балықтан, ірімшіктен аламыз. Массасы 70кг. Адамның денесінде шамамен 800г. фосфор болады.
-
Ересек адамның ағзасында - 2% кальций болады, оның 99% тістер мен сүйектерде кездеседі. Са2+ ионы қанның ұюына әсер етеді.
-
Кофені тым көп ішпеу керек. Себебі ол темір иондарының сіңіруін 40%-ға азайтады. Бұл гемоглобині төмен адамдарға ескертетін жағдай.
ІІ. Есіңде болсын!
-
Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады. Адамға күніне шамамен 400мг. Магний керек. Ол нанда сұлының жармасында, сүт тағамдарында, жаңғақтарда болады.
-
Ляпис қарандашы (AgNO3 : KNO3)=1 : 2 денедегі сүйелді ктіру үшін қолданылады.
-
Алтын мен күмістен жасалған қасықтар ауыз қуысының бактерияларын залалсыздандырады.
-
Қанда 0,9% NaCI бар, ол қанның плазмасын уақытша ауыстыру үшін қолданылады, физиологиялық ерітінді дәл осындай.
-
Құрамы мынадай қоспа: 250г. Na2CO3; 250г. Кір жуатын ұнтақ 2 шөлмек силикатты желім (Na2SiO3) 10л. суда ерітілген табаның қазанның күйесін кетіру үшін қолданылады.
ІІІ. Сен білесің бе?
-
Шыны ұүрылысы сұйықтардың құрылысындай және қасиеті қатты заттардың қасиетіндей болатын аморфты зат.
-
Адамдарда темір жетіспегенде анемия ауруы байқалады, оның алдын алу үшін ешкінің шикі сүтін ішу керек.
-
Динамит - 95% нитроглицериннен, 0,5% Na2CO3 және 4,5(топырақтың бір сұрыбынан) тұратын қопарғыш зат. Оны тұрақтандыруды А. Нобель ойлап тапқан.
-
Тері аздаған мөлшерде де тыныс алуға қатысады. Адам тәулігіне тері арқылы 7-9 көмірқышқыл газын бөліп, 3-4г. оттегін сіңіреді. Сондықтан теріні таза ұстау керек.
-
Иіс газының қауәіпті шамасы -2%. Ол қанның гемоглобинімен мықтап байланысып алғанда өлім қаупі туады. Иіс газымен уланған адамды дереу таза ауаға шығару керек.
Қызықты тәжірибелер:
-
«Отсыз түтін» NH4 : қышқылHCI шыны таяқша.
-
«Сіріңкесіз жағылатын от» кішкене әйнек KMnO4 : қышқыл H2SO4 темір қаңылтыр. Ағаш жаңқасы, спирт, мақта.
-
Мен түсті бояу аламын, оны қайта жоямын. NaOH .Ф-ф. Пробирка. H2SO4
-
«Химиялық жанартау». «Химиялық спектр». «Жүзгіш картоп». «Алтын күз». «Шаштың ағаруы».
Әр түрлі химиялық ойындар:
-
Химиялық би. (сутек қышқыл қалдығымен, металл гидроксотоппен )
-
Химиялық домино. (Бірнеше заттар формуласын құрастыру)
Сыныптан тыс жұмыстың қорытындысы шығарылады.