- Учителю
- Открытый урок по химию на тему' Білгір химик ХХІ'
Открытый урок по химию на тему' Білгір химик ХХІ'
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Тәуелсіздіктің туы - білімді ұрпақ қолында» - дегеніндей алдымызда тұрған дені сау, рұхы биік, ой- өрісі кең, болашағы айқын жеке тұлғаны ХХІ ғасырдың білгір химигі етіп шығару өз қолымызда.Себебі, 8-сыныптарда өткізген интеллектуалды ойын осының дәлеліндей. Олар пәннен алған білімдерін дамытып, алғырлыққа, шапшандыққа үйренді. Өз бетімен ізденіп, білімдерін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға тырысып бақты. Сайыс құдды телеарнадағыдай ұйымдастырылып, тартымды өтті.
Көруге бұл сайысқа жиылғандар,
Д.И.Менделеевке құрметпенен сиынғандар.
Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар!
Ойынның ұраны: «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт».
Жүргізуші:
Ойынға қатысушы оқушылармен танысу:
1.9 «а» сынып оқушысы- Бағдаулет Полат ұлы. 1996 жылы желтоқсан айының 16-шы жұлдызында туылған. Бос уақытында футбол ойнап, интернеттен мағлұматтар жинап, кітап оқумен айналысқанды ұнатады.
Бағдаулет: «Ақылмен өмір сүрмесең,азаппен өмір сүресің» деген қанатты сөзді әрқашан жадында ұстайтын үлгілі оқушы.
2. 9 «ә» сынып оқушысы- Бекжанова Жұлдызай Жақып қызы.1996 жылы тамыз айының 13-ші жұлдызында туылған. Бос уақытында кітап оқып, анасына көмектескенді ұнатады.
Жұлдызай: «Талантты тас жарар, талапсыз бас жарар» деген мақалды әрқашан ұстанатын биязы да ұқыпты оқушы.
3. 9 «а» сынып оқушысы - Ташенова Несібелі Құрманбай қызы. 1996 жылы ақпан айының 17-ші жұлдызында дүниеге келген. Бос уақытында шығармашылықпен айналысады.
Несібелі: «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деген ұлағатты сөзді ұстанатын салмақты да, ойы ұшқыр, өте ұқыпты оқушы.
4. 9 «ә» сынып оқушысы - Төлебаев Жанболат Айдынғалиұлы. 1996 жылы ақпан айының 6-ші жұлдызында дүниеге келген. Бос уақытында өнермен, спортпен айналысады.
Жанболат: «Білімді мыңды жеңеді, білекті бірді жығады» деген ұлағатты сөзді әрқашан ұстанатын алғыр оқушы.
5. 9 «а» сынып оқушысы - Алденеева Сабина Әйбек қызы.1995 жылы қыркүйек айының 23-ші жұлдызында дүниеге келген. Бос уақытында өлең шығарғанды ұнатады.
Сабина: «Кітап - алтын сандық, іші толған - қазына құт. Оқы-оқы, ойыңа тұт» деген сөзді әрқашан жадында ұстайтын ізденімпаз оқушы.
6. 9 «ә» сынып оқушысы -Қамбаева Гүлназ Майрахан қызы.1996 жылы тамыз айының 12-ші жұлдызында дүниеге келген. Бос уақытында анасына көмектесіп, теледидар көргенді ұнатады.
Гүлназ: «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас» деген қанатты сөзді әрқашан жадында ұстайтын алғыр оқушы.
7. 9 «ә» сынып оқушысы - Мырзақадырова Майра Аязхан қызы.1995 жылы қыркүйек айының 15-ші жұлдызында туылған. Бос уақытында ақындардың шығармаларын оқып, шығармашылықпен айналысқанды ұнатады.
Дана: «Өз күшіңді сезінудің өзі- адамға күш береді» деген қанатты сөзді ұстанатын өте ұқыпты, биязы да, үлгілі оқушы.
8. 9 «ә» сынып оқушысы -Қожагелдиева Майра Қыдыралы қызы. 1996 жылы наурыз айының 1-ші жұлдызында туылған. Бос уақытында кітап оқығанды ұнатады.
Майра: «Жеңу мақсат емес, жеңілу ұят емес» деген қағиданы жадында ұстайтын сыпайы да сымбатты, білімді оқушы.
9. 9 «ә» сынып оқушысы - Жорабек Зубайра Жаманбай қызы. 1996 жылы ақпан айының 12-ші жұлдызында дүниеге келген. Бос уақытында серуендегенді ұнатады.
Зубайра: «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» деген ұлағатты сөзді әрқашан ұстанатын өте ұқыпты, үлгілі оқушы.
10.9«ә» сынып оқушысы - Құлтанова Айдана Қашаған қызы. 1996 жылы қаңтар айының 28-ші жұлдызында дүниеге келген. Бос уақытында анасына көмектесіп, билегенді ұнатады.
Айдана: «Өнер,білім,ғылымға болсаң жерік.Берілер ақыр бір күн басыңа ерік» деген ұлағатты сөзді әрқашан ұстанатын тәрбиелі де сүйкімді оқушы.
11. 9 «ә» сынып оқушысы - Жаманқұлова Ұлданай Қасым қызы. 1996 жылы қаңтар айының 28-ші жұлдызында дүниеге келген. Бос уақытында сурет салғанды ұнатады.
Ұлданай:: «Білімменен өлшенер ертеңгі сенің өмірің» деген ұлағатты сөзді әрқашан ұстанатын білімді,ұқыпты оқушы.
12. 9 «ә» сынып оқушысы - Бекмұратова Меруерт Қасымхан қызы. 1995 жылы ақпан айының 16-ші жұлдызында дүниеге келген. Бос уақытында серуендегенді ұнатады.
Меруерт: «Білімің - ұшар қанатың» деген ұлағатты сөзді әрқашан ұстанатын өте алғыр оқушы.
І-бөлім. «Бәйге» (оқушылар жылдамдығына қарай, қайсысы тез,әрі дұрыс жауап берсе, сол 10 ұпай алады).
Сұрақтар:
-
Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсас? (күкірт)
-
Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл? (иод)
-
Қандай ұн астықтың шығымын арттырады, бірақ нан пісіруге жарамайды? (фосфор ұны)
-
Тіс қандай элементтің жетіспегенінен ауырады? (фтор)
-
Жердің абсолютті жасын анықтауда қандай элемент қолданылады? (уран)
-
Оқ жасауға қолданылатын металл? (қорғасын)
-
Үй тұрмысында сәндік үшін қолданылатын бейметалл? (күміс)
-
Сыртқы жараны жазуға қолданылатын бейметалл?(күкірт)
-
Қазақстан қандай радиоактивті элемент қоры бойынша дүние жүзінде екінші орын алады? (уран)
-
Грекшеден «қорғасын» деп аударылатын қандай элемент? (молибден)
-
Оксиді Марс планетасына қызыл түс беретін металл?
-
«Болашақ отаны» деп аталынған қандай элемент? (сутек)
-
Қандай элементтің тұрақты мекен - жайы жоқ? (сутек)
ІІ бөлім. «Полиглот» « Жеті жұрттың тілін біл» (Сұраққа жауап беріп,кездесетін элементтердің қазақ, орыс, латын тілінде айту. Дұрыс жауапқа 20 ұпай, жартылай жауапқа 10 ұпай қойылады.)
-
Аспен келеді, тамаққа дәм береді?
-
Консерві қалбыры жасалатын металл?( қалайы)
-
Рентген сәулесінен қорғайтын қандай металл? (қорғасын)
-
Адамға ең алғаш болған белгілі металл? (алтын)
-
Адамзат баласы алғаш өндірген металл? (мыс)
-
Ең жеңіл металл? (литий)
-
Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылады? (гелий)
-
Сіріңкемен болат инені ижәне қаламұшты қалай жағуға болады? (оттекте)
-
Топырақты құнарландыратын элемент? (азот)
-
грекше тілде «ай» деген мағынаны беретін элемент? (селен)
-
Қандай элементтердің аталуында «үш» (три) деген сөз кездеседі? (Натрий,иттрий)
-
Қандай элементтер қ.ж сұйық түрде кездеседі? (бром)
ІІІ бөлім. «Көкпар» (Көп ұпай жинаған 6 оқушы - А тобына, ал аз ұпай жинаған 6 оқушы - Б тобына жиналып, топ болып жауап береді.)
Берілген тапсырма.
А. Алькогольдің зияны.
Б. Судың пайдасы мен зияны.
Бұл бөлімнен кейін ұпай саны басым 8 оқушы қалады.
ІY бөлім. «Қызықты викторина сұрақтар»
( Химия, биология, география)
-
Атауынан бір әріпті алып тастаса химиялық элемент алуға болатын жануар? (бобр-бор)
-
Немісшеден «қасқыр көбігі» деп аударылатын элемент? (вольфрам, вольт-қасқыр, ран - көбік)
-
Альхимиктер қандай металды аузын ашып тұрған жыланмен бейнелеген? (мышьяк)
-
қандай элементтің аудармасы табиғаттағы әрекетіне сай емес? (азот)
-
Қарағайлы орманмен аттас қандай элемент? (бор)
-
Қандай элементтің аты гүлге байланысты? (Родий - роза)
-
Қандай элемент латыншадан «жас жасыл бұтақ» деп аталады? (таллий. Спектрдегі жасыл сызыққа байланысты аталған)
-
Жасыл түс беретін қандай элемент пен пигмент? (хлор, хлорофилл)
-
Неміс зоологының есімінің бір әрпін ғана өзгертіп қандай химиялық элементті алуға болады? (Брем - бром)
-
Бастапқы үш әріпін ғана өзгертіп қандай химиялық элементті алуға болады? (европий - опий)
Бұл бөлімнен кейін ұпай саны басым 6 оқушы қалады.
YI бөлім. «Тікелей сұрақтар» (Әр дұрыс жауапқа 40 ұпай қосылады)
1. Сұйық металдың атауы: алғашқы буыны - Прага университеті профессорының алғашқы екі әрпі, соңғы буыны - физикадағы кедергі бірлігі.
( Браунер + Ом = Бром)
2. Жер бетіндегі ең ауыр газ: алғашқы әріп радиоактивті элементтің алғашқы үш әрпі соңғы екі әріп - ауада түзілетін газдың соңғы екі әрпі.
(Радий + озон = радон).
3. Ақыл - ойдың элементі: Алғашқы буыны - ұлы газдың бірінші буыны: соңғы буыны - альдегид туындысының судағы ерітіндінің бірінші буыны.
(Фосген + формальдегид = фосфор).
4. Грек тіліндегі ай аты: Алғашқы буыны - азотты тыңайтқыштың бастапқы екі әрпі екінші буын қанықпаған
(селитра + этилен = селен).
5. Ертегі грек философы: алғашқы төрт әрпі - грек тіліндегі «халық» деген ұғымды білдіретін сөз: соңғы төрт әрпі - арал аты.
(Демо (с) + крит = Демокрит).
6. Металл: Алғашқы екі буыны - «қамқорлық жаса» дегенді білдіретін бұйрық райлы етістік, соңғы буыны - «қирату» сөзі синонимнің бірінші буыны.
(қорға + сындыру = қорғасын).
Бұл турда 3 оқушы қалады.
ІІІ бөлім; «Жорға».
(20 ұпаймен бағаланады).
1-оқушыға:
1. ең қатты металл? (Хром).
2. Ең жеңіл металл? (Литий).
3. Бөлінбейтін кішкентай бөлшек. (Атом).
4. Сәндік үшін саусаққа салынатын, таза металдан жасалған әшекей. (алтын сақина)
5. Асыл тас немесе металдың өзінен жасалған құлаққа тағылатын зат. (Сырға).
2-оқушыға:
1. Қанның құрамына кіретін металл.(темір).
2. Ас содасының формуласы.(натрий).
3. адам тыныс алатын газ.(Озот).
4. Хлордың с.а.м. (35,5).
5. Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сан. (коэффицент).
3-оқушы:
1. Ең ертедегі құйма? (қола).
2. Ең қиын балқитын металл? (Вольфрам).
3. Ең қатты минерал? (Алмас).
4. Ең жеңіл балқитын металл? (Цезий).
5. Жер бетінде ең коп тараған қосылыс. (Су).
VІІ бөлім: «Шешендік өнер».
(сөз сөйлеу шеберлігін негізделген. 50 ұпаймен бағаланады).
-
Егерде мен газ құбырғының бастығы болсам.
-
Химиялық ғылымның пайдасы мен зияны.
-
Егерде мен Менделеев сияқты қазақтың химигі болсам...
Жоғары ұпай жинаған оқушы тиісінше марапатталады.
Қалған оқушыларға интеллектуалды ойынға қатысқаны үшін марапатталады.