7


  • Учителю
  • Тағамдар мен сусындарға қосылатын дәмдеуіштердің адам ағзасына зияны

Тағамдар мен сусындарға қосылатын дәмдеуіштердің адам ағзасына зияны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

ШҚО Өскемен қаласы «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ



















Авторы: Жарылғасинова Дина

9а- сынып оқушысы





Тақырыбы: Тағамдар мен сусындарға қосылатын дәмдеуіштердің адам ағзасына зияны



Бағыты: Жаратылыстану - математикалық бағыт





Секциясы: Химия





Жетекшісі: Жайлаубаева Раушан Ғазизовна

Химия пәнінің мұғалімі































Өскемен қаласы

2016жыл.





Аннотация

(ШҚО Өскемен қаласы «Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі» КММ 9 «А» сынып оқушысы Жарылғасинова Дина «Тағамдар мен сусындарға қосылатын дәмдеуіштердің адам ағзасына зияны» тақырыбындағы ғылыми жобасына)



Зерттеу тақырыбы: Тағамдар мен сусындарға қосылатын дәмдеуіштердің адам ағзасына зияны



Зерттеу тақырыбын таңдау себебі: Қазіргі кезде халықтың «Кока-кола», «Спрайт», «Фанта» секілді газдалған сулар мен Фаст-фуд, майонез, тұз және қант, шұжықтар, қуырылған тағамдар және тәттілермен жиы тамақтанады. Ал оның адам ағзасына қандай зиян келтіретінін ескере бермейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Осы өнімдердің зиянды екенін дәлелдеу.



Зерттеу жұмысының болжамы: Егер жүйелі түрде осы өнімдердің зияндылығын халыққа көрсете білсек, халықтың денсаулығын жақсартуға көмектесер едік.



Зерттеу жұмысының міндеттері:

Әр түрлі тағамдар мен сусындарды таңдап алу

Таңдап алынған тағамдар мен сусындарды халықтың таңдауына ұсыну

Эксперимент нәтиежелерін талдау,



Зерттеу әдістері:

Бақылау;

Салыстыру;

Талдау;

Жинақтау әдістері арқылы іске асты.





























Мазмұны



Кіріспе.......................................................................................................................4Негізгі бөлім

1.1. Алдыңызға келген қандай ас?………………………………………………...5

1.2. Балалар қалай тамақтанып жүр?…………………………………………………….6

1.3. Зиянды 10 өнім…………………………………………………………………………....6

2. «АТАҢ ЖЕМЕГЕН АСТЫ АУЗЫҢА АЛМА» ДЕП... БІЗ ҚАНДАЙ ТАМАҚ ЖЕП ЖҮРМІЗ?



……………………………………………………....7

3. Бал өніміне аналитикалық сараптама…………………………………..8

3.1. Органолептикалық көрсеткіштері……………………………………8

3.2. Бал өнімінің консистенциясы…………………………………………8

3.3. Сутектік көрсеткішін (рн) анықтауды………………………………..9

3.4. С дәруменінің (аскорбин қышқылының) бар екенін анықтау ……..9

3.5. Бал өнімінің қышқылдығын анықтау………………………………..9

Қорытынды………………………………………………………………………10

Ұсыныс…………………………………………………………………………...11

Пайданлған әдебиеттер тізімі…………………………………………………...12















































Кіріспе



Көп нәрсенің зиянын біле тұра, күнделікті тұрмыста қолданамыз. Бұл адам табиғатына мәңгілік енгізілген өзгермейтін компьютерлік бағдарлама іспетті. Бүгінде адам ағзасына, денсаулығына пайдалы заттарды кездестіру мүмкін емес. Күнделікті қолданатын тағамдардан бастап, астымызға мінген көлік те адамзат үшін зиянды дейді мамандар. Тіпті әр түрлі экологиялық құбылыстар нәтижесінде ластанудың өте биік деңгейіне жеткен қарапайым ауаның өзімен демалу қауіпті.

Соңғы жылдары мамандар тарапынан көп талқыға түсіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініп жүрген басты экологиялық мәселелердің бірі - адамдардың дұрыс тамақтанбауы. Жүріп бара жатып жүрек жалғайтын жылдам дайындалатын тамақ түрлері бүгінде жетіп артылады. Алайда, сырт көзге аты да заты да жағымды Фаст Фуд деп айдарлатып айтып жүрген - гамбургер, хот-дог, бұқтырылған шұжық, тез әзірленетін лапша, сэндвич, пицца және газдалған сусындармен қоректену адам ағзасы үшін нағыз қауіп. Бірақ мұны бәріміз білеміз. Біле тұра істейміз. Бұл үшін кінәні Макдональдс, Бегемот сияқты жеңіл тамақтану орталықтарынан іздейміз бе, әлде химиялық технологияның дамуынан көреміз бе?! Адамдардың мұндай тағамдарды қолдануы олардың тамақ әзірлеуге уақыттарының жетіспеуімен қатар, оны тез-тез жеу қажеттілігінен туған. Оның үстіне арзан, тез дайындалатын, әрі түрлі дәмдеуіштер қосылған дәмді асты тұтынудан кім бас тартсын? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгінде адамзатты өлімге әкеліп соқтыратын факторлардың 60 пайызы - сапасы нашар, қауіпті азық-түліктен дайындалған тағамдар деп тұжырымдап отыр. Мұндай тамақтарда ағзаға тікелей әсер ететін улы заттар болмаса да, олардың құрамындағы кейбір зиянды нәрселер, ағзаны іштен жегідей жеп, дене мүшелерін істен шығара бастайды. Қазір АҚШ-тың кейбір телеарналарында дәрігерлер ұйымының сұранысымен антимакдональдік жарнамалық роликтер көрсетіліп жүр. Себебі ел тұрғындарының 61 пайызы артық салмақтан емес семіздіктен жапа шегеді. Канадалық ғалымдар фаст фудтың адам психикасына да үлкен әсері бар екенін анықтаған. Psychological Science журналының мәліметіне қарағанда тез әзірленетін тағамдармен тамақтанатын адамдар уақыт өте шыдамсыз болып келеді. Тез тамақтану - басты мақсат. Осындай шыдамсыз әрекеттер адам өмірінің барлық тұсынан көрініс табады. Мұндай астан бас тартудың миллион себептері бар. Төменде солардың бірнешеуін ұсынамын: Артық салмақ қосқыңыз келсе? Бір орташа гамбургер, фри картоптары және жарты литр кола - 1500ккал. Ал бәріміз білетіндей аз есеппен бұл бір адамның бір күнгі кабылдайтын мөлшері. Ал бір күнде сіз осыларды ғана жеумен шектелмейсіз ғой? Американдық журналист Морган Стерн өз тәжірибесінде 30 күн бойы Нью-Йорк қаласының фаст-фуд орталықтарында тамақтану арқылы 14 келі салмақ қосқан. Артық салмақ әр түрлі ауруларға себепші болуымен қатар, адамның көңіл күйіне тікелей әсер етеді. Егер сіз өзіңізді артық салмақтан құтқарғаңыз келсе, фаст фудқа жоқ деңіз! Денсаулығыңызды қатерге тіккіңіз келсе? Әдетте фаст фуд жегеннен ең алдымен ас қорыту нашарлайды. Созылмалы тұмау, сіркесі су көтермейтін ашушаңдық, аллергиялық аурулар, еркектік қабілеттің нашарлауы, бедеулік, инфаркт, инсульт, қатерлі ісік тағы басқа түрлі сырқаттардың бәріне тамақ құрамындағы зиянды нәрселер себепші. Бір сөзбен айтқанда жеңіл әрі тез дайырланатын тамақтардан адам азғасына келер ешқандай пайда жоқ. Көп ақша жұмсағыңыз келсе? Сіз мұнымен келіспеуіңіз мүмкін, себебі сүйікті Макдональдста 500теңгеге тамақтануға болады? Ал енді бір айда жеңіл асқа қанша ақша жарататыныңызды есептеңіз? Осыған фаст фуд әсерінен пайда болған шаш пен теріңіздің зақымдарын жасыру мақсатында сән салондарына жұмсаған қаражатыңызды қосыңыз. Ал егер мұндай асты әлі де қолдана беремін десеңіз, онда болашақта денсаулығыңызға байланысты медициналық орталықтарға кететін ақша мөлшерін тағы қосыңыз. Жаңа сатып алатын киімдеріңіз жайлы тіпті айтпаймын, себебі бұрынғы киіміңіздің тура келуі екіталай. Балаларыңыздың денсаулығы нашарласын десеңіз? Бүгінде тез даярланатын өнімдер үлкен адамдармен қатар мектеп жасындағы балалар арасында да танымал. Әсіресе чипстер, кептірілген нан (сухарики) олардың сүйікті тағамдарына айналған. Шведтік ғалымдардың айтуынша бұл тағамдар акрималид сияқты қауіпті концорогендерге бай. Акриламид - адамның жүйке жүйесін бұзатын, генетикалық мутацияға ұшырататын ақ немесе тұссіз суда еритін зат. Ол көмірсуға бай тағамдарды қуырғанда пайда болады. 1келі чипстың құрамында 2000 микрограмм акриламид түзіледі, бұл 1 келі қуырылған еттен 40 есе көп. Ал газдалған сусындарды күнделікті пайдалану адам ағзасында кальцийдің азаюына алып келеді. Кальцийдің жетіспеуінен 150 түрлі ауруға шалдығуға болады. Олардың бірі - остеопороз. Бұрынырақ бұл аурумен 60 жастағы карт адамдар ауырса, қазір бұл ауру түрі 6-12 жастағы балаларда ұшырасады. Балаларыңыздың шамадан тыс шыдамсыздығы мен жүйкелерінің тез жұқаруын, оған қоса ұмытшақтығын күнделікті қолданып жүрген астан іздеңіз! Ертеден бастап ата-бабаларымыз жылқы, қой, сиыр етін жеген, ақтан жасалған сүт, айран, құрт, май сияқты өнімдерді қолданып, төл сусынымыз шұбат,қымыз ішкен. Бұл тағамдардың пайдасы жайлы айтпасаң да белгілі. Мысалы, Қойдың еті - жылу мен әл-ауқатты , асқа тәбетті арттырады, жылқының еті - іріңді тоқтатып, бүйрек пен белді желден тазартса, сиырдың еті - майлы, ауыр, қызулы, ісік кезінде жақсы көмектесіп, асқазан, бүйрек, бел мен бастан ұстаған суықты шығарады екен. Бұл қасиеттер гамбургер арасына салынған еттің қызметтерінен мүлдем бөлек. Ал сары май, жұлын мен іш май ішкі ағзаны жұмсартса, сүр май ақылынан адасқан, есінен айрылған, танған адамдарға көмектеседі. Шыжғырылған май ойды өткірлейді, жадты кеңейтеді, жылу мен күш-қуат береді, өмірді ұзартады. Табиғи таза тағамдардың арқасында біздің тектілігіміз артып отырды. Міне, содан кейін біз қуатты ел болдық. Егер ұлттық тағамдарымызды өгейсітіп, шеттен келген зиянды асқа әуестенуімізді қоймасақ, күні ертең бақа-шаян, құрт-құмырсқаға айналарымыз хақ. Бұл - теңіздің тамшысындай ғана себептері. Өзгесін айтпасаң да белгілі. Заманауи жедел астың зиянын айтқанмен, өз тәжірибеңде көрмей оған сене қою қиын. Ал фаст фудты әлемде миллиондаған халық қолданады: әр түрлі ұлт өкілдері, әр жастағы адамдар, әлеуметтік сатысына қарай да түрлі адамдар. Барлығы да жеңіл әрі тез әзірленетін тағамдардың пайдасы мен үнемділігін ғана алға тартады. Ал оның орасан зияны жайлы айтатын ешкім жоқ. Тіпті тұмаумен ауырып, артритке шалдығып, үлкен күйзеліске ұшырап жатса да оны өзі тұтынған аспен байланыстыруды ойламайды да. Бекер, себебі «ауру - астан» немесе «өз ауруыңды табағыңның түбінен ізде» деп бекер айтылмаса керек. Бұл мәселе қазіргі таңда әлем қасіретіне айналған ЖИТС-тен немесе қоғамда орын алған халықаралық өзекті мәселелерден кем түспейді. Мұның себебі адамды ішінен улайтын фаст фуд өнімдерінің ерекше қамқорлыққа алынып, тыс мөлшерде жарнамалануында. Әрине, бұл өте тиімді бизнес жол. Өнімдерін тегін таратып, халықты өзіне тәуелді ету арқылы өз саудасын жүргізіп ақшаға кенелген саудагерлер үшін тиімді табыс көзі. Өзгені ойламақ түгілі өз қарабасының қамы мен қалтасының қалыңдығын ойлаған бизнесмендер әлемнің айықпас дертке шалдыққанын байқайтын қауқары да жоқ. Бұл, әсіресе, демографиялық өсім жағынан кенжелеп келе жатқан Қазақстан үшін тағы бір кедергі десе артық болмас. Егемендігін алып нық баса бастаған еліміздің аяғынан шалған тағдырдың тағы бір сыны. Әйтпесе бұрын соңды суға дейін талғап ішетін текті халқымыздың дүдәмәл азықпен қоректенбегені бесенеден белгілі. Ендеше аранымызды әр нәрсеге алаңсыз аша беруден бұрын сәл пәл ойланғанымыз жөн болар, текті де талғампаз атаның ұрпақтары!















































Негізгі бөлім



1.1. Алдыңызға келген қандай ас? Департаменттің негізгі мақсаты - тұрғындардың арасында тиімді тамақтануды қалыптастыру және ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Қазір департаментте алты қызметкер жұмыс істейді. Мекеменің ашылғанына аз уақыт болса да жұмысты игеріп әкеттік. Департамент директоры, медицина ғылымының докторы, профессор Төленді Кәрімов тағамтану саласындағы өз тәжірибесін үнемі ортаға салып, жастармен бөлісіп отырады.

Бүгінде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында бірқатар шараларды қолға алдық. Жоғары және арнаулы оқу орындарындағы жастар мен мектеп оқушыларының арасында түрлі семинарлар өткізіп, салауатты тамақтану туралы кеңес берудеміз. Себебі соңғы жылдары шет елден келетін тағамдардың түрі көбеюде. Ал оның сапасына көпшілік мән бере қоймайды. Осының салдарынан қазір халық арасында асқазан-ішек жолдары, жүрек-қан тамыр аурулары өршіп барады.Аса қауіпті ісіктің кейбір түрі де дұрыс тамақтанбаудың әсерінен пайда болады. Сондықтан біз осы жайды халыққа түсіндіріп, оның ішінде дұрыс тамақтану арқылы аурудың алдын алуға болатынын ұғындыруымыз қажет.

Сондай-ақ мектеп оқушылары жүйелі тамақтанбаудың салдарынан ішек ауруына жиі шалдығады. Осы орайда мектеп жасындағы балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Жуырда оқушылар арасында биомониторинг жүргіздік. Яғни, балалар өздерінің қандай ас ішетіні жөнінде сауалнама толтырды. Медбикелер оқушылардың қолынан қан алып, оның құрамын тексерді. Алдағы айда нәтижесі анықталып, осы бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіледі, - дейді Гүлнұр Қалбағаева.

Сондай-ақ ірі өндіріс орындары мен қоғамдық жерлерге ақпараттық парақшалар таратылады. Тұрғындарға тиімді тағамдану, емдік, диеталық, емдік-профилактикалық тағам түрлерін пайдалану реті түсіндіріледі. Егер азаматтарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысты қандай да бір сұрақ толғандырар болса, департамент мамандарынан кеңес алуына болады.

1.2. Балалар қалай тамақтанып жүр? Гүлнұр Қалбағаева жасөспірімдердің жүйелі әрі құнарлы тамақтануына ерекше назар аудару керек екенін айтады. Өйткені осы уақытта балалардың ағзасында гормональді және жүйке, қан-тамыр жүйелері мен ми клеткалары қызметінің күрделі өзгерістері жүреді. Сондықтан осы кезде ата-аналар оқушылардың тиімді тамақтануын қадағалауы керек.

Елімізге сырт елден келетін азық-түліктің түрі көп. Ал олардың сапасын қатаң қадағалап отыратын жүйе біздің мемлекетте әлі толық қалыптасқан жоқ. Сондықтан шет елден келетін тамаққа күдікпен қараған жөн. Алайда көпшілігіміз осыған мән бермейміз. Әсіресе, оқушылар тез дайындалатын қытай кеспелері мен фаст-фуд тағамдарды жиі қолданады. Ал мұндай ас жасөспірімдердің денсаулығына кері әсерін тигізіп қана қоймай, оларды өзіне тәуелді етеді. Осыны ескерген АҚШ мемлекеті 2004 жылы оқушылардың фаст-фуд тағамдарды жеуіне тыйым салды. Жалпы фаст-фуд тағамдарға гамбургер, хот-дог, қуырылған картоп, қытай кеспелері, чипсы, кепкен нан, шаурма және тағы басқа осы тәрізді тағам түрлері жатады. Олардың құрамында тамақтың сыртқы түрін, иісін, дәмін келтіретін, сақтау мерзімін ұзартатын және тез пісуі үшін қосылатын түрлі кептірілген жасанды дәмдеуіштер болады. Ал олар ағзаға тез сіңетіндіктен асқазан-ішек жолдары мен тіс жегісі ауруына шалдықтырады, дейді Гүлнұр Қалбағаева.

Мәселен, жиі тұтынатын гамбургерлер трансгендік майларда пісіріледі екен. Яғни оған қышқылдығы жоғары транс-изомерлерлі май қолданылады. Ал бұндай майлар адамды жүрек ауруына шалдықтырады. Ағзаның иммундық жүйесін бұзып, зат алмасу процесін өзгертеді. Атеросклероз және қант диабеті ауруына соқтырады. Ал қуырылған картоп, яғни фри осы трансгенді майда піседі. Егер фриді жиі жейтін болсақ, ағза дәрумендер жетіспеушілігіне ұшырайды. Ал студенттер сүйіп ішетін құрамында жасанды дәмдеуіштері бар «Доширак», «Анаком», «Роллтон» кеспелерінің денсаулыққа пайдасынан зияны көп екенін бәріміз жақсы білеміз.



1.3. Зиянды 10 өнім. Күнделікті тұтынып жүрген кейбір өнімдердің пайдасынан гөрі зияны көп екенін білген бе едіңіз? Ағзаңызға зиян әкелетін он өніммен таныс болыңыз.

1. Майға қуырылған картоп (чипсы). Майға қуырылған картоп өз бетінше пайдалы тағам емес. Ал чипстерде табиғи ештеңе қалмайды: тек канцерогендер, май, ароматизаторлар мен дәмдеуіштер. Чипстерді күнделікті тұтыну онкологиялық аурулардың пайда болуына, сонымен қатар салмақ қосуға әкеледі. Бұған картоп-фриді де жатқызуға болады.



2. Газды сусын. Көпіршікті боялған сусын қант қосылып, суға араластырған гуашьтан да зиянды. Фаст-фудты газдалған сусынмен ішкен жөн дейді, бірақ бұл дұрыс емес: газды сусын қарынды қайта аштыртып, тағы бір гамбургер жеуге итермелейді.

3. Фаст-фуд. Зиянды тағамдардың қатарына кіріп тұрғаны таң қаларлық емес шығар. Тез дайындалатындығы және арзандығынан басқа тағы қандай артықшылығын білесіз? Ешқандай артықшылығы жоқ. Тезірек бірдеңе дайындап жіберу керек болса, ірімшік, көкөніс, салат жапырақтары мен креветкадан тура сондай бутерброд жасап алуға болады. Және ешқандай соуссіз және майонезсіз.



4. Майонез. Әңгіме дүкен майонезі жайлы. Тағам рационынан мүлде алып тастаса, бір-екі аптада беліңіз бірнеше сантиметрге арықтағанын байқайсыз. Майонездің қатарына кетчуп пен басқа да соустарды қосуға болады. Олар ароматизаторлар, май және дәмдеуіштерден тұрады, ал табиғи өнімдерден ештеңе жоқ. Оның орнына майлылығы төмен қаймақ пайдалансаңыз дәмдірек және пайдалырақ болады.



5. Тұз және қант. Өздеріңіз білетіндей, тұз бәне қантты - ақ өлім деп те атайды. Тұз ағзада судың жүріп-өтуіне кедергі келтіреді және керек емес жерлерге жиналып қалады. Қантпен бәрі белгілі - арықтағысы келетіндерге бұл нөмірі бірінші жау. Бұл өнімдерден мүлде бас тарту мүмкін емес, алайда тағамды қатты тұздамаса біраз уақыттан кейін тағамдардың табиғи дәміне үйреніп кетуге болады. Ал қантты балмен алмастыру ләзім.



6. Алкоголь. Бұның ағзаға зияны жайында бәріне мәлім. Аптасына бір рет алкологь ішу - бұл алкоголизмнің белгісі, мейрамды арақсыз өткізе алмау да қауіп тудырарлық. Бастапқыға, арзан алкогольден, мысалы, сырадан бас тартып үйрену керек. Тағы бір нұсқа - алкоголь ішпейтін ортамен танысу.



7. Шұжықтар. Алдыңызға келген сосискілер неден, қашан жасалғанын кім біледі? Етті тұздау мен сүрлеу оның ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді. Яғни, уақыт өте келе пайдалы элементтерінен айрылады, ал өліктің элементтері қалады. Бірақ біз оны байқамаймыз, өйткені оған түрлі ароматизаторлар мен дәмдеуіштер қосылған.

8. Қуырылған тағамдар. Күнбағыс майы мен маргаринде қуырылған тағамдар пайдалы қасиеттерінен айрылады, сонымен қатар канцерогендерді таратады. Оған қоса, қуыру кезінде өнімдегі табиғи су майға айналады, бұл тағамның калориясын арттырады. Өнімдерді сәл қуырып, кейін духовкада пісіріп алса керемет болатын еді.



9. Тәттілер. Зиянды тәттілердің қатарына мармелад, шайнап жейтін конфеттер мен леденцыларды жатқызуға болады. Бұлар бір тілім торттан да зиян. Олар көбіне жасанды бояғыш заттар мен ароматизаторлардан тұрады. Тәтті жегіңіз келсе, бал, кептірілген жемістер немесе қара шоколадты таңдаңыз.



10. Ақ нан. Бұған барлық ұн тағамдарын қосуға болады. Жаңа піскен нан мен бәліштер өте дәмді, бірақ олардың құрамында пайдалы ештеңе қалмайды. Өйткені, нан жасайтын ұн барлық құнарлы өзектерінен айрылған. Сондықтан дәнді-дақылды нан көбірек пайдалырақ.



«АТАҢ ЖЕМЕГЕН АСТЫ АУЗЫҢА АЛМА» ДЕП... БІЗ ҚАНДАЙ ТАМАҚ ЖЕП ЖҮРМІЗ?







«Бақыр қазан қайнаса, баршамызға несібе». Бірақ бақыр қазанның ішіне кім үңіліпті немесе қазан ішінде қандай тағам бар? Халқымыз заманмен келді, арзан, шетелден енді деген тағамның бәрін жатсынбай тұтынады. Елімізге кірген азық-түлік жарамсыз деп танылып, шетелге қайта жіберілген емес. «Атаң жемеген асты аузыңа алма» деген нақылдың, сірә, тағлымы осы заманға лайық.



Бразилия еті бал тати ма?

Кезінде Мәскеу мен Санкт-Петербург марқасқалары етті қазақ даласынан арнайы алдыртатын деседі. Себебі, шөбі шүйгін дала малының еті мен сүті бал татиды деп білсе керек. Қазақ жерін ел қалмаған жапанға айналдырған қос ашаршылық кесапатына дейін Қазақстанда 40 миллионға жуық мал болса, 1933 жылдың соңында, билікке Мирзоян келген тұста небары 4 миллионннан сәл ғана асатын мал қалған. Белгілі тарихшы Талас Омарбековтің зерттеулеріне көңіл бөлсек: «Ет дайындау науқанында әрбір пұт ет есепке алынған. Үш жыл ішінде 36 миллионнан астам мал жойылса, соның 15 миллионнан астамы - Қазақстаннан тыс өңірлерге, ал 9 миллионға жетер-жетпес ет - ішкі қолданысқа жіберілді», - деп жазады. Елімізде мал басының азаюына себепші осы бір оқиға болса, екіншісі, 90-жылдары тәуелсіздік таңы атып, өз шаңырағымызға өзіміз қожа болғанда бар байлық пен дәулет құлаған империя қирандысының астында қалып, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кете барды. 90-жылдар дағдарысы жұмыссыздық пен кедейлікке ұрындырып, малдың құнсызданғаны сонша, көп жерлерде бір бөтелке араққа бағаланды.

Қазақтың бас тағамы - ет. Өмірі ат үстінде өтетін қазақ үшін еттен қуатты ас жоқ еді. Қазақты еттен айыру, қасқырды азығынан айыруымен тең деп отыратын қариялар. Басты байлығымыз - негізгі асымыздан алыстаған қазақ бүгінде етті қайдан алады? Шетелден ет келмесе қайтер едік дейтін күнге жеткен сияқтымыз. ТМД елдерінен, жақын шетелден тасысақ бір сәрі. Сонау мұхиттың ар жағынан ет әкелетініміз қалай? Олардың еті неге соншалықты арзан? Мұхит асып, кемемен, ұшақпен жеткізілген еттің жолпұлы есептелмей ме, әйтеуір Қазақстан облыстарынан жеткізілетін еттен екі-үш есе арзан. Мәселен, баршамызға белгілі «Алтын орда» іздегенің табылып, тілегенің алдыңнан шығатын, аңызға айналған құстың сүті де табылатын базар. Біршама арзан сиыр еті, қой мен жылқы еті де мол. Мұхит асып келген, мұздатылған еттің бір келісі - 500 теңге. Сонау Бразилиядан тоңазыған ет қапталып, осы күйде тасымалданады. Қаптамасының сыртында дайындалған мерзімі, жарамдылық мерзімі мен салмағы да көрсетіледі. Бірақ расында сол мерзімде дайындалған өнім бе?

Бразилиядан келетін ет көбіне тонналап сатылады. Сондықтан қарапайым тұтынушының қолына тие бермейді. Қала асханалары, жартылай піскен тағам дайындайтын цехтар, ірі тағам өндірістерінің тұрақты тұтынатын ет өнімі осы - бразилиялық ет. Бұрынырақ ет орнына соя қосылып, ет алмастырғыш жиі салынатын. Ал бүгінде аты-шулы соя өнімдерін шетелдің тоңазытылған ет өнімдері алмастырып үлгерген сияқты. Бірақ іргедегі ауылда сойылған еттің бағасы қымбат та, шетелдікі - арзан. Оның құпиясы неде? Өздері ет жемей, қасқыр текті қазаққа арзан бағамен экспорттай ма деген сауал туындайды. Дегенмен оның еш құпиясы жоқ. Тек қана дәрінің көмегімен өсірілген, дәрінің көмегімен ет алып, салмақ жинаған тайынша еті. Өте қысқа уақыт аралығында дәрінің күшімен бордақыланып, жылдам ет алады. Осылайша қасапханадан бірден шетелге арзан бағамен экспорттала береді, өйткені өзін-өзі ақтайтын және көп күш, уақыт жұмсамайтын бизнес көзі жақсы жолға қойылған. Бұл тек Бразилияға ғана тән емес, басқа елдерден де астыртын және заңды жолмен-ақ тоңазыған ет көптеп жеткізіледі. Кейбір мәліметтерге сенсек, асханасы мен келушілері көп кәсіпкерлер арзанға ұмтылып, осындай етті асқа қолданады-мыс...





Көшеден тамақ татқаның, қауіпті кесел тапқаның...



Батыстан енген «фаст-фуд» - жылдам тамақ денсаулыққа қаншалықты зиянды? Ал қаланың әр бұрышындағы асханалар тағамының пайдасы басым ба, әлде зияны ма? Көше тамағының қай-қайсысы да адам денсаулығына қауіп төндіреді дейді мамандар. Мейлі, гамбургер, майлы да ащы дүнген тағамдары, газдалған сусындар мен түрік кебабтары да асқазанның жауы. Бұл қаншалықты рас? Бір кездері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай боп жапондық ресторандар қаптап кеткен еді. Біртіндеп олардың саны азайды, бірақ итальяндық пицца- барлар шыға келді. Бұлардың бірде-біреуі түрік асханаларының шаңына ілесе алмайды. Аталмыш мекемелердің кейбірі тез жабылып қалса, кейбірі қанатын кеңге жайып, жаңа нүктелерін аша бастаған. Өзбек тағамдары да қалалықтардың жүрегін жаулап алғандай. Әл-Фараби даңғылының бойында өзбек асханалары бағасымен де, тағамымен де қонақтарды магнитше тартып тұр. Адамдарды көшеде тамақтануға мәжбүрлейтін уақыттың тығыздығы ма, қалтаның таяздығы ма, әлде өзгенің қаңсығына құмарлық па?

Жедел пісірілген тағамдар асқазан-ішек жолдары айналымының бұзылуына түрткі болуымен қатар, ең бастысы - туберкулез ауруларының басты ошағы. Санитарлық талаптардың сақталмауынан түрлі ауру қоздырғыш микробтар мен бактериялар ағзаға түсіп, одан әрі жайлы орында өсіп-жетіліп, көбейе береді. Көше бойындағы саудаға тосқауыл қою, оның тазалығына кепілдік беру тек санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті қызметкерлерінің ғана жұмысы емес, сайып келгенде, жергілікті атқарушы биліктің басты міндетіне айналса құба-құп. Құрамында түрлі тұздықтар мен дәмдеуіштер молынан тоғыстырылған хот-догтарды айтпағанның өзінде, қазіргі аулаларға таң ала боздан әкелініп, жабайы түрде сатылатын сүт өнімдері де алаңдатады. Сол аулаға сүтті әкеліп, сатып тұрған сүт иесінің сиырына екпе салынды ма, сүттің құрамында бруцеллез қоздырғыштар бар ма, әлде жоқ па, ешкімнің шаруасы жоқ. Әркім қаржысын неғұрлым үнемдеп, арзан сүт алсам деген ниетін жүзеге асырғысы келеді. Айналып келгенде, мұның бәрі адамдардың өз денсаулығына деген немқұрайлылығы, сауатсыздығы, салғырт-салақтығы.

ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті көшелердегі тағам өнімдерін сататын орындарға қатысты қандай да бір арнайы бұйрық бермейді. Бар болғаны санитарлық эпидемиологтар аптасына бір рет арнайы рейдтер ғана жасайды. Антисанитарлық жағдайда сауда жасайтындарға айыппұл салып, акт толтырады. ҚР 2001 жылдың 30 қаңтарындағы №155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 165-бабында көрсетілгендей «Белгіленген жерлерден тыс орындарында сауда жасау» қызметіне ескерту жасау немесе айыппұл салуға Ішкі істер органдары ғана міндеттей алады екен.

Қазақстандағы өзге ұлт тағамдарының көпшілігі сондай, ұлттық асхана қайда қалды дейсің еріксіз. Ұлттық тағамдарды арнайы іздейтін жұрт бар ма осы? Жалпы бағасы қолжетімді ме? Осы орайда өте қымбат бағада қызмет жасайтын «Жеті қазына», «Жерұйық» мейрамханалары ғана еске түседі. Әрине, бұл мейрамханалардың қызметін жергілікті байлар мен шетелдік қонақтардың ғана қалтасы көтереді.

Қазір мерзімінен аспаған, табиғи құндылығын сақтау үшін қосылған химиялық қосылғыштары бар тағамдар ғана сауда нарығын жаулап алған. Осылардың арасында гендік модификацияланған өнімдер де бар. Мысалы, соя, рапс, жүгері, папайя, қант қызылшасы осы қатардан. Дүниежүзінің ғалымдары модификацияланған өнім туралы екі пікірде. Бірі гендік дәрілердің ағзаға зияндығын дәлелдеп бақса, бірі адам үшін таптырмас ас деп біледі. Ал Қазақ тағамтану академиясының төрағасы Төрегелді Шарманов гендік өнімдердің зияны шамалы деген пікірде. «Негізі оның еш зияны жоқ дүние. Көпшілік қате ойлайды немесе кейбіреулері әдейі қателестіреді. Модификацияланған өнім - ішінде пайдалы дәрумендері көбейтіліп, жақсартылған өнімдер. Ол қалай алынады? Әртүрлі организмдерді реттеп, ең жақсы дүниелерін жинақтайды. Ол сыртқы зиянды әрекеттен сақтау үшін әсер етеді. Негізі, оның адам ағзасына қабылдайтын әсері ғана бар. Ал әсер ететін түрлендіру факторы сыртта қалады, ішке кірмейді. Көпшілігі «ГМӨ генетиканы өзгертеді екен» деп адастырады. Ол ешбір дәлелдеуге келмейтін, дәлелдеу мүмкін емес жалған ұғым. Мысалы, Америкада соя бұршағының 70 пайызы генді модификацияланған. Мұндай тамақтарды Америкадан артық ешбір ел дайындамайды. Тамақтың көптеген түрлерін тек Қытай, Жапония, Корея жасайды. Америкалықтар - өз денсаулығын күту, сақтау жағынан алдына жан салмайтын халықтардың бірі. Олар ғылыми жолмен әрбір азаматтың денсаулығын сақтауға мұқият қарайды, арнайы ұйым да жұмыс істейді. Америкада өсімдіктер жылма-жыл өсіп жатыр, жиырма жылдан асты, әлі бірде-бір зиянын көрсеткен ғылыми дерек жоқ. «Генді модификацияланған өнімдерді пайдаланамыз» деп Елбасының өзі айтты емес пе? Ендеше, оны жай айтқан жоқ, ғылыми деректерге сүйеніп барып айтып отыр».

Уланудың көпшілігі көше тамақтарынан болады. Республиканың қай аймағын алсаң да көше базары, жайма сауда орындары етек алып, дамып отырғаны құпия емес. Оларды тексеретін тек учаскелік полицейлер ғана. Онда да салығын төлеген «жабайы» саудагер қалаған асын сата алады. Мәселен, өткен жылы Ақтөбе қаласының «Орталық базар», «Алтай» ЖШС базарларының маңайында жайма сауда орындары тіркелген. Бұл аталған жабайы сауда орындары халық денсаулығына қатер туғызатын (шығыс салаттары, сүт және сүт өнімдері, ет және ет өнімдері және т.б.), санитарлық талаптарға сай емес тағамдар сатқан, қала халқының денсаулығына зиян келтірген. Атап айтсақ, былтыр 12 тағамнан уланудың, 32 рет ішек ауруларының, 3 рет сары ауруының жағдайлары тіркелген. Аурудың туындауына себеп болған тағамдар - корей салаттары, сүт және сүт өнімдері. Сонымен қатар, көшеде сатылып жатқан шикі сүттің зертханалық зерттеуден өткен 80 сынамасының 9-ында сары ауру жасушаларының бары расталған.

«Ауру астан» екені белгілі. «Атаң жемеген асты аузыңа алма» деп бекер айтылмаса керек. Улану фактілері балабақшадан бастап мектеп, оқу орындары мен түрлі мекеме асханаларынан алыстамайтын болды. Тіпті, құзырлы орган өкілдерін маңайына жақындатпайтын мейрамханалар да бар. «Крышалары» мықты шығар. Өздерін шағын және орта кәсіпкер деп атайтын кейбір мейрамхана басшылары шағын және орта бизнес қызметін тексеруге жарияланған мораторийге орай, мейрамханада зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін прокуратураның арнайы рұқсатын сұратуда. Мәселен, жуырда Қостанайдағы жапон тағамын ұсынатын мейрамханада бір мезетте дәм татқан 13 тұрғынның денсаулығы күрт нашарлап, қалалық ауруханаға жеткізілген. Уланғандардың қатарына тағы 3 адам қосылған. Жаппай ауруханаға түскен жандарға дәрігерлер «ішек инфекциясы» деген диагноз қойған. Полиция аталған дерекке орай қылмыстық іс қозғады. Бірақ облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін дәмхана қожайындары тек әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Бұл - жазаны айыппұлмен өтеп, күдікті теңіз тағамдарын одан әрі сатып, шаруаларын дөңгелете береді дегенді білдірсе керек.

Көше тағамы қатарына нан өнімдерін де жатқызуға болады. Көше бойын жағалай орналасқан және базардағы сатушылардың наны жұмсақ, хош иісті. Бағасы да қымбат емес. Бірақ осы нанның қандай санитарлық жағдайда пісірілетіні белгісіз. Мәселен, дүкендерге жеткізілетін тандыр нанның басым бөлігі жертөледе пісірілетіні айқындалған. Шекара асқан өзбек ағайындардың көбі наубайханада жұмыс істейтіні де таңқаларлық жайт емес. Улану фактілері осындай жағдайда пайда болмай ма? Мәселен, Алматыда, Астана және Петропавлда соңғы айларда нан ішінен егеуқұйрық құмалағының шыққаны тіркелген. Мұндай шағымдар өте көп. Түптеп келгенде жауап беретін адам жоқ. Нан бағасы бірқалыпты, оған да тәубе. Бірақ жекелеген облыстарда нанның бағасы біртіндеп қымбаттап келеді. Мәселен, күні кеше «Ақтөбе-нан» компаниясы шығаратын «Ұлттық» деп аталатын нан бағасы бес теңгеге көтерілген. Бұған ұнның қымбаттауы себеп көрінеді. «Өйткені «ұлттық» наны жоғары сұрыпты ұннан дайындалады. Бұрын 48 теңгеден сатылса, енді оның бағасы 53 теңге», - дейді Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысы Анар Даржанова. Мәселе нанның қымбаттауымен тынса игі дейді жергілікті халық. Себебі, нанның бағасы тұрақты болғанымен, салмағы біраз жеңілдеп қалғаны байқалған көрінеді.

Бұл мәселе Алматыға да жат емес. Қалада «Ақсайнан» монополиясымен қатар, ірілі-ұсақты нан жеткізуші немесе көшеде сатушы кәсіпкерлер бар. Жыл басында нан бағасы 60 теңгеден аспайтыны туралы ресми түрде жарияланды. Бағаны қымбаттатпас үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» астық өңдейтін компанияларға астықтың әр тоннасын 30 мың теңге деп жариялады.



Аурудың ордасына айналған базар



Алматы қаласының батыс тасжо¬лындағы «Алтын орда» базарында үлкен ет павильоны бар. Бүкіл Алматы қаласының халқы арзан және біршама сапалы етті осы павильоннан алып жатады. Қаласаң көзіңше-ақ сойып, жіліктеп береді. Қолдарында малдың құжаты, еттің жарамдылығы және ауруы жоқтығын дәлелдейтін қағаздары да бар. Бірақ осы құжаттардың берілуі де күмәнді сияқты. Бүгінде бұл да бір үлкен бас ауруына айналып отыр. Жұрттың айтуынша, қолдан құжат жасатып, ауру мал мен өлген малдың да еті сатылымға түсіп жатса, таңқаларлық емес.

Жуырда бір келеңсіз әңгімені құлағымыз шалып қалды. Әдетте базар маңының әңгімесі мен аңыздары көп қой. Алайда ет төңірегінде пайда болған түрлі қауесеттер көңілге қаяу салды. Бруцеллез ауруымен ауырған малға шалғай елді мекендерден құжат жасалып, етті республиканың түкпір-түкпіріне тарататын көрінеді. Бұл жұқпалы дерттің ас пен ауа арқылы адамға да жұғатыны белгілі. Соны біле тұра сатуға шығаратын кімдер?..

Ауру мал туралы айтқанда, жұрттың көбі алаңдайтыны белгілі. Солтүстік Қазақстан облысы Полтавка кентіндегі шаруалардың 700 бас ірі қарадан бір күнде айрылып, Шмаленберг дертінің зардабын көргені мәлім. Австриядан әкелген ірі қараның біреуі - 2,5-3 мың доллар. Бұл бағаға елімізде етті, сүтті болмаса да, қараған адамның көзі тоятын 2-3 бас ірі қара алуға болар еді. Шмаленберг дерті Австрияда пайда болғаны дәлелденді. Ірі қараға да сол жақта жұққаны да дәлелденді. Алайда отандық және австриялық зертханалардың бәрі бұл вирусқа көзін жұмып, ірі қараның барлығын сап-сау деген құжатпен шекара асырған. Тағы да жемқорлықтың көлеңкесі қылаң беретін сияқты. Ең бастысы, Австрия тарапы да, ауру малды сатқан делдалдар да өтемақы төлеген жоқ. Ал мұны тегін қалдырмаймыз деп айбат шеккен Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірге жұмған аузын ашпауда.

Республика аумағындағы малдың басым көпшілігі орталық және солтүстік облыстарда. Дәл осы облыстарда жыл сайын бруцеллез ауруы жиі тіркеліп, мал мен адам баласына жұғатындығына статистика дәлел. Десек те, шенеуніктер малынан айрылғысы келмеген шаруаны кінәласа, шаруалар дер кезінде екпе салмады деп, дәрігерлерге кінә артады. Мәселен, биыл наурыз айында Қарағанды облысында ірі қара мен ұсақ мал бруцеллезі тіркелген, сондай-ақ осы дертке шалдыққан 4 адам аурухана төсегіне таңылған. Ауыл халқы әлі күнге мүлдем бейқам. Сақтанбайды да. Сорақысы сол, қаңтар, ақпан айларында белгілі болған ауруды жасырып келген. Сірә, қала базарларына, қара базарларға түсетін ет алыстан емес, осындай бруцеллез ошақтарынан әкелінетін сияқты. Бір сөзбен айтсақ, «Қайда барсаң Қорқыттың көрі».





Зиянды сусындар - «Коко-кола», «Спрайт», «Фанта»…

Қазір кез келген дүкенге бас сұқсаңыз сусынның неше түрін көресіз. «Кока-кола», «Спрайт», «Фанта» секілді газдалған сулардан көз сүрінеді. Гүлнұр Қалбағаеваның айтуынша, кальций жетіспеушілігінен туындайтын остеопотроз ауруы осы сусындарды жиі ішкеннен пайда болады екен.

- Жастардың да, үлкендердің де жиі қолданатын «Коко-кола» сусынына кофеин қосылады. Өнім кокаин өндіретін коко ағашынан алынады. Сондықтан бұл сусынды ішкен адамның шөлі қанбайды, керісінше, ішкен сайын шөлдеп, іше бергісі келеді. Егер балалар «Коко-коланы» жиі ішетін болса, басы ауырып, тез шаршап, ұйқысы қашады. Сусын құрамындағы қоспалар ағзада кальцийдің сіңуін азайтады. Бұл сүйек тіндеріне кері әсерін тигізіп, беріктігін жояды. Осыдан кейін балалар дәрумен жетіспеушілігіне байланысты түрлі ауруға шалдығады. Сондықтан ата-ана бұндай сусындарды баласына алып бермегені жөн. Қайта оларға өнімнің зияндылығын түсіндіруі керек,- дейді Гүлнұр Қалбағаева.

Сондай-ақ газдалған сусындар мен фаст-фуд тағамдарды шамадан тыс пайдаланған балалар семіздікке душар болады. Мәселен, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемде 155 миллион бала артық салмақтан зардап шегеді екен. Оның 45 миллионы - 5 пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер. Гүлнұр Қалбағаева семіздіктің алдын алу үшін күнделікті ас мәзірінде энергиялық құндылығы төмен биологиялық тұрғыдан құнды азық-түлікті пайдалану керектігін айтады. Газдалған сусындардың орнына сілтілі минералды суларды ішіп, алма, алмұрт қайнатпаларын қолдану керек.



"Coca-cola" шәрбәтінің дәмін білерсің, Ал қалай дайындалып,қандай зиян әкелетінін білмессің!



Кока-коланы өндiру тарихы. Бiлгеннен кейін қайтіп ішкің келе ме?) Коланың құпиясы да осында: ішкен сайын, одан әрі ішкің келе береді…



P.S. Түркияда оның жасалу жолын білгеннен-ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ-тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кеінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат-қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін БІЗБЕН не қылмақ?! О_о



«Coca-Cola» деп аталу себебі де жайшылық емес. Оның логотипін керісінше жазып оқығанда, арабша мағына беретін маңызды сөздер жасырылған. Оның аудармасы: «La Mohammed = Мухаммеда жоқ, La Mecca = Мекки жоқ» болған. Ендеше, әлі есің барда, бауырым, харам суды ішпе…





Қызықты айғақтар

2011 жылы National Geographic телеарнасы Coca-Cola сусынының зауытын, оның жұмыс істеуі мен дайындау құпияларын көрсетті.

1989 жылы Coca-Cola Мәскеудегі Пушкин алаңына өзінің сауда маркасын еңгізген ең алғашқы шетел компанияларының бірі болып саналады.

«Coca-Cola-ның» ең үлкен белгісі Арика қаласында орналасқан. Белгінің ені ─ 122 метр, биіктігі ─ 40 метр. Ол «Coca-Cola-ның» 70 мың шөлмегінен тұрады.



Мұсылмандарға кока-кола ішуге бола ма?





Бүгінде кока-кола ішпейтін немесе ішіп көрмеген адам саусақпен санарлық. Еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін шөлдеген сиырдай сіміре жұтады. Қызыл қақпақты бұл сусынның пайдасынан гөрі зиянының көптігі туралы жазыла-жазыла жауыр болғаны да рас. Алайда, айтылған сөзді естір құлақ табылмай жатқаны өкінішті. Ғаламды тұтас жаулап әлемдік нарықта ірі сұранысқа иек артқан кока-коланы жалпы мұсылман баласына ішуге бола ма? «Алаш айнасы»</ интернет-газеті осы мәселені ой елегіне салды.

Оның несі айып? Сусынды мұсылман да ішпей ме дейтін де шығарсыз. Алайда, ол туралы толық мәлімет алсаңыз бұл ойыңыздан бірден айнып қалатыныңызға біз кәміл сенеміз. Алдымен бұл сусынға шетелдіктер қалай қарайтынын сүзгіден өткізейікші. Бауырлас Түркия әлдеқашан кока-коладан бас тартыпты. Себеп - жалғыз. Кока коланың сыртында оның құрамы туралы жазылмаған.

Риа-Новости агенттігіне берген сұхбатында, Қасиетті Николай қорының әлемдік кеңесінің басшысы Мұхаммер Карабулут: «Елдегі тұтынушылар туралы заңға сәйкес кез келген өнім шығарушы сатып алушыларды оның құрамымен таныстыру міндетті», - дейді. Осыдан кейін дереу қолға алынған «қызыл телпекті кока коланы» Түркияның ірі қаласы Ыстамбұлда үзілді-кесілді сатуға тыйым салынды. Тіпті, Балтық елдерінің бірі - Латвия да денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен мектептерінде кока-кола сатпайтын болған. Ал, Үндістандағы мұсылман ағайын тіпті сусынның мұсылмандарға мүлдем жат екенін, тіпті харам екенін де мәлімдеді. Олардың айтуынша, «Кока-кола» сөзін терісінен оқығанда «Мұхаммед жоқ, Мекке жоқ» деп оқылатын көрінеді. Әдейі жазылған ба, әлде солай болып көріне ме, әзірге белгісіз. Осыдан кейін қаһарына мінген Үнділік мұсылмандар кока-кола басшылығынан логотипін екі ай ішінде өзгертуді талап етеді. Арызына құлақ аспағандықтан Үндістан да кока-колаға байкот жариялап тынды.



Осыдан кейін әбден ойланған кока-кола басшылығы құпия болып келген сусындарының құрамын жариялауға мәжбүр болыпты. Сөйтсек, күнделікті ішетін коламыз кәдімгі құрт-құмырсқа заңдас тіршілік иесінен жасалады екен. Кошениль атты құрттан бөлінетін кармин кока-коланың негізгі бояғышы болып шықты.



Ал Франция тұтынушыларының халықаралық ұйымы кока-коланың құрамында қант мөлшерінің көптігі адам ағзасына кері әсер ететін дәлелдеді. Тіпті, халықаралық зерттеушілер коланың құрамында алкогольдің барлығын анықтап берді. Ең қызығы, кока-кола сусынын шетелдіктер біз сияқты ішудің орнына тазалық жұмыстарына кеңінен қолданатын көрінеді. Мәселен, дәретхананы тазалау, көліктің қозғалтқышы мен металл ыдыстарды тазалауда коладан артық ғажайып жоқ.

Егер кока-коланың бір құтысын доңыз етіне құйса, бірден құрттар пайда болатын көрінеді. Жүректі айнытар бұл көрініс тіпті ғаламтор бетінде жүр. Сондай сусынды мұсылманға ішуге бола ма? Мәжіліс депутаты Бекежанов тіпті кола мен пепси сусындарынан аулақ болуға шақырды. Мәжілісте сөйлеген сөзінде ол сусыннан адамның семіздік ауруына тап болатындығын баса айтқан.



1886 жылы АҚШ-та пайда болған бұл сусынның қазіргі жылдық табысы миллиардтаған долларға жеткен. Әлемдегі нөмір бірінші бренд сусын болып табылатын кола ғұмырының ұзақтығы немен байланысты?



Компанияның тек кока-коланы сатудағы табысы 30 миллиард доллардан асып жығылған. Өзгелер қаңсық қылып сатуға тыйым салса да, Қазақ елі қаржысын кока-кола үшін миллиондап шығындайды. Тіпті, кока-кола жүлдесі үшін түрлі спорттық турнирлер де ұйымдастыру қолға алынған. Жыл сайын кока-кола футболдан былғары доп бәсекелерін ұйымдастырып жатқаны осының нақты айғағы.

Пайдалы кеңес

Қазіргі кезде өндіріліп жатқан тағамдардың құрамында өсімдік майы, ақуыздың құнды түрлері, тағам талшықтарының жетіспеушілігі байқалады. Оның есесіне көмірсуы басым тағам көп. Сондай-ақ аса тазартылған тағамды жиі пайдалану да үрдіске айналды. Табиғи азық-түлік азайып барады. Тіпті, қазір барлығы консервіленіп, ұсақталып, пісіруді қажет етпейтіндей күйде ұсынылып жатыр. Сондықтан кез келген азамат мүмкіндігінше табиғи азық-түлікті пайдаланғаны жөн. Оның ішінде балаларды жасанды, тез пісетін тағамдарға әуес қылмаған абзал. Олардың орнына түрлі жеміс-жидектер мен сүт тағамдарын молынан беру керек. Мәселен, оқушылар үзіліс кезінде чипсы немесе қатырлақ нандардың орнына алма немесе банан, киви секілді жемістерді жегені жөн. Өйткені жеміс-жидектер түрлі дәрумендерге бай. Ал сүт тағамдары кальцийдің көзі. Жас кезде сүтті көп ішу керек. Ол сүйекті қатайтып, ағзаның сау, әрі дұрыс жетілуіне жақсы әсер етеді.

Егер адам дұрыс тамақтанып жүрсе, орталық нерв жүйесінің қызметі жақсарып, жұмысқа қабілеті артады.









Қорытынды:

«Ауру - астан» екені рас. Аурудың 75-80 пайызы ішкен тамаққа байланысты пайда болатыны да жиі айтылып жүр. Мәселен, Дүниежүзілік медицина орталығының мәліметіне сүйенсек, сырқатқа шалдыққан адамға медицинаның тигізетін көмегі - 12 пайыз, ал қалғаны салауатты өмір салтын қалай ұстануыңызға байланысты екен.

Қазір мемлекет тарапынан да осы мәселеге баса назар аударылып жатыр. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты биыл Алматы қаласында ҚР Профилактикалық медицина академиясы жанынан салауатты тағамтану орталығы ашылды.

Ағзаға түскен коланың құрамындағы күкірт және фосфор қышқылдары бауыр және бүйрек жұмыстарына кері әсер етіп, қауіпті науқастарға шалдықтырады. Бәлкім бізге де бауырлас мұсылман елдеріндей сусыннан бас тарту қажет шығар. Бұл үшін арнайы заң қабылдау қажет пе? Әлде, шекарамызды шегелеп, кеденнен кока-коланы мүлдем өткізбеуді қолға аламыз ба?



Қалай десек те, сусын алаш баласын сормаңдай қылатын түрі бар. Ертерек қимылдамасақ, ертең кеш болып қалуы әбден мүмкін. Ойланайық, мұсылман баласы, коланы ішіп, құрдымға кетіп жүрмейік?!



Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі















































































Алдыңызға келген қандай ас?

Тағамдар мен сусындарға қосылатын дәмдеуіштердің адам ағзасына зияны







Зиянды 10 өнім

Тағамдар мен сусындарға қосылатын дәмдеуіштердің адам ағзасына зияны







«АТАҢ ЖЕМЕГЕН АСТЫ АУЗЫҢА АЛМА» ДЕП... БІЗ ҚАНДАЙ ТАМАҚ ЖЕП ЖҮРМІЗ?





Тағамдар мен сусындарға қосылатын дәмдеуіштердің адам ағзасына зияны





«Coca-Cola» деп аталу себебі де жайшылық емес.

Тағамдар мен сусындарға қосылатын дәмдеуіштердің адам ағзасына зияны





Мұсылмандарға кока-кола ішуге бола ма?



Тағамдар мен сусындарға қосылатын дәмдеуіштердің адам ағзасына зияны



Дана халқымызда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қанатты сөзі бар.

Елімізде кең қолданысқа ие болған «Кока-кола», «Пепси» сусындарының адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретіні туралы ғалам- торда жарияланған деректерде Америка Құрама Штаттарының ғалымдары бұл сусындарды жасауға пайдаланатын карамельдің негізінде жасалған бояғыштар қатерлі ісіктің дамуына себеп болатындығын алға тартады.

Кока-кола карамель түстес, бірақ бұл қоңырқай түстес қоспа-қант, аммиак және сульфиттардың күрделі химиялық реакцияның арқасында жасалған канцероген. Бұл күрделі химиялық реакцияның салдарынан алынған бояғыштар құрамында адам денсаулығына қауіп туғызатын заттар анықталған.

Атап айтқанда, бұл заттар өкпе-бауырдың, қалқанша бездің қатерлі ісігіне және лейкомияға әкеліп соқтырады екен. Қауіпті қоспа «Кока- Кола» компаниясының 5 түрлі тағамында айтарлықтай мөлшерде табылған.

Алайда, тағамдардың зат таңбасында (этикетка) денсаулыққа қауіпті қант орнына қолданылушы зат - аспартаманың тағам құрамында бары да жазылмаған. Организмге түскен бұл зат метилдық спиртті құрап, ол қатерлі ісікке апарып соқтыратын формальдегидке (канцерогенге) айналатындығы көрсетілген.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясы тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы «Кока-Кола Лайт» сусынын сатуға тыйым салу жөнінде сотқа жүгінген.

Ал Қазақстанда студент-химиктер ассоциациясы «Кока-кола» сусынын адам денсаулығына зияндығы туралы бейне таспа түсіріп, институт қабырғасында жарнама жасауда екен. Себебі қазір көп адамдар коланы трубаларды тоттан тазартуға пайдаланады екен. Сонда темірді тоттанудан корғайтын затты біз қалай ішпекпіз?



Қоғамда орын алып отырған бұл мән-жайды дабыл деп түсінуіміз қажет.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының заңының 87 бабына сай мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына денсаулық сақтау құқығына кепілдік береді. Заңның бұл талабына жүгінсек мемлекет шұғыл түрде халық денсаулығын сақтау мақсатында шара көру керек деп есептеймін.

Ол үшін, біріншіден, аты әлемге әйгілі сусындардың қаншалықты адам денсаулығына зиянды екенін анықтау мақсатында сараптама жүргізу керек. Егер аталған сусындардың құрамынан адам ағзасына зиянды заттар табылған жағдайда оның Қазақстанға әкелінуіне, сатылуына тыйым салып, оның адам денсаулығына зияны туралы ақпараттық үгіттеу шараларын мемлекет деңгейінде жүзеге асыру керек.

Екіншіден, құрамында консерванттар мен химикаттар бар басқа да өнімдерді (сағыздар, чипсылер, энергетикалық сусындар, кириешкалар, фаст-фудтар) Республика территориясына алып келуді қатаң бақылауға алу керек.

Үшіншіден нарықты қауіпті әрі сапасыз тауарлардан сақтауға бағытталып жүргізілетін жұмыс барысында айналымда бар және де өмірге қауіп төндіретін өнімдердің мониторингі мен инвентаризациясын жүргізу қажет.



адам 30 күн бойы тек фастфудты ғана жейді, соның ішінде тәжірибе талаптарына сәйкес, McDonald's компаниясының тамағын күніне минимум түрде 1 рет жеуі керек болатын.Осы аталған тәжірибенің қорытындылары бойынша, медициналық мекеменің адамның денсаулығына белгілі бір зиян келгендігі туралы ақпарат шығарады. Яғни, ол 12 кг.-ға толып, қан құрамындағы кант мөлшерінің көбейгендігі, іш ауруы, көңіл-күйінің тұрақсыздығы және т.б. қиындықтарға тап болады. Бағдарламаның авторларының айтуы бойынша, осындай жағдайдан жазылу үшін 50 000$ шамасында интенсивті жартыжылдық ем қажет болады. McDonald's тағамдарын дайындау барысында көптеген химиялық қоспалар ( ароматизаторлар, стабилизаторлар, консерванттар, бояғыштар және т.б.), кейбір канцерогендер (мысалы, бензоат натрия, Е211) қосылады. қуырылған және пісірілген крахмалды азық-түліктер кең қолданылады (картофель фри), олар да канцерогеном акриламидке бай болады .

тез тамақтану - басты мақсат. Осындай шыдамсыз әрекеттер адам өмірінің барлық тұсынан көрініс табады. Мұндай астан бас тартудың миллион себептері бар: Артық салмақ қосқыңыз келсе? Бір орташа гамбургер, фри картоптары және жарты литр кола - 1500ккал. Ал бәріміз білетіндей аз есеппен бұл бір адамның бір күнгі кабылдайтын мөлшері. Ал бір күнде сіз осыларды ғана жеумен шектелмейсіз ғой? Американдық журналист Морган Стерн өз тәжірибесінде 30 күн бойы Нью-Йорк қаласының фаст-фуд орталықтарында тамақтану арқылы 14 келі салмақ қосқан. Артық салмақ әр түрлі ауруларға себепші болуымен қатар, адамның көңіл күйіне тікелей әсер етеді. Егер сіз өзіңізді артық салмақтан құтқарғаңыз келсе, фаст фудқа жоқ деңіз! Денсаулығыңызды қатерге тіккіңіз келсе? Әдетте фаст фуд жегеннен ең алдымен ас қорыту нашарлайды. Созылмалы тұмау, сіркесі су көтермейтін ашушаңдық, аллергиялық аурулар, еркектік қабілеттің нашарлауы, бедеулік, инфаркт, инсульт, қатерлі ісік тағы басқа түрлі сырқаттардың бәріне тамақ құрамындағы зиянды нәрселер себепші. Бір сөзбен айтқанда жеңіл әрі тез дайырланатын тамақтардан адам азғасына келер ешқандай пайда жоқ. Көп ақша жұмсағыңыз келсе? Сіз мұнымен келіспеуіңіз мүмкін, Ал енді бір айда жеңіл асқа қанша ақша жарататыныңызды есептеңіз? Осыған фаст фуд әсерінен пайда болған шаш пен теріңіздің зақымдарын жасыру мақсатында сән салондарына жұмсаған қаражатыңызды қосыңыз. Ал егер мұндай асты әлі де қолдана беремін десеңіз, онда болашақта денсаулығыңызға байланысты медициналық орталықтарға кететін ақша мөлшерін тағы қосыңыз. Жаңа сатып алатын киімдеріңіз жайлы тіпті айтпаймын, себебі бұрынғы киіміңіздің тура келуі екіталай. Балаларыңыздың денсаулығы нашарласын десеңіз? Бүгінде тез даярланатын өнімдер үлкен адамдармен қатар мектеп жасындағы балалар арасында да танымал. Әсіресе чипстер, кептірілген нан (сухарики) олардың сүйікті тағамдарына айналған. Шведтік ғалымдардың айтуынша бұл тағамдар акрималид сияқты қауіпті концорогендерге бай. Акриламид - адамның жүйке жүйесін бұзатын, генетикалық мутацияға ұшырататын ақ немесе тұссіз суда еритін зат. Ол көмірсуға бай тағамдарды қуырғанда пайда болады. 1келі чипстың құрамында 2000 микрограмм акриламид түзіледі, бұл 1 келі қуырылған еттен 40 есе көп. Ал газдалған сусындарды күнделікті пайдалану адам ағзасында кальцийдің азаюына алып келеді. Кальцийдің жетіспеуінен 150 түрлі ауруға шалдығуға болады. Олардың бірі - остеопороз. Бұрынырақ бұл аурумен 60 жастағы карт адамдар ауырса, қазір бұл ауру түрі 6-12 жастағы балаларда ұшырасады. Балаларыңыздың шамадан тыс шыдамсыздығы мен жүйкелерінің тез жұқаруын, оған қоса ұмытшақтығын күнделікті қолданып жүрген астан іздеңіз!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал