7


  • Учителю
  • Урок по химии на тему'Темір' 10 класс

Урок по химии на тему'Темір' 10 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

10 сынып

« Темір» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

Темір


Сабақтың мақсаты

Темірдің периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы,табиғатта таралуы,қасиеттерімен танысу.Темір туралы алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.Топтық жұмыс ақылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.


Сабақ типі

Жаңа білім беру


Сабақ түрі

Аралас сабақ


Болжамдаған нәтиже

Темірдің периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы,табиғатта таралуы,қасиеттері ,алыну жолдары туралы мәліметтерді анықтайды,талдайды.Темірдің сапалық реакциясын тәжірибеде дәлелдейді,есептер шығарады.Алған білімдерін өмірде қолданады.


Сабақтың кезендері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру (2мин.)

Оқушылармен сәлемдесу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Сабақтың мақсатын,кезендерін айқындау.

Психологиялық ахуал.Бір-біріне жылы лебіз айту.

Оқушыларды түсті стикер арқылы топқа бөлу.

Оқу құралдарын дайындау.Түсті стикер арқылы топқа бөлінеді,сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен танысу.

Үй тапсырмасын тексеру(7-8мин)

1.»Хром» тақырыбына доп лақтыру арқылы бір-біріне сұрақтар қояды.Жауап алады.

2. Хромның қосылыстарындағы хромның массалық үлесін анықтаңдар.

1-топ CrO

2- топ Cr2O3

3- топ CrO3

4-топ CrCl3


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Оқушының жауаптарына қарай мадақтау,ынталандыру.Есеп шығарады.

Тұсау кесер(2-3мин)

Ой қозғау

«Темір-аспан тасы»-видео , темірден жасалған бұйымдар көрсетіледі.

-Бұл видеодан не түсіндіңдер?

-Бүгінгі сабақ немен байланысты болуы мүмкін?

Оқушының жауаптарына қарай мадақтау,ынталандыру.

Негізгі бөлім(20мин)

Жаңа тақырыппен жұмыс

«Не білуіміз керек?»

(Қызығушылықты

ояту»

Топтық жұмыс

1-топ «Физик» Темірдің периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы,физикалық қасиеттері.

2- топ» Геолог» Темірдің табиғатта таралуы,алынуы.

3-топ «Химик» Темірдің химиялық қасиеттері,маңызды қосылыстары.

4-топ «Биолог» Темірдің биологиялық рөлі.

Төрт топқа берілген тапсырманы оқып,ойланып,жұптасып топта ақылдасып ,постерге түсіріп қорғайдыБерілген қосымша материалдармен (суреттер т.б)жұмыс жасайды.


Темірдің физикалық және химиялық (сапалық реакция) қасиеттеріне тәжірибе көрсетеді.


Төрт топқа берілген тапсырманы оқып,ойланып,жұптасып топта ақылдасып ,постерге түсіріп қорғайды.

Темірді күкірттен магниттен бөліп алу.

Темірдің сапалық реакциясын

дәлелдейді.

Бекіту(7-8мин)

Ой толғау

1.Темірдің адам өміріндегі маңызы қандай?

«Физик»-техникада

«Геолог» -өнеркәсіпте

«Химик» -шаруашылықта

«Биолог» - тұрмыста

2.Сәйкестендіру тесті.

3.Мына айналымдарға сәйкес реакция теңдеуін жазып,реакцияның жүру жағдайларын көрсетіндер.
«Химик»

56→127→90→72→56

  • «Физик»

56→160→56→127→90

  • «Биолог»

FeS2 → FeO → Fe → FeCl2 →Fe(NO3)2

  • «Геолог»

FeS2 → Fe2O3 → Fe → FeCl2 →FeSO4

4.»Темір» тақырыбына тест жұмысы.

Топпен жұмыс жасайды.Топтың ішінде бір оқушы жауап береді.

Сәйкестендіру тестін орындайды.

Химиялық реакциялар жазады.

Тест жұмысын жеке орындайды.

Сергіту сәті(3мин)

Рефлексия (3мин)

«Бес саусақ» әдісі


Бағалау(критерий арқылы)

Критерий арқылы бағалау

Өз-ара,топтық бағалау

Үйге тапсырма

Параграф 7.4 №3,6,200 бетте.

«Алюминий және оның қосылыстары»презентация жасау

Күнделікке үйге берілген тапсырманы жазады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал