7


  • Учителю
  • Ашық сабақ. Тақырыбы: «Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар»

Ашық сабақ. Тақырыбы: «Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Химия 10-сынып

Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беру орта мектебінің

химия пәні мұғалімі Үсенбаева Қарлығаш жолжігітқызы



Тақырыбы: Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың күкірт және оның қосылыстары тақырыбы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды өзбетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін

дамытуға,еңбектенуге,өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақ жоспары:

  • Ұйымдастыру

  • Топқа бөлу

  • Тренинг "Сандарды бейнеле!"

  • Үй тапсырмасын пысықтау.

  • Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Жаңа сабақ (постер қорғау)

  • Тәжірибе жасау

  • Tалдау (есептер шығару)

  • Модельдеу

  • Бағалау

  • Үйге тапсырма

Сыныпты топқа бөлу

Ағашта тұрған жемістерді әрбір оқушы алып, артында жазылған формулаға сәйкес келетін орындарға отырғызылады.

Лездік сұрақтар қою арқылы топбасшы сайланады

Тренинг

"Сандарды бейнеле!"

(әр топқа екі саннан беріледі, сол сандарды оқушылар көрсету керек.)

Үй тапсырмасын пысықтау:

  1. Кәдімгі жағдайда азот қандай металмен әрекеттеседі?

  2. Азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  3. Мүсәтір спиртінің формуласы қандай?

  4. Азот қышқылының физикалық қасиеттері.

  5. Фосфорға периодтық жүйе бойынша сипаттама беріңіз.

  6. Өнеркәсіпте фосфор қышқылы неше әдіспен алынады?

  7. Фосфат ионына сапалық реакция.

  8. Фосфор қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

Жаңа сабақ: (постер қорғау)

Периодтық жүйедегі орныжәне атом құрылысы

</ КүкіртSVІ А топ элементі.

Электрондық формуласы: S 1s2 2s2 2p6 3s2 3p4

Физикалық қасиеттері

Күкірт -сары түсті,қатты кристалды зат

Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық,моноклинді,пластикалық

Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түріндетұйықталған сегіз атомнан тұрады

Суда күкірт ерімейді,спирт пен эфирде нашар ериді;бензолда,күкіртті көміртекте және т.б.жақсы ериді

Химиялық қасиеттері

Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғышта,тотықсыздандырғыш та бола алады

күкірттің жай заттармен әрекеттеседі

Fe + S = FeS

Kүкірт жоғары температурада сутекпен әрекеттеседі

S + H2 = H2S

Жоғары температурада күкірт фтормен және оттекпен әрекеттеседі(жанады)

S + O2 = SO2

Оксидтермен, қышқылдармен және тұздармен күшті тотықтырғыш қасиет көрсетіп әрекеттеседі

S + HNO3 = H2SO4 + 2NO↑

Табиғатта таралуы

Күкірттің табиғи қосылыстарыБалқаш,Шығыс Қазақстан облысында сульфидтер( ZnS,PbS, FeS,т.б)күйінде болса,сульфаттары

(СаSO4. 2 H2 O, Na2 SO4 .10H2 O,MgSO4. 7H2 O) т.б болады

Күкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседі

Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады

Күкіртсутек Н2S

Табиғатта таралуы және физикалық қасиеттері

Күкіртсутек -шіріген жұмыртқа йісті,түссіз газ.-60°с-та сұйық күйге ауысады.ал -86° с-та қатады.

  • Күкіртсутек табиғатта жанартау атқылағандағы газдардың құрамында,емдік қасиеті бар минерал суларда кездеседі(Алма-Арасан т.б)

  • Күкіртсутек өте улы,оның өте аз мөлшерімен тыныс алғанда адам есінен танып,тіпті өліп те кетуі мүмкін.

  • Күкіртсутек тыныс алғанда гемоглобинмен байланысып,сал ауруын туғызады.

  • Күкіртсутекпен уланған адамды тез арада таза ауаға шығару керек.

Химиялық қасиеттері

Күкіртсутеке тотықсыздандырғыш қасиет тән.

2Н2S +O2→2S+2H2O S- тот-с-ш , O2- т-т-ш

Металдармен әрекеттесіп сутек бөледі,активтік қатарында сутекке дейін тұрған металдармен:

Н2S+Mg→ Mg S+ Н2↑

Галогендермен әрекеттескенде сәйкес галогенсутек қышқылдарын түзеді:

Br2 + Н2S →2HBr+S

Күкіртсутек екі негізді қышқыл болғандықтан,орта(сульфидтер)және қышқыл тұздар(гидросульфаттар) түзеді. Н2S+КОН →КНS+H2O

Алынуы:

Зертханада:Н2S Кипп аппаратында алынады:

ҒеS+ 2HCI → Н2S↑+ ҒеCI2

Қолданылуы:

  • Күкіртсутек емдік қасиеті бар,буын ауруларын емдеуде күкіртті сутек ванналарында қолданылады

  • Күкірттісутектің тұздарымен түсі әр түрлі тұнба түзуі аналитикалық химияда ерітіндіден сәйкес металл катиондарын бөлуде және анықтауда қолданылады

Күкірт оксидтері

Физикалық қасиеттері

Күкірт екі түрлі оксид түзеді:S(ІҮ)оксиді-SO2(күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді),бұл-өткір тұншықтырғыш иісі бар,түссіз газ.

S(ҮІ)оксиді-күкірт ангидриді- SO3,ұшқыш,түссіз сұйықтық;олар суда жақсы ериді,нәтижесінде күкіртті қышқыл Н2SO3және күкірт қышқылы Н2SO4 түзіледі,олай болса бұлар қышқылдық оксидтер

Алынуы

Зертханада:Күкіртті ауада жағу арқылы 2S+O2→ SO2

Өндірісте:

2ZnS+3O2 → 2ZnO+ 2SO2

2SO2+O2 → 2SO3

Химиялық қасиеттері

Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:

SO2+Na2O→Na2SO3

Негізбен әрекеттескенде тұз және су түзе жүреді

SO2+2 NaOH →Na2SO3+H2O

Қолданылуы

SO2-қантты,маталарды,сабынды ағарту үшін,қоймаларды аластау үшін қолданылады.

Күкірт қышқылы:

Физикалық қасиеті:

  • Күкірт қышқылы-түссіз, ұшқыштығы төмен, тығыздығы 1,84г\мл майлы сұйықтық

  • Кейде оны "купорос майы" деп атайды.

  • Ылғал тартқыш .

  • Күкірт қышқылы суда жақсы ериді.

  • Еру кезінде көп мөлшерде жылу бөлінеді.

  • Ауадан және басқа газдардан су буын жақсы тартады.

Химиялық қасиеттері

Күкірт қышқылы күшті және белгілі минералды қышқылдар ішіндегі тұрақтысы

Ca3(PO4)2 + 3H2SO4 = 3CaSO4 + 2H3PO4

Сұйылтылған күкірт қышқылына күшті қышқылдың барлық қасиеттері тән. Олар негіздік оксидтермен, негіздермен және тұздармен әрекеттеседі.

K2O + H2SO4 = K2SO4 + H2O

Кернеу қатарындағы сутектің оң жағындағы металдар сұйылтылған күкірт қышқылында ерімейді. Сол жағында орналасқан металдар ериді:

Fe + H2SO4 = FeSO4 + H2

Сульфат иондарына сапалық реакция

Күкірт қышқылына және оның тұздарына барий тұздарының ерітіндісі реактив болып табылады. Ва2+ катионы SО42- анионымен іс жүзінде ерімейтін ақ тұнба түзеді:

Ba2+ + SO42- = BaSO4

Қолданылуы

Күкірт қышқылымен тікелей немесе жанама байланыспаған химиялық өндіріс салаларын айту қиын. Күкірт қышқылы жан-жақты қолданылуы бойынша бірінші орында тұр. Оны химия өнеркәсібінің "наны" деп санайды, себебі басқа қышқылдарды алуда, мұнай өнімдерін тазалауда, қант өндірісінде, өсімдік майын тазалауда, газдарды құрғатуда, сода, бояу, жасанды талшық өндірісінде, органикалық синтез және т.б. қолданылады. Негізгі химиялық өнеркәсіпте күкірт қышқылы тыңайтқыштар алуда қолданылады

Сульфаттар

Күкірт қышқылының тұздарын сульфаттар деп атайды. Күкірт қышқылы екінегізді болғандықтан, ол тұздарды екі қатарына түзеді: орта-сульфаттар және қышқыл-гидросульфаттар

Күкірт қышқылының тұздары да өте көп қолданылады. Күкірт қышқылы тұздарының ішіндегі тұздарына маңыздыларына мыналар жатады:

Кальций сульфатыCаSO4 кристалгидрат түрінде кездеседі:гипс,алебастр.Гипсті кыздырганда ол алебастрга айналады.Алебастрды медицинада сынықтың сыртынан орап таңуда және тіс протезін дайындауда қолданады

Тәжірибе жасау

Қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіру !

Қажетті құралдар мен реактивтер: күкірт қышқылы, темір,қант, сынауық, тамшуырлар.

1) Темірдің түйірін сынауыққа салып, үстіне күкірт қышқылын тамызыңыз.

2) Қант ұнтағын сынауыққа салып, үстіне күкірт қышқылын тамызыңыз.

Құбылыстарды байқаңыз.

Реакция теңдеуі:

  • Fe + H2SO4 = FeSO4 + H2

  • 2C12H22O11 +2H2SO4 = 23C + CO2 + 2SO2 + 24H2O

Талдау

І топ

1. Күкірттің химиялық таңбасы және электрондық формуласы

2 .Мүмкін болатын валенттігі

3. Массасы 375 г техникалық FeS2(тазалығы 80%) ауада жаққанда алынған газ тәріздес

өнімнің көлемі(қ.ж.)

ІІ топ

1. Мына қосылыстардың ішінен күкіртті қосылыстардың формуласын тауып ,атын ата:

СаО,Н2S, NaOH ,SO2, H 2O, HNO3,MgCI2 ,Fe2 (SO 4)3

2. Күкірттің тотығу дәрежелері

3. Айналым бойынша 30 г күкірт (ІV) оксидінен алынатын күкірт қышқылының массасы.

ІІІ топ

1. Күкірт қышқылына және оның тұздарына қай зат сапалық реактив болып табылады ?

2. Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері қандай?

3. Мына реакция теңдеуін аяқта:

а) Mg+H2S O4→

ә) Zn O+ H2S O4→

б) Na3 PO4 + H2S O4→

ІҮ топ

1. Конценрлі және сұйылтылған қышқылдардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

2. Күкірттің қанша аллотропиялық түр өзгерістері бар?

3. Мына айналымды жүзеге асыр: S → SO2 → SO3 → H2 S O4 → K2 S O4

Модельдеу

Қолымыздағы қажетті құрал - жабдықтармен 1 минут ішінде күкірттің аллотропиялық

түрөзгерістерін жасаңыз.

Бағалау.

Әр топта жиналған жетон бойынша жеңімпаз топты анықтаймыз. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларыды бағалаймыз.

Үйге тапсырма:&7.11. &7.12.

Рефлексия: Стикерлерді толтырыңыз!





























































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал