7


  • Учителю
  • 'Металдар' ашық сабақ жоспары

'Металдар' ашық сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Металдар

Сыныбы: 9

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың алған білімдерін қорыту,бір жүйеге келтіру және білім деңгейін тексеру,жан-жақты ойлауға,ұйымшылдыққа баулу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

Оқушыларды ынтымақ бірлікке,тез ойлауға жіне белсенділікке дағдыландыру,теориялық білімдерін бір жүйеге келтіру.

Дамытушылық:

Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге баулу,ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту,алған теориялық білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге үйрету;жаңа компьютерлік технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілік:Туған жер қойнауының байлықтары туралы оқушылардың білімін кеңейтіп,аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қорытынды,жүйелеу сабағы.

Сабақтың әдісі:топтық жұмыс,аралас жұмыс.

Пәнаралық байланыс:география,биология.

Сабақ көрнекілігі: «Химия» 9-сыныптар,слайдтар.

Сабақтың девизі: «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат,бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» Қ.Сәтпаев

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сыныпты үш топқа бөліп отырғызу.

Психологиялық даярлық.Кәне,Қуаныш бізге өз атыңнан басталатын үш тілек сөз айтып жіберші.

Қ:Қош келдіңіздер,қуанышты Қазақстан

М:Өте жақсы.Кәне балалар ендеше келген қонақтармен амандасайық.

О:Қош келдіңіздер.

М:Өте жақсы.Осы сөздің дәлеліндей елемізде қуанышты бейбіт күніміздің тағы бір таңы атты.Еліміздің болашағы мектеп қабырғасындағы ұрпақ.Сондықтан Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін білім керек.Ендеше,білім алатын тағы бір сабағымызды бастайық...

І кезең.Кел танысалық!

Топ «Темір»

Темір-металл,темірді латын тілінен аударғанда «қамал» дегенді білдіреді,сондықтан да біз қамалдай берік Қазақстанның азаматымыз.

2-топ «Алтын»

Алтын-таңғы арай дегенді білдіреді,сондықтан да сендерге әрбір арайлап атқан таңдарың сәттілік әкелсін дегіміз келеді.

3-топ «Берилий»

Берилий-тәтті деген мағынаны береді,әсіресе берилий ғарышта өте маңызды орын алады,сондықтан да ғарышта ашылмаған құпияларды зерттеу,оқып-білу міндетіміз.

ІІ кезең.Кім көп біледі?

Металдарға байланысты сұрақтар слайдтар түрінде көрсетіледі.

ІІІ кезең.Кім жүйрік?

Топ басшыларының сайысы.

«Темір» тобына

Қыздырылған Fe2O3 арқылы сутекті өткізіп,темір алуға болады.Егер 2,24л сутек жұмсалса,темірдің массасын есептеңдер.Реакция өнімінің шығымы теориялық мүмкіндіктің 95 %-ін құрайды.

«Алтын» тобына

Массасы 12г Al мен Cu қоспасы тұз қышқылымен өңделеді.Бөлініп шыққан сутек 7,4л (қ.ж.) көлем алды.Әр металдың қоспадағы массалық үлесін анықтаңдар.

«Берилий» тобына

Массасы 15,2г хром (ІІІ) оксидін алюминиймен тотықсыздандырғыш 9г хром түзілді.Хромның теориялықпен салыстырғандағы шығымын процентпен көрсет.Өзін-өзі тексеру үшін есептер жауаптар слайдтан көрсетіледі.

IV кезең. Тіл-өнер

М:Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп-өну көзі-оның тамыры,адамның санасының даму көзі-оның тілі.Бүгінгі таңда дамыған елдің азаматтарына 3-4 тіл білу міндет,ендігі кезең тіл-өнер.

Анограммадан сөз құрастырып,қазақша,орысша,латын,халықаралық атауын беру,формуласын жазу,салыстырмалық атомдық массасын айту.

«Темір» тобына

РОЫНҚАҒС-қорғасын,свинец,плюмбум.207

«Алтын» тобына АСПЫН-алтын,сынап,гидраргирум,ртуть,201

«Берилий» тобына АЫҚЙАЛ-қалайы,олово,станум 119.

V кезең.Химия ғаламаты.

Алдарыңыздағы реактивтерді пайдаланып,өзгерістерді жүзеге асыру.

Қауіпсіздік техникасының ережелері слайдтар бойынша көрсетіледі әр топтан бір оқушы шығып,өз жұмыстарын қорғайды.

«Темір» тобы

Сүттің суға айналуы.Кальция хлориді ерітіндісінде натрий карбонаты ерітіндісін қосқанда ақ тұнба түзіледі.Түзілген ақ тұнбаға жиырма пайыздық тұз қышқылын қосқанда «ақ сүт» қайнап,түссіз мөлдір сұйықтыққа айналады.

Түсіндірме:кальций хлориді ерітіндісі натрий карбонаты ерітіндісімен әрекеттескенде ақ түсті кальций карбонаты тұнбаға түзіледі.

CaCl2+Na2CO3+2NaCl түзілген тұнбаға тұз қышқылын қосқанда,тұнба еріп кальций хлориді,су және көміртек (4) оксиді түзіледі.Көмірқышқыл газының бөлінуі қайнауды көрсетеді:СaCO3+2HCl+CaCl2+H2O+CO2

«Алтын» тобы судың лайлануы

Ізбес суының қаныққан ерітіндісіне көмірқышқыл газын жібереміз.Ерітінді лайланады.

Түсіндірме:Кальций гидроксидінің ерітіндісінде көмірқышқыл газы еріп,кальций карбонатының ақ тұнбасы түзіледі.

Ca (OH)2+CO2=CaCO3+H2O ізбес суы көмірқышыл газының бар екендігін анықтайтын индикатор.

«Берилий» тобы. Мыстың түсі қандай?

Сынауықтын 1/3 көлеміне этиль спиртін құяды.мыс пластинкасын қысқышпен алып,оны жалынға ұстаймыз.Мыс пластинкасы қарайған соң жалыннан алып,спирт құйылған сынапқа аламыз.Пластинка ашық қызыл түс түзеді.

Түсіндірме:мыс пластинкасын қыздырғанда оттекпен әрекеттесіп мыс (ІІ) оксидін түзеді.

2Cu+O2=2CuO

Мыс (ІІ) оксиді спиртпен әрекеттесіп альдегид және мыс түзіледі.

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы:Металдар

Сыныбы:9-«Ә»

Пән мұғалімі:Шымбергенова Ұ


2013-2014 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал