7


  • Учителю
  • Біратомды және көпатомды спирттер

Біратомды және көпатомды спирттер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ:

Күні:

Курс, тобы, мамандығы: 1(9) мдтж

Сабақтың тақырыбы: Біратомды және көпатомды спирттер.

Мақсаты:

Мазмұнға байланысты: Біратомды және көпатомды спирттер туралы мағлұмат алады, қасиетін, құрамын, қолданылуын, маңызын түсінеді.

Сыни ойлауға байланысты: Ойларын салыстыра, талдап, жалпылап және қорытындылай алады.

Топқа байланысты: Топпен жұмыс кезінде жаңа көзқарастары дамиды. Өзара ұйымшылдық және сыйластық оянады.

Топтық жұмыс кезіндегі міндеттер:

Студенттер:

-бір-бірінің ойын тыңдайды;

-қызығушылықпен араласады;

-ойларымен бөліседі;

- топтық қорытынды шығарады;

-топтық жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау әдісі. Сын тұрғысынан ойлау және жазу.

Стратегиялар: Жигсо, топтастыру, түртіп алу.

Көрнекіліктер: Периодтық кесте, ерігіштік кесте.

Пәнаралық байланыстар: Биология.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Бейорганикалық қосылыстар атауы көмегімен 7-студенттен 3 топқа бөлу.

IІ."Қызығушылықты ояту"

Миға шабуыл. " Ойлы болсаң, озып көр?" - өткен тақырып бойынша сұрақтар.

  1. Мұнай, құрамы.

  2. Мұнайдың қасиеті

  3. Табиғатта кездесу, қолданылуы. Кокс, тас көмір, газ

Өткен тақырып бойынша есептер шығару.

  1. 20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО массасы қанша?

  2. Кальций мен оттек әрекеттескенде 56 г СаО түзіледі. Реакцияға қатынасқан оттектің массасы мен зат мөлшері қанша?

  3. Бертолле тұзының 2,45 грамы айырылғанда 1,49 грамм калий хлориді түзілді: Осы кезде оттектің қанша массасы бөлінгенін табыңдар?

IIІ. "Мағынаны тану"

«Шараптың шығуы жайында хикаят»

Ертеде бір патшаның есігінің алдына лашын құсы дән тастап кетеді. Оны уәзірлеріне беріп ескертеді. Ол өсімдік болып жайқалып өседі. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Үш - төрт жылдан кейін жеміс береді, таң қалады, күтеді. Күзге таман әдемі мөлдір жемісті жеп көруге жүрексінеді. Сонан соң патшаның әмірі бойынша шыны ыдысқа салып қойып, біраз күннен кейін көріп, одан да мөлдір сұйық пайда болғанын уәзірлер патшаға көрсетеді. Патша тұтқында жатқан бір сорлыны әкеліп, соған ішкізеді. Бір кесе ішеді, екіншісін береді. Үшіншісін сұрап ішеді. Соңында ән салады. Бейжай күйге түседі. Ең соңында патшаның тағын сұрайды. Шаршап қалжырап ұйықтап кетеді. Ертеңіне әлгіні шақырып сұрағанда, рахатқа батқандығын және есінде ештеңе қалмағандығы туралы айтады. Сонда патша ішіп, ең алғаш «Патша шарабы» шыққан екен деседі.

Адамдар спирттердің мастандыратын қасиетін біздің ғасырымызға дейінгі 8000 жыл бұрын - жеміс шырынынан, жабайы жүзімнен және балдан жасалынатын алкогольдік ішімдіктерді дайындауға мүмкіндік беретін керамикалық ыдыстардың шығуымен қатар білген.

Батыс Европада алғаш рет спиртті алған итальяндық монах алхимик Валентиус болды. Ол: «Кәріні жасартатын, шаршағанды сергітетін, күйінгенді жұбататын эликсир»,- деп атады. Арабтар таза спиртті 6-7 ғасырларда ала бастады және оны « әл-кугул » деп атай бастады. Алкоголь (арабша alkohol - майда ұнтақ) «шарап рухы» (aqua vitae) - ең мықты дәрі. Этил спиртін орта ғасырларда осылай атаған. Кейіннен алкогольдік қосылыстар спирттер класына біріктірілді.



  1. Мәтін оқыту арқылы сабақтың мазмұнын түсінеді.

  2. Түртіп алу стратегиясы - мәтіннен термин сөз жазу.

  3. Жигсо әдісі

1-топ: Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі.

2-топ: Спирттердің атаулары мен изомерлері, алу жолдары.

3-топ: Спирттердің қасиеттері.

Бейнетаспа көрсету - «Этил спиртінің ақуызға әсері»

  1. Этанолдың зияны мен пайдасын жазу

Зияны



Пайдасы

Түрлі қылмысқа итермелейді

Этил спирті наркотик. Ол ерігіш болғандықтан қанға тез сініп ағзаға күшті әсер етеді. Спирттің әсерінен адамның ықыласы кеміп, қиыл үйлесімділігі бұзылып, мінез - құлқында әдепсіздік жұртқа жек көрінішті етеді.

Маскүнемнен туған балалардың 38% кемтарлыққа душар болады. Ұрлықтың 55%, тонаудың 75% адамның мас кезінде жасалады.

Табыс көзі. Өндірісте этил спиртің әртүрлі жолмен алады. Ал химиктер тапқан қантты ашыту және ағаш сүрегінен алған. Негізгі тәсіл - синтетикалық жолмен алу. Этанолды дәрі - дәрмек жасауға , залалсыздандырғыш зат ретінде медицинада, химия өндірісінде сірке қышқылын бояу, синтездік каучук , ди этил эфирін алуға қолданылады. Ең арзан еріткіштердің бірі. Әтір, иіссу, сусындар жасауға пайдаланады. Этил спиртінің де маңызы орасан зор.









IV. "Ой толғау"

  1. Топтастыру

Мәтінді оқи отырып, этил спиртін топтастыру.



Біратомды және көпатомды спирттер



Есептер шығару:

1. Мына заттың құрылымдық формуласын жаз.

А) пропанол - 1

Ә) 2,2 - диметилбутанол -4

Б) 2,3,4,5 - тетраметилгексантриол -1,4,6

В) 2- метилпропанол -2

2. Химиялық айналуларды жүзеге асыру:

С2Н4 →С2Н5Сl→ C2H5OH→ CO2

№3.Этиленнің 33,6 литрін гидраттағанда этил спиртінің қандай массасы түзілетінін есептеңдер.

№4. Массасы 9 кг глюкозаны спирттік ашыту арқылы қанша литр этанол алуға болады. Этанолдың тығыздығы 0,789 кг\м3

№5. 4 г этил спирті жанғанда қанша көлем (қ.ж) СО2 түзіледі?

Бер: Шешуі:

M(C2H5OH) =4 г

С2Н5ОН+3О2 →2СО2 + 3Н2О

т/к v (CO2)- ?

№6. Массалық үлесі 10% 200 г пропиол - 1 ерітіндісі, массасы неше грамм натрииймен әрекеттеседі.

№7. 2,24 л сутегі алу үшін меаталл натриймен әрекеттесетін этил спиртінің массасы (г)

№8. 15 г 1 - прапанол 9,2 г металл натриймен әрекеттескенде, натрий пропинаттының мынадай массасы түзіледі (г).

Тест сұрақтары:

1. Мына қосылыстардың ішінен спирттерді көрсет.

1. С2Н5ОН 2. С2Н5СОН 3. СН3ОН 4. С3Н7СL

А) 1,2 Б) 2,3 В) 3,4 Г) 1,3

2. Құрамында сутек атомы бар спирттің молекулалық массасы:

А) 32 Б) 44 В) 46 Г) 1,3

3.Мына қосылыстардың ішінен алкендерді көрсет:

1. C3H6 2. C2H6 3.C4H8 4. C5H12

a) 1,3 б) 1,2 В) 2,3 Г) 2,4

4.Спирттер класының фунционалдық тобы:

А) - COH ; Б) - COOH; В) - ОН; г) NH2

5. Этанол әрекеттесетін металды көрсетіңіз?

А) қорғасын ә) кальций Б) мыс в) никель

6. Этил спирті тотыққанда мынадай альдигед түзіледі

А) құмырсқа ә) сірке б) пропион в) май

7. С2Н5 - О - С4 Н9 Формуласы мен берілген жай эфир.

А) диэтил ә) этилпропил б) этил бутил в) пропилбутил

8. Абсолютті спирт деп - А) сулы спирт Ә) сусыз спирт б) ылғал спирт в) қатты спирт

9. Ағаш спиртінен

А) метанол Ә) этанол Б) пропан В) метан

10. Біріншілік спирттердің сапалық реакциясы

А) NaOH Ә) Na Б) CuO В) HBr

Жауабы: 1г. 2 в. 3 а. 4 в. 5 б. 6 ә. 7 б. 8 ә. 9а. 10 б.

«Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» эссе

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма:

Зерттеу жұмысы:

1 топқа - Химия және музыка.

2 топқа - Химия және экология.

3топқа - Химия және физика.

















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал