- Учителю
- 'Колледждегі студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру жолдары'
'Колледждегі студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру жолдары'
Колледждегі студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру жолдары
Кененбаева Жадыра Жұманқұлқызы
Қазалы аграрлы-техникалық колледжі
Дүниежүзілік қауымдастықтың қәзіргі кездегі дамуында адаммен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаһандық дағдарысы жершарының экологиялық үйлесімдерінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туып отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.
Ел Президентті «Қазақстан - 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қыйын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: «... экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі колледж студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерін табиғатты қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз.
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауды, рухани құндылықтарымызды саралап, оны колледж оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы студенттердің экологиялық тәрбиесін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық тәрбиені халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері мол. Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында ұлы орыс педагогы К.Д. Учинский «әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек» деген өзінің ұлағатты ойын «Родная речь» атты еңбегінде ерекше атап айтады. Халқымыздың ұлы перзенті Ы. Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүр рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі» - деген ой түйген болатын.
Өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиесін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процес болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр.
Экологиялық білім мен тәрбие беру - студенттерді қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналықпен пайдалануға дағдыландыру. Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау біліммен тығыз байланысты. Экологилық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, екпілікті, икемдікті қамтиды.
Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде ұйымдастырылған «Адам және биосфера» атты бағдарламадан басталды. Оны алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық сипат алды.
Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір студент білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну студенттің табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын меңгеруге жол ашады және пәнге деген қызығушылықты арттырады.
Экологиялық саналық - адамның табиғатқа көз қарасының, білімінің және дағдысының жиынтығы.
Экологиялық ойлау - табиғатта болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізінде баға беру, оның себептерін ашу және терең түсіну. Кейбір табиғат ресурстарының сарқылуына байланысты қоғамда экологиялық маңызды болып отыр.
Экологиялық сауаттылық - экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді пайдалануға жол ашу.
Экологиялық әдеп - табиғатта адамның өзін-өзі ұстай білуі, мінез-құлық дағдыларын қатаң сақтауы.
Экологиялық мәдениет - адамның экологиялық ұғымдарды түсіну, ұғу деңгейінің көрінісі.
Қоршаған ортаға жанашырлық, оны аялай білуге құштарлық жан-жақты мәдениетті тұлғаның бойынан табылуы тиісті қасиет. Адам мен қоғамдық болмыс арасындағы диалектикалық жалғастық ағымдар соншалықты маңызды болса, адам мен табиғат арасындағы байланыста соншалықты мәнді. Өйткені, табиғат - адам мен қоғамдық болмыс, өмір сүретін орта. Адам мен табиғаттың өзара қарым қатынасының адамгершілік астарын ашуда, ақыл-ой мен сезімді тәрбиелеуде, сананы қалыптастыруда экологиялық тәрбие жетекші орын алады.
Еліміздің «Білім туралы» Заңында: «Бала тәрбиесіндегі басты міндет - жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру үдерісін жетілдіріп, жүзеге асыру» деп көрсетілген.
Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім беру - адамзат қауымы, қоғам, табиғат және қоршаған орта үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, экологиялық білімі мен ұрпақты тәрбиелеу маңызды орын алады. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу мәселесі табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін жастарға ұғындыру, экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады. Экологиялық ең ұтымды жолдары пәнаралық байланыстар және пәндерді экологияландыру. Пәндерді экологияландыру - дегеніміз яғни пәндерді оқыту барысында тақырыптардың мазмұнын экологиялық мәліметтермен байытады. Әсіресе, география, өсімдіктану жаратылыстану, тәнтану, биология, химия, физика т.б. пәндердің негізгі идиясы экологиямен қалыптасады. Көркем әдебиет туындылары, сурет пен музыка студенттерге экологиялық тәрбие берудің мөлдір бұлағы деуге болады.
Біздің колледжімізде пәндерге байланыстырып экологиялық тәрбие беру бағыты жүйелі жүргізіліп жатыр. Мысалы,өзімнің сабағымдағы биология пәніне «Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайлары» тақырыбындағы дебатты ұймдастырып (1,2-сурет) қоршаған ортаның ластаушы заттар жыл сайын көбейіп баратынын, ластағыштардың улылық деңгейінде 4 класқа ажыратылатыны:
І класс - өте қауіпті - оларға сынап, т.б.,
ІІ класс - қауіптілігі жоғары - күкірт сутек, т.б.,
ІІІ класс - орташа қауіпті - сірке қышқылы, т.б.,
ІҮ класс - қауіптілігі шамалы - аммиак, иісгазы, т.б. - білгені жөн. Бұлардың көп мөлшерде болғанда организмге қауіптілігін жеткізу. Экологиялық апат аймағы болып саналатын Қызылорда облысының табиғатына зиян келтіретін негізгі нысандарды атап өту арқылы орналасуын көрсету және оларға сипаттама беру арқылы қазіргі уақытта қалыптасқан күрделі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстар айтып колледж студенттерінің экологиялық көзқарастарын, сауаттылықтарын жетілдіру. Студенттердің қоршаған орта туралы білімін ұдайы кеңейтіп, олардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып;
-
Арал теңізінің экологиялық жағдайы;
-
«Байқоңыр» ғарыш айлағының пайдалануын шектеу;
-
«Құмкөл» мұнай кен орны. Мұнай және уран өндірісінің табиғатты ластауын қадағалау және шектеу;
-
Атмосфераның түтін, ыс, газбен ластануы;
-
Қоқыстар мен қалдық заттардан судың ластануы;
-
Экологиялық апаттар;
-
Жануарлар экологиясы;
-
Су жануарлар экологиясы;
9. Өсімдіктер экологиясы; - деген сұрақтармен студенттердің экологиялық апатты аймақтағы тұрғындарды әлеуметтік және материалдық жағынан қорғау мақсатында біршама жұмыстар атқарылып жатқанын, экологиялық апат аймақтарына өкімет тарапынан қаржы бөлініп, оның зардаптарынан жою қарастырылып, өндіріс қалдықтарын жою, өңдеу, техникалық жағынан қауіпсіздендіру жұмыстарын жоғары ғылыми-техникалық прогресс деңгейінде іске асыруы көзделуде. Ең бастысы, өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу бүгінгі күннің талабы екенін студенттер талқылап тоқталды.
Химия пәнінде «Қазақстандағы мұнай, газ және көмірдің негізгі кең орындары» «Азот қышқылының өндірісі» тақырыбын қарастырғанда, азот қышқылын өндіретін зауыттың мұржасынан «түлкі құйрық» деп аталатын қызғылт сары түтін будақтап жатады. Бұл азоттың улы оксидтері. Бір зауыт тәулігіне 20 тоннаға жуық оксидтер шығарады. Құрамында 3-6 мг/л азот (ІІ) оксиді бар ауамен 6-12 мин, 0,1 мг/л азот (ІІ) оксиді бар ауамен 1 сағат тыныс алған адамның өміріне қауіп төнеді. Онымен уланған адамның басы айналады, әлсірейді, өңі қашып, қанның қысымы төмендейді. Бұл газдың өндіріс ауасындағы 0,005 мг/л - ден аспауы керек. «Мұнай және оның өнімдері» тақырыбында мұнай өндіретін өндіріс орындарының зияндылығына тоқталдым. Жердің төменгі терең қабаттарынан өндірілетін мұнайды және өнімдерін өндірісте адам баласы күнделікті тұрмыста пайдаланғанда күкірт (ІV) оксиді, азот (ІV) оксиді, ал толық жанбағанда көміртекті сутегі түзіледі. Олар газ түрінде ауаға өтеді де, жаңбырмен жуылып, жерге түседі. Қышқыл жаңбырдың жиілеуі экологиялық жүйелерді және құрылысты бүлдіреді. Қышқыл жаңбыр суы топырақты магний, кальцийді жуып, алюминий, марганец сияқты металдарды сіңіріп, олардың улы қанықпасын түзеді. Бұның өзі өсімдіктердің қалыпты өсуіне үлкен кесірін тигізіп, ауа ластануына жол береді. Мұндай табиғатта бөліп жатқан улы заттарды тазалағыш жүйелер мен сүзгілер түрлерін пайдаланып, тоқтатуға болады. «Су» тақырыбын қарастырғанда «су - тіршілік нәрі» десек те, судың құрамында қайсыбір химиялық элемент шектен асып кетсе ол адамның денсаулығына зиянды екендігіне тоқталып айтылған.
Сонымен қатар, қазақ әдебиетінен «Абайдың табиғат лирикасы» (Ысмағұл Ж), физикадан «Ядролық энергияны қолдану», «Трансформатор» (Баекеева Ш, Оспанова А) сабақтары экологиямен байланыстырыла өткізіледі.
Сабақтан тыс жұмыстарда студенттерге экологиялық білім беруді мынадай бағытта жүргіздік.
-
Студенттерді жыл сайын гүлдер мерекесіне қатыстырамыз. (3,4-сурет) Бұл әр студенттердің шығармашылық жұмыстарын жасауға, қызығушылығын арттыруға, ойлау қабілетін жақсартуға, көркемдік пен әсемдікті және ізденуге үйретеді.
-
Колледждегі бақшалық жеріне бақша өнімдері егіліп, ағаштар отырғызылады. Жылда осы бақшада өндірістік оқу сабақтары жүргізіледі. Сонда, студенттер өндіріс оқу сабағында осы бақшада көкеністер отырғызып жылда өнімдер алады.
-
Колледжімізде «Жастар алаңы» бар. Онда әр топ студенттерінің ағаштары егіліп, топ студенттері өз ағаштарын күтіп - баптаумен айналысады. (5-сурет)
-
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аллеясы» ашылды. (6,7-суреттер)
-
Үйірме жұмыстарымен қатар жыл сайын колледжімізде жаратылыстану пәндерінің пән апталықтары өткізіледі. Апталық барысында студенттерді қоршаған ортаны қорғау, аялау, табиғатты сүюге тәрбиелеу мақсатында әртүрлі танымдық кештер, пікірталастар, ойындар жүргізіледі. Студенттердің қоршаған ортада «қалдықсыз өнім» - тақырыбына байланысты жұмыстар жұргізді. (8,9,10-сурет)
-
Қазіргі жағдайда жазғы демалыста студенттердің бос болмауы үшін жастар қоғамынан ашылған «Жасыл ел» бағдарламасымен студенттерді еңбекке баулуға үйретіп, қазалы қаласының барлық аймақтарын тазарту жұмыстарын жүргізіп келеді. (11-сурет)
Коледж студенттеріне экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты - әрбір студенттің Отанымыздың тарихы мен мәдениетіне дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру және өлкеміздің тарихы - тарихтың бір кішкене бөлігі туралы ұғындыру.
Қорыта келгенде, еліміздің экологиялық білім мен тәрбие беру ісі, республикамыздағы эколог-ғалым педагогтардың басшылығымен жақсы жақтарынан алға жылжуда. Қазіргі кезде көптеген облыс орталықтарындағы жоғары оқу орындарында эколог мамандар даярлайтын факультеттер жылдан жылға ашылып жатыр. Сондай-ақ, барлық факультеттердің оқу бағдарламасына экологиялық курсты оқыту енгізілген және де жалпы орта білім және арнаулы орта білім беретін мектептерде, университеттерде экологиялық білім пәндер арқылы немесе экологияны жеке пән ретінде оқыту енгізілген. Болмаса факультативтік сабақтар түрінде жүргізіледі.
Экологиялық жағынан сауатты ұрпақтар даярлау, ертеңгі еліміздің болашағын, табиғат тағдырын ойлау болып табылады. Әр нәрсенің сұрауы, өз уақытысы болады. Ертеңгі күнді бүгін ойламасақ, біз ойламасақ біздің тағдырымызды қара бұлт басқандай болады, болашақты кім ойлайды. Жақсы сауат, дұрыс пікір, нақты жоспар болмаса, болашақта табиғат қара күлге айналары анық. Табиғатпен үндесіп, оны түсінген бала ешқашан жаман әдеттерге жоламайды. Жорыққа шыққан жас жеткіншек айналасына қол ұшын беруді, ұжымшылдықты түсінеді. Олай болса, бойында қоршаған ортаны қорғауға деген патриоттық сезімі оянған жеткіншектерді тәрбиелеуде ұстаздар қауымы да аянбай еңбек етейік.
Қолданылған әдебиет
-
Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасын іске асыру жолдары//Білім беру мазмұнының қалыптастыру және жетілдіру мәселелері педагогика теориясы мен практикасында. Аймақтық ғылыми - практикалық конференция материалдары - Қарағанды 2004 б 169-174.
-
Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру//«Ы.Алтынсариннің мұрасы және педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері» Аймақтық ғылыми - практикалық конференция материалдары - Қарағанды 2001 б 65-70.
-
Экологиялық білім беру мен тәрбие беруді ізгілендіру технологиясын жетілдіру//«Жалпы және кәсіби педагогиканың өзекті мәселелері» Академик Е.А.Бөкетовтың 80 жылдығына арналған Халықаралықғылыми-тәжірибелік конференция материалдары - Қарағанды 2005 б 120-123.
-
Оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу бағытындағы оқу-танымдық іс-шараларды ұйымдастыру//Білім берудегі менеджмент - 2005- №4 б72-81.
-
Байсеитова Н.М. Экология.-Шымкент, 2005.-4 б.; 148-149 б
Аннотатция. Экологиялық білім мен тәрбие беру - студенттерді қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналықпен пайдалануға дағдыландыру.
Аннотатция. Дать экологическое образование и воспитание - способствовать к хорошему отношению к окружающей среде: научить уважать и ценить природу, бережно и рационально использовать ее богатства.
Abstract. Formation of ecological education of the students conscious perception of the environment, belief in the need respect for nature, the wise use of its wealth of natural resources.