- Учителю
- Химия пәнінен тақыптық жоспар: Металдардың жемірілуі және одан қорғау шаралары
Химия пәнінен тақыптық жоспар: Металдардың жемірілуі және одан қорғау шаралары
Сынып: 9 А Пән:Химия
Күні: 19.02.14ж. Сабақ: 44
Тақырыбы: Металдардың жемірілуі және одан қорғау шаралары.
Мақсаты:
1. Оқушыларға металдардың жемірілуі мен одан қорғау шаралары туралы білім беру.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Өз бетімен жұмыс істеуге, уақытты үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Сабаққа дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Металдардың және олардың құймаларының айналадағы ортамен химиялық әрекеттесіп бүлінуін жемірілу (коррозия) деп атайды. «Корродере» латын тілінен аударғанда желіну деген мағынаны білдіреді.
Жемірілу
Электрохимиялық жемірілу
Металдардың су немесе электролит ерітіндісі қатысында басқа металдармен жанасуы кезінде бүлінуі
Химиялық жемірілу
Металдардың электр тогын өткізбейтін сұйықтармен (бензин, керосин, т.б.) және газдармен әрекеттсеуі.
Тат дегеніміз - құрамы тұрақсыз, өзгеріп отыратын зат.
Ерітіндісі бірдей ортада екі металл түйіскенде, электронын оңай беретін белсенді металл алдымен бүлінеді.
Жемірілу жүретіін жағдайлар:
-
Белсенділігі әртүрлі металдардың түйісуі.
-
Электролит ортаның болуы.
ІҮ. Бекіту.
Өз бетінше «Металдардың жемірілуден қорғау» меңгеру.
Бет: 196. №1-6
Ү. Қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта біз не туралы өттік?
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
§34. Оқу. Бет:196. №7-10
ҮІІ. Бағалау.