7


  • Учителю
  • 'Химия патшалығы' сыныптан тыс шара

'Химия патшалығы' сыныптан тыс шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының

№4 жалпы орта білім беретін мектебінің химия және биология пәндері мұғалімі Дишенова Армангуль Наурызбайевнаның сабақтан тыс шараның жоспары


Тақырыбы: Химия патшалығы

Мақсаты: Химия ғылымы қоғам өмiрiнде зор рөл атқарады. Космосты игеру, жасанды заттарды синтездеу, ауыл шаруашылығының өнiмдерiн арттыруда химиялық тыңайтқыштар, жаңа энергия көздерiн табу, мұхиттардағы шикiзат көздерiн игеру, биохимиялық процестердiң механизмiн түсiндiру және оны жасанды жағдайдан пайдалану, т.б.толып жатқан мақтан тұтар жетiстiктерiмiз химиясыз мүмкiн емес.Сондықтан оқушыларға химия ғылымын жан-жақты көрсету және таңғажайыптарын игерту қажет.


Химия-заттар және олардың әр түрлi өзгерiстерi жөнiндегi ғылым. Химия адам баласына аудан тыңайтқыш алуды, көмiрден бояу, дәрi-дәрмек, газдан жiбек, пластмасса алуды үйреттi.

Қазiрде бiрде-бiр зат химиясыз өмiрге жолдама ала алмайды десек артық болмас едi.

Химия ғылымы әрi кәрi, әрi жас ғылым. Кәрi дейтiнiмiз химияның кереметтерiн адам баласы өз мүддесiне ертеден-ақ пайдаланған. Мысалы:

От жағу, қыштан құмыра жасап, оны өртеу, мақтаны, жүндi бояу, қола, темiрден құрал жасау тағысын тағылар.

Мiне, бұлардың бәрi де химиялық құбылыстар. Ал, химиялны жас дейтiнiмiз, химия өз заңдарына сәйкес отау тiгiп шаңырақ көтергенiнi 250 жылдан сәл ғана асты.

Қазiргi кездегi химияның табыстары кiсi таңғаларлықтай. Адам баласы табиғатта бұрын болып көрмеген заттарды алып отыр. Алыстан ән әкелген ауа толқыны, алып корабльдердi аспанға ұшырған алып күш, бәрi де адам ойының жоғарғы шыңы.

Әтiр, бұдан жұпар иiс сезесiңдер. Осы әтiрдi гүлдерден жасаған деп ойлауы мүмкiн. Оны кәдiмгi тас көмiрден жасайды. Жiбек қызыл мата неден жасалады? Тұт көбелегiнен алынады. Ал көздiң жауын алатын оның қызыл бояуы өздерiңе белгiлi қара көмiрден жасалған. Химия қарадан ақ, ақтан қара, бiр түстен екiншi түстi жасай алады. Мұның бәрi химия үшiн түк емес. Сендер сүттен түйме жасауға болады дегендi естiгендерiң бар ма?

Егер бiлмесеңдер бiлiп қойындар. Кәдiмгi сүттен түйме жасауға болады. Газдан жасалған тарақпен сендер күнде шаштарыңыды тарап жүрсiңдер.

Химияның осындай кереметтерiн ақындар да әнге қосқан.


Ғали Орманов.

Ғажайып нәрсе химия,

Тұңғиық сыры әр алуан.

Жағалап бiр зат зым-зия,

Жаңалап бiрi жаралған.

Өмiрдiң бiрақ керегiн

Осылар тауып берер ме?

Табар ма ешкiм дерегiн,

Телмiрмей, сiрә тереңге?


Расында да абайлап айналаға көз тастасақ химияныың кереметтерiн әрбiр қадам басқан сайын кездестiруге болады. Химияның айналаңда екенiн ақын Мыңбай Рашев былай жырлайды.

Қызық думан-өмiрiмiз ғаламат!

Қас қақанша жаңа қала, жаңа бақ!

Қыруар iстiң қайсысында болса да,

Құдiреттi химия жүр аралап.

Химияның адам өмiрiн сақтауда де ерекшк үлес қосып келе жатқанын Қосжан Мүсiрепов былай көрсетедi.

Ах, ұрумен iздеп өттi қанша адам,

Ауруларға арман болған қашаннан,

Аптекада алуан-алуан дәрi бар-

Химияның құдiретiмен жасалған.

2. Сахналық қойылым.

Қоңырау соғылды. Сахнаға үстi-басы олпы-солпы екi алған оқушы сабақтан шыққан қалпында жабырқау кейiп бiлдiрiп:

  • ух, химиядан да құтылдым - ау! Тағы да екi алдым. Апырым-ай, осы жұрт химияны қайтiп оқиды екен? Бәрiнен де апайды айтсайшы?! Сонша элементтен түзiлген қосылыстарды қаушағындағы кiп-кiшкене миына қалай сиғызып жүргенiне таңмын. «Аммоний, алюмений, калий, кальций, органика, бейорганика» деп, не бiр қиын формулаларды тақта бетiне толтыратынын қайтерсiң?! Айтындаршы, балалар , химиядан екi алмағандарын бар ма? …, мен бiлемiн, бәрiң де екi алғансыңдар. Озаттарың да, екпiндiлерiң де, шамалы бағамен оқитындарың да химиядан «екi» алмадым деңдершi? Оқығым келмейдi химияны.

Осы кезде сахнаға сиқыршы-Химия патшасы шығады. Сиқыршыны көргенде оқушыда үрей қалмады, сасқалақтап:

  • Сiз кiмсiз, кiм боласыз?-дедi.

  • Мен бағанадан берi өзiң даттап, жер-жебiрiме жеткен химия патшасымын.

Жер бетiнiң әрбiр ұғмын, әр тасын,

Мен зерттеймiн, ей, балақай, байқашы.

Менi бiлгiң, оқығын, сен, азамат

Сиқыршымын-мен Химия Патшасы

-Ал, балақай, жүр, мен сенi Химия патшалығына апарайын, химияның қызығына қандырайын (оқушы жасқанады). Қорықпа, жүр!

Екеуi Химия патшалығына келедi. Сахна төрiндегi таққа Химия патшасы отырады да, оқушыны қасына шақырады.

Осы кезде ЕРЕЙМЕН жарлық оқиды.

«Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Химия патшасының сарайында бал болады. Бәрiңiздi де балға шақырамыз. Келiңiздер, көрiңiздер, бағаларыңызды берiңiздер!»

Химия патшасы өз тұрғындарының өнерi мен қасиетiн таныту мақсатында бейорганика мен органика айтыскерлерiн ортаға шақырады.

Сахнаға айтыскерлер шығып, айтысты бастай жөнелдi.

Органика.

Көруге химия кешiн жиылғандар.

Менделеевке құдайындай сыйынғандар. .

Қош келдiңдер, бүгiнгi ғажайыпты

Тамашалау бағыты бұйырғандар. .

Органiкпiн, несiне жасырайын, .

Жеңiлер деп ойлама

Тұра алар дәтi шыдап қасымда кiм? .

Бейорганика

Армысындар, бүгiнгi кештi көретiндер.

Химия десе жанын беретiндер

Химия кереметiн жыр ғып айтам

Сөзiме сенетiндер,көнетiндер

Есiмiм-бейорганик, Таныстырсам,

Сенен достым күшiмдi асырайын

Органика күшiне химияда жарыстырсаң

Химияның тiрегi мына менмiн.

Не қыласың күшiне қарсы тұрсам?!

Органика

Органика-өмiр, тұрмыс тiрегi

Құрамына көмiртегi кiредi.

Эфир,шайыр, целлюлоза,бояу да

Мен арқылы өндiрiсiң жүредi.

Ауырсандар, дәрi берiп емдеймiн.

Крахмал, ақуыз түзiлуiн жөндеймiн.

Полимерден полиэтилен жасаймын.

Талшық, каучук, спирт, қышқыл беремiн.

Менi оқыңыз, жеткенiнше санаңыз.

Бейорганика

Өнеркәсiп, отын көзi мен деймiн,

Машинаға мен керекпiн қараңыз

Тыңайтқыш өсiмдiкке бағалы,

Менен болар шырпы, қалам, балауыз

Менен болат және шойын алады

Сода, шыны, цемент, әктас

Тұсзыс дәмi кiрушi ме едi тағамның?


Химия патшасы.

Органика, Бейорганика!

Дауласудың қажетi жоқ, екеуiң де өмiр тiрегiсiңдер.

Химия патшалығының үштен екi бөлiгiне билiгi жүретiн, премьер-министр Сутегi мырза айтысқа түстi:


Сутегiмiн, судың арғы тегiмiн

Суда нашар, металда жақсы еримiн,

Түссiз, иiссiз, дәмсiз газбын ежелден

Серiгiмiн оттегi атты серiнiң.

Жалыныммен металдарды кеседi,

Менiмен болар қандай iстiң есебi.

Кавендичтiң көргенiмен ашылдым,

Адам суды өмiр нәрi деседi.

Жүйеде де бiрiншi мен тұрамын,


Химия патшалығындағы батыр металдар Маркиз Магний және Лорд Кальций.


Маркиз Магний


Мен магний-күмiс түстi металмын,

Көп жағдайда магнезия аталдым.

Жапырақта хлорфилдi түзушi.

Тiршiлiктiң көзi болп кете алдым,

Жануарда, адамда да бармын мен

Талай снаряд, бомбаларды жардым мен.

Лорд Кальций


Кальций деген күмiс түстi металмын

Өмiр бойы керегiңе жете алдым

Менмiн-ақ бор, әктас, мәрмәр, ғанышпен

Тiршiлекке қажет металл аталдым.

Қыртысында жердiң мен кездесем,

Галогендер Ханзадасы


Ауыз суда үлесiм болмай қалса,

Дерт қармайды, көңiл-күй болмайды аса

Жасыл түспен кездессем, жеке дара-

Улы затпын, абайла, қолдан шара.

Натриимен қосылсам-тұз боламын,

Менсiз дәмi келмейдi ас, тағамның.

Түссiз етiп матаны, қағазды да

Пайдасына жараймын барша жанның

Дәрi-дәрмек, киноға материалмын,


Амфотерлi элементтер де қарап қалмады.


Алюминий-Ханшайым


Боксит, корунт, креолит, силикттар

Кендерiнiң құрамында алюмин бар.

Ақ металмын жеп-жеңiл қаға-жақтай

Қасиетiм көп менi жұртым мақтар

Амфотерлi металмын, сырым анық


Инерттi газдар


Тағамдарды сүрмелеп

Металдарды өңдеуге,

Атом қалпы гелий керек

Реттеуге, жөндеуге.

Криптон, аргон, ксенон,

Инерттi газ барлығы.

Кеме, ұшақ хабаршысы

Неон жаққан жарығы

Инерттi газ-асыл газдар


Айтыс аяқтала бере сахнаға галогендер патшлығынан Фтор-кемпiр кiрдi.Ол ертегi айтып , жұрт назарын өзiне қаратты.

Бағзы бiр заманда Инерт патшалығы Жердегi элементтерге өкпелеп, Күн жүйесiндегi Юпитер ғаламшарына кетiп қалыпты. Күндердiң күнiнде инерт патша өзiнiң қызы Гелий аруды тұрмысқа бермекшi болады. Сонымен Инерт патша жарлық шығарады...

Тыңдаңыздар!!!

Кiмдi-кiм Инерт патшаның қызы гелий ханшайымның үш жұмбағын шешсе, сол Гелий ханшайымның өмiрлiк жолдасы болады.

Осы кезде Жер ғаламшарында Титан атты металл өмiр сүредi...

Осы жарлық Титанның құлағына жетiп, Титан Гелий ханшайымды алуға құмартады. Жатса да , тұрса да нәзiк Гелий есiнен кетер емес. «Жоқ, бұлай болмас», деп Титан ханшайымды Юпитер ғаламшарына iздеп шығады.

Қараса , бiр металл тұр. Қуанып кеткендiгi соншалықты, металға қалай жүгiрiп барғанын сезген жоқ.

Бұл металл Магний едi...

  • Ау, бауырым! Металсың ба?

  • Металмын!

  • Жерденсiң бе?

  • Жерденмiн!

  • Метал-ау,екеумiз Жерлес екенбiз ғой!

  • Ия,бұл патшалыққа сенi не айдап келдi?

  • Патшаларың қызын берейiн деп жатыр екен ғой! Соны естiп келдiм.

  • Ой, сенде сондай ауруға шалдыққансың ба?

  • Иә.

  • Баурым-ау, күйіп кетесiң ғой! Жүршi, металдарша сөйлесiп келейiк!

  • Металл-ау! Күйіп кетесiң ғой ! Неғыласың ондай қызды?

  • Қазiр Жерде бай да, сұлу да қыз жоқ. Ойлашы, ол байдың қызы ғой!

Оны алсам, мен де байып қалмаймын ба? Қорықпа, менiң әулие кiтабым бар.

(Титан Хомченконың «Химия» кiтабын көрсетедi.)

  • Өзiң де қайтпас жан екенсiң.

Екеуi Гелий аруға барады. Титан Гелиймен амандасады.


Гелий ханшайым (орнынан тұрып):

-Сiз менiң үш шарт қоятынымды бiлетiн боларсыз. Дайындалыңыз.

Титан қолына Хомеченконың кiтабын алды... Оны көрген Гелий ару:

-Бұл жерде қолданба құралға жол жоқ. Ксенон мырза қолданба құралдың көзiн жоғалтыңыз!-дедi бұйырып


Гелий ханшайым.

1-сұрақ.- Титан мырза, бiздiң елде инерттi газдар ешқашан жұптаспайды, жеке дара, өз күнiн өзi көредi.Сiздерде қалай? Жер ғаламшарында тiршiлiк ететiн галогендер жайлы не айтар едiнiз?


Титан мырза.

  • Ләппай, Күннен де сұлу аруым-Гелий , ғаламшардағы галогендер қосарланып, жұптасып өмiр сүрудi ұнатады. Дара қалған саяқтары ашу-ызаға булығып, улы келедi.

Инерттi газдар (аргон, ксенон, неон, радон) орындарынан ұшып тұрып:

  • Тапты, тапты, тапты!


Гелий ханшайым.

-Несiне мәз болдындар. Менiң тағы да сұрағым бар емес пе?

2-сұрақ.-Титан мырза, бiр сұраққа жауап бердiм деп масаттанба. Бiз Күн ғаламшарының тұрғынымыз-оның температурасының қанша екенiн бiлетiн боларсыз, солай бола тұрса да сұйық күйiмде 268,9 0 С-та қайнаймын. Күннiң алапат қызыуна төзе аласыз ба?


Титан мырза

  • Мен ғарыштық металмын, балқу температурамның 1665 0 С екенiн айтсам, сұрағыңызға қайтарған жауабым болар деген үмiттемiн.


Гелий ханшайым

-Құп, солай-ақ болсын , дегенмен бiздiң елге құрметтi қонаққа шарап ұсыну дәстүрi бар едi, соған орай мына екi кеседегi шарапты алып, сырын ашып берсеңiз, 3-сұрақты да шешкенiңiз (екi кесе сұйықтықты Титанға ұсынады).

Титан мырза қандай шешiм қабылдаса дұрыс болатынын ойлап, бiраз үнсiз отырады да, екi кеседегi сұйықтықты екi қолына ұстап , әлде «Iшiп алсам ба екен , әлде екеуiн неде болса араластырып жiберсем қайтедi», дейдi де кеселердегi сұйықтықты бiрiне-бiрiн құйып, араластырады.

Гелий ханшайым.

-Иә, бұдан не шықты-түсiндiрiңiз.

Титан мырза.

-Тұз тұнбаға түстi де, су бөлiндi. Демек,бұны бейтараптау реакциясы деп түсiнемiз. Сiз маған бiр ыдыста - қышқыл, екiншi -сiлтi ұсынған екенсiз. Сұрағыңыз шешiлдi бiлем.

Аргон,Ксенон, Неон, Радон.

-Шештi, шештi, шештi-дестi.

Гелий ханшайым мойындаған белгi бердi. Титан мырза Гелий аруға химиялық жолмен алынған гүл шоғын ұсынады. Сөйтiп Күн аруы Гелийге Жер ханзадасы-Титан үйленiптi. Үйлену тойында Магний болып, «бақытынан таймайтын Титан мырза дегенiне жеттi, маған да үлес тиетiн болар» деген дәмемен екi жастың отыз күн ойынын, қырық күн тойын жасасыпты. Ал бағалы газдар: Аргон, Ксенон, Неон, Радондар: «Не бай ,не құдай алмайтын отырған қыздан құтылдық!» десiп мәз болыпты. «Сөйтiп менiң де ертегiм болды»-деп қорытты өз сөзiн Фтор кемпiр.

Химиялық ойындар.


«Мен кiммiн»


  1. Бiрiншi буыным жалқы есiмге қойылатын сұрақ, екiншi буыным сан есiм, өзi химиялық элемент.

Ойлаңызшы, бұл қай элемент? (Неон)

  1. Бiрiншi бөлiгi көп емес , екеншi бөлiгi «тiлсiз жау» деген мағынада , бiрақ өзi химиялық элемент. (Азот)

  2. Бiрiншi бөлiгi тасқын су, екеншi бөлiгi мал құлағына салынатын белгi немесе кездеменiң өлшемi . Ал өзi химиялық элемент. (Селен)

  3. Бiрiншi бөлiгi «алда кел» деген бұйрық рай, екеншi бөлiгi сан есiм , шипалы газ деп те есептеледi. Ойланызшы бұл қандай элемент? (Озон)

  4. Өзi химиялыј элемент , егер «ан» қосымшасын жалғасаң қыстың қахарлы күндерiн есiңе түсiредi. Ойландаршы , бұл қай элемент? (Бор-боран)

  5. Өзi химиялық элемент, егер алғашқы әрпiн алып тастасыңдар , шаруашылық заттар салатын ыдыстаң аты шығады? Ойландаршы ,бұл қандай элемент? (Тор-Фтор)


«Тiзбектен шығып қалма» ойыны.


4 оқушы шығады. Берiлген сөздiң соңғы әрпiнен басталатын сөздер айту, атаудың алғы «й» болып келмеуi керек.


Зенин - неодим-мышьяк-күмiс-сода-алмас -селен-нейтрал-лантан, т.б.

Сурет сөз

Магний оксидi

Құпия сөздiң құлпын ашу.


Фосфор жақсаң будақтап,

Ақ түтiн түзедi.

Ол түтiндi су сорып

Қандай қосылыс түзедi.


4Р+5 О22О5 Р2О5+3 Н2 О 2Н3РО4

«Химиялық би»

Na2SO4 ; K3PO4; AlCl3; CaCO3 ; Mg(OH)Cl ; KH2PO4

«Қызықты тәжiрибелер»


Шақпақ қантты қалай жағуға болады ?

Қантты спиртшамның жалынына ұстаса , ол балқып көмiрленiп күйе бастайды, бiрақ жанбайды. Ал қант балқыған кезде үстiне темекi күлiнен сәл сеуiп жiберсе, қант от алып , әдемi көкшiл жалынмен дыбыс шығарып жана бастайды. Оның құпиясы мынада: Темекi күлiнде шамалы литий тұзы болады, ол қанттың тотығуын тездетiп жандырады ,яғни катализатор ролiн атқарады.

Отсыз түтiн


Халық «отсыз түтiн жоқ ,бұлтсыз жауын жоқ »-дейдi. Мiне, осы мақалды химия жоққа шығарады . Қараңыздар, мен қазiр отсыз түтiн шығарамын. Мүсәтiр спиртiне батырылған таяқшаны концентрациялы HCl батырылған таяқшаға жақындатып тигiзгенде будақтаған ақ түтiн түзiледi.

NH4OH +HCl NH4Cl +H2O

Ақ түтiн - аммоний хлоридiнiң майда түйiршiктерi

«Сiрiңкесiз жағылған от»


Кiшкене әйнектiң үстiне KMnO4 салады, оның үстiне бiрнеше тамшы концентрациялы H2SO4тамызады . Бұл қоспаны темiр қаңылтырға салады. Айналасына ағаш жаңқаларын қояды. Бiр түйiр мақтаға спирт сiңiрiп, оны бiлдiрмей жақындатып мақтаны қысып қалады. Ол қоспаға тигенде от алып ағаш жана бастайды. Оттың жануы спирттiң Mn2O7-де қуатты тотығуынан болады.

Дүниенiң төрт бұрышын билеген Химия патшасы өзiнiң меймандарын

ертiп, зертханаға сапар шеккенiн хабарлады да, кеш аяқталды-дедi.


Кешке қатысқан оқушылар сахнаға топталып,барлығы хормен кештiң аяқталғанын былай хабарлады:

Төрт жыл бойы химияны меңгердiк.

Алғашқыда түсiне алмай сенделдiк.

Химиядан сабақ берген апайымыз үйретiп,

Менделеев атамызға теңделдiк.

Достар, достар, кетсек те бiз есейiп.

Химияның қызығын бiр кешейiк.

Таза ауа, мөлдiр су, қойнауы бай,

Баурайында табиғаттың кездесейiк!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал