- Учителю
- Ашык сабак 'көміртек қосылыстары' 9 сынып
Ашык сабак 'көміртек қосылыстары' 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көміртектің қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көміртек қосылыстарының табиғатта таралуын, алынуын, физикалық қасиеттерін, химиялық қасиеттерін,қосылыстарын және қолданылуын өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, өзін-өзі тексеруге, химиялық теңдеулерді ұқыпты жазып, теңестіре білуге баулу.
Тәрбиелік: Тұрмыстық химияда кездесетін заттармен ұқыпты жұмыс жасауға, сабырлы болуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: презентация , оқулық, периодтық кесте
Сабақтың құрылымы: І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасы
ІІІ Жаңа сабақ
ІV Бекіту
V Үйге тапсырма
VI Бағалау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Сынып оқушыларымен амандасып, кезекшілікпен жұмыс жасау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
-Периодтық жүйедегі орны
- Физикалық қасиеті
-Химиялық қасиеті
-Табиғаттағы айналымы
ІІІ. Жаңа сабақ.
Көміртек (ІІ) оксиді - түссіз, иіссіз, улы газ. Суда нашар ериді, басқа заттармен реакцияға түспейді. Оны иіс газы деп те атайды. Отын шала жанғанда бөлінген иіс газы организмде гемоглобиннің оттекті тасымалдауына мүмкіндік бермейді. СО - тұз түзбейтін, бейтарап оксид.
СО2- көмірқышқыл газы, иіссіз, түссіз газ, тыныс алғанда, органикалық заттар шірігенде, жану кезінде түзіледі. Зертханада қышқылдардың мәрмәрға немесе борға әсер етуі арқылы алынады. Ауадан ауыр, жоғары қысымда сұйылады, ал өте төменгі температурада қар сияқты массаға айналады.
СО2-қышқылдық оксид, сондықтан сілтілермен әрекеттеседі.
СО2+Са(ОН)2→СаСО3↓+Н2О
Бұл реакция көмірқышқыл газына сапалық реакция болып табылады.
СО2 негіздік оксидтермен әрекеттеседі:
СО2+СаО→СаСО3
Сумен әрекеттескенде көмір қышқылы түзіледі:
СО2+Н2О→Н2СО3
Көмір қышқылы -тұрақсыз зат, оңай айырылады:
Н2СО3→Н2О+СО2↑
Көмір қышқылының тұздары екі түрлі болады: орта тұздары - карбонаттар, қышқыл тұздары - гидрокарбонаттар деп аталады.
Химиялық қасиеттері:
Сілтілермен әрекеттесіп екі қатар тұздар түзеді:
Н2СО 3 + NаОН=Nа2СО 3 +2Н 2О
натрий карбонаты
Н2СО3 + NаОН=NаНСО 3+2Н2О
натрий гидрокарбонаты
NаНСО3+ NаОН=Nа2СО3 +2Н2О
Көмір қышқылының тұздары:
Қыздырғанда ыдырайды:
СаСО3 =СаО+СО2
2NаНСО3 =Nа2СО3 +СО2 +Н2О
Гидролизге ұшырайды:
Nа2СО3+НОН=NаОН+NаНСО3
СО32- +НОН=НСО -3 + ОН -
Сапалық реакциясы:
Nа2СО3+2НСl=2NаОН+СО2 +Н2О
СО2 +Са(ОН)2 =СаСО3+Н2О
ақ тұнба
Қолданылуы. Кейбір металдардың карбонаттары кең түрде қолданылады, натрийдің гидрокарбонаты (ас содасы) асқазан ауруларына, литий карбонаты организмде тұз жиналғанда, сондай-ақ карбонаттар - өндірісте, тұрмыста кеңінен қолданылады.
Бекіту кезеңі.
Бекіту сұрақтары:
-
Иіс газы мен көмірқышқыл газының айырмашылығын айтып беріңдер.
-
Көмірқышқыл газы қандай мақсаттарға қолданылады?
-
Мына айналулар тізбегін іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
-
Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері қандай болу керек?
А) 20% Ә) 78 % Б) 0,03 % В) 1 % Г) 0,08 %
5. Егер шығымы 90 % болса, онда 1 кг әктасты қыздырғанда қанша сөндірілмеген әк алуға болады?
Тренинг ойындары:
Сенесің бе, сенбейсің бе?
1.Сенесің бе, сенбейсің бе, - көміртектің (ІV) оксиді - негіздік оксид
2.Сенесің бе, сенбейсің бе, - көміртек (ІІ) оксиді - түссіз, иіссіз, улы газ.
3.Сенесің бе, сенбейсің бе, - көмір қышқылы - тұрақты зат.
4.Сенесің бе, сенбейсің бе, - көмір қышқылының тұздары - карбонаттар
5.Сенесің бе, сенбейсің бе, - көмір қышқылы суға және көмір қышқылына айырылады.
Жоғалған формулалар.
1. С + ..... → СО2 2. СО + ..... → 2СО2
3.С + СuО → ..... + СО 4. СаСО3 + ..... → СаСl2 + Н2О + СО2
5. ...... → СаО + СО2 6. ..... + СО2 → Н2СО 3
7. СО2 + ...... → СаСО3 8. СО2 + ...... → СаСО3 + Н2О
Кім шапшаң? (Сәйкестендіру тесті )
Реттік санмен көміртектің, көміртек (ІІ) және (ІV) оксидтерінің химиялық қасиеттерінің жартылай теңдеулері берілген. Әріппен реакция нәтижесінде түзілетін заттарды жұптап, сәйкестендіріңіздер.
1.С+О2 → ….. +402 кДж а)СН4
2. 2С+ О2 → ....... ә) СО2
3.C+Cu O → …… б) СаС2
4. С+2 Н2→ в) 2СО
5. 2С+Са → г) Al4C3
6. 3С+4Аl ғ) СО+Сu
7.2CО + О2 →……+577 кДж д) Сu+ CO2
8. СО+Cu O →……+ ж) H2CO3
9. CО2 + Н2 CO →…..+……. з) 2СО2
10. СО2 +2Na OH →……+…… и) Na2CO3 +H2
11. CO+Ca O →…… к) CaCO3+H2
12. CO2+Ca(OH)2 →……. л) СaCO3
Жауабы:
1-ә; 2-в;3-ғ;4-а;5-б;6-г;7-з;8-д;9-ж;10-и;11-л;12-к.