7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс жұмыс ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒАЖАЙЫПТАРЫ

Сыныптан тыс жұмыс ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒАЖАЙЫПТАРЫ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Интеллектуалды марафон «Жаратылыстану ғажайыптары»



Мақсаты: * Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, биология мен химиядан алған білімдерін өмірде,тұрмыста қолдана білу дағдысын қалыптастыру

* Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.

* Оқушыларды адамгершілікке, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Жоспары:

І. бөлім. " Ұлы тұлғалар"

ІІ. бөлім. "Сиқырлы ұяшықтар"

ІІІ.бөлім. "Терминдер"

ІV.бөлім. "Ең...ең...ең"

V. бөлім. "Таңдаулы әріптер"

VІ.бөлім. "Кім жылдам?"



Көрнекіліктер: плакаттар, шарлар,слайд шоу, жарыс жоспары, нақыл сөздер жазылған плакаттар.



Жүргізілу барысы:

1-жүргізуші: "Сәлем сөздің анасы" демекші, сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: "Жаратылыстану ғажайыптары" атты интеллектуалдық ойынға қош келіпсіздер!



Ойынымызды бастамастан бұрын ойыншыларымызды және олардың ойынын тең дәрежеде бағалап, әділ шешім беретін, аса құрметті әділ-қызылар алқасымен таныстыра кетуге рұқсат етіңіздер.(Ойыншылар мен әділ-қазылар алқасымен таныстырылды ).

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1-жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан жеткізер

Жастықтың оты қайдасың.

Жүректі түртіп қозғамай,

Ғылымның біліп пайдасын- демекші

Сайысқа түсушілерге сабырлық пен жеңіс тілеймін.

2-жүргізуші:

Бүгінгі «Жаратылыстану ғажайыптары» сайысында алған білімдеріңізді мына бөлімдерде көрсете аласыздар.

І. бөлім. " Ұлы тұлғалар"

ІІ. бөлім. "Сиқырлы ұяшықтар"

ІІІ.бөлім. "Терминдер"

ІV.бөлім. "Ең...ең...ең"

V. бөлім. "Таңдаулы әріптер"

VІ.бөлім. "Кім жылдам?"





І бөлім « Ұлы тұлғалар»



Бұл бөлімде биология және химия ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар туралы болады. Қойылған сұраққа ең бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді, берген жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарсыластары да өз жауаптарын айтуына болады.Д.И.Менделеев

Сыныптан тыс жұмыс ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒАЖАЙЫПТАРЫ



Ғылымның әр түрлі салалары бойынша : химиядан, физикадан, ауыл шаруашылығынан, педагогикадан 400-ден астам еңбегі бар,периодтық кестені ұсынған, периодтық заңды тұжырымдаған орыс ғалымы.

И.П. Павлов

Қанайналым және ас қорыту саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығын алған алғашқы орыс ғалымы. Оның шартты рефлекстер туралы теориясы тірі ағзалардың сыртқы ортамен байланысын және олардың сыртқы әсерлерге көрсететін реакцияларын түсіндіруге септігін тигізіп, физиологиялық дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылып тұр.

С.Аррениус

Сыныптан тыс жұмыс ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒАЖАЙЫПТАРЫ



Швед ғалымы , 1887 жылы электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидаларын ұсынды. Бұл еңбегі үшін оған 1903жылы Нобель сыйлығы берілді.

Д.И. Ивановский



1892 жылы вирустарды ашқан орыс ғалымы кім?

М.В.Ломоносов



Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым.

Т.Морган

Америкалық эмбриолог, генетик. Генетикалық зерттеулерді ең алғашқы болып жеміс шыбыны дрозофиллаға жүргізген. Осы жұмыстарының нәтижесінде ол шәкірттерімен бірге тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашты. Генетика ғылымының дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуда?





ІІ бөлім « Сиқырлы ұяшықтар»

Бұл бөлімде алдарыңызда берілген ұяшықтарды таңдап, ұяшықтарда берілген сұрақтарға жауап беріп, ұяшықта берілген ұпай санын ала аласыздар.

БОТАНИКА.

10 ұпай. Бұл өсімдікті ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда егілген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті ресейге ең алғашқы рет І Петр әкелген. Қандай өсімдік туралы айтылуда .(Картоп)

20 ұпай.«Өсімдіктану» оқулығын алғаш жазған Қазақстандық ғалым? (Ж.Күдерин)

30 ұпай. Жемісі жидек тәрізді, көп ұялы, көп тұқымды. Жемістің сыртқы қабатында эфир майы көп, сары, қызғылт-сары түсті. Ортаңғы қабаты мақта тәрізді борпылдақ, кебу, ақ түсті. Сыртқы қабаты мен ортаңғы қабаты бірігіп жеміс қабығын түзеді. Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы. Мұндай жемістерге қандай өсімдіктер жатады? (апельсин, мандарин, лимон)

40 ұпай. Күнбағыс өсімдігінің гүлшоғыры(ұрықтану)

ЗООЛОГИЯ.

10 ұпай. Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттекке қан екі рет(тыныс алған кезде) қанығады. Мұндай құстың тыныс алу ерекшелігін не деп атайды? (қосарлы тыныс алу)

20 ұпай. Жаңа зеландияда кездесетін салмағы 2-3 кг тұйеқұстың ішіндегі ең кіші түрі (қанатсыз тұйеқұс не киви)

30 ұпай.Құстың дене температурасы(+41,+42) 40 ұпай.Ең кішкентай құс, дене салмағы 1,6 г (колибри)

ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР.

10 ұпай. Сутегінің жану реакциясын жаз.

20 ұпай. 6,02*10²³ саны нені білдіреді? (Авагадро саны)

30 ұпай. 5г судың зат мөлшерін есепте.(0,3 моль)

40 ұпай. Алюминий сульфатының диссоциациялану теңдеуін жаз.

ХИМИЯ ӘЛЕМІ

10 ұпай. Атом дегеніміз.....(заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең кішкентай бөлшегі)

20 ұпай. Қай галоген бактерияларды өлтіріп, денсаулықты қорғайды? (хлор)

30 ұпай. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр (коэффициент)

40 ұпай. Периодтық кестеде металдық қасиет қалай өзгереді?( период бойынша оңнан солға қарай, топ бойынша төменнен жоғары қарай артады)

ІІІ бөлім « Терминдер»

Әрбір оқушыға ғылым салаларына байланысты терминдер беріледі. Ол терминдерге анықтама берілуі керек. (Толық жауапқа 10 ұпай)

1.Бриология(мүктерді зерттейтін ғылым саласы)

2. Құрам тұрақтылық заңы (заттар алыну әдісіне қарамастан құрамы тұрақты болып қалады.)

3. Микология (саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым саласы)

4. Зат массасының сақталу заңы (реакцияға кіріскен заттар мен олардан түзілетін өнімдердің массасы тең.)

5. Ихтиология (балықтарды зерттейтін ғылым саласы)

6. Металлургия(кендерден металдарды бөліп алу әдісі)





ІV бөлім « Таңдаулы әріптер»

Адамнан ғылым айла асырмаған

Құпиясын құлыптап жасырмаған

Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп

Бір жұмбағын ашайық ашылмаған -дей келе келесі тапсырмам бойынша

әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек.

«С» әрпі

1.Химиялық элемент(сутегі,скандий)

2.Күрделі зат (су,сіркеқышқылы)

3. І валентті элемент (сутек)

4.Физикалық құбылыс (судың қатуы)

5.Судың агрегаттық күйі (сұйық)

1. Бақалшақтары жойылып кеткен былқылдақденелі - Сегізаяқ.

2. Камбийден кейінгі қабат - Сүрек.

3. Өсімдіктің өсу мүшесі -Сабақ.

4.Ең жоғары сатыдағы омыртқалы жануар - Сүтқоректі.

</ 5.Жемтамырлы өсімдік - Сәбіз.



«К» әрпі

1.Жай зат (күкірт)

2.Бейметалл (көміртек,күкірт)

3.Сілтілік металл (калий)

4.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)

5.Химиялық байланыс (ковалентті)

1.Көмірқышқыл газына қаныққан қан - көктамыр

2. Бидайдың гүлшоғыры - күрделі масақ

3. Бунақденелілер класының өкілі - көбелек.

4. Астық тұқымдастарына жатады - күріш

5. Гүл бөлімдерінің бірі - күлте жапырақша



«М» әрпі

1.Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)

2. ІІ валентті элемент (магний)

3.Атомдар нені құрайды (молекула)

4.Темір қандай затқа тартылады (магнитке)

5.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)

1. Алқалар тұқымдасының бір түрі - меңдуана.

2. Фагоцитоз теориясын ашқан ғалым - И.И.Мечников.

3. Жасушаның энергетикалық станциясы -митохондрия.

4. Құлқайыргүділерге жататын өсімдік - мақта.

5. Жүректің бұлшықетті қабаты - миокард.



V бөлім. « Ең...ең...»



Ең қиын жарыстың түрі келді.

Мықтылары ортаға, шықсын енді.

Тез жауап бер ,ойланып тұрып қалма,

Осы сайыстан көрейік ерен ерді.

Бұл бөлімдегі әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай



1. Ең ауыр металл? Осмий Os

2. Ең алып кесіртке - Варан.

3. Ең қатты металл? хром

4. Ең құрметті құс -Ақбас бүркіт.

5. Ең жеңіл металл? Литий

6. Ең жүйрік сүтқоректі - Гепард.

7. Ең жеңіл газ? Сутек Н2

8. Ең алып орман тұяқтысы - Бұғы.

9. Ең қиын балқитын металл? Вольфрам W

10.Ең ұзын жануар - Керік.

11.Ең иілімді металл- алтын

12. Ең ірі бақа - Голиаф.

13. Ең оңай балқитын металл -сынап

14.Ең ежелгі жорғалаушы -Гаттерия.

15.Ең суыққа төзімді құс - Пингвин.



VІ бөлім. "Кім жылдам?"

Бұл бөлімнің тапсырмасы ұқыптылықтыжәне тиянақтылықты, жылдамдықты қажет етеді.

Тапсырма:

1 стакандағы суды 2ші стаканға қасықпен тасып құю керек.





Қорытынды:

Ендігі сөз кезегін сарапшыларымызға береміз.

Марапаттау

Жеңіске жеткен топты құттықтаймыз!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал