7


  • Учителю
  • Ауа - газдар қоспасы. Ауаны ластанудан қорғау /8 сынып сабақ жоспары/

Ауа - газдар қоспасы. Ауаны ластанудан қорғау /8 сынып сабақ жоспары/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ауа - газдар қоспасы. Ауаны ластанудан қорғау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушы ауаның құрамы әртүрлі газдар қоспасынан тұратынын және ластанудан қорғау қажеттігі түсінігін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, есте сақтау, ой - өрісін дамыту, өмірдегі көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды айналадағы ортаның тазалығын сақтау жауапкершілігін, азаматтық сезімдерін қалыптастыра отырып, қоршаған ортаны қорғауға баулу. Экологиялық, құқықтық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, зертханалық тәжірибе, жеке, топтық жұмыс, тірек - сызбалармен жұмыс, дифференциалау әдісі.

Көрнекілігі: Д. И. Менделеев кестесі, интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме тапсырмалар.

Пәнаралық байланысы:физика,математика,тарих, география,экология.

І. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысып, дайындығын ұйымдастыру, сабаққа назарын аудару. Сыныпты үш топқа бөлу.

ІІ. Өтілген тақырыптарға шолу:

1)Әр топтың басшысы оттегін лабораторияда алу жолдарының химиялық реакция теңдеулерін жазады.

2)Топ мүшелері оттегінің химиялық қасиеттеріне сай заттардың жану реакция теңдеулерін жазып, түзілген заттарды аттап, құрамындағы оттектің массалық үлесін есептеу.

Р + О2 = S + О2 = N2 + О2 =

Ca + О2 = AI + О2 = K + О2 =

3)Лездеме сұрақтар.

Оттегі табиғатта қалай таралған?

• Оттегінің физикалық қасиеттері

• Оттегін жинау әдістері.

• Оттегі қайда қолданылады?

• Жану реакциялары дегеніміз не?

• Оксидтер дегеніміз не?

• Озонның қасиеттері

• Аллотропия дегеніміз не?

• Озон қалай түзіледі?

• Озон қабатының маңызы қандай?

ІІ. Жаңа сабақ.Бос қорапша әкеліп , аузын ашып, оның ішінде не барын сұрау арқылы сабақтың тақырыбын ашу, сабақтың мақсатымен таныстыру.

Тақырыбы:Ауа - газдар қоспасы. Ауаны ластанудан қорғау.

Ауаның құрамына алғаш тәжірибе жасаған француз ғалым А. Лавуазье . Ауаның құрамы:

2) Тәжірибе жасау

Ауаның сапалық құрамын анықтау үшін мынадай тәжірибе жасайық. Кристалдандырғышқа су құйып алып, судың бетінде қалқып жүретін пенопластка жіңішке шырақ (парафиннен жасалған) орнатып, оны жағып суға саламыз да, шырақты сыртында 5 бөлікке бөлінген белгісі бар, цилиндрмен жабамыз. Біраздан кейін су цилиндр бойымен оның көлемінің 1/5 бөлігіне көтерілгенін байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды - ауаның көлемі бойынша 20%-ы оттегі, ол шырақтың жануына жұмсалды .

N2 = 78 % О2 = 21% инертті газ- 0,94% CO2=0.03% Жердің ауа қабаты-атмосфера деп аталады.

Ауаның қасиеттері:

Ауа-мөлдір, түссіз. Бұл туралы ол арқылы барлық қоршаған заттарды көретініміз . Ауа серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны қолыммен қысамыз. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды жіберсем, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған - ауа.. СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

  • Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0,03% көмірқышқылы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқылы, 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады.

  • Адам бар жоғы 2 минут ғана дем алмай тұра алады.

  • Мектеп сыныбында сабақ басталғанға дейін, шамамен, 1м3-де 2600 микроб, ал І ауысым сабағы аяқталғанда 13500 микроб болатыны есептелген.

  • Нашар желдетілген бөлмедегі ауа құрамында 0,1% дан артық көмірқышқыл газы СО2 болады. Бұл адам үшін зиянды.

  • Қалалардағы зауыт, фабрикалардан бөлінетін улы газдардың әсерінен, зиянды жағдайлардан өсімдіктердің зат алмасу процесі баяулайды. Мысалы: жөке ағашы орманда 400 жыл өмір сүрсе, қалада не бары 50-80 жыл ғана өмір сүреді.

Ал атмосфераны ластайтын заттар өте көп.Әртүрлі өндірістік қондырғылар мен қозғағыштардың шектен тыс жұмыс істеуі,,көліктерден шыққан түтіндер атмосфераның ластануына әкеп соғады,сөйтіп тірі ағзалардың тіршілігіне қауіп тудырады. Өйткені ауа уланып бұзылады.Міне, сондықтан қазіргі уақытта ауаны таза ұстау.ластаудан сақтау және космостық радиация тозаңдарынан қорғау мәселелеріне ерекше мән берілуі орынды.

Атақты орыс дәрігері Ф.Ф. Эрисман «Таза ауа - адамның бірден бір санитарлық және эстетикалық қажеттілігін құрайды» деді.

Ауаның ластану себептері:

  1. Түрлі қалдықтар (зауыттар мен фабрикалардан ауаны ластайтын әр түрлі қалдықтар шығарылуы)

  2. Орманды кесу ( мақал сұрау.)

  3. Улы газдар (көліктен шыққан түтіндер)

  4. Радиация (1840 жылы Семей жеріне ғарыштан құлаған қалдық)

  5. ҚР Конституциясындағы ауаны қорғау туралы бап біле жүріңдер.

ҚР Конституциясындағы ауаны қорғау туралы бап біле жүріңдер.

13-бап. Атмосфералық ауаға зиянды әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы талаптар

1. Адамның денсаулығы мен тектiк қорына, қоршаған ортаға келтiрiлуi мүмкiн зиянның алдын алу мақсатында жаңа техникаға, технологияға, материалдарға, заттарға және атмосфералық ауаға зиянды әсер етуi мүмкiн басқа да өнiмге арналған стандарттармен атмосфералық ауаны қорғау талаптары белгiленедi.

2. Егер жаңа техникаларды, технологияларды, материалдарды, заттарды және басқа да өнiмдi енгiзу, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен басқа да техникалық құралдарды қолдану атмосфералық ауаны қорғаудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарына сай келмесе, оларға тыйым салынады.

3. Қазақстан Республикасының аумағында отын өндiру мен пайдалануға Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жол берiледi.

4. Жағылған кезде тиiстi аумақта атмосфералық ауаның ластануына әкеп соғатын жекелеген отын түрлерiн пайдалануға Қазақстан Республикасының Үкiметi ғылыми және экономикалық жағынан негiзделген шектеу енгiзуi, сондай-ақ отынның және басқа да энергия көздерiнің экологиялық қауiпсiз түрлерiн өндiру мен қолдануды ынталандыруы мүмкiн.

5. Адамның өмiрi, денсаулығы үшiн және қоршаған орта үшiн қауіптiлiк дәрежесi анықталмаған заттарды атмосфералық ауаға шығаруға тыйым салынады.

6. Атмосфералық ауаның жай-күйiн өзгертуге бағытталған не оның жай-күйiн уақытша нашарлатуға әкеп соғатын кез келген уақытша iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы немесе оның аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен берген рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.

28-бап. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны

қорғау саласындағы заңдарын бұзу арқылы келтiрiлген зиянды өтеу

Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұйымдардың, азаматтар мен мемлекеттiң мүлкiне зиян келтiрген жеке және заңды тұлғалар зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi.

29-бап. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны

қорғау саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн

жауапкершiлiк

Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.

Бекіту:









І-топ: Синквейн стратегиясы ( бес жолды өлең)



- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)

- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)

- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)

- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.

- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.









ІІ-топ.Сыныптағы 45 минут оқушылардың тыныс алуға пайдаланған ауа көлемін есептеп шығарыңдар. 1 мин 0,5 л ауа жұмсалса.









ІІІ-топ. Тест жұмысы.

1. Ауаның жануға және тыныс алуға қатысатын бөлігі қалай аталады?

а) Оттегі в) Асыл газдар. с) Азот

2. Ауаның қандай қасиеттері бар?

а) мөлдір, түссіз, иіссіз, қыздырғанда, ұлғаяды, салқындатқанда қысылады, жылуды жай өткізеді.

б) Аспан тәрізді көгілдір, дыбыстарды өткізеді, күн сәулелерін өткізеді, иісі жоқ.

3. Ауаның құрамына қандай заттар кіреді? а) сутек, мыс, мырыш б) оттегі, азот, көмірқышқыл газы.

в) хлор, фтор, йод.

4. Ауа қандай заттардың қоспасы?

а) Қатты заттардың в) Газдардың с).Сұйық заттардың

5. Ауаның негізгі бөлігі не? а) Азот. в) Асыл газдар. с) Оттегі









Ү.Қорытынды. Еліміздің әрбәр азаматы ауаны қорғауға міндетті екенін есте ұстауы керек.Сондықтан да ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөлетін жасыл желектердің тұрақты отырғызылуын, сақталуын қадағалау керек.Қоқысты, көліктің ескі дөңгелектерін, полиэтиленнен жасалған қапшықтарды бей-берекет өртеуге болмайды. Отқа жағылғанда олар улы газ бөліп шығарады.Сондықтавн да, балалар, сау-саламаттықпен бақытты өмір сүру үшін адамға ең алдымен таза ауа керек.

ІҮ.Үйге тапсырма:§26

ҮІ.Бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал