7


  • Учителю
  • Разработка урока по химии на тему ' Оттегі. Оксидтер. Жану' тарауын қайталау

Разработка урока по химии на тему ' Оттегі. Оксидтер. Жану' тарауын қайталау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Химия 8 класс

«Ауа. Оттегі. Жану.» тарауы бойынша қорытынды сабақ

Мақсаты: оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жүйелеп, нақтылау.

Міндеттері: 1) Ауаның құрамы мен ондағы оттегінің таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері мен өмірдегі маңызы туралы алған білімдерін жүйелейді. 2) Тапсырмаларды орындау барысында жеке және топтық жұмыс жасай білуге дағдыланып, сенімділікке, жауапкершілікке үйренеді, танымдық қабілеті артады. 3) есте сақталған ақпаратты қолданып, өздерінің білімін көрсетеді, жеке және топтық жұмыстар негізінде өзіне сыни көзқарас қалыптасады, өзін-өзі және басқаны бағалайды, ойын тұжырымдап, қорытынды жасауға үйренеді.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Әдісі: сұрақ - жауап,

Сабақтың барысы:

І Қызығушылықты ояту. Оқушылардан өтілген тақырыптар туралы сұралады. Химиялық элемент оттегі туралы өтілгендігі енді химиялық элемент сутегімен танысу үшін, оттегі элементіне қатысты барлық сұрақтар мен тапсырмаларды орындау шарт екендігі айтылады.

Сергіту сәтін өткізу. «Сұрақтың жауабы кімде?» тренингі. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Әрқайсысына бір-бірден әр түрлі формадағы карточкадан таратылады. Біреулеріне сұрақ, кейбір балаға жауап. Қолдарына сұрақ түскен оқушылар сұрақты оқиды, сол сұрақтың жауабы кімде болса жауабын беріп, сол оқушымен жұптасады. Барлық сұрақтар оқылып біткенде, оқушылар сұрақ жазылған карточканың пішіні бойынша топтасып отырады.

ІІ Мағынаны тану. Сабақтың негізгі бөлімінде оқушылар өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар, жаттығулар мен есептер шығаруы керек. Әр топқа тапсырма бөлек беріледі №1 топ

  1. Мына қосылыстардың ішінен оксидтердің формулаларын теріп жазып, оларды атап элементтердің валенттіліктерін анықтаңдар.

HCI, CaO, Na2S, CO2, KCI, P2O5, H2S, SO2, H2SiO3, Fe2O3.

  1. Мына реакция теңдеулерін аяқтап, теңестір.

А) C + O2= С) S + O2 =

В) HgO = Д) Ag + O3=

  1. Магний оксидіндегі оттектің массалық үлесін (%) есептеңдер.

  2. Мына элементтердің: Hg, Na, Mg, AI, Cs оксидтерінің формуласын жазып, атаңдар.

  3. Көміртекті жаққанда жаққанда 11 г көміртек диоксиді оксиді түзілгені белгілі болса, реакцияға түскен оттегінің массасын есепте. № 2 топ 1. Мына қосылыстардың ішінен оксидтердің формулаларын теріп жазып, оларды атап элементтердің валенттіліктерін анықтаңдар. NaCI, FeO, K2S, CaO, KCI, Ag2O, H2S, SiO2, H2SO3, NO.

  1. Мына реакция теңдеулерін аяқтап, теңестір.

А) N2 + O2= С) Cu + O2= В) P + O2 = Д) К + O2 =

  1. Күкірт диоксидіндегі оттектің массалық үлесін (%) есептеңдер.

  2. Мына элементтердің: H, Ва, Al, Cu, Ca оксидтерінің формуласын жазып, атаңдар.

  3. 250г әктасты (CaCO3) айырғанда түзілген кальций оксиді мен көміртек диоксидінің массасын есепте.

№ 3 топ

1. Мына қосылыстардың ішінен оксидтердің формулаларын теріп жазып, оларды атап элементтердің валенттіліктерін анықтаңдар.

NaCI, Al2O3, K2S, N2O5, KCI, Ag2O, H2S, SO3, H2SO3, Cl2O3.

  1. Мына реакция теңдеулерін аяқтап, теңестір.

А) Na + O2= С) B + O2=

В) Ca + O2 = Д) Se + O2 =

  1. Темір (ІІ) оксидіндегі оттектің массалық үлесін (%) есептеңдер.

  2. Мына элементтердің: Ba, K, P (V), Ga оксидтерінің формуласын жазып, атаңдар.

  3. 8г сутегі жанғанда түзілетін судың массасын есепте.

4 топ

1. Мына қосылыстардың ішінен оксидтердің формулаларын теріп жазып, оларды атап элементтердің валенттіліктерін анықтаңдар.

NaCI, Ga2O3, K2S, P2O3, KCI, Li2O, H2S, TeO3, H2SO3, ClO2.

  1. Мына реакция теңдеулерін аяқтап, теңестір.

А) H2 + O2= С) Ba + O2=

В) Cs + O2 = Д) Si + O2 =

  1. Азот диоксидіндегі оттектің массалық үлесін (%) есептеңдер.

  2. Мына элементтердің: Li, Be, P (III), Вr (VII) оксидтерінің формуласын жазып, атаңдар.

  3. 5.4 г алюминий жанғанда түзілетін алюминий оксидінің массасын есепте.

ІІІ Ой- толғаныс Озон және Оттегі сөзіне 5 жолды тұжырымдама.

Синквейн.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: §21-27 қайталау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал