- Учителю
- D-элементтерінің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі. Мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары
D-элементтерінің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі. Мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары
Сабақ жоспарыПәні:
химия
Сыныбы: 10
Сабақ реті:
Сабақ реті:
Тарау:
VIІтарау. d элементтерінің жалпы сипаттамасы
Сабақтың тақырыбы:
d-элементтерінің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі. Мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары
Сілтеме:
Электрондық оқулық, ақпарат құралдарынан мәліметтер
Стратегия:
1.Оқушының химияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 7 модульді тиімді пайдалану
1.1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
1.2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
1.3.АКТ қолдану
1.4.Талантты және дарынды балаларды оқыту
1.5.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Күтілетін нәтиже:
Жұбымен жұмыс жасай біледі, топта бірлесе жұмыс жасай алады, бірін-бірі үйретуге машықтанады, әртүрлі көзқарастарды, басқа оқушылардың пікірлерін құрметтейді, бағалауды үйренеді ерекшеліктерін анықтай алады, өз ойларын сараптай алады, ойлау логикасы дамиды, сұрақ қоя білу дағдылары дамиды, сыни тұрғыда ойлауға үйренеді, қалай нені оқу керектігін үйренеді, АКТ тиімді пайдалана алады.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды d-элементтерінің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігімен таныстырып, мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары туралы мағұлмат беру
- Өзіндік жұмыс істеуге баулу, оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге және пәндермен байланыстыра білуге үйрету; жалпы металдарға сипаттама бере отырып, жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.
-Топтық жұмыс жүргізу барысында өзара ынтымақтастық атмосферасын құру алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды периодтық кестедегі металдардың морнын, атом құрылысының ерекшеліктерін білуге және оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақты меңгеру
Әдіс-тәсілі:
1.Репродуктивті әдіс. Білім- білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту
2.Зерттеу әдісі. Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылар өз бетімен шешіп, материалмен жұмыс жасайды.
3.Мақсатты әдіс. Мұғалім белгілі бір мақсат қойып оған жету жолдарын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді. Топтық жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп жауап топ ішінде жинақталады. СТО технологиясы бойынша стратегияларды пайдалану, Венн диаграммасы, салыстыру, репродуктивтік, жартылай ізденгіштік
Пәнаралық байланыс:
география, экология, биология
Көрнекі құралдар:
Интерактивті тақта, оқулық, қажетті реактивтер, слайд
Үй тапсырмасын тексеру «Сәйкестендіру» 5 минут
Топқа бөлу, топ мүшелерін сайлау 2 минут
Сабақ мақсатын айту, тапсырма беру Өз бетінше дайындық жұмысын жүргізу 5 минут
Металл үлгілерімен танысу. Кесте толтыру 5 минут
«Ойлан тап» 15 минут
«Кубизм әдісі» 10 минут
Оқушылардың білімін формативті бағалау 2 минут
Үйге тапсырма 1 минут
Сабақ кезеңдері:
Берілген уақыт мөлшері:
Мұғалім қызметі
Оқушы қызметі
Блум таксономиясы
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, оқушыларды топқа бөлу
Келмеген оқушылар туралы мәлімет алу
Оқушы зейінін сабаққа аудару
« Химиялық диктант»
Оқушыларға үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Сәйкестендіру» беріледі.
-
Алебастрдің формуласын атаңыз.
-
Сирек кездесетін радиоактивті металл
-
1955 жылы ашылған элемент
-
1828 жылы бериллийді ашқан химик
-
Доломиттің фформуласын атаңыз.
-
1910 жылы радийді ашқан ғалым кім?
Оқушының міндеті үй тапсырмасын естеріне түсіру.
-
CaSO4* 0.5 H2O
-
Радий
-
Франций
4. Ф.Велер
5. MgCO3 *CaCO3
6. П.Кюри мен М.Кюри
1.Білу
Өз бетімен ізденіп жұмыс жасай білу
Жаңа материалды меңгерту
Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім оқушыларды топқа бөліп, мәтінді зейін қойып оқып шығуын айтады.
І-топ: d -элементтеріне жалпы сипаттама.Атом құрылысы, периодтық жүйеде орналасуы
ІІ -топ: d -элементтерінің: мыс, мырыш, темір және хром элементтерінің табиғатта таралуы, қолданылуы
ІІІ - топ: Мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары
Оқушы мәтінді оқып бір-біріне түсіндіріп береді.
2. Түсінді
Тақырыпты талдай отырып,
«Ойлан тап»
Оқушылардың алған білімдерін карточкадағы есептерді шығару арқылы оқушыны бағалау
-
І топ элементінің 12,8 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж) 4,48 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
-
ІІ топ элементінің 19,5 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж) 6,72 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
-
VІІІ топ элементінің күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж) 8,96 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
Алған білімдерін жүйелеу.
Мән мағынасын түсініп білу мақсатында мысалдармен нақты дәлелдеу
«Ойланайық бәріміз»
Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу мақсатында «Ойланайық бәріміз» арқылы сұрақтарға жауап қарастырылады.
Өте сирек кездесетін металл. Адамзат тарихында өндірілген осы
металдың көлемі, дүние жүзінде бір сағат ішінде өндірілген темір
көлемімен бірдей. Барлық континенттерде кездеседі. Балқу
температурасы +1064. 43С. Жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.
Ешқашан тоттанбайды, тек қана «патша «арағында ериді. Осы қасиеті
үшін электр құралдарындарының микрочиптерінің сымдарын қаптайды.
Әшекей - бұйым жасауда қолданылады, мемлекеттің байлығы да осы
металдың қорымен анықталады. Қазақстанда Ақбейт, Ақбақай, Бестөбе,
Жайымтал кендерінде өндіріледі. ( Алтын)
2. Тас ғасырында бірінші танысқан металы (шамамен 6 мың жыл
бұрын Ежелгі Шығыста) болған. Ол табиғатта таза немесе қосылыс
күйінде кездеседі. Алғашқы адамдар да құралдарды осы металдан
жасаған. Сол металлдың ашылып пайдалануына байланысты ғасыр да
басталған. Қазақстанда көп кездеседі. Жылу өткізгіштігі, электр
өткізгіштігі жоғары. Белсенділігі төмен жер қыртысыда мөлшері 0, 01
% массаны құрайды. Ашық қызғылт түсті жылтыр, балқу температурасы
1083°С, электр тогын күмістен кейін ең жақсы өткізеді. Алхимиктер
оны Венера (Venus) деп атаған. Ол әртүрлі құймалар өндіруде
қолданылады. Ол өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына қарсы
күреске пайдаланылады.(Мыс)
3. Бұл элемент - периодтық жүйесінің VI тобындағы химиялық элемент,
тұрақты төрт изотобы бар. 1766 жылы Екатеринбург аймағында
табылған. Оны «сібірдің қызыл қорғасыны» деп атаған. 1797 ж.
француз химигі Л. Н. Воклен крокоит минералының құрамынан ашқан.
Оның бай кендері Солтүстік Оралда, Кавказ сыртында, Батыс
Қазақстанда кездеседі. Ол - ақ, сұр түсті, қатты, ауыр балқитын
металл, балқу t - 1910C, қайнау t - 2480C, тығыздығы 7, 14 г/см3.
Сутекпен әрекеттесуге бейім емес, бірақ оны өзіне сіңіріп алады.
Тотығу дәрежелері +2, +4, +6. (Хром)
Бірінші келген үш оқушы бағаланады.
Оқушыларды бағалау
Мұғалім сабақ құрылымының дұрыстығын және мақсатқа жету барысындағы қиындықтарды анықтап бағалайды.
Топ мүшелері өзара тапсырмаларды орындау барысында көрсеткен білімдерін өзара бағалайды
6.Бағалау парағы
Өзара бағалау
Формативті бағалау
Үйге тапсырма
§7.1 Мыс 174 бет
Үй тапсырмасын сұрау: «Сәйкестендіру»
1910 жылы радийді ашқан ғалым
Жаңа сабақты меңгерту
«Ойлан тап»
І топ элементінің 12,8 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж) 4,48 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
Ме + H2SO4 →MeSO4 +H2
12.8г 4.48л
X 22.4л
Х=64 г
ІІ топ элементінің 19,5 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж) 6,72 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
Ме + H2SO4 →MeSO4 +H2
19,5г 6,72л
X 22.4л
Х=65 г
VІІІ топ элементінің күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж) 8,96 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
Ме + H2SO4 →MeSO4 +H2
12.8г 4.48л
X 22.4л
Х= 64 г
«Ойланайық бәріміз»
1 .Өте сирек кездесетін металл. Адамзат тарихында өндірілген осы
металдың көлемі, дүние жүзінде бір сағат ішінде өндірілген темір
көлемімен бірдей. Барлық континенттерде кездеседі. Балқу
температурасы +1064. 43С. Жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.
Ешқашан тоттанбайды, тек қана «патша «арағында ериді. Осы қасиеті
үшін электр құралдарындарының микрочиптерінің сымдарын қаптайды.
Әшекей - бұйым жасауда қолданылады, мемлекеттің байлығы да осы
металдың қорымен анықталады. Қазақстанда Ақбейт, Ақбақай, Бестөбе,
Жайымтал кендерінде өндіріледі.( Алтын)