7


Ашық сабақ Алкандар 1курс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Алкандар

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға алкандардың алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілетімен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызуғышылығын арттыру, дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ-жауап, ой-толғаныс. Репродуктивті кестелермен жұмыс. Іскерлік ойындар.

Сабақтың көрнекіліктері:

Интерактивті тақта

2.Дидактикалық ойын «Химиялық суреттер».

3.Зертханалық құрал-жабдықтар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгелдеу.

3. Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, дұрыс отыруына назар аудару.





II.Үй тапсырмасын сұрау:

1.»Даналық ағашы» іскерлік ойыны.

Бұл ойында оқушылар жеміс ағашындағы жемістерді алу арқылы өздеріне ұпай яғни фишка жинайды.

Ең көп ұпай санын жинаған оқушыға жеміс ағашының ең ұшындағы «Білім кілті» табыс етіледі. Яғни «5» деген бағаны иемденеді. Қалған оқушылар жинаған ұпай санына қарай бағаланады.

«Даналық ағашы» іскерлік ойынының сұрақтары:

1.Алкандарды басқаша қалай атауға болады? Не себепті ?

2.Алкандар неге қаныққан көмірсутектер деп аталады ?

3.Гамологтар дегеніміз не ?

4.Гамологтық қатар дегеніміз не ?

Келесі сұраққа тәжірибе сұрақ:

5. Белгісіз қаныққан көмірсутектің молекулалық моделі берілген.

Сұрақ: Молекулалық модель арқылы қаныққан көмірсутекті табу және оның изомерін құрастыру.

6.Келесі сұрақ « Бейне сұрақ »

Бірінші сұрақты қоятын ауданымыздағы Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің химия пәнінің мұғалімі: Қаймақбай Күміс апай.

7.сұрақ: Қаныққан көмірсутектердің барлығында көміртегі атомының тотығу дәрежесі бірдей емес, мысалы: метан молекуласында-4; Ал этан молекуласында көміртегі қандай тотыгу дәрежесіне тең ?

Жауабы:-3;

8.сұрақ: 2-метил 4-этил гександа қанша изомер бар ? Жауабы: екі изомер бар.

9.Химиялық сурет.

Келесі үй тапсырмасын сұраудың шарты сурет бейнеленген химиялық құбылысты табу. (презентация көрсетілген)

III.Жаңа сабақты түсіндіру барысы:

Алкандардың алынуы

Алкандардың қасиеттері

Алкандардың таралуы





Алкандардың алуан төрт түрлі әдісі белгілі:

Алкандар негізінен табиғатта кездеседі. Газ тәрізді алкандарды табиғи мұнайға серіктес газдардан шығады.Сұйық алкандарды мұнайдың, қатты алкандар мұнай мен озокериттің құрамында болады.Сонымен қатар алкандарды синтездеп алудың бірнеше жолдары да бар.

1. Алкандардың химиялық қасиеттері.

Алкандар орынбасу, айырылу, изомерлеу және тотығу реакцияларына түседі. Алкандардың басқа көмірсутектермен салыстырғанда бір ерекшелігі-олардың құрамындағы көміртек атомдарының валенттіліктеріне толығымен сутек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алканедар қосылу реакциясына түспейді.

1. Алкандарды зертханада қанықпаған көмірсутектерді өршіткілер қатысында гидрлеп алады:

Этилен Этан

2. Вюрц реакциясы бойынша, алкандардың гологентуындыларына металл натриймен әсер етіп алады:

Егер Вюрц реакциясына әр түрлі алкандардың гологентуындыларының қатысында жүргізілсе, алкандардың қоспасы түзіледі. Мысалы, йодметан мен йодэтанның қатысында Вюрц реакциясы нәтижесінде этан, пропан және бутанның түзілуі мүмкін.

3. Алкандарды көмірді гидрлеу арқылы да алуға болады. Бұл реакция жай заттардың ( бейорганикалық ) органикалық қосылыстарға өту мүмкіндігін сипаттайды. Реакция 5000С температура шамасында, өршіткі (темір оксиді) қатысында жүреді:

CnH2n+2+nH2O-nCO+(2n+1)

4. Метанды зертханада натрий ацетаты мен натрий гидроксидін балқытып алады:

Алкандар табиғатта көп таралған көмірсутектер. Оларды табиғи газдан және мұнайдан фракциялап айдап бөліп алады. Олар қаныққан көмірсутектер. Құрамындағы көміртегі атомдары өзара тек дара байланыстар арқылы жалғасқан.

Орынбасу реакциялары:

5. Гологендеу реакциялары-алкандардың практикалық маңызды реакцияларының бірі, жарықтың немесе жоғарғы температураның әсерінен іске асады. Жарықтың әсерінен жүретін реакциялар фотохимиялық реакциялар деп аталады. Алкандардың гологендермен орынбасу реакциялары хлормен жеңіл, броммен қиындау, йодпен қиын жүреді. Ал фтормен қопарылыс түзе жүретін болғандықтан, реакцияны инертті газ қатысында сұйылтып жүргізеді. Сутектің орнын гологендерге алмастырғанда, алкандардың гологентуындылары түзіледі:













6. Нитрлеу реакциясы.

Бұл реакцияны орыс ғалымы М.И.Конавалов(1888ж) ашқандықтан, Коновалов реакциясы деп аталыды:





7. Айырлу реакциясы .

C+

8. Риформинг реакциялары нәтижесінде алкандар ароматты көмірсутектерге, мысалы, гексан бензолға айналады:





9. Изомерлеу реакциялары барысында көміртектің арасындағы байланыстары үзіліп, түзу көміртек тізбегі тармақталады. Бұл үрдіс өршіткі қатысында және қыздырғанда жүреді.

10. Тотығу реакциялары: Жану реакциясы





Алкандардың физикалық қасиеттері.

Алкандар молекулалық қатарында салыстырмалы атомдық массаларының өсуіне байланысты балқу және қайнау температуралары мен тығыздықтары біртіндеп артады.

Гомологтық қатардағы заттардың қасиеті ұқсас болады және белгілі бір басқа мүшелерінің қасиеттерін болжауға болады. Сонымен қатар гомологтық қатарларды диалектиканың сан өзгерісіне ауысу заңы айқын байқалады.

Метанның таралуы:

Батпақты суларда

Өсімдіктер мен жануарлар организмінде

Табиғи газдың құрамында

IV.Жаңа сабақты бекіту:

1.Баламалы тест метан мен пропанды салыстыру арқылы оқушылардың білімдерін тексеру. Сұрақтары:

«Батпақ газы» деген атауға ие болған газ.

Отын ретінде қолданылатын газ.

Табиғи газдың құрамында болады.

«Сығылған газ» немесе «балон газы» деп аталады.

Мұнайға серік газдың құрамында бар.

Шахтадағы жарылысты туғызатын газ.

Қандай газ қызыл жолақты цистерналар арқылы тасымалданады.

2. «Химиялық сурет» арқылы алкандарға тән химиялық реакция типін анықтау керек.

V.Оқушыларды бағалау.

VІ.Үйге тапсырма: §33-§34 №15-16 есеп





























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал