7


  • Учителю
  • Урок по химии для 8 класса 'Сутектің қасиеттері қолдануы және алынуы'

Урок по химии для 8 класса 'Сутектің қасиеттері қолдануы және алынуы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сутектің қасиеттері қолдануы және алынуы.

Сабақтың мақсаты: Сутектің қасиеттері мен қолдануын анықтау.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік : Оқушыларға сутектің қасиеттерін оқып-үйрену арқылы реакция теңдеулерін құра білу .

Дамытушылық: Оқулықпен жұмыс істеу кезінде тақырыптағы басты мәселені анықтап, өз бетімен білім алуға үйрету.

Тәрбиелік : Сутек химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты және болашақтың отыны ретінде қолданудың маңызын түсіндіре отырып экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Ізденіс

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

  1. Сутектің зертханалық және өндірістік алыну әдістері қандай?

  2. Жер бетінде сутек таралу бойынша нешінші орында?

  3. Массасы 2,4г магний тұз қышқылымен әрекеттескенде қанша гр сутек бөлінеді?


ІІІ Жаңа сабақ

Қалыпты жағдайда сутек иіссіз, түссіз, дәмсіз газ.Суда аз ериді, 100 көлем суда 2 көлем сутек ериді. -253ºС температурада сұйылады. Сутек ауадан 1,5 есе жеңіл.

Зонд шарлары сутек газымен толтырып, метеорологиялық аспаптарды қажетті биіктікке көтеру арқылы ауа райын зерттеуде қолданылады.

Қыздырғанда сутек оттекпен шабытты әрекеттесіп, көп жылу бөледі.

2 H2 + O2 → 2H2O + 572 кДж

H2 + S → H2 S күкіртсутек газы

H2 + СІ2 → 2 H CI өткір иісті хлорсутек газы

Белсенді металдармен әрекеттесіп натрий, калций гидридтер түзеді

Na + H2 → 2NaH натрий гидриді

Са + H2 → CaH2 калций нитриді

Сутектің күрделі заттармен әрекеттесуі.

CuO + H2 → Cu + H2 O

CuO қара ұнтақ

Сутек экологиялық таза шикізат көзі болып табылады.Өнеркәсіпте көп қолданады.

Сутекке тән ерекше қасиет-оның оттекпен белсенді әрекеттесуі. Осы қасиетіне сәйкес ғарышкеме отыны ретінде пайдаланады.

ІҮ Жаңа сабақты пысықтау

1.Сутектің жай және күрделі заттармен әрекеттесу реакция теңдеулерімен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазу.

2.Берілген айналымдарды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеуін жазу

H2 O → H2 → H CI → Zn CI2

2 моль х

3.PbO + H2→ Pb + H2O х = 207 ∙2 моль / 223 = 1.85 моль

223 207

8 г х х

4. CuO + H2 → Cu + H2 O х = 8 ∙ 63 / 79 = 6.3 х = 8 ∙ 18 /79 = 1.8

79 63 18

V. Сабақты қорытындылау

Лездемелік сұрақтар

VІ. Сабақта оқушылар білімін бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру §31.32



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал