7


  • Учителю
  • Жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік.

Жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Күні: 06.05.15ж 11сынып. Сабақтың тақырыбы: Жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік. Сабақтың мақсаты: 1. Жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік қалыптастыру .

2. ЖМҚ-ның құрамы, құрылысы ,пішіні алыну әдістері және полимер

өндірісі туралы білімдерін кеңейту.

3.Өз бетінше және топпен жұмыс кезінде өз ойын еркін жеткізе

білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі Сабақтың түрі: аралас Ұйымдастыру түрі: топтық ,жеке оқыту. Сабақтың әдіс -тәсілдері: ой шақыру , сұрақ-жауап,топтастыру,баяндау.


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

Сыныпты 3 топқа бөлу.


II. Үй тапсырмасын сұрау. 1.Нәруыздар дегеніміз не?

2.Нәруыздың ағзада атқаратын қызметі қандай?

3.Нәруыз молекуласының құрылымы неше бөліктен тұрады?

4.Нәруыздың денатурациясы дегеніміз не?

5.Нуклеин қышқылдары қайда кездеседі,түрлері қандай?

6.РНҚ мен ДНҚ -ның бір-бірінен айырмашылығы неде?


III.Жаңа сабақ.

1.Ой шақыру.

- Жоғары молекулалы қосылыстар туралы не білеміз?

Күнделікті өмірде қолданып жүрміз бе?


Ашылу тарихы. Полимер туралы белгілі ағылшын ғалымы Роберт Гук 1685жылы «Егер жасанды түрде желім типтес жібек құртына ұқсас мата табылатын болса ,онда ол массадан жіңішке жіп иіру жолы арқылы табылған болар еді »қиялдаған екен. Көреген ғалымның бұл қиялы қазіргі таңда шындыққа айналып 1858 жылы нитроцеллюлозадан алғаш рет Англияда жасанды талшық алынды. Ең алғаш 1891 жылы Францияда алғаш жібек өндіру зауыты салынды. Қазіргі кезде полимерлер халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады. Себебі, полимерлерді пайдалану экономикалық тиімді және табиғи шикізатты үнемдеуге болады.

2.Мәтінді тану. (Постер қорғау)

I топ -«Пластмасса» тобының тапсырмасы

а) ЖМҚ-ға жалпы түсінік бер.

ә) Полимерлену дәрежесі дегенімз не? Сополимер ұғымын түсіндір.

б) ЖМҚ-ның молекулалық массасына қарай жіктелуі..


II топ-«Каучук » тобының тапсырмасы

а) Полимерлер пішініне қарай қалай жіктеледі?

ә) Сызықтық ,тармақты,торлы пішіндеріне сипаттама бер

б) Полимер өндірісі қалай дамуда?


III топ-«Талшық» тобының тапсырмасы

а) Полимерлердің өндіру әдісіне қарай жіктелуі.

ә) Конструкциялық пластиктер,элостомерлерге сипаттама бер.

б) Талшықтар мен жіптер,қабыршақтарға сипаттама бер.


III.Химиялық диктант.

«Пластмасса» тобы

Полимерлер мономерлерден синтезделеді, полимердің қайталанып отыратын ең кіші бөлігін ------- ----- ,ал олардың санын ----------- -------- деп атайды. Құрылымдық буындары бірдей, бірақ ұзындықтары әр түрлі ------------------------- ---------------- деп атайды. Кәдімгі пластик ---------------- құрамында 30-50% күкірт және каучук бар қоспаны термоөңдеу арқылы алады.


«Каучук» тобы

.Бразилияда өсетін ----------- ағашының шырынының құрамында 30% каучук бар. Синтездік каучукты алғаш рет ----- жылы академик ------ әдісімен синтезделе бастады. Талшықтар -------------- және --------------- деп жіктеледі. Полимерлену дәрежесі ------- деп аталады.


«Талшықтар» тобы

Синтетикалық полимерден алынатын ----------------- ----------------- деп аталады.

Өте берік,тозбайды, деформацияға төзімді,су сіңірмейдін -------------- жоғары температураға төзімсіз зат. Құрылымдық буынына қарай ----------------- ---------- -------- екіге бөлінеді.Толықтырғыш ретінде мақта маталар пайдаланылған болса ,ерекше мықты пластмасса-------------- алынады.


IV.Білім тексеру. Салыстырмалы тест.


1.Полимерлер жүздеген мың ,кейде млн-даған атомдардан тұрады.

а) иә ә)жоқ

2. Құрамы ,құрылысы бірдей, құрылым буын саны әртүрлі бірнеше микромолекуланың қоспасы-сополимер деп аталады.

а) иә ә)жоқ

3.Мr >5000 артық болса,олигомер деп аталады.

а) иә ә)жоқ

4.Целлюлоза мен каучук тармақты құрылымды полимер.

а) иә ә)жоқ

5.Ұсақ молекулалар бір-бірімен түйін арқылы жалғасып,тор көз тәрізді пішінде болады.Мұны а) тримерлі молекула деп атайды.

иә ә)жоқ

6.Пластиктер-бөліну беріктігі 50-200 кг\см болатын қатты заттар.

иә ә)жоқ

7.Элостомерлер - иілгіштігі ,созылғыштығығы нашар , деформацияланбайды.

иә ә)жоқ


V. Жаңа сабақты бекіту.


1.Жоғары молекулалы қосылыстар дегеніміз не?

2.Мономер , полимер ұғымын түсіндір.

3.ЖМҚ- массасына қарай қалай жіктеледі?

4.ЖМҚ- пішініне қарай нешеге бөлінеді?

5.Полимер өндірісінің маңызы қандай?


VI.Бағалау. Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалайды.


VII. Үйге тапсырма: §13.1 270-273 бетті оқып келу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал