7


Практикалық жұмыс дәптері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Алғы сөз.Химия, физика, биология – эксперимент пәндерінің ең негізгі бөлігі болып табылады. Практикалық жұмыстарды дұрыс орындау үшін, ең бастысы – қауіпсіздік техникасымен танысып, оны іс жүзінде орындауға дағдылану қажет. Әрбір практикалық жұмыста оны өткізу тәртібі
предварительный просмотр материала

«Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебі » ММ

Химия 8 сынып


Практикалық жұмыс дәптері


( жаратылыстану- математикалық бағыт)



Құрастырған: Жанат Кияшевна Молдабекова






Алғы сөз.


Химия, физика, биология - эксперимент пәндерінің ең негізгі бөлігі болып табылады. Практикалық жұмыстарды дұрыс орындау үшін, ең бастысы - қауіпсіздік техникасымен танысып, оны іс жүзінде орындауға дағдылану қажет. Әрбір практикалық жұмыста оны өткізу тәртібі берілген. Эксперимент ойдағыдай өту үшін, жұмысты дұрыс орындау керек. Дәптерде практикалық жұмыстың мақсаты, керек құралдар мен реактивтер, толтыру тәртібі берілген. Барлық жұмыстардың үлгілері кестеге енгізіледі, керек суреттер салынады. Жұмыстың соңында қорытынды жасалады. Осы жазба оқушыларға уақытты тиімді пайдалануға, тәжірибені қатесіз орындауға және жазуға септігін тигізеді.

Практикалық жұмыс №1

Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу

Жұмыстың мақсаты:химия кабинетінде жұмыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерді сақтау.

Құрал-жабдықтар:химия кабинетіндегі немесе лабораториядағы құралдар мен реактивтер

Жұмыстың тәртібі:

1Қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысу.

2.Мұғаліммен бірге лабораториялық құралдармен танысу.

3.Сұрақтарға жауап беру.

а)Қауіпсіздік техникасының ережелерін не үшін білу қажет?

ә)Химиялық реактивтермен қалай жұмыс істеу керек?


4.Қорытынды жасау.

Қауіпсіздік техникасының ережелері

  1. Лабораторияда және кабинетте тек химия пәнінін мұғалімі бар кезде әрі оның рұқсатын алып жұмыс істеу керек.

  2. Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатын айқындап алу керек.

  3. Химиялық лаборатория мен кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім өртті сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдысқа, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің, т.б. тұрған жерін дәл біліп алу керек.

  4. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқ киімінің де жан-жағы жабық болған жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.

  5. Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс істерінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек.

  6. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған затың дәл сол ма айқындап алған жөн.

  7. Реактивтерді қолымен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгін келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім немесе лаборант көрсету керек.

  8. Реактиві бар ыдыстың аузына ұңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықты ашық аузын оқушы өздігінен немесе жанындағы адамға қаратып ұстамау керек.

  9. Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Лаболаторияда және кабинетте тек таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн.

  10. Тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл сол мөлшерде және аз етіп алыңдар. Реактивтерді үнемі қолдана білу керек.

  11. Әсіресе қышқылдармен немесе сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егерде реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.

  12. Реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылап шаю керек. Содан кейін барып тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі.

  13. Лаболаторияда немесе кабинетте орынсыз жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер.

  14. Мұғалімнің рұқсатынсыз таныс емес затты алып пайдалануға болмайды.

  15. Жұмыс соңында қолданылған құрал-жабдықты, реактивтерді, қыздырғыш құралдарды өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғалімнің не лаборантпен келісіп алып, аластау керек.

  16. Химиялық лабораториядан немесе кабинеттен шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды, қыздырғыш торды өшіргендігіне, т.т. көз жеткізу керек.

  17. Газ жанарғысын, спирт шамды және электр қыздырғыштарын пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, соларды бұлжытпай орындау керек. Олармен жұмыс істеуді мұғалімнің немесе лаборанттың көмегімен игерген дұрыс.

  18. Ең бастысы өзің білмесең не күмәндансаң, мұғалімнен сұрап алу қажет.

Сұрақтарға жауаптары:

а)___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ә)___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды:__________________________________________________________________________________________________________________


Практикалық жұмыс №2

Зертханалық құралдармен жұмыс істеп үйрену.


Жұмыстың мақсаты: лабораторияның құралдарымен танысу.

Құрал - жабдықтар: қысқыштар, сынауықтар, стақандар, өлшегіш ыдыстар, құтылар,кәрлен табақша.

Жұмыстың тәртібі:

1.Химиялық шыны ыдыстардың атауларымен танысу.

2.Сынауықтарды тұрғыға бекіту.

3.Өлшегіш ыдыстардың құрылысымен танысу.

4.Кәрлен табақшаны қысқышпен ұстап үйрену.

5.Алдына берілген құралдардың суретін салып,атын жазу.

6.Сұрақтарға жауап беру.

а)Көрсетілген зат мөлшерінен артық алуға неге болмайды?

ә)Неге пайдаланған затты сол ыдысқа қайта салуға немесе құюға болмайды?

б)Не себепті тәжірибе жасағанда тек таза ыдысты пайдаланады?

7.Қорытынды жасау.


Химиялық шыны ыдыстар:

Өлшегіш ыдыстар:


Сұрақтарға жауаптары:

а)_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________

ә)____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

б)____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды:___________________________________________________________________________________________________________________________________________


Практикалық жұмыс № 3

Лабораториялық құрал- жабдықтармен танысу.Лабораториялық штативтермен және қыздыру құралдармен жұмыс істеу тәсілдері.


Жұмыстың мақсаты: спиртшамымен танысу;спиртшамды іске қосуды және өшіруді үйрену. оттың құрылысын зерттеу.

Құрал - жабдықтар: штатив, спиртшамы,электрқыздырғыш

Жұмыстың тәртібі:

  1. Штативтің құрылысымен танысып, олардың пайдалану тәртібін білу.

  2. Штативті дұрыс жинау.

  3. Дәптерге суретін салу.

  4. Спирт шамымен танысып, дәптерге суретін салу.

  5. Жазбаша жауап беру:

а) Неге ерітінділерді қалың ыдыста қыздыруға болмайды?

ә) Сынауықты қыздырғанда, ең алдымен барлығын қыздырып, содан кейін зат орналасқан жерді қыздырады. Неліктен?

б) Сынауықты қыздырғанда ауызын қайда қаратады?

6. Спирт шамын жағып, оттың құрылысымен танысу, содан соң дәптерге суретін салу. Спирт шамын сөндіру.

7. Қорытынды жасау.

Лабораториялық штативтің құрылысы:


Спирт шамының құрылысы:

Оттың құрылысы:

Сұрақтарға жауаптары:


а)___________________________________________________________________ _____________________________________________________________________

б)__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

в)__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Практикалық жұмыс № 4

Физикалық және химиялық құбылыстарды зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: Химиялық және физикалық құбылыстардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратып білу,заттардың өзгерістерін сипаттау.

Құрал-жабдықтар:спиртшам,шыны таяқша,ұстағыш,мыс сым.

Жұмыстың тәртібі:

Тапсырма №1.

1.Мыс сымының кішкене бөлігін алып,балғамен ұрып жаншу.

2.Сымның пішіні өзгергеніне назар аудару.

3.Мыс сымының кішкене бөлігін ұстағышпен қысып,спиртшамының жалынына ұстау.

Тапсырма №2

4.Сұрақтарға жауап беру.

а)Не байқадыңдар?

ә)Физикалық құбылыс деген не?

б)Химиялық құбылыс деген не?

в)Физикалық және химиялық құбылыстардың бір-бірінен басты айырмашылығы неде?

5.Кесте толтыру.

6.Қорытынды жасау.


Физикалық құбылыс

Химиялық құбылыс

Сұрақтарға жауаптары:

а)___________________________________________________________

____________________________________________________________


ә)____________________________________________________________

_____________________________________________________________


б)_____________________________________________________________

_______________________________________________________________


в)_____________________________________________________________

______________________________________________________________

Қорытынды:___________________________________________________________________________________________________________________


Практикалық жұмыс №5

Ластанған ас тұзын тазарту.

Жұмыстың мақсаты: Қоспа және таза зат ұғымдарды бекіту; қоспаларды бөлу.

Құрал - жабдықтар: штатив, құйғы, стақан, су, қағазды фильтр, магнит, спирт шамы, сіріңке, ұстағыш, кәрлен табақша, темір және күкірт қосылған қоспа, құм және тұз қосылған қоспа.

Жұмыстын тәртібі.

Тапсырма №1. Қоспадан ас тұзын бөліп шығару.

1.Қоспаны сумен араластыру.

2. Фильтр қағазынан сүзгіш жасап, құйғыға орналастыру. Дәптерге суретін салу.

3. Қоспаны сүзу.

4. Таза фильтратты кәрлен табақшасына құйып, қыздыру.

5. Сұрақтарға жауап беру.

а) Бөлу және тазарту тәсілдерін ата.

ә) Берілген қоспаның түрін анықта.

Тапсырма №2. Темір мен күкіртті бөлу.

  1. Қоспаны қағазға салу.

  2. Қағазды көтеріп, астына магнитті ұстап, күкіртті басқа қағазға түсіру.

  3. Сұрақтарға жауап беру.

а) Қоспаның түрі қандай?

ә) Тазарту тәсілі қандай?


4.Жалпы қорытынды жасау.

Сүзу приборының суреті:


Сұрақтарға жауаптары:

а)___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ә)______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тапсырма №2.

Сұрақтарға жауаптары:

а)__________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ә)__________________________________________________________________________________________________________________________________________________Қорытынды:_____________________________________________________________________________________________________________________________

Практикалық жұмыс №6

Сутекті зертханада алу, оның қасиеттерін зерттеу.


Жұмыстың мақсаты. Тұз қышқылымен мырышты әрекеттестіріп сутек газын алып ,оның қасиеттерімен таныстыру,зертханалық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Құралдар мен реактивтер. Сутек газын алатын қарапайым құрал,тұрғы,сынауықтар,спиртшам,ұстағыш,сіріңке,мырыш түйірлері, 30% -дық тұз қышқылы.

Жұмыстың тәртібі.

  1. Газ алатын құрал даярлап,түбіне 5-6 мырыш түйірін салып тұрғыға орналастыру.

  2. Сутек газын алу үшін құралдың мырыш бар бөлігіне тұз қышқылын құю.

  3. Сутек газы бөліне бастағанда ,сынауықтың аузын төмен қаратып газ жинау.

  4. Сутек газының тазалығын тексеру үшін осы қалпында тездетіп жанып тұрған спиртшамға жақындату.Не байқадың?

  5. Газ алатын құралдан шығып жатқан сутек газын жағу. Не байқадың?

6.Кесте толтыру.

7.Қорытынды жасау.

Тәжірибе


Берілген заттар

Реакция жағдайы

Реакция белгілері

Реакция

теңдеулері

Қорытын- ды

Тұз қышқылының мырышпен әрекеттесуі

Тұз қышқылы,мырыш

Сутек тазалығын теқсеру

Түзілген сутек


Сұрақтарға жауаптары:

а)____________________________________________________________________________________________________________________________


ә)____________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды:___________________________________________________________________________________________________________________








*Практикалық жұмыс № 7


Судың электролизі арқылы оттек пен сутекті алу.

Жұмыстың мақсаты.Лабораторияда алу әдісін білу.

Құралдар мен реактивтер.Суды электр тогымен айыруға арналған құрал,стақан,штатив.

Жұмыстың тәртібі.

Тапсырма 1.Тәжірибені оқу.

Арнайы суды айыратын құралдың екі металл тақташасына тұрақты ток тізбегін қосқанда, біртіндеп су молекуласы ыдырап, екі түрлі газ-сутек пен оттек түзеді. Олар шекті екі түтіктегі суды ығыстырып, оның үстіңгі жағына жинала бастайды. Зер салып байқасаңдар, оң жақта бөлінген газдың көлемі сол жақтағы газдың көлемінен екі есе үлкен.

Сол жақтағы түтіктің шүмегін ашып, аузына шоқтанған шыра апарса, ол лап ете түседі. Бұл оттек газының жануды қолдайтынын көрсетеді. Оң жақтағы түтіктің аузын ашып тұтатса, оның жана бастағанын көрер едік. Бұл сутек газының ауадағы оттек газымен қосылып, су түзетіндігінің айғағы. Оған көз жеткізу оңай. Реакция нәтижесінде бөлінген буға шыны тақташаны жақындатса, оның бетінде су тамшысы түзіледі.

Судың молекуласы ыдырағанда түзілген ұқсас атомдар өзара жұптасады. Сондықтан судың екі молекуласы айырылғанда одан сутектің екі молекуласы, оттектің бір молекуласы бөлінеді. Жоғарыдағы түтіктегі сутектің көлемінің оттектің көлемінен екі есе үлкен болуы осының дәлелі.

Тапсырма 2.Сұрақтарға жауап беру.

а)Сутек газын зертханада қалай алуға болатынын түсіндір.

ә)Судың айырылу реакция теңдеуін жаз.

б)Сутек газын қандай тәсілмен жинауға болады?

Сұрақтарға жауаптары:

а)____________________________________________________________________________________________________________________________

ә)____________________________________________________________________________________________________________________________

б)____________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды:___________________________________________________________________________________________________________________


Практикалық жұмыс № 10

Судың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты.Судың физикалық қасиеттерін анықтап,химиялық қасиеттеріне сәйкес тәжірибелерді өткізу.

Құралдар мен реактивтер.Шыны таяқша,стақан,сынауықтар,су,натрий,кальций оксиді,фосфор,лакмус,фенолфталеин,штатив,кәрлен табақша.

Жұмыстың тәртібі.

Тапсырма 1.

1.Судың физикалық қасиеттерін кестеге толтыр.

Тапсырма 2.

2.Суды сынауықтың жартысына дейін құйып,штативке тік етіп бекіту.Одан кейін керосиннен бір түйір натрийді алып,құрғатып,сынауықтағы суға салу.Сынауықтың бетін құйғының кең жағымен жабу.Реакция өткеннен кейін сынауыққа фенолфталеин тамызу.

3.Кәрлен табақшаға аздап кальций оксидін салу және оған су құю.Реакцияның ерекшеліктеріне назар аудару.

4.Стақанға аздап су құйып,оның жоғары жағынан металл қалақтағы фосфорды жағу.Түзілген фосфор (Ү) оксиді түйіршіктері біртіндеп түсіп еріп,онымен әрекеттесе бастайды.Түзілген ерітіндіге лакмус тамызу.

Өткізілген тәжірибелер бойынша кесте толтыру,қорытынды жасау.

Тапсырма 1.

Физикалық қасиеттері

Су

Түсі


Агрегаттық күйі


Иісі


Тығыздығы


Қайнау температурасы


Қату температурасы


Тапсырма 2.

Тәжірибе

Берілген заттар

Реакция жағдайлары

Реакция белгілері

Реакция теңдеулері

Қорытынды

Судың сілтілік металдармен әсері

Су,натрий,фенолфталеин

Судың негіздік оксидтермен әсері

Кальций оксиді,су

Судың қышқылдық оксидтермен әсері

Фосфор, оттек

Фосфор(Ү)оксиді,су, лакмус

Қорытынды:___________________________________________________________________________________________________________________


Практикалық жұмыс № 8

Судың ластануын тәжірибе жүзінде анықтау.


Жұмыстың мақсаты.Суды қоспалардан тазарту әдістерін білу.

Құралдар мен реактивтер.Су,бор ұнтағы,ас тұзы,стақан,шыны таяқша,құты,сынауықтар,спиртшамы,сіріңке.

Жұмыстың тәртібі.

Тапсырма №1

1.Бор ұнтағын суға салып,шыны таяқшамен араластыру.Біраз уақыт қоспаны қойып,лайдың ауыр бөлшектері ыдыстың түбіне шөккеніне назар аудару.

2.Тұнған мөлдір ерітіндіні шыны таяқшаны бойымен ептеп лайламай,басқа стақанға құйып алу.

Тапсырма №2

3.Құтыға 10-15мл су құйып,оған 1-2мг ас тұзын қосу.Құтыны штативтің шығыршығына бекіту.Құтының ауызын имек түтігі бар тығынмен тығындап,түтіктің екінші имек ұшын суық су құйылған стақанның ішіндегі таза сынауыққа салу.Құтыны спиртшамның жалынына қайнағанша қыздыру.

4.Сұрақтарға жауап беру.

а)Өткізілген тәжірибелерде қандай тәсілдерді байқадың?

ә)Табиғи суда қандай қоспалар болуы мүмкін?

5.Өткізілген тәжірибелердің суретін дәптерге салу.

6.Қорытынды жасау.


Сұрақтарға жауаптары:

а)____________________________________________________________________________________________________________________________

ә)____________________________________________________________________________________________________________________________

Тәжірибе суреті:


Қорытынды:___________________________________________________________________________________________________________________


Практикалық жұмыс №9

Массалық үлесі бойынша тұз ерітіндісін дайындау


Жұмыстың мақсаты: Таразыда өлшеп үйрену, заттың массалық үлесі көрсетілген ерітіндіні дайындау.

Құралдар мен реактивтер: Химиялық стақан, шыны таяқша, өлшеуіш, таразы, су, тұз.

Жұмыстың тәртібі:

Тапсырма №1.

Тұздың 5%-дық 60г ерітіндісін даярлау үшін, қанша тұз, қанша су қажет екенін есептеу.

Тапсырма №2.

Ерітіндіні дайындау.

  1. Таразыға тұзды өлшеу. (Физикадан өлшеу дәлдігін еске түсір).

  2. Дистиленген судың қажетті көлемін алу, (сұйықтық көлемін өлшеу ережесін еске түсір) және оны құтыдағы тұздың үстіне құйю.

  3. Құтының ішіндегісін тұзы ерігенше араластыру.

Тапсырма №3.

Ерітіндіге100г су құй. Ерітіндінің концентрациясы қалай өзгереді?

Дәптерге есепті шығарып, қорытынды жасау.


Тапсырма №1


Берілгені: шешуі


Т/к: Жауабы:


Тапсырма №3

Берілгені: шешуі


Т/к: Жауабы:


Қорытынды:_______________________________________________________________________________________________________

Практикалық жұмыс №11

Эксперименттік есептерді шешу.


Жұмыстың мақсаты: Химиялық реакцияларды өткізіп, бейорганикалық заттардың негізгі кластары туралы білімін бекіту.

Құралдар мен реактивтер: Штатив, сынауықтар, тұз қышқылы, ерітінділер.

Натрий гидроксиді, калий карбонаты, натрий хлориді, күміс нитраты, натрий сульфаты, барий хлориді, лакмус, фенолфталеин.

Жұмыс тәртібі:

  1. Сынауыққа 2-3 мл натрий гидроксидін құю, оған бірнеше тамшы фенолфталеин қосу. Негіздерді анықтау тәсілі туралы қорытынды жасау.

  2. Сынауыққа 2-3 мл тұз қышқылын құйып, бірнеше тамшы лакмус қосу. Қышқылдарды анықтау тәсілі туралы қорытынды жасау.

  3. Сынауыққа 2-3 мл калий карбонатының ерітіндісін құю, соған соншама мөлшерде тұз қышқылын қосу, карбонаттарды анықтау тәсілі туралы қорытынды жасау.

  4. Сынауыққа 2-3 мл натрий хлоридің құйю, бірнеше тамшы күміс нитратының ерітіндісін қосу. Хлоридтерді анықтау тәсілі туралы қорытынды жасау. Өткізілген тәжірибе бойынша кесте толтыру.

  5. Қорытынды жасау.


Тәжірибе


Берілген заттар

Реакция жағдайы

Реакция белгілері

Реакция теңдеулері

Қорытынды

Негіздерді анықтау

Натрий гидроксиді, фенолфта

леин

Қышқылдарды анықтау

Тұз қышқылы, лакмус

Карбонатты анықтау

Калий карбонаты, тұз қышқылы

Хлоридтерді анықтау

Натрий хлориді, күміс нитраты

Сульфат

тарды анықтау

Натрий сульфаты, барий хлориді

Қорытынды:


Практикалық жұмыс №12 . Оксидтерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Химиялық реакцияларды өткізіп ,оксидтерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу.

Құрал - жабдықтар: заттарды жағуға арналған қасықтар, спирт шамы, сіріңке, ұстағыш, көмір,мыс, күкірт, ізбес суы, калий перманганаты,штатив, газ алуға арналған қондырғы.

Жұмыстың тәртібі:

1.Қондырғы жинау және оның герметикалығын тексеру. Ол үшін газ шығатын түтіктің ұшын суы бар стақанға батыру. Сынауықты спирт шамымен жайлап қыздыру. Егер суға ауа көпіршіктері бөлінсе, құрал герметикалы. Құрғақ таза сынауықты 1/4 бөлігіне дейін калий перманганатын салып, сынауықтың ауызын газ шығатын түтікпен бекіту. Түтіктің ұшы оттек жинайтын стақанның түбіне дейін енгізілетін болсын. Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, перманганат бар жерді спирт шамымен қыздыру. Оттектің бөлінгеніне көз жеткізу үшін, мана жанған шырпы стақанның түбіне апару. Не байқадың?

2. Оттектің химиялық қасиеттеріне тәжірибе жасау үшін, темір қасыққа ағаш көмірінің түйірін салу да әуелі спирт шамынын жалынында қыздырып, көмір шоқтанғанда оттек бар ыдысқа салу. Не байқадың? Жану тоқтаған кезде сол ыдысқа әк суын құйып, шайқау. Не себепті мөлдір ерітінді лайланды? Көмірдің жану реакциясын жазу.

3. Дәл осылай күкірттің,мыстың оттекте жану тәжірибесін жасау керек. Не байқадың?

Сұрақтарға жауаптары:

а)__________________________________________________________________________________________________________________________________

ә)__________________________________________________________________________________________________________________________________

б)__________________________________________________________________________________________________________________________________

Тәжірибе

Берілген заттар

Реакция жағдайы

Реакция белгілері

Реакция теңдеулері

Қорытынды

Калий перманганатының айырылуы

Калий перманганаты

Мыстың оттекте жануы

Мыс,оттек

Көмірдің оттекте жануы

Көмір, оттек

Көміртек оксиді (IV)

Күкірттің оттекте жануы

Көмір, оттек


Кестеге алынған оксидтердің аттарын, формулаларын және физикалық қасиеттерін жазу.


Оксидтер,

атаулары,

химиялық формуласы

Физикалық қасиеттері.

Оксид түзетін элементке сипаттама.

Агрегат-тық күйі

Түсі

1

2

3

4

Қорытынды:


________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Практикалық жұмыс № 13

Негіздерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты.Химиялық реакциялардың нәтижесінде негіздерді алып,олардың қасиеттерін зерттеу.

Құралдар мен реактивтер.Сынауықтар,штатив,шыны таяқша,спиртшамы,химиялық стақандар,сіріңке,қысқыш,

кәрлен табақша;натрий,кальций,мыс(ІІ),темір(ІІІ)гидроксидтері,су,фенолфта

леин,тұз қышқылы,мыс сульфаты,кальций оксиді.

Жұмыстың тәртібі,

Тапсырма 1.Берілген негіздердің физикалық қасиеттерін сипаттау.

Тапсырма 2.Кәрлен табақшаға аздап кальций оксидін салып және оған су құю.

1.Берілген негіздердің ерітінділеріне фенолфталеин құю.

2.Натрий гидроксидінің ерітіндісіне аздап тұз қышқылын құю.Ерітіндінің түсі өзгергеніне назар аудару.

3.Натрий гидроксидінің ерітіндісіне мыс сульфатын құю.

4.Мыс(ІІ) гидроксидін қыздыру.Не байқадың?

5.Қорытынды жасау.

Тапсырма 1.

Негіздер

Суда ерігіштігі

Түсі

Агрегаттық күйі

Ерітіндіде фенолфталеиннің түсі

Кальций гидроксиді Ca(OH)2

Натрий гидроксиді NaOH

Мыс(ІІ) гидроксиді Cu(OH)2

Темір(ІІІ)гидроксиді Fe(OH)3


Тапсырма 2.

Қорытынды_____________________________________________________________________________________________________________________________

Практикалық жұмыс № 14

Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Химиялық реакциялардың нәтижесінде қышқылдардың қасиеттерін зерттеу.

Құралдар мен реактивтер: Штатив, сынауықтар, индикаторлар:лакмус, фенолфталеин, метил - оранж; тұз қышқылы, азот қышқылы, мыс, мырыш,темір, темір оксиді (ІІ), мыс оксиді (ІІ).

Жұмыстың тәртібі.

Тапсырма №1

Берілген тұз қышқылын индикатормен тексеру.

Тапсырма №2

Тұз қышқылын сынауыққа құйып, біріншісіне темір ұнтағын; екіншісіне мырыш түйірін; үшіншісіне - мыс сымын сал да, қандай өзгеріс болатынын бақылау.

Тапсырма №3

Берілген мыс оксиді (ІІ) мен темір оксиді (ІІ), олардың қышқылдармен арасындағы алмасу реакциясын жазу. Әуелі азот қышқылын екі сынауыққа құйып алып, олардың үстіне аздап, аталған оксидтерді шыны таяқшамен араластыру. Түзілген ерітіндіні түсіне көңіл аудару. Өткізілген тәжірибелер бойынша кесте толтыру, қорытынды жазу.


Тәжірибе

Берілген

заттар

Реакция жағдай

лары

Реакция белгілері

Реакция

теңдеу

лері

Қорытынды

Қышқылдар-дың индикатор

ға әсері

Лакмус, тұз қышқылы

Фенолфталеин, тұз қышқылы

Метил-оранж, тұз қышқылы

Қышқылдар

дың металдарға әсері

Темір, тұз қышқылы

Мырыш, тұз қышқылы

Мыс, тұз қышқылы

Қышқылдар мен металдар

дың оксидтері

мен әрекеттесуі

Мыс оксиді, азот қышқылы

Темір оксиді (ІІ), азот қышқылы

Қорытынды:


____________________________________________________________________________________________________________________________________________


Практикалық жұмыс №15

Тұздардың қасиеттерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты.Химиялық реакциялардың нәтижесінде тұздардың қасиеттерін зерттеу.

Құралдар мен реактивтер.Сынауықтар,тамшуыр,барий хлориді,күкірт қышқылы,азот қышқылы,мыс сульфаты,темір(ІІІ) хлориді,натрий гидроксиді,күміс нитраты,натрий сульфаты.

Жұмыстың тәртібі.

Тапсырма 1.

Екі пробиркаға хлорлы барий ерітіндісін құю және олардың біреуіне сұйылтылған күкірт қышқылының,екіншісіне азот қышқылының ерітінділерін қосу.Тұнбаның түзілуіне назар аудару.

Тапсырма 2.

Екі пробиркаға ¼ бөлігіне дейін мыс сульфаты,екіншісіне темір(ІІІ) хлоридінің ерітінділерін құю.Әр пробиркаға натрий сілтісін тамызу.Сынауықтарда түзілген тұнбаларға назар аудару.

Тапсырма 3.

Екі пробиркаға барий хлоридінің ерітіндісін құю,біріне күміс нитратын,екіншісіне натрий сульфатының ерітінділерін қосу.Түзілген тұнбалардың түсіне назар аудару.Өткізілген тәжірибелер бойынша кесте толтыру,қорытынды жасау.

Тәжірибе

Берілген заттар

Реакция жағдайлары

Реакция белгілері

Реакция теңдеулері

Қорытынды

Тұздардың қышқылдармен әрекеттесуі

Барий хлориді,күкірт қышқылы

Барий хлориді,азот қышқылы

Сілтілердің тұздармен әрекеттесуі

Мыс сульфаты,натрий гидроксиді

Темір (ІІІ) хлориді,натрий гидроксиді

Тұздың тұзбен әрекеттесуі


Барий хлориді,күміс нитраты

Барий хлориді,натрий сульфаты

Қорытынды:__________________________________________________________________________________________________________________________


Практикалық жұмыс №16

Эксперименттік есептер шығару.

Жұмыстың мақсаты: Негізгі бейорганикалық кластар бойынша алған теориялық білімді эксперименттік есептер орындау барысында дамыту. Химиялық тәжірибенің жүруімен оның нәтижесін байқай отырып, қорытындылауға дағдылану.

Құралдар мен реактивтер: Штатив, сынауықтар, спиртшамы, сіріңке, ұстағыш, магнит, тұз қышқылы, күміс нитратының, калий гидроксидінің ерітінділері.

Тапсырма.

Мына өзгерістерді практикалық жүзінде іске асыру:

Малахит - мыс хлориді - мыс гидроксиді - мыс оксиді - мыс хлориді - күміс хлориді.

Жұмыстың тәртібі:

  1. Бір сынауықа біраз малахит салып, толық ерігенше тұз қышқылын тамшылатып құйю.

  2. Түзілген мыс хлоридің калий хлоридінің ерітіндісіне тұнба түзілгенше құю. Реакция типін анықтау.

  3. Ұстағышпен сынауықты отқа қыздыру. өзгерістерге назар аудару. Реакция типін анықтау.

  4. Сынауық суығанда, тұнбаға тұз қышқылын құю. Реакция типін анықтау.

  5. Түзілген мыс хлоридіне (ІІ) 3-4 тамшы күміс нитратының ерітіндісін ақ тұнба түзілгенше құю. Реакция типін анықтау.

Өткен тәжірибе бойынша кесте толтыру, қорытынды жасау.

Тәжірибе


Берілген заттар

Реакция жағдайы

Реакция белгілері

Реакция теңдеулері

Қорытынды

Малахиттің термиялық ыдырауы

Малахит, тұз қышқылы

Мыс хлоридінің калий гидроксиді мен әрекеттесуі

Мыс хлориді (ІІ), калий гидроксиді

Мыс гидроксиді (ІІ) термиялық ыдырауы

Мыс гидроксиді (ІІ)

Мыс хлоридінің мыс оксидінен түзілуі

Мыс оксиді (ІІ), тұз қышқылы

Күміс хлоридінің түзілуі

Мыс хлориді (ІІ), күміс нитраты

Қорытынды:____________________________________________________________


_______________________________________________________________________

Практикалық жұмыс № 17

Молекулалардың қеңістіктік модельдерін құрастыру.


Жұмыстың мақсаты.Әр түрлі кристалдық торларға жататын заттардың модельдерін жасау,олардың айырмашылығын білу.

Құралдар мен реактивтер.Түрлі түсті ермексаз,сіріңке таяқшалары немесе өзекшелер.

Жұмыстың тәртібі.

1. Ермексаздан немесе пластмассадан жасалған шарлар мен таяқшалар берілген.Мұғалімнің тапсырмасы бойынша: а)иондық; ә)атомдық; б)молекулалық кристалдық торы бар заттардың модельдерін жасау.

2.Өздерің модельдерін жасаған заттардың физикалық және химиялық қасиеттеріндегі айырмашылықтардың мәнін түсіндіру.

3.Сұрақтарға жауап беру.

а)Кристалдық тор және оның түйіндері дегенді қалай түсінесін?

ә)Иондық,молекулалық,атомдық кристалдық торлардың айырмашылықтары неде?

б)Заттардың қасиеттері неге кристалдық торына тәуелді болады?

4.Жасалған молекулалардың моделдерінің суретін дәптерге салу.

5.Қорытынды жасау.


Метан молекуласының моделі


Су молекуласының моделі


Аммиак молекуласының моделі


Сұрақтарға жауаптары:

а)____________________________________________________________________________________________________________________________

ә)____________________________________________________________________________________________________________________________

б)____________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды:___________________________________________________________________________________________________________________

Қолданылған әдебиет тізімі

  1. А. Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. Алматы, «Рауан», 1997 жыл.

  2. М. В. Зуева, Б. В. Иванова. Совершенствование организации учебной деятельности школьников на уроках химии. Москва, «Просвещение», 1983 год.

  3. М.В.Зуева, Обучение учащихся применению знаний по химии. Москва, «Просвещение», 1987 год.

  4. В.А.Демидов. Химия. Практикум 8-11 классы. Москва, «Издательство НЦ ЭНАС», 2003год.

  5. Р.Г.Иванова, А.Г.Иодка. Система самостоятельных работ учащихся при изучении неорганической химии. Москва, «Просвещение», 1998год.

  6. Н.Нурахметов, К.Сарманова, К.Жексембина. Химия. 8 сынып, оқулық. Алматы, Мектеп, 2012 жыл.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал