- Учителю
- 'Судың физикалық және химиялық қасиеті' тақырыбы бойынша химия пәнінен сабақ жоспары
'Судың физикалық және химиялық қасиеті' тақырыбы бойынша химия пәнінен сабақ жоспары
«№13 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Химия пән мұғалімі: Саманова Жанар Муратовна
8 cынып
Сабақтың тақырыбы: Судың физикалық және химиялық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға судың физикалық және химиялық қасиеттері туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру, ой-әрекетінің дамуын арттыру, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету.
2. Судың физикалық және химиялық қасиеті туралы мағынаны ашу.
3. Табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғай білуге, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың әдісі: аралас
Қолданылған көрнекіліктер мен құралдар: компьютер, оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа тақырыпты меңгерту.
IV. Сабақты бекіту.
V. Үйге тапсырма.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
-
Жұмыс дәптері 1,2,3,4 тапсырмаларды орындау
-
Су туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар.
-
Географ, физик, биолог ретінде су туралы мағлұмат әкелу.
III. Жаңа тақырыпты меңгерту.
-
Қызығуды ояту.
Бір күні бар элемент жиналып, кімнің маңызды екеніне жауап таппай қиналады.
Алғашқы элемент:
- Кестеге бірінші тұрған кім
Тегін тұрғанымды біл
Отында болам, ауа шары да болам.
Ұшқың келсе мін
Бомба болып жарыламын
Деп күш көрсетті
Беріспейтін іс көрсетті.
Бұл қай элемент? (Жауабы.Сутек-H)
2-ші элемент:
-Жақындасам жанып.
Су боларсың анық.
Шамаңды білмейсің неғып?
Мен болмасам тұншығып,
Қараң болар тіршілік
Мен бар жерде бар емеспе бәрі де
Күні шығып, отындары жанатын.
Бұл қай элемент? (Жауабы: Оттек-O)
Құрамында осы 2 элемент кіретін қандай қосылысты білеміз? ЖАУАБЫ: СУ
А) Судың физикалық қасиеттері. Ә) Судың агрегаттық күйі
Судың химиялық қасиеттері
1.Судың жай заттармен әрекеттесуі. 2.Судың күрделі заттармен әрекеттесуі
Металдардың кернеу қатары.
1.Судың жай заттармен әрекеттесуі.
1.Белсенді металл+су=сілті+сутек газы.
2.орташа белсенді+су буы=металл оксиді+ сутек
2.Судың күрделі заттармен әрекеттесуі.
1.Негіздік оксид+су=негіз.
Негіздік оксид дегеніміз-сумен әрекеттесіп,сілті түзетін металл оксидтері.
2.Бейметалл оксид+су = қышқыл
Қышқылдық оксид дегеніміз-сумен әрекеттесіп,қышқыл түзетін бейметалл оксидтері
ІV. Сабақты бекіту.
1. Графикалық диктант
-
Иә Жоқ
-
Табиғи таза су болады ма?
-
Алғаш суды синтездеген Г. Кавендиш.
-
Су оттектің екі атомы сутектің бір атомынан құралған күрделі зат.
-
Судың сандық құрамын анықтаған Ж.Менье.
-
Еріген заттың мөлшері көп болса қанықпаған ерітінді.
-
Температура жоғарылағанда қатты заттардың ерігіштігі артады.
-
Н2 СО3 күкірт қышқылы.
-
СаСО3 калций карбонаты.
-
Қышқылдар металдармен әрекеттесіп, оттек бөледі.
-
Су еріткіш.
2.Реакция теңдеуін аяқта. жауабы
K+H2O = 2K+2H2O =2KOH+H2
Mg+H2O= Mg+H2O=MgO+H2
K2O+H2O= K2O+H2O=2KOH
SO2+H2O= SO2+H2O=H2SO3
-
Есеп шығарту.
10 % натрий хлоридінің ерітіндісін дайындау үшін неше грамм тұз қажет?
Жауабы: 10 грамм
Тапқан оқушы 10 грамм тұздың ерітіндісін дайындайды.
Ү. Қорытынды.
Әрқайсымыз су туралы өз ойымызбен қорытындылайық
VI. Үйге тапсырма. §39,40 оқу, жұмыс дәптері 22,23
ҮІІ. Бағалау