- Учителю
- химия пәнінен сабақ жоспары, 8 сынып Тотығу. Оксидтер
химия пәнінен сабақ жоспары, 8 сынып Тотығу. Оксидтер
Күні: 18.01.2014ж.
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: «Тотығу. Оксидтер. Олардың аталулары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тотығу, оксидтер, олардың аталулары туралы түсіндіріу; тотығу реакциясының мағынасы мен мәні жайлы оқушыларға терең білім беру;
Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтылап, дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Ізденіс
Сабақтың әдісі: тест тапсырмасы, деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба, сұрақ-жауап;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бор, оқулық, тест тапсырмалары, тірек сызбалар;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
- оқушылармен амандасу,
- оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру;
-психологиялық дайындық;
Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарыңа және өздеріңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып, бір-біріңе күле қараңдар.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;
«Оттек, оның алынуы және қасиеті» тақырыбына арналған графикалық тест. «Иә», «жоқ» деген жауаппен белгілеп отырады. Λ-иә, - жоқ.
1. Оттек иіссіз, дәмсіз, түссіз газ.
2.Оттекті тек XVIII ғасырда Пристли ашты.
3. Оттек ауада 21 % кездеседі.
24. Оттекті зертханада алыну теңдеуі мынадай:
5. Өнеркәсіпте оттегін судан алады
6. Бертолле тұзынан оттегін лабороторияда мына теңдеу арқылы алады:
7. Химиялық реакция жылдамдығын тездететін, бірақ өзі реакцияға қатыспайтын зат катализатор деп аталады.
8. Оттегін 2 әдіспен ауаны, суды ығыстыру арқылы алады
9. Ауаның массасы - 27 ге тең
10. Оттек суда нашар ериді
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Логикалық кесте.
көміртегі күкірт
фосфор темір
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
М: 1. Зат дегеніміз не? Неше түрі бар?
2. Жай зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
3. Күрделі зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
Немесе мына сызбанұсқадан көре аламыз.
Зат
Жай зат
Күрделі зат
металл
бейметалл
қышқыл
тұз
негіз
Заттың оттекпен әрекеттесу тотығу деп аталады.
ЭО - оксидтердің жалпы формуласы.
Мысалы:
Оксидтерді халықаралық жүйемен атайды.
1-тәсілі: - алюминий (ІІІ) оксиді.
2-тәсілі: - диалмюминий триоксиді
«моно»-1, «ди» - 2, «три» - 3, «тетра» - 4, «пента» - 5 т.б
IV. Бекіту.
М: Сонымен, оксид деп нені айтады?
О: Оксид дегеніміз - екі элементтен тұратын оның біреуі міндетті түрде оттегі болатын күрделі заттарды айтамыз.
М: Оксид деген - бинарлы
Екі элементтен түрады.
Бірі оның оттегі
Болу керек міндетті
Екеуі бірге қосылса,
Тотығу реакциясы болады.
Нәтижесінде осының
Күрделі зат туады.
Оқулықпен жұмыс:
№3 жаттығуды орындау.
Мына оксидтерді халықаралық атаулары бойынша атаңдар.
V. Деңгейлік тапсырмалар.
№1-А тапсырмасы (10 ұпай). Мына төменде берілген кестеден тек оксидтерді тауып, алыну реакциясын жазыңыз және атаңыз.
натрий (І) оксиді
фосфор (V) оксиді
темір (ІІ) оксиді
№2 - Ә тапсырмасы(20 ұпай). Төмендегі өзгерістерді орындаңыз, түзілген оксидтерді атаңыз.
1.
2.
3.
№3-Б тапсырмасы(30 ұпай) 16 г күкіртті жаққанда түзілген күкірт (IV) оксидінің массасын табыңыз.
Берілгені: Шешуі:
m(S)= 16 г
16 г S - х г
табу керек 32 г - 64 г
m()=?
Ar(S)=32u
Mr()= 32+16*2=64
Жауабы : m()=32 г
VI. Үйге:§23. №5 жаттығу 66 бет
VII. Бағалау: Оқушалар алдын ала берілген, бағалау парағына ұпай сандарын жазып отырады, соңынан ұпай саны есептеліп, қорытынды баға шағарылады.
-
Оқушының аты-жөні
Граф тест
Логи тапс ырма
"Сиқырлы гүл" ойыны
Алтын кілт.
«Айқы штар мен нөлдер»
"Кім жылдам?".
"Кім математик?"
Қорытынды
Баға