- Учителю
- Тұлғаны өзіндік әрекетке бағыттайтын оқыту технологиялары
Тұлғаны өзіндік әрекетке бағыттайтын оқыту технологиялары
Ж.Абдрахманова, С.К.Каримова, А.К.Каупбаева
«№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ
Тұлғаны өзіндік әрекетке бағыттайтын оқыту технологиялары
Мақалада тұлғаның өзіндік қызметін ұйымдастыруда, білім сапасын орттыруда маңызды орын алатын оқыту технологиясын пайдалану тәжірибесі қарастырылған.
В статье рассматривается практическое использование обучающих технологий, занимающих важную роль повышений качества знаний, в организации самостоятельной деятельности личности.
Қазіргі заманауи өркендеудің әр сатысындағы интеграциялық үдерістер мен халықаралық байланыстардың ұлғаюы ұлттық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігімен бірігіуін, әлемдік стандартқа сәйкес болуын және білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Сонымен қатар, ғылыми-техникалық прогрестердің, инновациялық үдерістердің, нанотехнологиялардың қарқынды даму заманында, ғарыш кеңістігін игеру заманында, табиғи өнімдерді тиімді пайдалану сияқты өзекті мәселерді шешудің бірден-бір жолы - жан-жақты дамыған, ғылыми көзқарасы жетілген, жоғары санатты мамандарды даярлау болып табылатындығын көрсетеді.
ҚР «Білім туралы» заңында «Білім жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп жазылған. Осы заңды орындау мақсатында бүгінгі заман талабына сай білімді, білікті мамандарды дайындау ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Осы жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдауында да айтып өткен. Еліміздің экономикасын дамыту үшін барлық өндіріс салаларын дамытуымыз қажет.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі, мұғалімдер алдына үлкен жауапкершілікті міндеттейді.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ.
Адамның адам болуға лайықты және өмір сүре білуіне керекті басты қажеттіліктер: (Авраам Маслоу) [1]
Ол төменгі деңгейге психологиялық қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге - өзін -өзі көрсете, таныта білуді қойған.
1. Биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер.
2. Қауіпсіздікке деген қажеттілік.
3. Сүйіспеншілікке және қарым-қатынасқа деген қажеттілік.
4. Өзін-өзі құрметтеуге деген қажеттілік.
5. Өзін -өзі таныта білу ( тұлғалық өсуі және өзін -өзі іске асыру).
Қажеттілік баланың қызғушылығынан пайда болады. Осы қажеттіліктерді іске асыру кезінде адамның әлеуметтену процессі жүреді.
Орта білім беру жүйесінде жоғары деңгейге қол жеткізген танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.
Бұл теория оқушылардың ойларын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтары және достарынан алған білімдерімен өзара әркеттесу жағдайында жүзеге асырады деген тұжырымға негізделген.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен, тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады.
Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Әрбір ұстаз- өз ісіне шебер, жан-жақты ізденгіш жаңашыл болу қажет. Қазіргі кезде мектептерде мұғалімдердің озық тәжірибелерін алмастыруға және оны Республика, қала көлемінде таратуға мүмкіндіктері бар.Қашықтық оқытуға байланысты онлайн сабаққа шығу мүмкіншілігі де зор.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін тәжірибелер дәлелдеп беріп отыр.Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесін іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттілігі туындайды.Білім теру үдерісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана арқылы дамыта оқыту , дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан оқыту үрдісін жетілдірудің негізі тенденциялары келесі сатылар арқыл сипатталады.[1,2 б]
- есте сақтадың функциясы ретіндегі оқудан лаған білімді қолдануға мүмкіндік беретін ақыл-ойды дамыту арқылы оқытуға өту;
-білімнің таза ассоциациялық, статистикалық үлгісінен ақыл-ой қызметтерінің динамикалық, құрылымдық жүйелеріне;
-дифференциалданған, индивидуалданған оқу бағдарламаларына өту;
-оқытудың сыртқы мотивациясынан ішкі-ерікті реттеушілікке өту.
Мотивация қызметтің нақты формаларының пайда болуын, бағытын, сондай-ақ өтуін анықтайтын сыртқы және ішкі факторлар қатынасының күрделі механизмі.Мотив ( лат. Movere) - қозғалысқа келтіру, итермелеу деген мағынаны білдіреді. Мотивация- ағзаның белсенділігін шақыратын және оның бағытын анықтайтын түрткі - себептер. [2 ]
Адамның қабылдау ерекшеліктеріне, сезу мүшелерінің сипаттамаларына сай келетін қарқынды (интенсивті), анық сигналдардың сол мүшелерген келуі ақпаратты қабылдауда жеткіліксіз болса да, қажетті шарт болып табылады.Өкінішке орай, оқытушылар бұны барлық уақытта есте сақтай бермейді, көрнекі құралдарды пайдаланбай (немесе аз қолданып), өзінің дауысының және дикциясының қаттылығын бақылауды ұмытып кетеді.
Визуальды және аудио ақпараттың құрама әсері ең жақсы нәтижелерді береді («дидактиканың алтын ережесі» )осыған негізделген.
Қазіргі педагогикалық -психологиялық зерттеулер [3 , 4-7 бб ] ал адам ауызша берген ақпараттың 15 % және көрген ақпараттың 25 % есте сақтайтынын көрсетті. Егер осы ақпаратты берудің екі әдісі бірге қолданылса, ол осы ақпараттың 65 % - ға дейін қабылдай алады екен.
Көру жүйесі арқылы ақпаратты қабылдау үш деңгей арқылы өтеді: түйсік, қабылдау және елестету, ал есту арқылы - бір деңгейде, елестеу деңгейінде жүзеге асады.Бұдан шығатыны, оқығандағы ақпарат тыңдағаннан жақсырақ қабылданады. Естілген ақпараттың 20 % жоғалуы мүмкін, себебі адамның ойлауы сөйлегеніне қарағанда 8-10 есе тезірек жүруі мүмкін, яғни алаңдатушылық факторы болады( сыртқы қоздырушыларға деген реакция) . Сонымен қатар , әр 5-10 секунд сайын ми аздаған секунд бөлігіне «өшіп» ақпаратты қабылдамайды.Осы себептен бұрынғы айтылған ақпараттың әртүрлі әдістер және лекцикалық құралдар арқылы қайталануы талап етіледі.
Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі ағылшынның « interаkt» сөзінен шыққан. «Inter» - бұл өзара , «akt»- әрекет ету дегенді білдіреді.
Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету сөзін білдіреді немесе әңгімелесу әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен ( мысалы компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады.Демек , интерактивті оқыту - бұл ең, алдымен, сұхбаттасып оқыту,оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.
Интерактивті әдістердің ерекшелігі, сипаттамасы бұл - субьектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Қытайдың бір нақыл сөзінде «маған айтшы - мен ұмытып қаламын, маған көрсетші - менңі есімде қалады; өзіме істетші- сонда мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Интерактивті әдістерді пайдалану білім алушылар түсіну үдерісіне толыққанды қатысушылар болады, оқу тәжірибесі негізгі қайнар көзі қызметін атқарады.Оқытушы дайын білімді бермейді,бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді.Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен білім алушының өзара әрекеттестігі ауысады; педагогтың белсенділігі білім алушының белсенділігіне орын береді,ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады.
Интерактивті оқыту интенсивті оқытуда да кеңінен қолданылады.Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет.Интерактивті оқыту өзара түсінікті, өзара әрекеттестікті байытуды қастамасыз етеді.Осы берілген анықтама арқылы , келесі интерактивті әдістерді атауға болады; ми шабуылы; рольдік және іскерлік ойындар;пікір талас; дебаттар; «кіші топтардағы жұмыс»; « тренингтер» ; «тісті ара» әдісі; «орын басу» әдісі; «ой-пікір шкала әдісі» ; «ойша қыдыру әдісі»; «медиация»; «нақты ситуация» әдісі; «инцидент» және т.б әдістері.
Бүгінде электронды оқулықтардың білім беру жүйесінде алатын орны ерекше.Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді.Атап айтқанда, кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етіледі; жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады; гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты субьективті деңгейге көтерудегі демографиялық бастамалардың барлығы оқытушылар арқылы жүзеге асырылады.Электрондық оқытумен оқытудың негізгі мақсаты : оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.
Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің ( репродуктивтік,алгоритмдік, эвристикалық, шығармащылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәрежеде меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі , беріктілігі қалыптастырылмайды.Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады.Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып берілген тест сұрақтарын шешеді.Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады.Яғни, компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар: қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми-зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.Электронды оқыту барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артатыны айқын.Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.
ЭО негізгі қасиеттері:жинақтылық, жүйелілік,эстетикалық көркемділік, жылдамдылығы және т.б.
ЭО қойылатын талаптар:жан-жақтылығы, ізгілілік,бейімділігі, модудьділігі, экономикалық тиімділілігі, тұтынушыға бағдарлау [4 ] .
Жаңа ғасырда ақпараттық іс-әрекет тек қана тышқан ғана емес, клавиатура мен монитор басқарады.Сіздің алдыңызда интерактивті тақталарды және тестілеу жүйелерін ашатын, жаңа құрылысты толық технологиялар жасалған.
Интерактивті тақта проектормен қатар демонстрациядауда, компьютердің тышқанның орынын алмастырады және слайдтар мен компьютерлік аннимация жасауда , жұмыс тақтасында және жай кәдімгі бормен қолданып жұмыс жасайды.
Интеракивтік «interaction» терминін ағылшын тілінен аударғанда «өзара әрекеттестік» деген ұғымды білдіреді. Интерактивті түсінігі информатика, коммуникация және өнеркәсіпті әрлендіру аймағында қолданады. Обьективтік аралық өзара әрекеттесудегі нысанның ерекшелігін суреттейді.Бұл интерактивті тақтаның (ИТ) құрылысында дәріс беруші немесе баяндамашы екі түрлі құралды біріктіріп, кәдімгі маркерлі тақта мен экранда ақпараттың кескінін бейнелейді.
Интерактивті тақтаны меңгеруде арнайы машықты немес білімді талап етпейді.Интерактивті тақта жұмысты бастамай тұрғанда , кез-келген дерек көзіне компьютерге және проекторға қосқанда, экранда проекциялық кескіндер пайда болады, сонда сіз тікелей тақтаның жоғары жағынан жұмыс бастай аласыз. Баяндамашы компьютердің тышқанымен жоғарыдан төмен қарай қозғалысының әсерінен толық игеруге болады.Ол не жасай алады? Тақтады слайдты, көріністі, сурет салуды,әр түрлі сызбалар сызуға, таңба салуға, кәдімгі тақтадағы сияқты нақты сызықтарды жасауға,компьютерлік файл түрінде сақтап, кейінге редакциялауға,принтердан басып шығаруға, факспен жан-жаққа, электрондық почта арқылы жіберуге болады.
Интерактивті тақтада жазу арнайы электронды қалам ұшпен және саусақпен жүргізіледі.Баяндамашы арнайы маркерді алып, экранда: керекті орындарды айналдырып салуға,сурет салуға, жазылған мәтіндерді толықтыруға немесе дәлдеп түзетуде, кескіндермен жұмыс жасайды.
Сенсорлық жұмысты ұйымдастыруда ұсталуға қатысты және тарататын үйлесімді элеетрондық дыбысты белгіні, қолдың жазатын қимылы тойтарыс береді.Тақта лотпен маркердің бірнеше түрлі түстерімен және өшіргішпен жабдықталған. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігін жоғары деп есептеуге болады.
Егер тақырыпты өңдеп және шешімін табуды қажет ететін мәселе түрінде ұсынса, сол арқылы оны оқушыға жақындатса, бұл әрекет оқушыда қызығушылық тудырады, мұғалім тарапынан нақты проблеманы ұсыну, шешімін бірлесіп шығару талап етіледі. Бұған Дьюдың жауабы: «Оқыту- оқу бағдарламасы мұғалімнен оқушыға бағытталған - бір жақты қозғалыс емес.Оқыту интерактивті процесс.2 Жанама оқыту керек, яғни мәселені сабақта оқушылар өздері анықтайтындай және содан кейін оқу бағдарламасын осы мәселелерді зерттеп, шешімін табу үшін пайдаланатындай етіп құру керек - осының нәтижесінде пәнмен байланыс орнығады» [5 ]- деп есептейді. Осыған орай, оқушының өз бетінше әрекеттенуіне басшылық жасауды тиімді ұйымдастырудың негізі болып табылатын әрі бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың бірден-бір тиімді жолы - кредиттік оқыту технологиясы екенін айтқымыз келеді. Ендігі қарастырамынымыз: жаңа оқыту технологияларын кіріктіре отырып, қолдану мен жобалау технологиясының маңыздылығы мәселесіне тоқталмақпыз.Атап айтқанда ,оқыту бағдарламасын модульдік оқыту жүйесіне негіздей отырып: кіріспе бөлімдегі дәріс оқуда проблемалы оқыту әдісін басшылыққа алу; сөйлесу бөлімінде «сын тұрғысынан ойлау» технологиясының (ЖИГСО - І, ІІ, Проблемамен саудалас, Өзара оқыту т.б) стратегияларын,нақты жағдаяттармен оқыту әдісі технологиясын, қортыныды бөлімінде жобалау технологиясын қолдану, яғни кіріктіре қолданудың ең тиімділігін арттырудың мәні зор.Жобалау технологиясын күрделі тарауларды жинақтауда, модульдік оқыту технологиясының қорытындылау бөлімінде қолдану тиімді. Қорытынды сабақта қарастырылатын жоба тақырыптары кіріспе бөліміндегі оқу бөлімінің құрылымымен таныстыру барысында ұсынылады.Жоба сөзінің өзіне түсінік бере кететін болсақ, жоба- орыс тілінің түсіндірме сөздігіне сай бұл ниет-жоспар; ағылшын тілінің сөздігіне сай - белгілі бір мақсатқа жету үшін мұқият ұйымдастырылған және ойластырылған жұмыс бөлігі.Жоба қорғауға баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады.Жоба қорғау үшін өзінің ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтын пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитын сипатта болуы керек.Жоба тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушының өзінің қалауына қалдыратын болғандықтан,қызығушылығын арттырады.Осы тұста айтатыны оқушыдан тақырып негізінде жоба тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі.Жобаны әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды.Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады әрі шығармашылыққа баулиды.Ал жоба қорғау сабағында оқушылардың өз жұмысында және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін артырады.Жобаға сарапшылар төмендегідей өлшемдер бойынша төрелік етіп,сараптама жасайды:
1. Тақырыпты мақсаты мен өзектілігіне сай аша білуі. Болжам қоя білуі.
2.Ғылыми ізденісі, жаңалығы, шығармашылығы.
3. Талдай білуі, көрнекілік қолдануы.
4. Сөйлеу мәдениеті мен шешендік қабілеті.
Жоба туралы оқушылар пікір айтқанда басшылыққа алынатыны:
1.Әзірленген жобаның маңыздылығы.
2.Жобаның күшті жағы.
3.Жобаның әлсіз жағы.
Жоба қорғау барысында оқушылардың өзара қойған сұрақтары да , мұғалім тарапынан қойылған бағытталған сұрақтар да маңызды. Жобалау технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушы тұлғасының іс-әрекет барысында қалыптасуына жағдай жасайды. Қорытындылай келе, білім беруде аталған оқыту технологиялары негізінде ұйымдастыру- оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі үнемі тәрбиелеп дамытуына, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпіз.
Әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық [1 24 бет 5- сурет ]
2. Гранинская А.С Научить думать и действовать. Адаптивная система обучения в школе . М,91.-344с
3. Инновационное обучение: стратегия и практика / Под .ред Ляудис, М-1994 , -443с
4.Ануфриева А.Ф, Костромина С.Н Как преодолеть трудности в обучении детей. -М: Просвещение, 1998
5.Сластенин В, Исаев И, Шиянов Е. Педагогика htpp: www/ krotov/info/lib sec/shco/71 slas2/html
6. "Идеи Дьюи и наша практика» -Алматы : Каз аЧ /2005