7


  • Учителю
  • Презентация по химии на тему 'Интеллектуалдық ойын'

Презентация по химии на тему 'Интеллектуалдық ойын'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

\

«Ш.Уалиханов МДШО мен» орта мектеп КММ

















Химия пәні

Интеллектуалдық ойын

(9-10 сыныптар)











Өткізген: Химия пәні мұғалімі

Нургалиева М.А


















«Химия пәні бойынша интеллектуалдық ойын»

9-10 сыныптары


Мақсаты: Оқушыларға химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы, жаңа ақпараттық технологияларды қолданып қосымша материалдардан мағлұмат беру, өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету. Ойлау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, слайдтар, карточка қағаздар.


Жоспары: Бастаушы:Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде бір кеме суда жүзе алмаған болар еді. Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан да «Қайда қарасақ та қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары» деп өте орынды айтылған.

Көруге химия кешін жиылғандар,

Менделеевке құдайындай сыйынғандар.

Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйрғандар.

  • Құрметті ұстаздар, оқушылар 9-10 сыныптардың қатысуымен өткізілетін «Интеллектуалдық ойын» білім сайысына қош келдіңіздер!Сайысымызды бастамас бұрын бағалайтын әділ қазылар: Киргизбаева З.С. Нукеева Ж. Аршабекова ,

Көңілді тапқыштар білімділер
Бар өнерін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күні жеңімпазы болады

Ал,ендеше ойынға қатысушы бес топқа сабырлылық пен жеңіс тілей отырып, ойынымызды бастайық.

І кезең

Таныстыру (Әр топқа 3 мин) «Қышқылдар» және «Тұздар» топтары

Әр топ аттарын,мақсаттарымен, топ аты жөнінде қысқаша мағлұмат беріп өтеді және өз өнерлерін көрсетеді


Ең қиыны жарыстың бәйге келді,

Мықтылары ортада шықсын енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

Адамнан ғылым айла асырмаған

Құпиясын құлыптап жасырмаған

Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп

Бір жұмбағын ашайық ашылмаған -дей келе келесі сайысымыз «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» деп аталғандай

-

ІІ кезең Бәйге.

Бұл кезеңнін шарты бойынша әр топқа 10 сұрақтан беріледі.Әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпайдан қосылады.Егер топ жауап бере алмаса, онда қарсы топ мүмкіндік алып, ұпай сол топқа қосылады.


«1-топ» тобы

  1. Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым? (1748ж М.В.Ломоносов)

  2. Негіздер дегеніміз не? ( құрамы металл атомынан және гидроксил тобынан тұратын күрделі қосылыс)

  3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл? ( иод )

  4. Химиялық таңбаның алдына қойылатын сан? ( коэффициент )

  5. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым? ( С.Аррениус)

  6. Көмір қышқылының тұзы қалай аталады? ( карбонаттар)

  7. Темірдің салыстырмалы атомдық массасы?

  8. Сұйық металл ( Сынап)

  9. Адам организзмінде кальцийдің мөлшері? ( 1 кг )

  10. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшегі? ( атом)

«2-топ» тобы

1. Периодтық жүйе қай жылы, кім ашты? ( 1869ж Д.И.Менделеев)

2. Оксидтер дегеніміз не? ( біреуі оттек болатын екі элементтен тұратын қосылыс)

3. Ең жеңіл металл ( литий)

4. Салыстырмалы атомдық массасы 39 ға тең элемент? ( калий)

5. Атом құрылысының моделін ұсынған ғалым? ( 1911ж Э.Резерфорд)

6. Азот қышқылының тұзы қалай аталады? ( нитраттар)

7.Күкірт неше валентті? ( 2,4,6)

8. Электр шамдардың жіңішке сымдарын жасайтын металл. ( вольфрам)

9. Адам организмінде оттегінің мөлшері ( 65 пайыз)

10. Химия ғылымы нені зерттейді? ( бір заттың екінші затқа айналуын зерттейді)

«3-топ»

1.Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды.(гелий)
2. Қандай элементтер қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі(бром)
3. Қандай элементтер материктердің атымен аталады.(европий, амерций)
4. Ағашты отсыз қалай көмірлендіруге болады.(Н2SО4 концентрациясында)
5. Суды қалай жандыруға болады.(сілтілік металдар арқылы натрий, калий)
6. Планетамызда көп таралған элементтер (сутек, гелий)
7. Сіріңкесіз қалай от жағуға болады.(ақ фосфор арқылы)
8. Жұмыртқаның қабығын қалай сындырмай аршуға болады.(сұйытылған қышқылға салып)
9. Әрі химик, әрі музыкант ғалым (А.П.Бородин)
10. Алып элемент (титан)
4-топ

1. Ресей елінде алғаш химия зертханасын ашқан кім (М.В.Ломоносов)
2. Қандай жыланда сынап көп (Фараон жыланында сынап (ІІ) роданиді)
3. Футбол терминінде кездесетін элемент (гольми)
4. Табиғи талшықты зат (асбест)
5. Мыстың табиғи қосылысы (малахит)
6. Сүт қанты (лактоза)
7. Темекінің құрамындағы алкалоид (никотин)
8. Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді (мыс)
9. Топырақты құнарландыратын элемент (азот)
10. Үш түрлі күйде кездесетін зат (су)
5-топ

1. Қандай метал болашақтың металы деп аталады (алюминий)
2. Лимон қышқылын қайдан алады (қанттан не мелясиден)
3. Сутек қай затта жақсы ериді (балқытылған темір, никель, палладийде)
4. Қандай жай зат ең жоғары температурада балқиды (графит 3800 С)
5. Қандай элемент жер қыртысының 75℅ құрайды (оттек 49℅, кремний 26℅)
6. Ауа газдар қоспасы екенін алғаш айтқан ғалым (Л. Да Винчи)
7. Адамға таза, дистилденген су ішуге пайдалы ма (жоқ)
8. Фосфор элементі қашан ашылды, кім ашты (Гамбург химигі Г.Бранд, 1699ж)
9. Грек тілінде ай деген мағынаны білдіретін элемент (селен)
10. Әлемдегі ең алғаш мұнай айдау зауыты қашан және қай жерде салынды (1745 ж, Ухта өзені бойында)


Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып,

Кім шешеді,сол сайыста ұтып тұр
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар

Химия - ырыс бұлағы
Шалқыған байлық мол дәулет
Аялап күтіп тұр алда
Болашағымыз - нұр сәулет
Аялдама, алға ұмтыл
Құдіретті біздің ой
Сенде байлық, сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой
Кезекте әр топ тәжірибе көрсетеді
3.кезеңКезекте химиялық көрніс

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан жеткізер
Жастықтың оты қайдасың.
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын.
Дүниенің көркін болжамай,


ІV кезең Бейнесұрақ

10

20

30

40

10

20

30

40

10

20

30

40

Бұл кезеңде әр топ кезекпен ұяшық таңдайды.Егер топ дұрыс жауап берсе таңдаған санын ұпай ретінде өздеріне қосады. Егер жауап бере алмаса қарсы топ жауап беруге болады.

Жоғарыдағы 10 Ауа құрамында оттектің қанша пайызы бар? (21 пайыз)

Ортадағы 10 Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі қанша топтан тұрады? ( 8)

Төмендегі 10 Судың құрамында сутектің мөлшері қандай? ( 11 пайыз)

Жоғарыдағы 20 Натрий гидрокарбонатының тұрмыстың атауы? ( ас содасы)

Ортадағы 20 Ең жеңіл элемент саналады,Периодтық жүйе осыдан басталады? ( сутек)

Төмендегі 20 Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасаң алтынға ұқсайды? ( күкірт)

Жоғарыдағы 30 Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент ( мырыш)

Ортадағы 30 Дені сау адамның асқазанында қандай күшті қышқыл болады? ( тұз қышқылы)

Төмендегі 30 Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент? ( бром)

Жоғарыдағы 40 Кальций карбонаты құрамындағы көміртектің тотығу дәрежесі нешеге тең? (+4)

Ортадағы 40 Өсімдік жапырақтары неге жасыл, жапырақтарға түс беретін қандай элемент? (Mg)

Төмендегі 40 Қандай элемент жетіспесе қан аздық ауруына шалдығады? ( темір)


Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып,
Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр,
Есеп шешер кезегі келіп тұр
: Білмейтінін білем деп олжа қуар,

Кейбіреудің әр заттан болжамы бар.

Химияны болжаммен ұға алмайсың,

Формуланың оң жағы, сол жағы бар,-дей келе топтарға


V кезең Құпия сөздің құлпын аш. - деп аталады.

Бұл кезеңде берілген элемент қосылыстардан формула құрастырасыздар.Уақыты 1 мин. Бұл кезеңде формулалардың дұрыстығы және көптігі бағаланады.

Na, Al, Cl, O, H, SO4, OH, Fe, NO3, Mg

Жауабы: 33 формула шығады.


VІ кезең Тест тапсырмасы

Бұл кезеңде әр топ алдарыңыздағы түсті таяқшаларды көтеріп жауап бересіздер.

1.Галогендер периодтық жүйеде нешінші топта орналасқан.

І VІ VІІ

2.Ас тұзының химиялық формуласы

НСІ NаСІ СаСІ2

3.Марганец элементінің таңбасын көрсетіңіз

Мn Мg Мо

4.Тұз қышқылының тұздары қалай аталады?

Сульфид Хлорид Силикат

5. 2,4г магнийдің зат мөлшері?

10 моль 0,1 моль 1 моль

6. Бромның салыстырмалы атомдық массасы неше?

127г 80г 23г

7.Период бойынша металдық қасиеті

Артады кемиді өзгермейді

8.Қышқылдар қай металмен әрекеттеспейді

Магний мырыш мыс

9.Ең қатты металл

Мыс темір хром

10.Бейтараптану реакциясын көрсетіңіз:

NaOH+HCI → NaCI + H2O

2NaCI + H2SO4 → Na2SO4 +2HCI

2NaOH + BaCI2→ Ba(OH)2 + 2NaCI

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер - деп ойынымызды аяқтап,қорытынды бағалау үшін сөзді әділ-қазы алқасына беріледі. Әділ қазылар қорытынды шығарғанша көрермендерді де сынап көрсек, бәлкім сендердің араларыңда да химиктер отырған шығар.

Көрермендермен ойын: «Мен кіммін?»

1. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот)

2. Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. (Озон)

3. Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі. (Селен)

4. Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз? (Алмас)

5. Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыны сан есім, қай элемент? Неон)

6. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз- өткізгішпін. (Мыс-сым)

Әділ қазылар алқасының ұйғарымы бойынша жеңімпаз топ анықталып, дипломдар тапсырылады.

Мұндай пәнаралық байланыста өткізілетін танымдық білім жарыстары оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, химияның күнделікті тұрмыстағы қолданыс өрісінен хабардар етді. Сайысқа дайындалу барысында оқушылар көптеген қызықты материалдар жинақтап, білім қорларын кеңейте түседі.

Әр топ грамотамен марапатталады.

Химия пәні бойынша Интеллектуалдық ойын


Топтар

І таныстыру

ІІ Бәйге

ІІІ Есептер

ІV Бейнесұрақ

V Құпия сөз

VІ Тәжірибе

VІІ Тест

« Қышқылдар » тобы











«Тұздар»

тобы




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал