- Учителю
- Тотығу. Оксидтер. Олардың аталуы.
Тотығу. Оксидтер. Олардың аталуы.
Сыныбы - 8 Химия.Тақырыбы
§ 23. Тотығу. Оксидтер. Олардың аталуы.
Уақы
ты
минут
Сабақтың мақсаты:
білімділік:
дамытушы- лық:
тәрбиелік:
тотығу, оксидтер, олардың атаулары туралы түсіндіру, тотығу реакциясының мағынасы мен мәні жайлы оқушыларға терең білім беру.
оқушылардың өзіндік іденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тереңдетіп, дамыту.
оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру
Сабақ типі:
Аралас
Сабақ өткіз- ілу әдісі:
Деңгейлік тапсырмасы, тірек-сызба, сұрақ-жауап, ойын түрінде
Сабақ түрі:
Ізденіс
Сабақтың көрнекілігі:
Оқулық, таратпа қағаздар, сызба кестелер, суреттер
Ұйымдастыру кезеңі:
-
оқушылармен амандасу;
-
оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру;
-
психологиялық дайындық:
Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарыңа және өздеріңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып, бір-біріңе күле қараңдар.
Оқушыларды 2 топқа бөлемін.
І топ «Молекула» ІІ топ «Атом»
1-2
Үй тапсырма сын тексеру:
«Оттектің химиялық қасиеттері» тақырыбын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұралды.
1.Көмір оттекпен әрекетескенде қандай химиялық реакция жүреді? Тиісті реакция теңдеуін жазып, тәжірибенің жүру ретін айтып бер.
2 Күкірт оттекпен әрекетескенде қандай химиялық реакция жүреді? Тиісті реакция теңдеуін жазып, тәжірибенің жүру ретін айтып бер.
3. Фосфор оттекпен әрекетескенде қандай химиялық реакция жүреді? Тиісті реакция теңдеуін жазып, тәжірибенің жүру ретін айтып бер.
4. Металдар оттекпен әрекетескенде қандай химиялық реакция жүреді? Тиісті реакция теңдеуін жазып, тәжірибенің жүру ретін айтып бер.
Нашар оқушылармен жұмыс: (таратпа қағаз арқылы)
1.Жану реакциясы деген не?
2.Оксидтер деген не?
3.Оксидтерге мысал келтір
Сандарды сөйлетейік ойыны.
Мақсаты: санның нені білдіретінін айту
Жауабы:
8 - оттек элементі периодтық жүйеде 8-ші орында тұр.
65 - адам ағзасының массасы 65%-ы оттекпен байланысқан.
32 - оттек молекуласының салыстырмалы молекулалық массасы 32-ге тең
218 - оттек -2180С-та қатады.
16 - оттектің салыстырмалы атомдық массасы 16-ға тең
5-6
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұғалім:
1.Зат дегеніміз не? Неше түрі бар?
2.Жай зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
3.Күрделі зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді? (Сызба арқылы сұралады?)
«Сиқырлы гүл» ойыны.
Гүл жапырақтарында әртүрлі химиялық формулалар жазылған. Формулалар жазылған жапырақтарды тиісті кестенің ұяшықтарына қоямыз.Металдар
Бейметалдар
Күрделі заттар
Заттың оттекпен әректтесуі тотығу деп аталады.
Ме + О2 = МеО Бе + О2 = БеО
Берілген элементердің оттекпен әрекетесу реакция теңдеуін жазыңдар.
Мысалы:
І топ. Тапсырма: S, Fe ІІ топ Si, Na
S + О2 = SО2 Si + O2 = SiO2
4Fe + 3O2 = 2Fe2O3 4Na + O2 = 2Na2O
Мұғалім: әр топ оксидтерді атаңдар. Өздерің ойланып қараңдаршы сонымен, оксидтер дегеніміз не?
Оксидтер - біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар.
Оксидтер биэлементті қосылыстарға жатқызады.
Оксидтердің аталуын төмендегі ереже бойынша атайды.
1.Биэлементті қосылыстардың формуласында, алдымен тиісті элемент атомының, одан соң оттек атомының таңбасы жазылады.
2. Халықаралық жүйеге сай атағанда оксидтердегі элемент атауынан соң, егер элемент айнымалы валентті болса, оның валенттігін жақшада рим саны мен көрсетіп, одан кейін оксид деген сөз қосады.
Мысалы: AI2O3 - алюминий оксиді, SO3 күкірт (VI) оксиді
3. Мұнда атомдар саны грекше оқылады, моно- бір, ди - екі, три- үш, тетра - төрт, пента - бес т.б.
Мысалы: AI2O3 - диалюминий триоксиді, Mn2O7 - димарганец гептаоксиді
Оқушы дәптеріне жазғызу:
Моно - бір, ди -екі, три - үш, тетра - төрт, пента - бес, гекса - алты, гепта - жеті, окто - сегіз, ноно - тоғыз, дека - он
15-20
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
1.Оксидтер дегеніміз не?
2 Оксидтерді қалай атайды?
Кітаппен жұмыс
№ 1. Төменде келтірілген заттардың ішінен биэлементті қосылыстарды теріп жазып: H2SO4, Na2O, CuO, NaOH, FeS, SO2, H2SO3, SO3, MnO2, FeCI2, KI әрқайсысын атаңдар.
№ 3. Мына оксидтерді MnO2, MnO3, NO, NO2, Cr2O3, CrO3 халықаралық атаулары бойынша екі түрлі тәсілмен атаңдар.
4-5
Бекіту кезеңдері:
Ойын: «Алтын кілт» «Оксид» деген сейфтің шифрін табу.
Мына берілген қосылыстардың ішінен оксидтердің формуласын
тауып, сейфтің шифрін табамыз.
1. СО2 2. NaOH 3. HNO3 4. CaO 5. SO2 6. MgO 7.CaCI2 8.Са(ОН)2 9.N2O5 10.PH3 11. P2O5 12.ZnSO4
Сейфтің шифрі: 1,4,5,6,9,11
Ойын: «Кім жылдам» есеп шығару.
1.Оксидтердің массалық үлесін табыңдар
2. Оксидтердің массалық қатынасын табыңдар
І топ ІІ топ
AI2O3, СаО Mn2O7, Na2O
Қорытынды:
Оксидтерді екі түрлі атаумен атау. Дұрыс жауаптан мадақтау сөз шығады.
PbO
CO2
Ag2O
MgO
Қорғасын моно оксиді
ж
ш
к
а
Көміртегі диоксиді
е
а
м
е
Қорғасын (ІІ) оксиді
р
а
е
н
Магний оксиді
н
қ
х
а
Күміс (І) оксиді
е
ұ
й
л
Көміртек (IV) оксиді
ә
с
и
б
Магний монооксиді
ю
ы
л
ы
Дикүміс монооксиді
м
ғ
ң
ф
Молекула тобы І орын, Атом тобы ІІ орыдарды иеленді.
6-8
Үй тапсырма
сын беру:
1.§ 23. Тотығу. Оксидтер. Олардың аталуы тақырыбын оқып, мазмұнын баяндау.
2. № 5,6 тапсырманы орындау.
3.Күнделікке жазғызу.
2
Сабақ қорытындысын шығару
Оқушылардың білімдері төмендегі көрсеткіштерді көрсетті.Аты, жөні
Баға
Білім сапасы
Бекенова Мөлдір
5
83%
Дүкешов Азамат
3
Заманбекеова Айгүл
5
Қыдырмоллаев Талант
5
Назаров Дастан
4
Шайкенов Есбол
4
1-2
Рефлексия кезеңі:
Мұғалім бағыттаушы, оқушы ізденуші қызметтерін атқарды.
Сабақ өте жақсы болды
1-2
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар оксидтерді басқа заттардан айыра білді, оксидтердің екі түрлі атауларын жазып, ауызша айтуды үйренді, білімдері толықты.