7


  • Учителю
  • Урок по химии для 8 класса 'Cілтілік металл-натрий'

Урок по химии для 8 класса 'Cілтілік металл-натрий'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың аты

Cілтілік металл-натрий

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Cілтілік металл-натрийдің табиғатта таралуы туралы ақпарат беру. Натрийдің қасиеттерін үйрету. Өз еркімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Cілтілік металл-натрийдің табиғатта таралуы туралы білетін болады. Натрийдің қасиеттерін үйренеді. Өз еркімен жұмыс жасай алады.

Негізгі идеялар

Теңіздің жағасында натрий хлориді галиттер түрінде жиналады.

Тапсырмалар

Жеке жұмыс

«Жұмбақ хат»


Жеке жұмыс

«Құпия сөздің құлпын аш»

Топтық жұмыс

«Кім жылдам?»


Тапсырмалар

Жеке жұмыс

«Кім білімпаз?»

Жеке жұмыс

«Зерттеуші»

Топтық жұмыс

«Химиялық саяхат»


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)


І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут)

Сынып оқушыларын І топта орналасқан элементтер бойынша 4 топқа бөліп топтастыру.

1- топ: "Литий" 2- топ: "Натрий" 3- топ: "Калий" 4- топ: "Рубидий"

ІІ.Талқылау үшін сұрақтар.

1.Сілтілік металдар тобын атаңдар?

2.Сілтілік металл дегеніміз не?

ІІІ. Жеке жұмыс «Жұмбақ хат» (5 минут)

Теңіз суы арқылы құтыда хат келді. Хатта жұмбақ жазылған:

Біз ағайынды 5 жігітпіз, бесеуіміз де өткір, кез келген адаммен оңай араласатын ашық-жарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді жүрген жерін сілтейді, тындырады деп өсек айтады. Мінезі тастай онша маңызды жұмыс істемейтін латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ал ағам Нартай істемеген жұмысы жоқ: аспаз да болды, шыны да жасады, қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін жағында істеймін. Екі інім Рәнтай мен Сартай «жігітім» дей берсең тұтана кетеді, қызбалы. Бағына қарай жақсы қыз кездессе, жақсы болар еді. өздері автоматты сигнал беру жағында жұмыс істейді. Мен және 5 ағайындыларым кім?

Жауабы: Сілтілік металдар. Жұмбақты оқып талдайды.

ІV. Топтық жұмыс «Кім білімпаз?»

Төрт топ сілтілік металдарға сипаттама береді

Литий - адамның ағзасында 70 мг. Жоғары сатыдағы жануарлардың бауырында, бүйрегінде, қаныныда, сүтінде, өтінде көп болады. Литийдің кейбір қосылыстары депрессия ауруына оңтайлы әсер етеді. Ішек-қарын жолдарынан литий иондары қанға құйылады. Литий иондарының концентрациясы 0,6 моль/л жетсе немесе асса эмоционалды байқағыш қабілеті төмендейді. Қан плазмасындағы литий иондарының құрамын қатаң бақылап тұру қажет. Егер мөлшері 1,6 моль/л жоғары болса кері әсерін тигізеді.

Натрий - адам салмағы 70 кг болса, 60 г натрий болады. 44% жасушадан тыс сұйықтық ретінде ал, 9% жасушаның ішінде таралады. Натрийдің қалған мөлшері сүйек (45 пайыздай) ұлпасында болады. Ерітілген тұздары - хлоридтер, фосфаттар, гидрокарбонаттар түрінде кездеседі. Адам ағзасының миында, сүйегінде, бүйрегінде, ас қорыту сөлінде, жұлын сұйықтықтарында, көз шырынында, қан түйіршіктерінде болады.

Әр күні адам ағзасына 1 г натрий қажет, оны ас тұзы түрінде қабылдайды. Ұдайы қолданса гипертония аурулары пайда болады. Сау адамның ағзасында Na қажеттілігі мен ағзадан бөлінген Na тепе-теңдігі сақталады. 90 пайыздай натрий несеппен бірге шықса, қалған мөлшері термен, улы дәретпен бөлінеді.

NaHCO3 асқазандағы қышқылды азайтады. Оның шамадан тыс мөлшері алколозға әкеп соғады. Na2SO4 - әлсіреткіш зат. Ішек жұмысын жақсартады.

Натрий тетраборат - антисектикалық дәрі, шайқауға, жууға қолданылады. NaOH 10%-дық ерітіндісі - протездер жасауда пайданылады.

Калий - адам ағзасының 70кг салмағына 160 г болуы тиіс. Ол жасуша ішіндегі негізгі катиондардың белсендісі. Ағзаның барлық бөліктерінде кездеседі. К+ - жүрек соғысын қалыптандырады, зат алмасуына әсер етеді, бұлшықеттердің жиырылуына көмектеседі, жасуша ішіндегі ферменттердің белсенділендіреді. Ересек адамдар күніне 2 - 3 гр калий қажет етеді.

Рубидий және цезий - ағзадағы 10-5% және 10-4% микроэлементтердің қатарына енеді. Радиоактивті изотоптары 137Cs, 87Rb. Радиотерапияда қатерлі ісіктерді емдеуде қолданады.

Франций - радиоактивті химиялық элемент. Ісіктерді онкологиялық ауруларды емдеуде кездеседі.


V. Жеке жұмыс «Құпия сөздің құлпын аш»

Су бетінде безектеп,

Металл натрий жүзеді.

Ең соңында жоқ болып,

Қандай қосылыс түзеді?


VІ. Жеке жұмыс «Зерттеуші»

Оқушылар натрийдың табиғатта таралуы, физикалық қасиеті туралы зерттеу жұмыстарын айтады.

Тарихшы Физик

Дәрігер Химик

Геолог

Географ

Ғалым Металлург

Физик: натрийдің физикалық қасиетіне келетін болсақ, басқа сілтілік металдар сияқты жылу мен электр тоғын жақсы өткізеді. Себебі, кристалл торларындағы металл иондарының арасындағы электрондар еркін қозғалып жүреді. Натрий күмістей ақ түсті (жаңадан кескен кезде) металл.

Геолог: натрийдің табиғатта таралуына келетін болсақ, біздің планетамызда барлық элементтердің ішінде алтыншы орында алады, оның үлесіне жер қыртысы массасының 2,64 пайызы тиесілі. Натрий табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі, олардың көбісі адамзатқа ерте заманнан белгілі.

Металлург: бос күйде натрий ХІХ ғасырдың басында электр тоғы қолданыла бастаған кезде алынды. 1807 жылы ағылшын ғалымы Г.Дэви металл натрийді натрий гидроксидінің балқымасын электролиздеу арқылы бөліп алған. Қазір тұздардың балқымыларын электролиздеп, натрийді және басқа сілітілік металдарды ала бастады. Бұл әдіс Павлодар қаласынан химия комбинатында қолданылады. Жүретін реакция теңдеуі төмендегідей:

NaCl = 2Na + Cl2

Геолог: мұхит суларында 2,8 пайыз шамасында натрий хлориді болады. Ерте кезеңдерде теңіздердің жағасында болатын құбылысты қазіргі кездері Каспий және Арал теңіздердің жағалауларынан байқауға болады. Суы азайған шығанақтар теңізден бөлініп, онда құрғақ бірте-бірте тұзды көлдерге айналады. Осындай көлдерде жүз мыңдаған жылдардың ішінде ас тұзының қоры жинақталады. Оның минералын галит деп атайды. Осындай минералдар көбінесе Каспий маңы ойпатында, Арал маңында, Ертіс өзенінің бойында кезедеседі. Біздің еліміздегі ас тұзының ірі кен орындары - Жақсықылыш (Арал теңізінің маңы), Тобылжан, Коряков (Павлодар облысы), Орқаш (Қостанай облысында) кездеседі.


Географ: географ ретінде айтарым: Қазақстанда мирабилит деп аталатын минералдың Na2SO4 * 10H2O кен орындары көп. Олардың ірілері Алматы, Қызылорда облыстарында шоғырланған. Іле ойпаты мен Балқаш маңында содалы көлдер көптеп кездеседі, оларда натрий карбонаты Na2CO3 мол.

Химик: химиялық тілмен айтқанда, ас тұзы, яғни натрий хлориді - натрий мен хлордың әрекеттесуінен түзілген күрделі зат. Бәрімізге белгілі ас тұзын да деп айта береді. Натрийдің ең маңызды қосылыстарының бірі осы ас тұзы, яғни NaCl.

Тарихшы: тұздар адамзат қоғамының дамуына әсерін тигізген. Тұз үшін көптеген тартыстар мен соғыстар болған. Мұндай соғыстың бірі - Солтүстік пен Оңтүстік Американың арасындағы соғыс. Ұзақ уақыт бойы тұз ақшаның орнына жүрген. Ежелгі Рим әскерлері өздерінің жалақысының жартысын тұз ретінде алатын болған. Абиссинияда 4-5 кесек тұзға бір құл сатып алады екен. Қазіргі кезде де кейбір африкалық тайпалар нанға тұз сеуіп, өзара шарт жасайды. Ресейдің көптеген қалаларының пайда болуына және олардың экономикасының дамуына ас тұзының тікелей қатысы бар. Мәселен, Соликамск, Сольвичегодск, Усолье қалаларының атауларынан-ақ әйгілі болып тұр. Бұл ескі қалалар тұзбен сауда жасап, тез байып, тез дамып отырған.

Дәрігер: адам ағзасында 200 граммнан көбірек ас тұзы болады, бұл тұз барлық жасушалардың, қанның, өттің т.б. сұйықтықтардың құрамына кіреді. Асқазан сөлінде болатын тұз қышқылы да осы ас тұзынан түзіледі. Тұз жетіспеген жағдайда ағзаның барлық қызметі бұзылады, әртүрлі аурулар пайда болады, әсіресе жүйке жүйесі зақымданады. Өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін ас тұзы өте қажет.

Ғалым: металл күйіндегі натрий қазіргі ғылым мен техникада сан алуан салада қолданылады.


VІІ. Жұптық жұмыс «Кім жылдам?» (5 минут)

№1. Реакция теңдеулерін аяқтап, реакция нәтижесінде түзілген заттарды атаңдар.

1. Na + Cl2 =

2. Na + HCl=

3. Na +S =

4. NaOH + HCl =

№2. Төмендегі айналуларды жүзегі асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

Na→ NaOH→ NaCl→Na2SO4

Топтар өзара бағаланады.


VІІІ. Жеке жұмыс «Химиялық саяхат» (10 минут)

Барлық топтар картадан Қазақстандағы тұзды көлдерді көрсетіп, Арал теңізінің экологиялық проблемасын талқылайды.


.


Кейінгі тапсырмалар

Жаттығу №5,6 орындау 185-бет.


Кейінгі оқу

«Cілтілік металл-натрий» параграфты оқу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал